278
шалдығу, қаңғырып кету, халықтың жақсы тәрбиесінде дәстүрдің азаюы - бұлардың барлығы
тек отбасының ғана емес, қоғамның, мемлекетіміздің толғандыратын мәселелері.
Отбасын зерттеген ғалымдар ішінде Ю.П.Азаров, В.Сатир, Прихожан А.М., Василькова
Ю,В., Р.Спиваковская, В.В.Юстицкий
т.б.жағдайсыз отбасыларға
ерекше көңіл бөліп
зерттеген. Шетел ғалымдары ішінде жағдайсыз отбасыларды терең зерттегендер:
Хоментаускас, В.В Юстицкий, т.б.
Қазақстанда
отбасы мәселелерін зерттегендер: Х.Арғынбаев, Ж.Б.Қоянбаев,
К.Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, М.Т.Баймұқанова секілді ғалымдардың еңбектерін
атауға болады. [1,119 б]
Отбасында қиыншылық шегінен шыққанда әкесі мен анасының арасында жанжал
туындау кезін басынан өткізген баланы тәрбиелеуде қиындықтар жиі кездеседі Осындай
мәселелерді отбасы өз бетімен шеше алмайды, сондықтан оларға түрлі әлеуметтік –
педагогикалық көмек, қолдау көрсету керек. Осы орайда әлеуметтік педагогтың атқаратын
қызметі орасан зор.
Әлеуметтік педагог - әлеуметтік сфераның қызметкері, өзінің негізгі жұмыс бағытын
оқушылар,
олардың ата-аналармен, ересек адамдармен тұрмыстық – шаруашылық ортада,
жасөсперімдермен, жастар ұйымдарымен кәсіби қызметін атқарады. Отбасына, тәрбиелеу
мекемелеріне педагогикалық-психологиялық көмек көрсететін,ересектер мен балалар, отбасы
мен мектеп, тұлға мен мемлекет арасында дәнекер рөлін атқаратын, жеткіншектерге
әлеуметтік, кәсіби бейімделуінде көмек көрсетіп, құқығын қорғайтын маман.
Проблемалы
отбасымен жұмыс жасауда әлеуметтік педагогтың бірден-бір міндеті – барлық әдіс-
тәсілдердің көмегімен баланың қызығушылығын қорғауды қамтамасыз ету. Бұлай ата-анаға
ықпал ету, яғни олар өсіп келе жатқан балаға жауаптылығын саналы түрде түсіндіру, бұл
әрқашан нәтижеге жылдам жеткізбейтін күрделі де еңбекті керек ететін жұмыс. Мұнда
жұмыстың барлық мүмкін формалары мен әдістерін қолдану қажет: сендіру, түсіндіру,
педагогикалық жағдаяттарды шығару, бақылау, т.б.[2,52 б]
Отбасымен әлеуметтік педагогтың жұмыс нысаны - отбасымен жұмыс жасау, көмек,
қолдау көрсету үрдісі.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-
тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік
педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара
қарым-қатынастарды реттеп отырады.
Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың
әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу оларды келешекте қорғап, қамқорлыққа алуға
септігін тигізеді. Сондықтан мектепте аз қамтылған отбасы
оқушыларының әлеуметтік
картасы жасалады. Сондай-ақ, оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтап, жағдайы
төмен, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастырып, баланың жеке
дамуындағы ауытқуларының алдын алып түзету жұмыстарын жүргізеді.
Әлеуметтік педагогтың отбасы типтері жайлы білімдерінің жоғары деңгейде болуы да өте
маңызды. Себебі отбасында пайда болған қиындықтар мен отбасы типтерін дұрыстап айқындап
алмайынша жұмысты нәтижелі жүргізу мүмкін емес.
Отбасымен жұмыстың табысты болуы үшін әлеуметтік педагогқа басқа мамандармен,
әлеуметтік қорғау қызметтерімен байланысу қажет. Ол кәсіби
тұрғыда жақсы дайындалған
болуы тиіс, білімді, эрудициялы болуы, айтарлықтай жоғары деңгейде педагогикалық
шеберлік пен ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болуы тиіс.
Отбасымен өз жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін әлеуметтік педагог отбасындағы
проблемаларды, бала тәрбиесіндегі жіберілген қателіктерді, оның пайда болу себептерін біліп
алғаны жөн.
Ата-аналармен жұмыс бірнеше бағытта жүзеге асады: ата-аналармен ағарту, кеңес беру,
жайсыз отбасыларын диагностикалау және патронажға алу, түрлі бағыттағы клубтар мен
ұйымдарды құру, бейәлеуметтік топтарға басқа бағыт беру,жас отбасына кеңес беру,жұмысқа
орналасуға
көмектесу,жалғыз басты адамдарға қарияларға көмектесу, топтық отбасылық