24
«БІЛІМ БЕРУ» секциясы
Секция «ОБРАЗОВАНИЕ»
ҚАЗАҚ ПАРЕМИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ «БАЛА» КОНЦЕПТІСІНІҢ
АССОЦИАТИВТІ ӨРІСІ
Абуова Д.К.
Ғылыми жетекші: Жумагулова О.А., филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
danochka.abuova@mail.ru
Мақал-мәтел дегеніміз – халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде,
ұтымды, өткір етіп айтып беретін сөз.
Лингвистикалық түсіндірме сөздігінде: «Мақал – ауызекі тілдегі қысқа және тұрақты
ритмикалық құрылысы бар халықтың ғасырлық тәжірибесі сақталған нақылды сөйлем. Жай
не күрделі сөйлем түрінде келеді, мақалдың тікелей не ауыспалы мағынасы болады.
Мақалдың фразеологиялық жүйеге кіруі не кірмеуі әлі шешілмеген мәселе», - деген анықтама
көрсетілген [1; 141-бет].
Жоғарыда айтылған анықтамаға байланысты, кеңес тіл білімінің тарихына үңілсек
көптеген ғалымдардың бұл мәселеге талай қалам тартқанын көреміз. Фразеологизмдерді
зерттеу ісінің көш басшысы болған академик Виноградов
Виктор Владимирович мақал-
мәтелдерді фразеологиялық жүйенің ешқайсысына жатқызған емес. Виноградовтың
пікірінше, фразеологиялық бірліктердің негізгі үш түрі бар:
1)
фразеологиялық бірігулер (ішкі форма арқылы уәжделмеген сөздердің тұрақты
тіркестері);
2)
фразеологизмдер (ішкі түрі мөлдір сөздердің орнықты тіркестері) – отқа май
құйып; 3)фразеологиялық тіркестер (сөздердің бірі тікелей мағынасында, екіншісі
фразеологиялық байланыста жұмсалған өрнектер)
Виноградов пікірінше мақал-мәтелдер
фразеологизмдерден алынып, грамматикалық
фразеологиялық бірліктер мен сөз тіркестерінің жүйесінде мүлдем қарастырылмаған [2].
Қазақ
ғалымдарының
көпшілігі
мақал-мәтелдерді
осы
фразеологиялық
единицалардың қатарында қарастыратынын байқаймыз. Р. Сәрсенбаев «Мақал – мәтелдер
мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы, бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық
құбылыста қолдану сипатына байланысты, осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық
единицалар тобына қосып қараймыз деп атап өтеді. Сонымен қатар тіркестердің бір түріне
жататын мақал – мәтелдердің тілік ерекшеліктеріне тоқталады» [3; 89-бет]. Біздің де бұл
жайында ұстанатын пікіріміз осы ыңғайда болмақ.
Қазақтың белгілі паремиолог ғалымы Әбдуәли Қайдар мақал-мәтел туралы былай
дейді: «Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмір мен бүгінгі болмысын танып білуде
дүниетанымдық,
логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде,
қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар.
Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша
заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай
шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді» [4; 16-бет].
Паремиологиялық деректерге қарағанда қазақ мақал-мәтел ел арасынан толық
болмаса да жинап, әр түрлі басылымдарға жариялау XIX ғасырдан бастау алған. Алған қазақ
25
мақал- мәтелдерін жариялап, 1906 жылы қайта толықтырған қазақ ағартушысы Ыбырай
Алтынсарин болатын.
Өткен ғасырдың 50-ші жылынан кейінгі басылымдары Балтабай Адамбаев, Мұзафар
Әлімбаев, Жақау Дәуренбеков сынды құрастырушылар,
авторлар тарапынан
толықтырылып, жарияланып келеді.
Мақал-мәтелдердің табиғатын арнайы сөз етіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін
айқындауға ат салысқан әдебиетші ғалымдардың қатарында М.Әуезов, С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов, Н.Төреқұлов, Т.Кәкішев, С.Қасқабасов атауға болады. Осы орайда қазақ
мақал- мәтелдерін зерттеген тілші ғалымдардың есімдерін айта кету артық емес.
Р.Сәрсенбаев, Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, М.Мұқанов, А.Нұрмаханов.
1930 жылдардан бастап қазақ мақал-мәтелдерін жинақтап, жүйелеп, жариялап келген
әдебиетші ғалым Өтебай Тұрманжановтың тұжырымы:
«Мақал мен мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі; ол ғасырлар бойы
халықтың ұқыптап сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірінің түйіні, аңсаған
асыл арманының арнасы, өмір-тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып
келе жатқан, тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы» - деп анықтайды [5, 37-бет].
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл-күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік
талғамдары, сенім, қызығулары, әдет-дағдылары бірдей
болып келмейтіндігі жөнінде
қызықты пікірлер айтқан. Мақал-мәтелдерде адамның жас өзгешеліктері негізінен балалық,
жастық, кемелдік және кәрілік шақ болып төрт кезең тұрғысынан қаралатындығын байқауға
болады. Адамның моральдық бейнесі, психикасы оның іс-әрекеті үстінде дамиды, ал
бұлардың іргетасы балалық кезде қалыптасады. Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиетке
баулуды үнемі негізгі мәселе деп ойлап келген. Бәлкім, осыдан да болу керек, сәби, бала
тәрбиесі мақал-мәтелдерден елеулі орын алады [6, 358-бет].
Осыған байланысты, тілтанымдық практиканы өту барысында біз «бала» сөзіне
қатысты мақал-мәтелдерді жинақтаған болатынбыз. «Бала» ұғымына байланысты 139
мақал- мәтелдер табылды. Мақал-мәтелдерді жинақтау барысында көптеген оқулықтар мен
жинақтарды пайдаландық.
Халқымыз тәрбиесі кем балаға жаны ашып: «Әдепсіз бала сорлы бала», «Жаман бала
күйік», «Талабы жоқ жас ұлың, жалыны жоқ шоқпен тең», «Балаң жаман болса, көрінгеннің
мазағы»
деп әдепсіз, талапсыз, ынжық, күйгелек балалардың келешегінен күдіктенеді де,
ата- анасының айтқанын екі етпейтін, тіл алғыш, зерек, тәртіпті балаларды басқаға үлгі етеді.
Мәселен, «Өнерлі бала сүйкімді», «Балаң жақсы болса, екі көздің шамшырағы», «Адам
болатын бала алысқа қарайды», «Оралдының баласы он бесінде баспын дер, тоғышардың
баласы жиырма бесте жаспын дер». Осы секілді халық мақал-мәтелдерінде мінез-құлқы,
психологиясы дұрыс қалыптасып келе жатқан оқу-өнерге құмар, талабы таудай,
еңбек
сүйгіш, тыңғылықты балалар сөз болады [6, 359-бет].
Ендігі кезекте, тәрбиені қабылдаушы негізгі тарап бірінші ретте балалар болған соң,
жалпы қазақ тіліндегі «бала» концептісінің қолдану аясы мен орнын анықтау қажеттілігі
туындайды. Сөздің қолданыстағы орнын біз ассоциативті өрісті анықтау арқылы жасай
аламыз.
Әлемдік тіл білімінде «ассоциация» термині XX ғасырдың екінші жартысынан
бастап кеңінен қолданыла бастады. Қазақ тіл білімінде алғаш «ассоциация» ұғымын ғалым
Тұрағыл Қоңыров «Қазақ теңеулері» атты еңбегінің «Қазақ теңеулерінің ассоциациялық
типтері» деген тарауында қолданады [7].
26
Орыс тіл білімінде осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде белгілі ғалым
Юрий Николаевич Карауловтың «Русский ассоциативный словарь» атты еңбегі 1994 жылы
шықты, ал
бізде, өкінішке орай, мұндай еңбектер әлі де жарық көрмеген. «Ассоциация
дегеніміз – адам санасында болатын жеке психикалық процестердің арасындағы байланыс»,
- дейді ғалым Ә.Ж.Алдамұратов [8, 13-бет].
Біздің жұмысымыздың сауалнамасыз жүзеге аспайтыны белгілі. Яғни, біз жастардың
тілдік санасындағы ассоциативтік өрістерді анықтау үшін онлайн сауалнама жүргіздік.
Сауалнамаға 18 бен 25 жас аралығындағы 37 респондент қатысты. Зерттеудің мақсатына
сәйкес негізгі екі сұрақ қойылды.
Біріншісі: “Бала ұғымына қатысты қандай мақал-мәтел, нақыл сөздерді білесіз? (бар
білетін мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жазып өтіңіз)”, екіншісі: "Бала сөзін естігенде ең
бірінші ойыңызға қандай ассоциациялар келеді? (бар білетін ассоциацияларыңызды жазып
өтіңіз)”. Екі сұрақта ассоциативті эксперименттің негізгі қағидасына сәйкес, яғни
респонденттердің ең бірінші
ойына келетін жауаптар алынып, олардың ішінде ең жиі
қолданылатындары анықталды.
Зерттеу нәтижелері мен талдауға келетін болсақ, айтылған мақал-мәтелдер мен сөзге
ассоциациялар кестеде берілді (кесте-1).
Кесте-1. Сауалнама нәтижесіндегі ассоциациялар
Достарыңызбен бөлісу: