Кеңесші – отбасындағы ата-аналар мен балалар әрекеттестігінің маңыздылығы мен
мүмкіндіктері туралы ақпараттандырады, баланың дамуы туралы әңгімелейді, балаларды
тәрбиелеу жөнінде педагогикалақ кеңестер береді;
Кеңес беруші – отбасылық заңнама, отбасындағы тұлғааралық әрекеттестік мәселелері
жөнінде кеңес береді, нақты отбасына бағдарланған қолданыстағы әдістер туралы
ақпараттандырады,баланың отбасында қалыпты дамуы мен тәрбиесі не қажетті жағдайлар
жасау тәсілдерін ата-аналарға түсіндіреді;
Қорғаушы – ата-аналар тұлғасының толық азғындауына (ішімдікке салыну,
нашақорлық, балаларға қатаң қарым-қатынас) және осыдан туындайтын тұрмыстың
төмендігіне , ата-аналардың балаларға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуіне адамдық қарым-
қатынастың болмауынан қорғайды.
Отбасымен жұмыстарда педагогтар келесі қағидаларды басшылыққа алады: - Отбасын зерттеудің объективті сипаты.
- Отбасының барлық мінездемелерін зерттеуге кешенді ұстаным.
- Отбасының өзіндік ерекшеліктерін анықтау және оларды оның тәрбиелік әлеуетін күшейтуге
пайдалану.
- Шынайы ахуалды талдау.
- Отбасын зерттеудің екіжақты сипаты.
- Баланың жеке тұлғасын, оның тәрбиелілігін бірдей зерттеу арқылы отбасындағы тәрбие
қызметін зерттеу.
- Отбасына оптимистік ұстаным жасау.
- Отбасы мен қоғамның тәрбиелік мүмкіндіктерін іс жүзіне асырудың зерттеумен бірлігі.
Нақты әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жұмыс жасаудың формаларына тоқталатын
болсақ, педагогтың ата-аналармен практикалық жұмысы, ұжымдық және жеке-даралық өзара
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Ата-аналармен жұмыс жасаудың ұжымдық формалары.
Ұжымдық формаларға: ата-аналармен топтағы жұмыс, ата-аналар жиналысы, «дөңгелек
үстел», тренингтер, кездесулер, тематикалық кеңестер, рөлдік ойындар және т. б. жатса, жеке-
даралық формаларға кеңес беру, әңгімелесу, инструктаж және тағы да басқаларды
жатқызамыз.