Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


КІНӘ ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТҮСІНІГІ



Pdf көрінісі
бет488/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   532
КІНӘ ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТҮСІНІГІ 
 
Сәлмен Әмина Амангельдықызы
amina_salmen@mail.ru
  
Аскерова Гульназ Жанатовна
gulnazaskerova0703@gmail.com
 
Наурызбаев Ерлан Амангельдинович 
заң ғылымдарының магистрі
 


914 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
Erlan_babas@mail.ru
  
Аңдатпа 
Бұл мақалада,қ
оғамға қауіпті іс-әрекет түріндегі қылмыс объективті және субъективті 
белгілерге негізделе отырып, нақты бір жағдайда жасалатыны туралы. Объективтік белгілерге 
объекті, объективтік жақтары, субъективтік белгілер қатарына субъекті және субъективтік 
жақтар кіретіні туралы баяндалады. 
Түйін сөздер:
қ
оғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстың объективтік жағы, субъективтік 
жағы, кінә ұғымы, түсінігі,салдары туралы баяндалады. 
Аннотация 
В этой статье: В данной статье речь идет о том, что преступление в виде общественно 
опасного деяния совершается в конкретном случае, исходя из объективных и субъективных 
признаков. Объективные признаки включают объект, объективные стороны, субъективные 
признаки включают субъект и субъективные стороны. 
Ключевые слова:
общественно опасное деяние, объективная сторона преступления, 
субъективная сторона, последствия вины. 
 
Annotation
This article is about the fact that a crime in the form of a socially dangerous act is committed in 
a specific situation,based on objective and subjective signs. It is reported that objective features 
include the object, objective aspects, subjective features include the subject and subjective aspects. 
Key words:
a socially dangerous act, the objective side of a crime, the subjective side, the concept, 
concept,consequences of guilt are described. 
Теориялық тұрғыдан қарағанда қылмыстық әрекеттің объктивтік және субъективтік 
жақтарын, олардың байланыстарын, ішкі бірліктерін жеке-жеке қарастыру мүмкіндігі 
бар.Субъективтік жақтарды талдай бастағанда, қылмыстың субъективтік жағының мазмұны 
туралы мәселені дәлірек айтқанда, оның заң әдебиеттерінде даулы мәселеге айналып отырған 
кінәмен арақатысын ескеру қажет. Осыған орай айтылған пікірлерге байланысты үш 
көзқарасты бөліп алып қарауға болады: 
1) біріншісі кінә мен субъектік жақ бірдей ұғым дегенге келіп саяды. П. С. Дагель, 
«қылмыстың субъективтік жағы кінәмен шектеліп қана қоймайды, оған қылмыстың 
субъективті жағы (кінә) мен қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын қылмыс 
құрамының белгілері (қасақаналық, абайсыздық, себебі, мақсаты, жан күйзелісі, көрінеулігі 
және т.б.) араласуы, сондай-ақ кінәнің нысаны мен мазмұны ұғымдарының араласуы туралы» 
көзқарасты мегзейді 
2) басқа авторлар, Ю. А. Демидов, Г. А. Злобин, Б. С. Утевский, кінә өзіне қылмыстың 
әрекеттің субъективті және объективті жақтарын, сондай-ақ жасалған қылмыстың басқа да 
барлық «жауаптылық үшін елеулі» қасиеттерін қосады, деп санайды 
3) үшінші көзқарас кеңірек таралған болып саналады және ол «қылмыстың субъективтік 
жағының психикалық мазмұны адамның психикалық белсенділігінің түрлі нысандарын 
сипаттайтын кінә, себеп, мақсат сияқты заңдық белгілерімен ашылуына байланысты» 
көрінеді. 
Осы көзқарастардың соңғысына тоқталуға тура келеді. Өйткені осы көзқарас кеңірек 
тараған және отандық заңгер ғалымдар да осы ойды бөліседі. 
Сөйтіп, қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның жасалған қылмыс пен оның 
зардаптарына психикалық қатысы.Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілерге 
кінә, қылмыстың себебі мен мақсаты жатады. Бұл белгілердің барлығы қылмыс жасайтын 
адамның психикасындағы ішкі процестер туралы түсінік береді және адамның санасы мен 
еркінің жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекетімен байланысын көрсетеді. Дегенмен, бұл 


915 
белгілердің қылмыстық-құқықтық мән-мағынасы бірдей бола бермейді. Қасақаналық пен 
абайсыздық ниеттер нысанындағы кінә кез келген қылмыстың субъективті жақтарының ең 
қажетті белгілері болып табылады. Кінәсіз қылмыс құрамы болуы, қоғамға қауіпті іс-әрекет 
үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылуы мүмкін емес. 
Қылмыстың жасалу себебі мен мақсаты сияқты субъективті жақтарының белгілері 
басқаша мәнге ие болады. Олар факультативті белгілер болып табылады және заң 
шығарушымен кейбір қылмыс құрамдарын құрау кезінде ғана қылмыстың субъективті 
жақтарының қажетті белгілері ретінде қарастырылады. (Мысалы, ҚР ҚК 185-бабына сәйкес, 
мемлекеттік құпияларды жатқа беру Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен 
егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында ғана мемлекеттік опасыздық деп 
саналады). 
Қылмыстың субъективтік жақтарын дұрыс анықтап белгілеуде кінәнің нысаны, 
қылмыстың жасалу себептері мен мақсаттары ерекше құқықтық келесідей мәнге ие болады: 
қылмысты қылмыс емес әрекеттен айыра білуге, қылмысты дәлме-дәл саралауға, объективтік 
жағынан ұқсас құрамдарды бір-бірінен айыруға, қылмыстық әрекет жасаған адамның қоғамға 
қауіптілік дәрежесін анықтауға және жазаны жеке даралауға мүмкіндік туғызады. 
Бұлардың бәрі де, өз кезегінде қылмыстың заңға тікелей бекітілген заңдылық, әділеттілік, 
адамгершілік қағидаларын жүзеге асыруға жағдай жасайды.Қылмыстың субъективтік 
жақтарының мазмұнын тиянақты зерттеу қажеттілігі іс жүзінде Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы соты Пленумының барлық қаулылары мен Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы 
сотының нормативтік құжаттарында айтылады. Мысалы, ҚР Жоғарғы соты Пленумының 1993 
жылғы 23-сәуірдегі «Зорлау үшін жауаптылықты реттейтін заңнамаларды соттардың қолдану 
тәжірибесі туралы»; 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындау кезінде 
соттардың заңдылықты сақтау туралы»; 1994 жылғы 23-желтоқсандағы (1996 жылғы 20-
желтоқсандағы өзгертулерімен) «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық үшін 
жауаптылықты реттейтін заңнамаларды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» 
қаулыларында; ҚР Жоғарғы сотының 2003 жылғы 11-шілдедегі (2003 жылғы 19-
желтоқсандағы өзгертулерімен) «Ұрлық туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 
нормативті қаулысында қылмыс жасаудың басқа да мән-жайларымен бірге кінәні де анықтау 
қажеттігі айтылады. 
Субъективтік жағының белгілері қылмыстық заңда әрқилы ашылады.Бір жағдайда ол заң 
мәтінінің өзінде тікелей көрсетіледі. Мысалы, ҚР ҚК 106-бабындағы денсаулыққа қасақана 
ауыр зиян келтірумен жасалған қылмыста, ҚР ҚК 204-бабындағы бөтен адамның мүлкін 
абайсызда жою немесе бүлдіруде кінәнің түрі тура көрсетілген. ҚР ҚК 369-бабындағы 
қызметтік жалғандық жасаудың қажетті белгісі ретінде өзі, не басқа адамдар немесе ұйым 
үшін пайда түсіру мен иеленіп алу, не адамдар мен ұйымдарға зиян келтіру мақсаты 
аталған.Дегенмен, көптеген жағдайда заңда қылмыстың субъективті жағын сипаттайтын 
белгілер көрсетімейді. Мүндай жағдайларда тиісті белгілер іс-әрекеттің объективті белгілерін 
түрлі түсіндірме әдістерінің көмегімен талдау негізінде анықталады. Мысалы, ұрлық құрамын 
анықтауда (ҚР ҚК 188-б.) заң бөтеннің мүлкін жасырын алуды тілге тиек етеді. Бұл іс-
әрекеттің сипатынан оның тек пайдакүнемдік мақсатпен қасақана жасалатыны анық болады 
деп көрсетілгені туралы баяндалады. 
Қылмыстық құқықта кінә – бұл адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және 
қоғамға қауіпті зардабына қасақаналықпен немесе абайсыздықтағы нысанмен көрінентін 
психикалық қатынасы. Кінә субъективтік жақтың негізін құрайды.Жауаптылықты кінә 
болғанда ғана белгілеу қылмыстық құқықтың аса маңызды қағидасы болып табылады. Бұл 
қағида ҚР ҚК 19-бабында анық айқындалған. ҚР ҚК 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адам 
соларға қатысты өз кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекетi (iс-әрекет немесе әрекетсiздiгi) 
және пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 
Субъективтік жағын анықтап алмайынша адамның әрекетінде қылмыстың құрамының бар 
екендігі жөніндегі мәселені дұрыс шешу мүмкін емес, демек, қылмыстық жауаптылық 
негізінің бар екендігі жөнінде қылмысты дұрыс саралау мүмкін емес, ең соңында мұнсыз 


916 
қылмыстық жазаны жеке даралауға, әділетті және орынды жаза тағайындау да мүмкін емес 
екені баяндалады. 
Қылмыстық құқыққа объективті айыптау, яғни адамның, қоғамның немесе мемлекеттің 
мүлкіне зиян келтіргені үшін ғана жауаптылыққа тарту келіңкіремейді.ҚР ҚК 19-бабының 2-
бөлігінде объективтi айыптауға, яғни кiнәсiз зиян келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа 
жол берiлмейтіні айталғаныны туралы баяндалады.Кінә туралы ілім әлеуметтік және 
құқықтық өзекті проблемалардың бірі боліп саналады. Өзінің табиғатына қарай кінә құқықтық 
санат болып қана табылмайды, сонымен бірге қоғамдағы жауаптылықтардың бәрін негіздеу 
кезіндегі қолданылатын моральдық-этикалық санат болып танылады.Кінә мәселелері, оның 
қалыптасу ерекшеліктері мен сыртқы құбылысы құқық ғылымының ғана емес, философия, 
этика, әлеуметтану, психология, педагогика сияқты басқа да ғылымдардың зерттеу пәнін 
құрады.Қылмыстық-құқықтық ғылымда кінә ұғымы жеткілікті түрде нақтырақ зерттеліп, 
оқылады. Қылмыстық құқықтағы кінәнің анықтамасында түрлі көзқарастар болды. 
Кінә ұғымының қарапайым әрі қысқа нұсқасын өз кезінде А.А. Пионтковский бере білді. 
Ол, «кінә адамның жасаған қылмысымен көрінетін қасақаналық немесе абайсыздық», деп 
жазды. Жекелеген авторлар кінәға былайша анықтама берді: «Кінә – бұл өзінің жасаған 
қылмысына қасақана немесе абайсыздық ниетімен көрінетін психикалық қатынасы» немесе 
«кінә адамның қоғамдық мүдделерге жағымсыз көзқарасымен, осы әрекетінің қоғамға 
қауіптілік сипатын түсіне білсе де қасақаналық түрімен көрінетін жасаған қоғамға қауіпті іс-
әрекеті мен зардаптарына психикалық қатысы».Кінә – бұл психикалық қатынас. Психикалық 
қатынас ұғымы құқықтық емес, адам психологиясы ғылымның пәні болып табылады. 
Сондықтан қылмыстық-құқық ғылымында психологиялық қатынас ұғымы психологиялық 
ғылыммен жетілдірілген ережелермен, саранттармен анықталады. Психологиялық ғылым 
деректеріне сәйкес, адамға негізгі деген психикалық құбылыстардың төрт нысаны 
тән,олардың қатарында: 
а) психикалық істер (сезіну, қабылдау, есте сақтау және ойлау); 
б) психикалық күй (белсенділікті, сергектікті, селқостықты, қажушылықты және басқаларды 
сипаттайтын жалпы функциональдық дәреже); 
в) адамның психикалық қасиеті (қызбалық, мінез, қабілет, ынта, ерік, жігер); 
г) психикалық қатынасы (талғамды, жағымды, жағымсыз). 
Адамның осы сияқты психологиялық қасиеттері қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың 
ішкі мазмұнының сипаттамысын ашу үшін қызмет ететіні туралы баяндалады. 
Қылмыстық акт құрылымында субъектінің объектіге деген психологиялық қатынасы 
нақты белгіленеді және оның қоғамға қауіпті іс-әрекеті мен қоғамға қауіпті зардаптарының 
психикалық қатынасы көлемінде анықталады. Субъектінің қоғамға қауіпті іс-әрекеті мен 
қоғамға қауіпті зардаптарының психикалық қатынасын сонымен бірге нақты қылмыстық 
актінің болуы сипаттайды. Бұл қылмыстық актіде адамның кез келген ерікті қылығындағы 
сияқты теориялық ғылымда бірыңғай психологиялық процестің құрамдас үш бөлігі 
қарастырылады: дербес (танымдық), ерікті, әсерленгіш.Әрбір қоғамға қауіпті іс-әрекетті 
жасауда адамның өзінің белгілі бір бағыт алған еркі болады. Қылмыскердің еріктілік актісі 
қылмыстық жауаптылық пен жазалаудың барлық мәселелерінің шешілуі негізінде жатады. 
Дегенмен, адамның еркін ойлаудан алшақтағын психикалыұ қабілет деп қарастыруға 
болмайды. Кез келген еріктілік адамның жасайтын белгілі бір әрекеті туралы ойлауына 
байланысты болады. Бұл ереже заңды әрекеттерге де қоғамға қауіпті әрекеттерге де сай келеді 
деп айтуға болады. Кінә ұғымы өзінің психологиялық мазмұнына қарай еріктілікті ғана емес, 
жеке дербес сәтін де қарастырады деп көрсетілген. 
Жеке дербес сәт кінәлінің өзінің жсайтін немесе жасағалы тұрған әрекетінің қоғамға 
қауіптілік сипатын сезінуімен және соған байланысты қауіпті зардаптардың болатынын және 
одан қашу мүмкіндігінің бар екендігін білуімен білінеді.Еріктілік сәті қоғамға қауіпті 
зардартардың болуын тілеумен немесе біле тұра соған жол берумен немесе сол зардаптың 
болатынына не болмайтынына немқұрайлықпен қарауымен көрінеді.Қылмыс жасау кезіндегі 


917 
жеке дербес және еріктілік сәттерінің арасындығы әрқилы арақатынас кінәні қасақаналық 
және абайсыздық деген екі нысанға бөлуге негіз болады деп айқын көрсетіп отыр. 
Қолданыстағы қылмыстық заңнамалар кінәнің қасақаналық және абайсыздық деген екі 
нысанын қарастырады (ҚР ҚК 20-және 21-баптары). Өз кезегінде қасақаналықтың өзі тікелей 
және жанама деп, ал абайсыздық менмендік және салақтық деп бөлінеді. Заң сонымен бірге 
кінәнің қосарланған түрін бөліп қарастырады (ҚР ҚК 22-бабында) көрсетілген. 
Кінәні нысандарға бөлудің іс жүзіндегі мәні қылмыс құрамының басқа да белгілерімен бірге 
заң шығарушы мен әділ сот барлық қылмыс түрлерін аса ауыр және аур деп бөле отырып кінә 
нысандары арқылы үйлестіреді. Кінә нысандары, сондай-ақ кінәлі әрекеттерді кінәсіз 
әрекеттерден шектеуге жағдай жасайды деп көрсетілген.
Біраз мәселелерді шешуде кінә нысандарының ескерілетін белгілері ретінде мыналар 
қатысады: қылмыстарды санаттарға бөлуде ҚР ҚК 11-бабына сәйкес, ҚР Қылмыстық 
кодексінде көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша 
ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше 
ауыр қылмыстарға бөлiнедi (ҚР ҚК 11-б. 1-бөл.). Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең 
ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, 
сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан 
айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады (ҚР ҚК 
11-б. 2-бөл.). Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас 
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес 
жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда 
жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады (ҚР ҚК 11-б. 3-бөл.). Жасалғаны 
үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан 
аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады (ҚР ҚК 11-б. 4-бөл.). 
Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру 
түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп 
танылады (ҚР ҚК 11-б. 5-бөл.) баптарында түсініктер береді; 
Қылмысқа қатысуда ҚР ҚК 27-бабына сәйкес, екi немесе одан да көп адамның қасақана 
қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады; алдын ала 
қылмыстық әрекетте ҚР ҚК 24-бабына сәйкес, тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе 
қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, 
қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер 
бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн 
жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады (ҚР ҚК 24-б. 1-бөл.). Тiкелей қылмыс 
жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), егер бұл орайда қылмыс 
адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс жасауға 
оқталу болып танылады (ҚР ҚК 24-б. 3-бөл.); жаза тағайындау кезінде (ҚР ҚК 58 және 59-
баптары)арқылы көруімізге болады. 
Кінәнің түрлі нысаны субъектінің жасалған қылмысқа оның жеке дара жауаптылығы 
жөніндегі мәселені шешу үшін түрлі психикалық қатынасын көрсетеді. Кінә қашанда қандайда 
бір нысанмен көрінеді. Жалпы алғанда нысаны көрсетілмейтін кінә болмайды,сондықтан 
болар.Қасақаналық ұғымының мазмұны ҚР ҚК 20-бабында анық көрсетілген. Соған сәйкес, 
егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық 
қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiлсе 
және осы зардаптардың болуын тiлесе, осы зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе не 
бұған немқұрайды қараса, қылмыс қасақаналықпен жасалған деп танылады. Сөйтіп, ҚР 
Қылмыстық құқығында қасақаналықтың екі элементін көрсету қарастырылған: 
1) iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi 
зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiлсе; 
2) қоғамға қауіпті зардаптардың болуын тiлесе, осы зардаптардың болуына саналы түрде 
жол берсе не бұған немқұрайды қараса. 


918 
Сөйтіп, ҚР ҚК 20-бабы ниеттің жалпы ұғымына түсінік беріп қана қоймай, ниеттің екі түрі: 
тікелей және жанама ниеттерге анықтама береді. 
Тікелей ниет, адамның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, 
оның қоғамға қауіпті зардаптарыны мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала 
болуын тілеуімен сипатталады.Ниеттің өзіне тән элементерін түсіндіріп көрсетуде, заң 
шығарушы ең алдымен өзінің іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті сипатын ұғынуды көрсетеді. 
Ұғыну бұл жасалған қылмыстың нақты мән-жайларын ғана біліп қоймай, оларды қабылдай 
білуі.Егер білу көбінесе есте сақтауға бағынатын болса, ал ұғыну мәселені түйсіну, ой елегінен 
өткізу барысын сипаттайды. Нақ осы ретте заң шығарушы «ұғыну» сөзін ниеттің өзіне тән 
сәттерін сипаттау үшін қолданған деуге болады.Адамның өзінің іс-әрекетінің 
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілік сипатын тани білді деп санау үшін оның келтірген 
зардаптарын ұғыну фактілерін бүге-шігесіне дейін емес, жалпы түрде анықтаса жеткілікті 
екенін көрсетеді. 
Заң шығарушы ниет мазмұнына адамның жасаған әрекетінің заңға қайшылығын 
қарастыра қоймаған. Егер адам өзінің іс-әрекеті (әрекетсіздігі) қылмыстық заңмен қорғалатын 
қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін түсінсе, онда ҚР Қылмыстық кодексімен тыйым 
салынған әрекетті ұғынбауы мүмкін емес.Қоғамға қауіпті зардаптарды алдын алау болжай 
білу өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесі туралы білетінін көрсетеді.Адамның қоғамға 
қауіпті зардаптарды алдын ала болжай білуі іс жүзінде келтірілген зардаптардың белгісін 
болжауын ғана білдірмейді, сонымен бірге оның әлеуметтік мән-маңызын, яғни адам, қоғам 
және мемлекет үшін зиян келетінін ұғына білуін көрсетеді деп көрсетілген. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 2022 жылғы 8 маусымдағы Заңы 
республикалық референдумда қабылданған . 
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 
3 шілдедегі Кодексі (қолданыстағы редакциясында). 
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме. Ерекше бөлім ( 2 Том) / 
Борчашвили И.Ш. – Алматы: Жеті жарғы, 2015. – 1120 Б. 
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме / ред. Рахметова С. М., 
Рогова и. И. – Алматы: "Норма-К" баспасы ЖШС,2016. - 752
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме. Жалпы және ерекше 
бөліктер / жалпы.ред. и. Ш. Борчашвили. - Алматы: Жеті жарғы, 2007. - 992 Б. 
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы: 2 томдық Ерекше бөлім (1-10 тараулар). 
Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / отв. Рогов И.и., Балтабаев К. ж., Коробеев А. и. – 
Алматы: Жеті жарғы 2016. - 500 Б. 
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы: 2 томдық Ерекше бөлім (11-18 тараулар). 
Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / отв. Рогов И.и., Балтабаев К. ж., Коробеев А. и. – 
Алматы: Жеті жарғы, 2017. - 540 Б. 
8. Ағыбаев А. Н.Қазақстан Республикасының кылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы және 
Ерекше бөліктер. - Алматы: Жеті Жарғы, 2015. - 768
9. Бекмағамбетов А.Б., Ревин в. п., Рыхлов О. А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық 
құқығы. Жалпы және Оосбенная бөліктері / ред.в. п. Ревина. - Алматы: Жеті Жарғы, 2010. – 
856 Б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет