Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


Қазақта сонымен бірге қызға да, ұлға да бірдей қойыла беретін есімдер бар



Pdf көрінісі
бет483/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Қазақта сонымен бірге қызға да, ұлға да бірдей қойыла беретін есімдер бар. 
Нұрдай жарқырап жүрсін деген тілектен туған есімдер: 
Нұржанат, Нұрлы, Нұрым, 
Нұршат т.б. 
Ай аттарынан және күн аттарынан, яғни күнтізбелік терминдерден пайда болған 
есімдер: 
Наурыз, Көкек, Мамыр, Жұма т.б.
Ата-ананың баласына деген сезіміне байланысты туған есімдер: 
Қуаныш, Бақыт, 
Шаттық, Аңсаған, Мереке, Мейрам, Мерей т.б. 
Одан бөлек Ақжан, Ақниет, Ақнұр, Айшуақ, Жанбота, Жаншуақ, Жаннұр, Бағлан, 
Ардақ, Баян, Ізет, Жеңіс, Бейбіт, Марал, Жанат сияқты т.б. әйелге де, ер адамға да ортақ 
есімдер бар. 
Қазақ антропонимиясына тән есімдердің бірі бөлігі әйел тілінің гендерлік үлгісінде 
жасалған. Ол – туыстық қатынасты анықтайтын халқымыздың тұрмысымен байланысып 
жатқан ғұрыптардың бірі «ат тергеу» дәстүрі. Келіндердің ат тергеуіне қазақ жұртшылығы 
көп мән бергендіктен, қойылатын, өзгертілетін аттардың түрі, үлгісі өте көп. Айталық, халық 
дәстүрі бойынша қарт кісілер мен қайнағаларының аттарын атамау үшін оларға мазмұны бір 
басқа баламалар табатын. Мәселен, Қасқырбайды – Бөрі ата, Қазыбайды – Топ ата, Айтуғанды 
– Түнгі жарық, Алтыбайды – Бестен артық деп атайтын [9, 154].


904 
Антропонимдердің ішінде халық тарихынан ерекше орын алған лақап аттардың, 
фамилия мен әке атының шығу тарихын, даму жолдарын гендерлік лингвистикалық тұрғыдан 
қарастырудың да өзіндік мәні бар. Әкенің балаға қатысын, баланың әкеге тәндігін білдіретін 
ұлы, қызы, баласы деген сөздер қазақ өмірінде ертеден-ақ өз атымен қосылып айтылып 
отырған. Бұл үлгі сонау көне түркі дәуірінен жалғасып келеді. Мысалы: Ерболқызы, 
Жанатұлы, Мақсатұлы, Темірбекқызы және т.б. 
Тағы бір гендерлік ерекшелік, бұрын әке атын бір ғана ұлы иемденбеген. Сол адамның 
келіні, қызы, басқа да отбасы мүшелері иемденген. Мысалы: Жылқайдардың ұлы Батырбек, 
Жылқайдардың қызы Күлімжан, Жылқайдардың келіні Мараш. Ол кезде фамилия 
болмағандықтан, әйел адамдарды күйеуінің атымен – Асқарбайдың әйелі деп те атайтын. 
Әйелге қатысты мұндай гендерлік қолданыс қазірде де жоқ емес. Қазіргі қазақ 
антропонимиясында фамилия атасының атынан немесе әкесінің атынан жасалады. Фамилия 
ата қуалай беріліп, баладан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тарап отырады.
Ойымызды қорыта айтсақ, антропонимдер – бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана 
қарастырылмай, оның шығу тарихы, қолданылу аумағы, сол есімді қолданған халықтың салт-
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан мағлұмат беретін, ұлттық болмыстың гендерлік, 
әлеуметтік сипатын басшылыққа ала отырып қарастыратын маңызды тілдік бірліктер. Яғни, 
адамға есім қою үрдісінде гендерлік сипаттың мәні мен маңызы, атқаратын қызметі ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Тұранов Ы.Ә. Қазақ антропонимдерін дәуірлеу мәселелері. Хабаршы. Филология 
сериясы 5-6 (139-140) 2012 
2.
Салқынбай А.Б. Гендерлік шешім: Қазақ халқының ат қою үрдісіндегі ерекшеліктер. 
Хабаршы. Филология сериясы, №2 (118) 2009 
3.
Асқар Смағұлов. Қазақ есімдері. Энциклопедиялық анықтамалық. Екінші басылым. –
Алматы, «Атамұра», 2013 
4.
Асылбекова Н.Ө. Кісі есімдерінің уәжділігі мен танымдық сипаты. филол. ғылымд. канд. 
дис. автореф. –Алматы, 2006 
5.
Казахские имена. –Алматы: ИД «Кочевники», 2005 
6.
Жанұзақов Телқожа. Есімдер сыры. –Алматы, «Қазақстан», 1974 
7.
Жанұзақов Телқожа. Қазақ есімдерінің тарихы. Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы, –
Алматы, 1971 
8.
Қазақ есімдерінің анықтамалығы. –Алматы, «Арыс», 2009 
9.
Г.Шоқым. Гендерлік лингвистика негіздері. – Алматы, 2012. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет