Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


СУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ



Pdf көрінісі
бет222/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   532
СУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ
 
Нағашыбаева Г. Қ., Төреханова С.Ж. 
Ғылыми жетекші: Тлеуова З.Ш химия және биотехнология кафедрасының дәріскері 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
sanim.torekhanova@mail.ru
 
Аңдатпа.
Мақала қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылатын тіршілік көзі – су 
тақырыбына арналған. Ғылыми мақала суды жан - жақты зерттеуге негізделген. Зерттеудің 
негізгі мазмұны судың сапасы мен пайдасы жайлы деректерді құрайды. Оның адам өміріндегі 
және басқа да тіршілік иелерінің өміріндегі ерекше рөлі атап өтіледі. Салыстырмалы түрде 
судың бірнеше түрі алынып, олардың сапасы жан – жақты қарастырылады. Сәйкесінше, 
суларды қолдану мүмкіндіктері ашылып айтылады.
Түйінді сөздер:
тіршілік көзі, су, сапа, ион түрлері, ағын су, бутилденген су, ауыз су. 


413 
Су – тіршіліктегі ең маңызды сұйықтық және бұл тұжырымға ешкім сөз келтіре 
алмайды. Ол жер шары көлемінің едәуір бөлігін алады, барлық жерде кездеседі. Су – тіршілік, 
тірі организмдер мен өсімдіктердің құрамдас бөлігі. Барлық жануарларға, өсімдіктерге және 
адамдарға өмір сүру үшін су қажет. Алайда, оның көпшілігіне қарамастан кей елді – 
мекендерде су қажеттілігі туып жатады. Бұл әлемдік проблемалардың бірі. Себебі, адам сусыз 
бір аптадай ғана өмір сүре алады. Бұл сұйықтық тіршілік иелерінің зат алмасу прцесіндегі ең 
маңызды қызметтерді атқарады [1]. 
Зерттеушілер судың пайда болу тарихы мен таралу аймақтары жайында көптеген 
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келгені белгілі. Осыған байланысты бұл сұйықтық толығымен 
зерттеліп қойылған тәрізді көрінеді. Алайда оның қолданылуы жайында әлі де көптеген 
мәселелер көтеріліп жатыр. Осыған байланысты зерттеу жұмысы судың қолданылу 
барысындағы маңызын, сапасын және өзіндік қасиеттерін екшелеп қарастыруды міндет етеді. 
Ғылыми жағынан қарастыратын болсақ, судың анықтамасы төмендегідей сипатта 
беріледі. Су - бір оттегі атомы мен екі сутегі атомынан тұратын қарапайым, бірақ өте маңызды 
молекула. Су молекуласының мөлшері шағын және оның биохимиялық қасиеттері басқа 
молекулалармен оңай байланысуға мүмкіндік береді. Осы себепті су барлық дерлік 
биологиялық реакцияларға қатысады [2]. 
Қолданылуына байланысты су табиғатта сұйық, қатты, газ түрінде кездеседі. Сұйық 
түрі – судың бастапқы қалпы, қатты формасы – мұз формасындағысы болса, газ түріндегі 
қалпы – судың булануына байланысты екендігі барлығына мәлім. Бұл үш процестің кезектесіп 
жүретіндігіне табиғаттағы үздіксіз су айналым процестерін алып қарастыруымызға болады. 
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, тірі ағзаның тіршілік етуінде су елеулі рөлді атқарады. Бір 
жағдайда су – адам өмірінің, оның зат алмасу процесінің негізгі өндіргіш құралы болса, екінші 
жағдайда, тіршілік иесі нашар сапалы суды пайдаланатын болса, ол тіршілік иесінің 
денсаулығына үлкен қауіп тудырады.
Судың түсі жоқ дейміз, иісі жоқ дейміз, бірақ шөлді қандыратын өзіндік дәмі болады. 
Оны екі немесе одан да көп жерлердің суымен шөліңізді қандырған сәтте байқайтыныңыз 
анық. Әр елді – мекеннің суының өзіндік дәмі бар. Осыған байланысты кей елді – мекендерде 
су дәмінің сапасы нашар болуы мүмкін. Бұндай жағдай әсіресе үлкен қалалардың 
тұрғындарының қолданысында жолығып жатады. Сондай – ақ, судың сапасының 
нашарлығына байланысты залалсыздандыру процестері жүргізіліп жатады [3] .
Эксперименталды бөлім. 
З
ерттеу нысандары ретінде әртүрлі су түрлері Ш.Уәлиханов 
атындағы Көкшетау университеті химия және биотехнология кафедрасының 812 
аудиториясында алынған ағын суы (Үлгі №3), университет маңындағы қар суы (Үлгі №2) және 
«ASU» бутильденген суы (Үлгі №1) алынды (1-сурет).
1-сурет. Зерттеуге алынған су үлгілері 
Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау. Иісті анықтау үшін колбаны 1/3 бөлігін 
сумен толтырып, тығынды жауып, шайқалды. Кейін колбаны ашып, абайлап, ауаны таяз жұту 
арқылы иістің сипаты мен қарқындылығын дереу анықталды.


414 
Қорытынды: Зерттелетін қар суының иісі жағымды, ASU бутилденген суының иісі өте 
әлсіз, ағын суының иісі өте күшті.
Түсін анықтау. Пробирканы сумен (10см) толтырып, бүйірлік жарықтандыру жеткілікті 
ақ фонда пробирканы жоғарыдан қарап судың түсі анықталды. 
Қорытынды: қар суының түсі мөлдір, ASU бутилденген суының түсі мөлдір, ағын 
суының түсі сарғыштау (2-кесте).
Кесте 2. Органолептикалық зерттеулер нәтижелері 
Судың 
органолептикалық 
көрсеткіштері 
Үлгі №1 
Үлгі №2 
Үлгі №3 
Иіс 
Жағымды 
Әлсіз 
Өте күшті 
Дәмі 
Қышқыл 
Дәмсіз 
Хлор дәмі және тат дәмі сезіледі 
Түсі 
Аздап мөлдір 
Мөлдір 
Сарғыш 
Табиғи сулардың қышқылдығын анықтау. Судың қышқылдығы pH-метр көмегімен анықталды 
(кесте 3). рН = 7,5-8,5 аралығында жатқандықтан, сулар әлсіз сілтілік ортадағы суларға 
жатады.
Кесте 3. Су түрлерінің рН көрсеткішін анықтау 
Үлгі №1 
Үлгі №2 
Үлгі №3 
pH=7,0 
рН=7,5 
pH=7,6 
Су үлгілеріндегі иондарды сапалық анықтау
 
жолдары.

Cu
2+


ионын анықтау. 
Фарфор шыныаяққа 3-5 мл зерттелетін суды құрғағанша 
буландырып, дақтың шеткі бөлігіне бір тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін тамызылды. 
Қарқынды көк немесе күлгін түстің пайда болуы Cu
2+
ионы бар екенін көрсетеді. Өзгерістің 
болмауы мыс ионының жоқ екендігін айқындайды. 
СІ

ионын анықтау. 10 мл су үлгісіне 1 тамшы азот қышқылы және 0,5 мл күміс нитраты 
ерітіндісі қосылды. Лайлану Үлгі №2 және Үлгі №3 айқын пайда болды, демек сапалық 
реакция нәтижесінде бұл үлгілерде хлорид иондары бар болып шықты.
SO
4
2-
ионын анықтау. 10 мл су үлгісіне 2 тамшы тұз қышқылы және 0,5 мл барий 
хлориді ерітіндісі қосылды. Аздап жоғалып бара жатқан бұлыңғырлық байқалды. Сульфат 
иондарының концентрациясы 1 мг/л-ге тең кесте бойынша анықталды. Ағын суда сульфат 
ионының концентрациясы жоғары болды, себебі ақшыл тұнба түзілді. 
Темірдің жалпы мөлшерін анықтау. Пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйылды, 3 
тамшы концентрлі HNO
3
және 1 мл 20% - ті калий тиоцианат ерітіндісі қосылды. Барлық 
үлгілерде әлсіз қызғылт түс сақинасы байқалды, темірдің шамамен концентрациясы бар 
екендігін көрсетеді (3-кесте). 
3-кесте. Су құрамындағы иондарға сапалық реакция 
Cапалық реакциялар 
Су үлгілері 
Үлгі №1 Үлгі №2 
Үлгі №3 


415 
Cu
2+
ионы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет