Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


МАРКШЕЙДЕРИЯ ПРОФЕССОРЫ Р.П. ОҚАТОВТЫҢ



Pdf көрінісі
бет26/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
МАРКШЕЙДЕРИЯ ПРОФЕССОРЫ Р.П. ОҚАТОВТЫҢ 
ӨМІРЛІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ 
Окатов Рафаил Петрович 1937 жылы 15 қарашада 
Архангель облысының Исакогор ауданында дүниеге 
келген. 1946 жылы Вологодск облысының Бабушкино 
аулындағы мектепке барады. Кейін Окатовтар Қарағанды 
қаласына көшіп барады да, 1957 жылы сонда №73 орта 
мектепті бітіреді. Сол жылы ол Қарағанды тау-кен 
институтына «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша 
оқуға түседі, алайда кейін мамандықты Ленин атындағы 
Қазақ 
политехникалық 
институтына 
(ҚазПТИ) 
ауыстырғандықтан, Рафаил Петрович институтты 1962 жылы Алматы 
қаласында аяқтайды. Институтты тәмамдағаннан кейін ол «Қарағанды 
көмір» комбинатының №35 шахтасында кен мастері болып, сосын 
учаскелік маркшейдер болып жұмыс істейді. 1974 жылдан бастап 
Қарағанды политехникалық институтында (ҚарПТИ) аға оқытушы болып, 
ал 1975 жылдан бастап доцент болып қызмет етеді. 1985 жылы карьер 
қиябетінің беріктігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөнінде 
докторлық диссертациясын қорғайды да, 1987 жылдан бастап кафедра 
профессоры лауазымына ие болды. 1990 жылдан бастап 1998 жылға дейін 
маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасын басқарады.
Рафаил Петрович жоғары білікті инженер кадрларын даярлау жөнінде 
зор мақсатты жұмыстар жүргізді. Кафедра меңгерушісі болып істей жүріп, 
оқу, материалдық және ғылыми базаларды нығайтуда, оқытушылар 
біліктілігін арттыруда, оқу процесін жетілдіруде көп жұмыстар атқарды. 
Ол осы күнге дейін «Тау-кен ісі» мамандығының «Маркшейдерлік іс» 
бағытындағы студенттер оқитын «Тау-кен геометриясы» пәні бойынша ҚР 
БҒМ деген грифы бар оқу құралдары мен оқулықтардың, оқу-әдістемелік 
нұсқаулардың авторы. 
Рафаил Петрович ашық қазба жұмыстарының маркшейдерия және 
геомеханика саласындағы физика-механикалық қасиеттерді, тау-кен 
массивінің жарықшақтығы мен құрылымын зерттеу саласындағы ірі ғалым 
болды. Ол ашық өндіру геомеханикасы бойынша 3 монография мен 150-
ден астам ғылыми мақала жариялады [1, 74-б.].
Оның 
ғылыми 
дайындамалары 
мен 
Қазақстанның 
ірі-ірі 
карьерлеріндегі (Николаев, Қоңырат, Ақши Спасск, Нұрқазған, Златоус-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет