Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


Ер: Ералы, Ерғали, Ерден, Ержан, Ерлан, Ермұрат, Ербол, Ерболат, Ерлік, Ербақыт,  Ернұр, Ермұқан, Ерназар, Ернар, Ертай т.б.  Бай, бек



Pdf көрінісі
бет482/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   532
Ер:
Ералы, Ерғали, Ерден, Ержан, Ерлан, Ермұрат, Ербол, Ерболат, Ерлік, Ербақыт, 
Ернұр, Ермұқан, Ерназар, Ернар, Ертай т.б. 
Бай, бек:
Байміш, Байназар, Байсал, Байызбай, Баймолда, Байхұхамбет, Байтанай, 
Байтас, Алмабай, Атанбай, Ахметбай, Жылқыбай, Қойлыбай, Есенбай, Жанбай, Кенбай, 
Сарыбай, Байбол, Бек, Бекбай, Бекайдар, Бекболат, Бекәлі, Бекбатыр, Бекежан, Бекмахан, 
Бектас, Бектемір, Бектұр, Бексұлтан, Асылбек, Ақылбек, Алтынбек, Әлібек, Мейірбек, 
Нұрлыбек, Сайлаубек т.б. 
Мырза:
Мырзахан, Мырзабек, Мырзалы, Мырзағали, Мырзатай, Мырзақан, Бекмырза, 
Баймырза т.б. 
Ғали:
Ғали, Ғалиақпар, Сұлтанғали, Сапарғали, Иманғали, Сейдіғали, Әбдіғали, 
Балуанғали, Мұқағали, Рымғали т.б. 
Сұлтан:
Сұлтан, Сұлтанбек, Сұлтанбай, Бексұлтан, Нұрсұлтан, Айсұлтан, Ерсұлтан 
т.б. 
Хан: 
Ханәлі, Ханғали, Ханжар, Ханзат 
Нұр: 
Нұралы, Нұрәділ, Нұрайдар, Нұрасыл, Нұрбай, Нұрбақыт, Нұрбек, Нұрберген, 
Нұрболат, Нұрдәулет, Нұрғазы, Нұржан, Нұржас, Нұрқанат, Нұрлан, Нүркен т.б. 
Жан: 
Жанай, Жанайдар, Жанат, Жанарыс, Жанасыл, Жанбай, Жанбек, Жанболат, 
Жанғали, Жанғазы, Жандәулет, Жандос, Жантас, Жанжігіт, Жантөре, Жанқуат т.б. 
Ақ: 
Ақбар, Ақжол, Ақтілек, Ақпатша, Ақжүрек т.б. 
Ай: 
Айбар, Айбат, Айбек, Айбол, Айдан, Айдос, Айжарық, Айжас, Аймұрат, Айжігіт, 
Айсауыт, Айтуар, Айтуған т.б [6, 15-90]. 
Байқағанымыздай, қазақ халқының таным-түсінігіне сәйкес қыз есімдері 
этимологиялық тұрғыдан әдемілік, тазалық, сұлулық, ізеттілік пен нәзіктік ұғымдарымен 
байланысты. Гүл, көз, шаш, сұлу, бике, нұр, ай, күннің қыз баланың есімін жасауға негіз 
болуының себебі халық дүниетанымының қоршаған орта бейнесін таңбалануымен 
байланысты. Ал ұл балаға ат қоюда баласының мықты, жаужүрек, қайратты болсын деген 
тілегімен батыр, бек, сұлтан, мырза тіркестерінің жиі кездесуі де осыған байланысты. 
Балаға ат қоюда ерте кезден-ақ ырым мен әдет-ғұрыпты сақтаушылық болған. Әйелдер 
мен қыздар арасында ер балалар есімімен аталатындар көп кездеседі. Ұлы жоқ ата-ана оларға 
кішкене кезінен ер атын қойып, ер балаша киіндіретін [7, 44]. Ал, ырым мен әдет-ғұрып ғалым 
Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, ұлттық салт-санаға тән. Мәселен, ұлы жоқ үйлерде, ұлды 
болмай үнемі қыз көтеретін ата-ана соңғы қыз балаға кейінгі баласы ұл болсын деген ырым 
сеніммен Ұлтуған, Ұлжан, Ұлсапар, Ұлболсын сынды есімдер берген. Ұлға я қызға ерекше 
зәру болғанда туған балаға Зәрубай, Зәрухан деген аттар қойылған [8, 13]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет