Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет14/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   532


"Бала" ұғымына қатысты айтылған 
мақал-мәтел, нақыл сөздер 
"Бала" сөзін естігенде ең 
бірінші, жиі айтылған 
ассоциациялар 
1.
Дүниеде бал тәтті, 
Бала балдан да тәтті. 
2.
Балалы үй – базар, 
Баласыз үй – қу мазар. 
3.
Баланың жақсысы сүйініш, 
Жаманы – күйініш. 
4.
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ. 
5.
Балаға пышақ бермесең бір жылар, 
Пышақ берсең екі жылар. 
6.
Бiр бала атаға жете туады, 
Бiр бала атадан өте туады, 
Бiр бала кейiн қарай кете туады. 
7.
Бала бер, бала берсең сана бер, сана 
бермесең ала бер.
8.
Әдепті бала – арлы бала, 
Әдепсіз бала – сорлы бала. 
Ойыншық, күлкі, бөбек, қуаныш, 
сәби, шаттық, бүлдіршін,аманат, 
ойын-сауық, нәресте, бақытты кез, 
отбасы, перзент, бақыт, балалық 
шақ, балдырған, махаббат. 
Жүргізілген сауалнама нәтижесінде, «бала» ұғымына қатысты ең жиі айтылған 
мақал-мәтелдердің бірі: «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар», «бала бер, бала берсең 
сана бер, сана бермесең ала бер». Бұл екі мақал-мәтелдің жиі айтылуы және де «бала» 
ұғымына қатысты мақал-мәтел білесіз бе деген сұрақ қойылғандағы бірден осы мақал- 
мәтелдердің еске түсуінің себебі неде? Үйге іңгалап сәби келген күннен бастап, отбасының 
үйреншікті тәртібі мен түгел өмірі толықтай өзгереді. Бір отбасының тұрмыс – тіршілігі 


27 
осы бір кішкентай періштенің айналасында болады. «Не пайда» атты термеде тіпті «Бұл 
жалғаннан не пайда, бұзығың шулап жатпаса» демекші, балалы үй қызыққа, қуанышқа, 
шаттыққа толы екендігі баршаға мәлім.
Кішкене сәбидің күлкісінің өзі дүниедегі бар байлықты алмастыра алады десем, артық 
айтпаспын. Оның әр қылығы шаршағаныңды басып, көңіліңе жылылық ұялатады. 
Дегенмен, мұндай қуаныштың барлық отбасында бола бермейтіні өкінішті - ақ, әрине. 
Өмірде баласыз өтіп, сәби иісін аңсау ең үлкен бақытсыздық сияқты. Сондықтан да халық 
баласыз үйді қу мазарға теңеген болар. 
Қазақ - қашаннан ұрпағымен, баласының саналы тірлігімен мақтанған халық. «Я, 
Аллам, бала бер, бала берсең, сана бер, сана бермесең, ала бер» деген сөз – соның дәлелі. 
Еліміз қашаннан соңында қалған тұяғының есті, тәрбие көрген текті болуын қалаған. 
Сауалнамаға қатысқандардың ішінде бұл мақалды екі түрлі формада қолданған. 
Бірінші түрі: «бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» және «А, Құдайым 
бала бер, бала берсең, сана бер, санасыз бала бергенше, артынан бәрін-бәрін ала бер». 
Дегенмен, бұл мақалды респонденттер түрлендіріп айтса да, мақалдың мағынасы өзгеріссіз, 
сол қалпында қалды. 
«Бала» сөзіне айтылған ассоциациялардың негізінде, статистикалық талдау жасалды. 
Статистикалық талдау диаграммаға түсірілді. Зерттеу нәтижесі бойынша, айтылған 
ассоциативті сөздерге қатысты кесте/диаграмма беріледі (кесте – 2). 
Кесте-2. «Бала» сөзіне айтылған ассоциялар негізінде, құрылған диаграмма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет