Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


STEM БАҒЫТЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН



Pdf көрінісі
бет144/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

STEM БАҒЫТЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 


269 
 
Сальменова А.А. 
Ғылыми жетекші: Дурмекбаева Ш.Н., биология ғылымдарының кандидаты, профессор
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
salmenovaaruzhan@mail.ru 

Ғылыми-зерттеу жұмысы – шығармашылық қасиеттерді тереңдетуге бағытталған 


сонымен қатар дербестік, еріктілік, қызығушылық қағидаттарына негізделген 
[1; 351-бет].
Оқушылардың зерттеу жұмыстары шығармашылық, зерттеушілік міндеттерді 
шешумен байланысты әрекет. Зерттеу жұмыстары мәселені анықтау, осы мәселеге арналған 
теорияны зерттеу, зерттеу әдістерін таңдау және оларды практикалық игеру, материал жинау, 
оны талдау және жалпылау, ғылыми түсініктеме, өзіндік тұжырымдар сияқты кезеңдерден 
тұрады. Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің өнімі шығармашылық жұмыс болып 
табылады [2;13-бет]. 
Зерттеу практикасы барысында оқушылар әлеуметтік маңызы бар зерттеу қызметі, 
тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынас тәжірибесі, өз күштерін қолдану орындары мен 
тәсілдерін табу дағдыларын алады, қабілеттерін талдайды, жауапкершілікті арттырады, 
тәуелсіз болады, қоғамға қажет болуды үйренеді [3; 115-бет]. 
Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында STEM бағыты ерекше 
маңызға ие. STEM саласындағы білім сыни ойлауды дамытады, ғылыми дайындықты 
арттырады және инноваторлар мен өнертапқыштардың шығу тегін тудырады. Инновация ең 
жаңа өнімдердің жарыққа шығуына әкеледі. Бұл инновациялар мен ғылыми дайындық STEM 
салаларындағы білімнің берік базасына сүйенеді. 
STEM-тәсілді енгізу барысында бірқатар принциптерді ұстану қажет: білім беру 
процесінің негізінде жобалау қызметі жатыр; шешілетін оқу міндеттері практикалық сипатта 
болуы тиіс; жаратылыстану-ғылыми цикл пәндеріне (физика, химия, биология) ерекше назар 
аударып, оларды жиынтықта қарастыру қажет [4; 57,58-бет]. 
Білім беру процесіне STEM-білім берудің әдістемелік шешімдерін енгізу ғылымды 
біліммен ұштастыруға, оқушыларда құзыретті маманды айқындайтын аса маңызды 
қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді: 
- проблеманы көре білу; 
- мәселеде мүмкіндігінше ықтимал тараптар мен байланыстарды көре білу;
- зерттеу мәселесін тұжырымдай білу және оны шешу жолдары; 
- жаңалықты тез қабылдауға икемділік пен өз ұстанымын қорғаудағы көзқарас;
- өзіндік ерекшелік, шаблоннан бас тарту;- идеялар мен байланыстарды топтастыру қабілеті;
- абстракциялау немесе талдау қабілеті; 
- ақпаратты нақтылап,синтездеу қабілеті [5; 24,25,26-бет]. 
«Биология» пәні барысында STEM элементтері кеңінен қолданылады. Биологияның 
бөлімдерін қарастырған кезде пәндер интеграциясына пайдалана отырып, STEM бағыты 
жүзеге асырылады. Мысалы, «Адам және оның денсаулығы» бөлімінде организмнің 
физиологиялық ерекшеліктерін айқындайтын мүшелердің модельдерін жасап шығаруға 
болады. Жұмыс барысында оқушылар математикадан есептеулік білімдерін, химиядан әртүрлі 
қосылыстар мен витаминдер туралы, физикадан белгілі бір заңдылықтар және т.б. сол сияқты 
әртүрлі саладағы білімдерін қолдана отырып, мүшелердің биологиялық маңызын практика 
жүзінде дәлелдей алады. 
STEM білім беру элементтері биологиялық білімді интегративті негізде зерттеуді 
ұйымдастыруға, нақты биологиялық объектілерді, процестерді, модельдік құрылымдарды 
гипотеза және тәжірибе жасауға мүмкіндік береді . 
Зерттеу барысында STEM бағытындағы биологиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
тақырыптары анықталып, оқушыларға ұсынылды. 
Зерттеу жұмысы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, биология және 
оқыту әдістемесі кафедрасының «Биология» зертханасында 2021-2022 оқу жылында 


270 
басталып, 2022-2023 оқу жылында жалғастырылуда. Зерттеу «Балалар Университеті» жобасы 
аясында жүргізілді. «Балалар университеті» қызметінің мақсаты: тең мүмкіндіктерді 
қамтамасыз етіп, балаларды ғылымға тарту, ерте кәсіптік бағдар беру. Балалар университеті 
жобасына 3-5 сынып оқушылары қатысты. 
Зерттеу кезінде жұмыстың топтық және жеке түрлері қолданылды. оқушылар 
бақылау, тәжірибе қою, эксперименттік, салыстырмалы, анализ жасау, синтез, абстракциялау, 
жалпылау, индукция және т.б. әдістерін қолданды. 
Оқушылардың зерттеу жұмысын жасауы үшін, керекті құралдармен жабдықталған 
арнайы қорапшалар жасалынды. Қорапша да сонымен қатар жұмыс тақырыбы, мақсаты, 
барысы, тапсырма берілген нұсаулық және күнделік ұсынылды. Оқушы жұмыспен танысып, 
берілген тапсырманы орындап, түйген қорытындыларын бақылау күнделігіне толтырады. 
Берілген жұмысқа көмекші құрал ретінде VN- видеоредакторы арқылы бейне зерттеу 
жұмысының барысы берілген бейненұсқаулық даярл 
Оқушыларға STEM бағытындағы бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды. 
Зерттеу-жұмысының тақырыбы: Фибоначчи сандары және оның биологияда кездесуі. 
Жұмыстың мақсаты: Фибоначчи сандарының табиғатта кездесуін дәлелдеу. 
Оқушыларға жұмысты сапалы орындау үшін нұсқаулық және бейне нұсқаулық 
ұсынылды. Нұсқаулықтарда жұмыс барысы, Фибоначчи сандары туралы түсінік, табиғатта 
кездесуі туралы ақпарат берілді. Заңдылықтарды анықтағаннан кейін, білімді бекіту 
мақсатында бақылау күнделігінде берілген тапсырмаларды орындады. 
Оқушылар жұмыс барысын бірлесе отырып, топпен жасады. Өздерінің 
математикалық және биологиялық білімдерін қолданды. Биологиялық білімдерін табиғат 
элементтерін таңдауда, Фибоначчи заңдылығына келетін объектілерді анықтауда 
қолданылды. Ал, математикалық білім Фибоначчи сандарының заңдылығын түсінуде және 
есептеулер жүргізуде қажет етілді. Осылайша пәндер интеграциясы жүзеге асырылды. Жұмыс 
арқылы оқушыларда биология және математика пәні бойынша жаңа ұғымдар мен түсініктер 
қалыптасты. Сонымен қатар теориялық білімдерін, практикалық түрде дәлелдеп, бекіту 
мүмкіндігін қолданады.
1-сурет- «Фибоначчи сандары және оның биологияда кездесуі». Топпен жұмыс барысы 
Жұмыс тақырыбы:
Өсімдіктердің өнуіне әртүрлі биостимуляторлардың әсері. 
Жұмыстың мақсаты: Эпин және Циркон стимуляторларының бұршақ тұқымының 
өнуіне әсерін зерттеу. 
Бұл жұмыс жеке жұмыс болып табылады. Оқушыға жұмысты орындауға қажет құрал 
-жабдықтары бар қораптар ұсынылды. Қорапта тұқымдарды өсііурге арналған петри 
табақшалары, эпин және циркон биостимуляторлары, қосымша жабдықтар салынды. Сонымен 
қатар жұмыс тақырыбы, барысы, мақсаты берілген нұсқаулық ұсынылды. Оқушы нұсқаулық 


271 
көмегімен өзіндік жұмыс жасап, әртүрлі биостимуляторларда бұршақ тұқымын өсірді. Жұмыс 
соңында бақылау күнделігін толтырып, қорытындылар шығарды. 
Жұмысты орындау барысында оқушыда биология, химия пәндері бойынша алғашқы 
түсінік және жаңа білімдері қалыптасты. Ал, математикадан қалыптасқан білімдерін жүзеге 
асырды. Биология бойынша оқушы бұршақ өсімдігінің даму ерекшеліктерімен, тұқым 
өңгіштігімен танысса, химия пәнінен стимуляторлардың құрамы, олардың химиялық 
құрамының әсері жайлы ақпараттарды үйренді, математикалық білімдерін стимуляторлардың 
мөлшерлерін есептеу барысынды пайдаланды. 
2-сурет- «Өсімдіктердің өнуіне әртүрлі биостимуляторлардың әсері (бұршақ)» 
жұмысы. Оқушының тәжірибе қою барысы 
STEM бағыты қазіргі білім беру жүйесіндегі сұранысқа ие бағыттың бірі. Сол себепті 
оқушылардың STEM бағытындағы ғылыми- зертеу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды 
мәселе болып табылады. Оқушыларға осы бағыт бойынша білім беру оларды өзіндік жұмысқа, 
өнертапқыштыққа, модельдеуге, теориялық білімдерін практикада қолдану арқылы білімдерін 
нық бекітуге септігін тигізеді. Пәндер интеграциясы әсерінен оқушы жан-жақты, 
дүниетанымы кең, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасады.
Әдебиет: 
1.
Белоглазова А.П. Инновационный опыт МАОУ ДОД Станции юных натуралистов 
Чайковского муниципального района в экологическом образовании личности // Концепт. -
Киров: ЦИТО, 2013. – С.351. 
2.
Леонтович И.В. Об основных понятиях концепции развития исследовательской и проектной 
деятельности учащихся // Исследовательская работа школьников. -2003. -№4. - С. 13. 
3.
Гладилина И.П. Исследовательская и проектная работа учащихся в школе // Одаренный 
ребенок. – 2004. - №4. – С.117. 
4. Грязнов С.А. STEAM-образование: подход к обучению в 21 веке//Экономика образования. 
-2020.- № 6 (121).-C. 57 – 58. 
5.
Bryan, L. A., Moore, T. J., Johnson, C. C. and Roehrig, G. H. Integrated STEM education. In C. 
C. Johnson, E. E. Peters-Burton and T. J. Moore (Eds.), STEM roadmap. A framework for 
integration.-London: Taykr & Francis.-2015.-p.24-26. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет