Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
 
 
 


65 
Ф.К. Низаметдинов,
Қарағанды техникалық университетінің
Маркшейдерлік іс және геодезия 
кафедрасының профессоры, т.ғ.д.
e-mail: niz36@mail.ru 
И.И. ПОПОВ – ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДА МАРКШЕЙДЕР 
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІН ҚҰРУШЫ 
Попов Иван Иннокентьевич 1919 жылы 15 сәуірде 
Солтүстік Двинск өңірінде Чуприяново селосында 
дүниеге келген.
И.И. Попов біздің мемлекетіміздің дамуының 
қарқынды кезеңінде тәрбиеленген, Ұлы Отан соғысының 
және соғыстан кейінгі кезеңдердің барлық ауыртпалығы 
мен қайғы-қасіреті иығына түскен кеңес адамдарының 
қатарына жатады. Осыған қарамастан, ол өзін адам 
сүйгіштік, адамдарға сезімталдықпен қарау сияқты 
тамаша қасиеттерге тәрбиеледі. Оған таңғажайып еңбек 
қабілеттілігі мен еңбек сүйгіштік, жұмыста мұқияттылық, өзінің 
міндеттеріне ұқыпты, адал қарауы, өзіне және өз ұжымына талап қоя білуі 
тән.
Мектепті бітірген соң Попов И. Свердловск тау-кен институтына 
түсіп, оны «Маркшейдер ісі» мамандығы бойынша табысты аяқтайды. 
1942 ж. Свердловск тау-кен институтын бітірген соң, Иван Иннокентьевич 
Урал көмір өнеркәсібінде шахталардың, «Свердловскуголь» комбинаты 
трестерінің бас маркшейдері, геолог-маркшейдер қызметі және Свердловск 
СХШ отын өнеркәсібінің басқармасын байыту бөлімінің бастығы болып 16 
жыл қызмет етті. Өндірісте жұмыс істей жүріп, өзін ғылыми ой-өрісі кең 
шебер бақылаушы-зерттеуші ретінде көрсетті [1, 65]. 
Осы қасиеттері, әсіресе, Қарағанды политехникалық институтында 
қызмет еткен кездерінде айқын ашылды, онда ол 40 жыл табысты еңбек 
етіп, доценттен профессорға, ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесіне, 
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының меңгерушісіне дейінгі 
жолды жүріп өтті. 
Кафедра меңгерушісі бола жүріп, И.И. Попов оқу-әдістемелік 
жұмысқа көп көңіл бөлді. Ол студенттерді программалық-басқарып оқыту 
және проблемалық жағдайларды ойын түрінде модельдеу арқылы білімді 
бақылау жүйесін жасады. Нәтижесінде аталған жүйе КСРО ЖОО 
министрлігінің дипломымен марапаттады (1988 г.), авторлары: И.И. 
Попов, Г.Г. Поклад және Л.В. Сапожников 
Құрылыс, жол-көлік, геоэкологиялық және экономикалық бейінде 
білім алатын студенттер оқитын «Геодезия» жалпы инженерлік пәніне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет