Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


«АЛАШ» ҰРАНДЫ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ – МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет513/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

«АЛАШ» ҰРАНДЫ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ – МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ 
Төлеген Ә.С. 
Ғылыми жетекші: Салимов А.К., гуманитарлық ғылымдар магистрі 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
asemtulegen6@gmail.com
 
Алыстан «Алаш» десе – аттанамын, 
Қазақпын – «Қазақ» десе мақтанамын. 
Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ, 


966 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын! 
Деп қазақ үшін, айбарлы алты алаш үшін жанын берген асыл азаматтарымыздың бірі – 
Міржақып Дулатұлы. Өз еркімен емес, темір шеңгелді жалмауыз жүйенің маңдайға тиген 
қатты соққысынан қалың ұйқыға кеткен қаймана халықтың еңсесін көтеру үшін шыбын жанын 
шүберекке тиіп,бозторғайдай шырылдаған нағыз қазақ баласы. 
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25-і қараша айында бұрынғы Торғай облысы, Торғай 
үйезіне қарасты Сарықопа болысында (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, 
«Қызбел» ауылы) дүниеге келген. 
Әкесі Дулат әжептеуір ескіше хат таныған, өз дәулеті отбасын асырағанға жетерліктей 
дөңгелек қана шаруасы бар, нағыз шебер адам болған. Балаларын оқысын, білсін деп 
балаларының үлкенін Асқарды алдымен мұсылманша хат танытып, сонан соң орысша оқытты, 
тіпті заң қызметіне де бейім қылып өсірді. Кіші баласында «оқысын, білсін» деп осы ізбен 
жалғау мақсатында алғашында ауыл молдасына оқуға береді. 
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты айрықша лепеспен құрмет тұтып осылай атаған) өз 
айтуы бойынша, екі жыл азап шеккенен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін, әкесі оны 
молдадан шығарып, 1897-1902 жыл аралығында ауылдық мектепте орысша оқытатын Мұқан 
Тоқтарбайұлы деген мұғалімге оқуға береді [1]. 
«Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді»-дейтін. Себебі Міржақыптың білімін 
толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды. Жақанның тағы 
бір сөзі оның өнер-білім жолындағы талай уақыт ішіндегі елеулі еңбектерінің бастауы дәл осы 
Торғайдың топырағында жатқанын аңғартқандай. 
Міне, осы тұста Жақанның шын жанашыр қамқоры болып туғандықтан, елінің ертеңін 
ойлап, жанкештілікпен атқарған зор еңбегінің арқасында, өшпес ізі қалдырған, сөйтіп, Торғай 
топырағына әуелі білім нәрін сеуіп кеткен Ыбырай атамыздың, ұлы ағартушы Ыбырай 
Алтынсариннің мектебі бұл кезде іргесін қалап, еңсесін көтеріп, айналаға игі ықпалын тигізіп 
тұр еді. 
Демек, жаңағы Мұқан мұғалім де, одан кейінгі Ахмет мұғалім де Асқар да 1880 
жылдары шаңырақ көтерген Ыбырай мектебінің, ресми атымен атағанда, Торғай қаласындағы 
уездік орыс-қазақ училищесінің түлектері болған еді. Енді сол есік ағаларының ізін басып келе 
жатқан шәкірт бала Міржақыптың алдынан ашылып еді. 
Осылай екі жасында анадан, он екі жасында әкеден айырылған жас баланың ендігі 
тәрбиесі Асқар ағасының мойнында еді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыпттың оқып, білімді 
азамат болып өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің білім алуына ерекше көңіл бөледі. 1897 
жылы Асқар інісін Торғай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне түсіреді. Осылай 
Жақаң бес жыл оқып, 1902 жылы оқуын бітіріп шығады. Содан алты-жеті жыл бой ел ішінде, 
ауыл мектебінде бала оқытады [2]. 
Әлі шәкірт жасындағы ұстаз жігіттің кейінгі өмірінде кеңінен өріс алған 
шығармашылық жұмыстары міне, осы кездерден басталады. Міржақып туралы сөз қозғағанда 
біздің де толыққанды ойланып, оның өмір жолына үңіле қарайтын тұсымыз осы. 
XX ғасырдың басы қазақ қауымының хал-жағдайына орайластыра ой жіберсек, бұл 
кезең дархан дала халқының рухани жағынан серпіле бастаған шағы болатын. Бұл кезең 
патшалықтың қазақ даласында отаршылдықты күрт күшейтіп, шаруашылық жағдай онсыз да 
оңала алмай келген бодан елге тізесін батыра түскен жылдар еді. Өткен ғасырдың аяғында 
атышулы Столыпин заңынан кейін қауымнан босатылған орыс шаруалары жаппай қазақ 
өлкесіне көшіріліп, патша әкімшілігінің зорлығымен жергілікті халықтың оты-суы мол, ең 
шұрайлы жерлері жаңа қоныстанушыларға тартып әперілген. 
Осы жағдай сол кездері көздері ашылып, ұлттық сана-сезімдері оянып, туған халқының 
қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салды. Елінің тағырықтан шығар 
жолын іздеп, жанын қатерге тігіп шарқ ұрды. Сол қапастан құтылуының ең бірінші қамы – 
ілгері елдердің қатарына қосылып, өнер-білімге тартылу деп білген олар өздерінен бұрын 
өткен ағартушы ағаларының дәстүрін жалғастырып, қалың бұқара арасында осы бағытта 
насихат жұмысын өрістетті. 


967 
Алғашқы кезде осындай таза ағартушылық сарында туындап, кейін саяси сипат ала 
бастаған бұл қозғалыс ғасырдың бас кезінде патшалықтың саяси дағдарысқа ұшырауына, 
елдердің арасында ұлт-азаттық, либералдық-демократиялық сарындағы сана-сезімнің ояна 
бастауы жағдайында анық көрініс тауып, бой көтере бастады. 
Міне, осылай ел басына қатер төнгенде жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген 
Міржақып секілді көкірегі ояу жас мұғалім халықтың тағдырына байланысты өз еңбегін 
аямаған. 
Сол кездері Міржақып сонау тың сонарда алдынан із салып кеткен Ахмет ағасының 
есімін еміс-еміс естіп жүретін. Себебі аты әрбір қыр асқан сайын өскен, қазақтың түлегі, 
кешегі Байтұрсынның ұрпағы Ахметтің сонау Қостанай, Қарқаралы жақты дүбірлеткен атақ-
даңқы Торғай жерінде де жаңғырып жатпауы мүмкін емес еді. 
Білімді ұстаз бен зейінді шәкірттің бұдан былайғы бүкіл өмірлерін бір мақсаттың 
тәуекліне тігіп, ақтық демдері біткенше жұп жазбай өткен екі есіл ердің алғаш жүздескен жері 
– Омбы қаласы болып еді. 
Олардың бір-бірімен табысу, түсінісу, сырласу сұхбаттарының қай мазмұнда, қай 
бағытта өткенін анық білмесек те, нәтижесінің қандай болғанын дәлелдейтін дерек дәл сол 
жылы Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан Қарқаралыға беттейді. Осында әуелі астыртын 
жұмыстан басталып, кейін жария сипат алған революциялық жұмысқа белсене араласады. 
Қарқаралыға алғаш келгенде уездік мектептің мұғалімдігінен бастап, аз жыл ішінде 
қалалық училищенің жетекші ұстазына айналған Ахан бұл кезде бүкіл қыр еліне әлеуметтік 
қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалған болатын. 
«Революциялық» деген сөзді біз бұл жерде қателесіп немесе кездейсоқ айтып 
отырғанымыз жоқ. Міржақыптың Ахмет Байтұрсынов туралы жазған өмірбаяндық очеркінен 
алып отырмыз [3]. 
«ХХ ғасырдың бас кезінде Қарқаралыда тұрған Ахмет Байтұрсынов революциялық 
қозғалыстарға қатысады: әуелгі кезде астыртын жұмыс істеп, соңынан, 1905 жылғы 17 
қазандағы манифест жарияланғаннан кейін, қазақ бұқарасының көрнекті де белсенді 
басшыларының бірі болады». 
Бұл осы оқиғалардың қалың ортасында жүрген Міржақыптын сөзі. 
Енді осы козғалыстың мәнін ашып көрсету үшін тағы сол А. Байтұрсынов турасында 
1922 жылы жазылған М.Әуезовтің мақаласына жүгінейік. 
«1905 жылы Қарқаралыда Ахан менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ 
халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: 
бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. 
Екінші, қазақ жеріне земство беруді сұраған. Үшінші, отаршылардың орыс қылмақ саясатынан 
құтылу үшін ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ 
жұртын мүфтиге қаратуды сұраған [4]. 
Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының 
дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес 
кісілер кеп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған. Ендеше сол «Ахандар» деген 
ұғымның ішінде жалынды сөзімен, жастық жігерімен жұртты елең еткізетін айтқыш жігіт 
Міржақып та жүргенін біз күні бүгін көз алдымызға айқын елестете аламыз. 
Міржақыпқа қатысты тағы бір дәйекті дерек – карцерге (жалғыз кісілік бөлме) қамалуы. 
Бұл 24/7 режиміне жападан жалғыз қамалған адамды азаптаудың ең сорақы түрі. Ал Жақаң 
болса мұның амалын тауыпты. Қатып қалған нан қиқымдарын жиып, шахмат ойнап, өзін-өзі 
дамытыпты. Қызы Гүлнар анамыздың жазғанына сүйенсек, карцерде отырып Алла Тағалаға 
ғана сеніп, Құран сүрелерін оқып, құлшылық еткен екен. Адам жалғыз қалғанда оны шайтан 
айналдырып, мазасын алады. Жақаңды ібілістің ілмегіне дұғасы іліндірмеген десек, еш 
қателеспейміз.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, 


968 
Қарағым, енді жату жарамас-ты
ХХ ғасырдың басында дәл осылай «Оян, Қазақ» деп жар салып, патшалық саясаттың 
отарлығына қарсы шығып, басын бәйгеге тікті. Өр мінезді қаламгерді өршіл, рухты жырларын 
сол кезеңде әр қазақ жатқа білді. Ол ақын ғана емес, еліне адал қызмет еткен қайраткер. 
Дулатұлының «Оян, қазағы» шөліркеген адамның таңдайын жібіткен бір жұтым сусынның 
қадірі қандай болса, туған халқының рухани өміріндегі бұл туындының да маңызы дәл сондай 
еді. Сондыктан, «Оян, қазақ!» қолдан қолға, ауыздан-ауызға тарап, аз уақыттың ішінде 
ақынның атақ-даңқын өте алыс қияндарға алып кетті. Патша өкіметінің қас жауына айналған 
Міржақып Кеңес билігінің айдауына жүріп, дегеніне көне алмады. Оның рухты өлеңдері ел 
арасында таралып, өзгелердіде жігерлендіре түсті. Билік осыдан сескенді. Сол себепті 
Міржақыптың еңбегі толық зерттелді деуге келмейді. Себебі көп дүние жоғалып кетті. Жакан 
Алаштың өзге көсемдерімен бірге халықтың болашақ тағдырын ойластырып, өзіндік 
мемлекеттігін кұру бағытында қызу жұмыстар жүргізген тарихымыздан белгілі [5]. 
Ерте оянып, ерте есейген ер мінезді Міржақып қашанда күрес шебінің алдында болды. 
Жалынды сөзіменде, тындырымды ісіменде, жеке басының жүріс тұрысыменде ол өзінен 
кейінгі жастарға әсер етіп, оларды халық ісіне алаңсыз берілуге үндеді. Сонымен қатар ол 
жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді, халықтың әдет-ғұрпын сақтауға, 
елін,жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды. Жазушылық қоғамдық қызметке педагогтік 
міндетті қосарлап көтерілуі де Міржақыптың халқын беріле сүйетіндігінің айғағы еді. Екпіні 
қайтып, бәсеңсіп қалған жұртшылық қозғалысына кайтадан дем салып, еліне жаңа өмір 
сыйлады. 
Біз жас ұрпақ қандай уақыт болмасын елі үшін жан қиған азаматтарымыздың еңбегін 
ешқашанда ұмытпауымыз керек. Бейбіт елде өмір сүріп жатқан әрбір азамат өзінің дара 
тұлғаларын әрқашанда құрметтейді! 
Әдебиет 
 
1.
Қаз.ССР Ғылым акад., М.Әбсеметов., Г.Дулатова. Алғы сөзін жазған Ж.Ысмағұлов.-
Алматы: «Жазушы», 1991.-384 бет. 
2.
«Алаш» электрондық кітапханасы 
http://alash.semeylib.kz/
 
3.
Алаш жолы. Рисәлә / Б.Қойшыбаев. – Алматы: «Қаратау КБ»; «Дәстүр» баспасы, 2015. – 
400 бет 
4.
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы: 
Сардар, 2014, 528 бет.ISBN 978-601 – 7174 - 39- 2 
5.
Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы).— Алматы, «Санат», 1995.—368 бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет