Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет22/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Айтар ойға айқындама 
Сұлтанмахмұт Торайғыров: 
Қазақта мұндай жігіт көрмедім деп, 
Ардақты қарт Потанин лепес еткен... 
Меніңше, Ермеков деген бала
Ұқсайды ұшқыр қыран-қаршығаға... 
Марат Ескендірұлы, ғалым, мұрағаттанушы:
– Әлімхан Ермеков туралы кезінде «Қазақ» газеті «Технологический 
институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді, шешен, өткір, 
халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі азамат» деп үкілі 
үмітпен зор баға берген еді. Ол осы сынға әбден лайықты болды, 1920 
жылы 17 тамызда В.И. Лениннің төрағалығымен өткен Халық 
Комиссарлары Кеңесі мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы баяндама 
жасады, нәтижесінде республикамыздың шекаралық тұтастығын қорғап, 
отаршыларға тойтарыс бере отырып қалпына келтіріп, заңды құжатпен 
бекіттірді. Ә. Ермеков сонымен бірге, ұланғайыр жеріміз бен еліміздің 
ертеңгі иесі білімді жастар екенін түсініп, терең күрес жүргізді, барша 
ғылымның патшасы саналған математиканы халқымызға жақындатты, сол 
арқылы ұлттық ой-сананы жаңа кезеңге көтеріп тастады. 
Ибатолла Арыстан, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 
профессор:
– Математика қиын пән. Құпиясы терең. Ал Әлімхан ағаның 
түсіндіруі арқылы оған ынтамыз аса оянды. Бұл ілімнің тарихы, тіпті 
кейбір теоремалардың қалай пайда болғандығына дейін айтып, сабақтарды 
қызғылықты ете түсетін. Біз ол кісінің халқының болашағы үшін күресте 
ауыр жолдан өткенін, ұлттық математиканың негізін қалаушы екенін көп 
жылдардан соң барып білдік. Қуғын-сүргін зардабымен арпалыса жүріп 


64 
«Ұлы математика курсы» оқулық кітабын жазғанын тәуелсіздік таңы 
атқанда ғана естідік. Кітапта жоғары математика элементтері аса 
қарапайым, жеңіл тілмен түсіндіріледі, автор тілінің айқындығы, 
теориялық топшылаулары, есептердің шығарылу дәрежесі, келтірген 
мысалдары үйренушіні баурап алады. 
Әділбек Нұрсағат, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 
профессор: 
– Ә.Ә. Ермековтың 100 жылдығы сол кездегі политехникалық 
институтының 
Жезқазғандағы 
филиалында 
атап 
өтілді. 
Сол 
конференцияда мен Әлекеңнің 1935 жылғы Латын әріптерімен жазылған 
«Ұлы математика курсы» деген қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқулығын 
орталық архивтен тауып, академик А. Сағыновтың көмегімен қазіргі 
қолданылып жүрген қазақ альфавитінде қалай аударғаным жөнінде 
әңгімеледім. Қазақ топрағында алғаш ана тілімізде дүниге келген бұл 
ғажап оқулық, әрине, еш уақытта өзіндік тарихи маңызын жоймайтын, ірі 
оқиға болып табылады.
Тағы бір ерекшелігі, кітаптағы жоғары математика элементтері аса 
қарапайым, жеңіл тілмен және терең ұғымды, кең ауқымды түсіндіріледі. 
Жаңа ұғым, ережелерді талдағанда, автор өз тәжірибесінен жинақталған 
тәсілдерді молынан қолданады. Кітапты жаңадан баспаға дайындаған 
кезімізде, Советтік және әлемдік математика ғылымындағы қалыптасқан 
терминдер, теңдеулер, формулалар тиісінше енгізілді. Бұрынғы латын 
әрпінен бүгінгі алфавитімізге көшірілгенде, оның мазмұнына ешқандай 
нұсқан келмеуі ескертіледі. Бастапқы басылымдағы әріптен, емледен, жеке 
сөздер мен сөйлемдерден кеткен қателердің баршасы түзетілді, кейбір 
тұжырымдардың ғылыми ұғымдық жағы бір ізге келтіріледі.
Стилдік ерекшеліктері де жете сақталды. Мұның өзі қазіргі кезде, ана 
тілімізде жазылған оқулықтарға зәру кеземізде, бұл оқулықтың аса 
пайдалы екендігіне күмән келтірмейді. Сонымен қатар ана тілімізде 
оқулықтар жазып жүрген оқымысты оқытушыларымыз үшін де үлгі бола 
алады. Әлімхан Әбеуұлы Ермеков – білім мен өнерге ерте қол созған
әйгілі ғалым, парасатты педагог, ірі қоғам қайраткері әдебиет және 
мәдениеттің үлкен жанашыры.
Әдебиеттер тізімі
1. Ермеков А. // Вестник АН РК – 1992 – 7 октября. 
2. Ермеков А. Служение отчизне // Мысль - mysl.kz. 
3. Кыдралина Ж.У., Ермеков А. – Алматы: Литера. - М., 2012. –320 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет