ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ТУЫНДАЙТЫН КОНФЛИКТІЛІК
СИТУАЦИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сансызбайқызы Нарқыз
Ғылыми жетекшісі: Шонова.Б.А., педагогика ғылымының магистрі, лектор
272
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
narkyzsansyzbai@bk.ru
Қай кезеңде болмасын адамдармен қарым – қатынас құрып, біріге жұмыс істеп, шешім
қабылдау қарапайым іс - әрекет болып есептелінген жоқ. Себебі әр адамның көзқарасы,
ойы, танымы, жеке басының ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан да олармен санасып, саналы,
да сапалы шешім қабылдап «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» яғни келісімге келу
күрделі мәселелердің бірі.
Бұл ретте басқарушы адам іс-әрекет пен адамдар қарым – қатынасын жақсы жүзеге
асыру үшін бір қатар талаптарды орындау қажет:
Басқару субъекті мен объектісі бір біріне сәйкес болуы қажет. Егерде олар жұмыс
процесінде бірін - бірі түсінсе, өз мүмкіншіліктерін жүзеге асырып екіжақты қанағаттануға
келеді. . Егер де басшы мен қарамағындағылар арасында психологиялық шиеленіс болса,
онда олардың арасында конфликт туындайды да жұмыс нәтижесіне жаман әсер тигізеді.
Басқару субъектісі және объектісі дербесті болып келуі керек. Басқару субъектісі
объектінің барлық қызығушылығын қамти алмайды. Яғни басқару объектісі адамдар
болғандықтан, олардың ситуацияға деген өз көзқарастары, ойлары, ынталары болады, өз
мүмкіндіктерін іс
–
тәжірибеде жүзеге асыруға тырысады. Мұндай мүмкіншілік болмаған жағдайда адамдар
өз белсенділігін бұқтырады немесе өз пікіріне жетуге тырысады.
Адамдардың мүдделерімен санаспау болмаған жағдайда тұтас басқару проблемасын
туындатады.
Тұлғааралық конфликтілер конструктивті және деструктивті болып бөлінеді.
Конструктивті - қарым – қатынастың оптимизациясына бағытталған. Деструктивті – қарым
–
қатынасты бұзуға бағытталған. Конфликтінің себеп – салдары әртүрлі. Олар өзара біріге
қызмет жасайтын адамдар арасында, жеке бастың жағымсыз әсерінен, басқару стильдерінің
қарамағындағылардың наразылығын тудырудан туындайды.
А.Я. Анцупов және А.И. Шипилов конфликт құрылысының екі негізгі компоненттерін
бөлген: конфликтілік ситуациялар және конфликтілік қарым – қатынастар.
Конфликтілік ситуациялар өзіне мына ерекшеліктерді қосады: конфликтіге түсетін
жақтарды, конфликт объектісі, әлеуметтік жағдаяттар, конфликтілік ситуациялардың
ситуациясы.
Яғни, басқару адам әрекеті қайда болмасын қостап, қолтықтасып жүреді. Және
адамның қандай да болмасын іс-әрекеті басқаруды талап етеді. Тек басқарудың арқасында іс
-әрекет мүмкін болады.
Сөйтіп кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен
басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар
қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру,
ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару
заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады.
Кез – келген адамға конфликт маңызды ерекшелік болып көрінбесе, оның шешімін
табуға тырысып бағады. Конфликтілік ситуациялардың шешімін табу, конфликтіге
тікелей қатысты екі жақтың көмегімен іске асады.
Л.А. Петровскаяның нұсқауынша, шындықтағы ситуация емес, ал конфликтілік
ситуацияның сипаттамалары екі жақтың конфликтідегі іс - әрекетін анықтайды. Сондықтан
да конфликтінің құрылымдық құрамы конфликтілік ситуациялардың образы болып келеді.
Жеке адамның өз ішкі конфликтілік жағдайы, үлкен конфликт түрлеріне себепші
болулары мүмкін. Өйткені әр адамда өзінше психологиялық қысым, эмоциялық –
қанағаттанбаушылықтардың себебіне байланысты.
Бұндай уақытта адамға кез – келген болмашы жағдайлар, эмоциялық бұзылуға әкеп
соғады. Сонымен қатар жұмысшы өз кәсібінде ешбір қызметтің өсуі болмаған жағдайда,
жұмысымен қанағаттанбаған кезде болады.
273
Осындай ситуацияларды зерттеп, мән – мағынасына терең үңілу үшін әр адам өзінің
жеке ісі мен тәртібіне саналы жауап қайтара алуы қажет.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір
сүруі өте қиын, себебі әр – бір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы
болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық
қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен
қатынасынан сол ортаның көңіл – күйі айқындалып, алға қойылған мұрат – мақсаттардың
сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – остракизм,
қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көршілік арасында сыйымсыздығынан
ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне
тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай,
ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар
да кездеседі.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоционалды болуына байланысты.
Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір – біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға
кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын
мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның
көңіл – күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген толғанысының ауысуымен
өзгеріске келіп тұрады. Көңіл – күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы
келеді: бүгінгі тәп – тәуір сыйлы қатынас күн өтпей – ақ керісипатқа енуі баршаға аян
құбылыс.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте,
көңіл
–
күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл –
күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай
өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен
психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан
оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің
даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады;
екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және
сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік
қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Қарама – қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған
қатысқан адамдар бір – бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе,
бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді.
Қатынас түгелдей елемеу мен дау – дамайға бармайды.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір – біріне деген ыстық та, суық та шырай
сезінбейді, яғни өзара қатынасжасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар
арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық - әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың
бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар
бір – біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім
мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың
ушығуынан.
Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп – бұл нақты
адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік – психологиялық орта сипатының
ауысуы.
Көңіл – күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп
– тәуір сыйлы қатынас күн өтпей – ақ керісипатқа енуі баршаға аян құбылыс.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте,
274
көңіл- күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл –
күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара
байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен
психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан
оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің
даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады;
екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және
сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік
қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі - бұл екіұшты, амбивалентті
қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей
қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай
қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін
айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен – бірі өзара әрекетке,
тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-
бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір – бірінен бейтарап қалады.
Өмірлік маңызды қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін
қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар
өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.
Сондықтан да конфликтілік ситуациялардың белең алмауы үшін, адам аралық қарым
– қатынасқа аса назар аударған дұрыс болып келеді.
Әдебиет
1.
Емельянов С.М. Практикум по конфликтологий 2-ое изд СПб 2001.
2.
Крамина А.С. Конфликтология. СПб: Лань, 2009.
3.
Крылова А.А. Маничева С.А. Практикум по общей экспериментальной.
4.
Агеев В.С. Межгруппавое взаимодействие. М. 2010.
5.
Андреева Г.М. Социальная психология. СПб 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |