Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет148/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   532
Кеңесші – 
отбасындағы ата-аналар мен балалар әрекеттестігінің маңыздылығы мен 
мүмкіндіктері туралы ақпараттандырады, баланың дамуы туралы әңгімелейді, балаларды 
тәрбиелеу жөнінде педагогикалақ кеңестер береді; 
Кеңес беруші – 
отбасылық заңнама, отбасындағы тұлғааралық әрекеттестік мәселелері 
жөнінде кеңес береді, нақты отбасына бағдарланған қолданыстағы әдістер туралы 
ақпараттандырады,баланың отбасында қалыпты дамуы мен тәрбиесі не қажетті жағдайлар 
жасау тәсілдерін ата-аналарға түсіндіреді; 
Қорғаушы – 
ата-аналар тұлғасының толық азғындауына (ішімдікке салыну, 
нашақорлық, балаларға қатаң қарым-қатынас) және осыдан туындайтын тұрмыстың 
төмендігіне , ата-аналардың балаларға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуіне адамдық қарым-
қатынастың болмауынан қорғайды. 
Отбасымен жұмыстарда педагогтар келесі қағидаларды басшылыққа алады:
- Отбасын зерттеудің объективті сипаты. 
- Отбасының барлық мінездемелерін зерттеуге кешенді ұстаным.
- Отбасының өзіндік ерекшеліктерін анықтау және оларды оның тәрбиелік әлеуетін күшейтуге 
пайдалану.
- Шынайы ахуалды талдау.
- Отбасын зерттеудің екіжақты сипаты.
- Баланың жеке тұлғасын, оның тәрбиелілігін бірдей зерттеу арқылы отбасындағы тәрбие 
қызметін зерттеу.
- Отбасына оптимистік ұстаным жасау.
- Отбасы мен қоғамның тәрбиелік мүмкіндіктерін іс жүзіне асырудың зерттеумен бірлігі.
Нақты әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жұмыс жасаудың формаларына тоқталатын 
болсақ, педагогтың ата-аналармен практикалық жұмысы, ұжымдық және жеке-даралық өзара 
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Ата-аналармен жұмыс жасаудың ұжымдық формалары. 
Ұжымдық формаларға: ата-аналармен топтағы жұмыс, ата-аналар жиналысы, «дөңгелек 
үстел», тренингтер, кездесулер, тематикалық кеңестер, рөлдік ойындар және т. б. жатса, жеке-
даралық формаларға кеңес беру, әңгімелесу, инструктаж және тағы да басқаларды 
жатқызамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет