КӨКШЕТАУ ӨҢІРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ROSACEAE JUSS. ТҰҚЫМДАСЫНА ЖАТАТЫН ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ Давидкул Қ. Ғылыми жетекші: Хамитова Г.Ж., жаратылыс ғылымдары магистрі, дәріскер
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
Эл.адрес:davidkul_03@mail.ru
Флораның негізгі белгісі – ол оның түрлік құрамы. Белгілі бір территорияда өсетін
өсімдіктердің түрлерін есепке алу әрбір флоралық зерттеу жұмыстарының негізі болып
саналады. Флорадағы түрлердің құрамын есепке алу олардың жалпы саны туралы және
олардың қандай туыстарға, тұқымдастарға жататындықтары туралы түсінік береді. Флораны
құратын түрлердің саны оның байлығын тікелей көрсетеді [1].
Кең - байтақ Қазақстан Республикасы территориясы Евразия орталығында Батыс-Сібір
тегістігінен және Оңтүстік Оралдан ыстық, құрғақ Орталық Азия шөлдеріне және Тянь-Шань
тау жүйелеріне дейін 1650 км, Батыс Шығысқа қарай Волга өзенінің төменгі бөлігі және
Каспийден Алтайға дейін 3000 км созылып жатқандықтан, табиғат жағдайларының үлкен
әртүрлілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан территориясының 40%-дан аса бөлігін дала және
55% шамасында шөлдер алып жатыр [2].
Қазақстанның өсімдіктер жамылғысында 4750 жоғары сатыдағы (мүктерден басқа)
өсімдіктер түрлері кездеседі. Қазақстан өсімдіктерінің зерттелген 4474 өсімдік түрлерінің
ішіне папоротник тәрізділердің 46 түрі және жалаңаштұқымдылардың 21 түрі кіреді, ал
қалғандары гүлді (жабықтұқымды) өсімдіктер. Осы өсімдіктердің ішінде ағаштардың 68 түрі,
немесе 1,5%-ы, бұталардың 266 түрі, немесе 5,8%-ы, бұташықтар, жартылай бұталар мен
жартылай шөптердің 433 түрі, немесе 9,6%-ы, көпжылдық шөптердің 2598 түрі, немесе 66,0%-
ы және біржылдық шөптердің 849 түрі, немесе 18,9%-ы бар. Қазақстан флорасында ең көп
үлес шөптесін өсімдіктерге тиесілі [3].
Rosaceae Juss. тұқымдас құрамына шамамен 100 туыс және 3000-нан астам түрлер
кіреді. БОР территориясында табиғи түрде 57 туысқа жататын 1200 түр кездеседі. Тұқымдасты
төрт тұқымдас тармағына бөледі: cпиреялар (
Spiraeoideae ), раушандар (
Rosoideae ), алмалар
(
Maloideae) және қара өріктер (
Prunoideae ). Тұқымдас өкілдері кеңінен тараған: алмалар,
шиелер, өріктер, шетен, мойыл, бүлдірген, раушан және т.б.
Раушангүлділер (
Rosaceae ) тұқымдастардың көпшілігі пайдалы жеміс ағаштары. Бұлар
- қосжарнақтылар класына жататын ағаш, бұта, көпжылдық, кейде екі немесе біржылдық
шөптесін өсімдіктер. Олардың жеміс-жидек дақылдары халық шаруашылығында кеңінен
қолданылады [4; б.71]
Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасы – гүлді өсімдіктер ішіндегі ең ірі
тұқымдастарының бірі болып табылады. Оның өкілдері жер шарының барлық жерлерінде
таралған. Жалпы алғанда бұл тұқымдас 100 аса туысты және 3000 астам түрді біріктіреді. Олар
солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен таралған,
кейбір түрлері оңтүстік ендіктегі елдерде де өседі [5; б.262]
Раушангүлділер арасында мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар, жартылай бұталар және
шөптер де белгілі. Жапырақтары кезектесе, сирек кезде қарама-қарсы орналасқан, қарапайым
немесе күрделі, жапырақ күлтелерімен.
Гүл шоғырлары цимоидты немесе ботриоидты, шашақ түрінде. Гүлдері дұрыс, қос
жынысты, жиі өте ірі, сондықтан, олардың сәндік маңызы зор. Гүл серігі екеулік,
тостағаншасы 5, сирек жағдайда 4 қоса өскен тостағанша жапырақшалардан тұрады, кейде бұл
тостағанша астымен де кездеседі. Гүл желектердің саны 5 немесе 4, олар бос, аталықтар секілді
гипантийдің шетіне бекітілген. Гипантий — тостағанша жапырақшалар, гүл желектер және
аталықтардың гүл табанымен біріге өскен раушангүлділер гүлдерінің ерекше құрылымы.
Оның пішіні әр түрлі: тостағаншатәрізді, қоңыраутәрізді, құмыратәрізді. Раушандар
түрлерінде гипантий жеміс түзілуіне қатысады. Төменгі түйінді раушангүлдерде гипантий
370
түйінмен бірге қосыла өседі, ал жеміс піскен кезде шырынды болады (алмұрт, алманың
шырынды бөлігі). Андроцейі бірнеше айнала орналасқан бос аталықтардан тұрады: кейде
олардың саны 4-8-9 дейін азаяды (мысалы, манжетка —
Alchemilla және шелна –
Sanguisorba туыстары). Гинецейі апокарпты немесе ценокарпты. Жеміс жапырақшалардың саны әр түрлі
болуы мүмкін. Әр жеміс жапырақшаның әдетте екі ұрық түйіні болады [6].
Көкшетау өңірінде раушангүлділердің 15 туыс және 39 түр анықталған (1-кесте).
Олардың қазақша-орысша-латынша атауларын жазуда С.А. Арыстанғалиевтің еңбегі
қолданылды [7].
Кесте 1. Көкшетау өңірінде кездесетін
Rosaceae Juss. тұқымдасына жататын
өсімдіктердің түрлік құрамы