Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


А.Н. ДАНИЯРОВ – КӨРНЕКТІ ПЕДАГОГ, ҒАЛЫМ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет30/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
А.Н. ДАНИЯРОВ – КӨРНЕКТІ ПЕДАГОГ, ҒАЛЫМ ЖӘНЕ 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ-КЕН КӨЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ 
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев, еліміздің Үкіметі, барлық деңгейдегі 
әкімдіктер тарихи естелікті қайта жаңғырту, жоғалтқан дәстүрлерімізді 
қалпына келтіру, мәдениет пен руханият мәнділігін мойындау жөнінде көп 
істер жүргізуде. Мемлекеттік мәдени саясаттың маңызды бөлігі 
Отанымыздың көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қорғау 
және пайдалану болып табылады, олардың өмірді сипаттау призмасы 
арқылы өздері басты қатысушылары болған тарихи оқиғаларының 
маңызын анағұрлым терең ашуға болады. Мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық прогресі зияткерлік әлеуеттің болуына байланысты, ал 
еліміздің болашағы білім мен ғылымның дамуына тікелей байланысты. 
Осыған орай, бұрынғы буынның тәжірибесін бағалау қажет. 
Қазақстан білімінің ХХ ғасырдың 60-80 жылдары қарқынды дамуы 
бірқатар ірі ғалымдардың қызметімен анықталды, олардың арасында 
техника 
ғылымдарының 
докторы, 
Қарағанды 
политехникалық 
институтының профессоры Асылхан Нұрмұхаметұлы Данияровтың – 
кеңестік және қазақстандық талантты ғалымның, тау-кен көлігі ғылыми 
мектебінің жетекшісінің, Қазақстан білімі мен ғылымының көрнекті 
ұйымдастырушысының 
тұлғасы 
сол 
кезеңнің 
бүкіл 
жасампаз 
жұмыстарында айрықша көрінеді. 
Асылхан Данияров 1935 ж. 10 тамызда дүниеге 
келген (арнайы құжаттарда туған жері Қарағанды 
облысы 
Нұра 
ауданы 
Казгородок 
ауылы 
деп 
көрсетілген). Оның әкесі Нұрмұхамет Данияров жеке 
кәсіпкер болып, Ақмола уезінде ғана емес, сондай-ақ 
барлық облыс бойынша кеңінен танымал атасы Данияр 
мен әкесі Қызметбай негіздеген істі жалғастырады. 
Ақмола ұзақ уақыт бойы Сібірді Орта Азиямен және 
Батыс Қытаймен байланыстыратын ежелгі сауда 
жолдарының торабында жүк тиейтін бекет болып 
келді. Қаланың орталық алаңында Қонақ үйлер 
қатарында сауда үйлері мен дүкендер болды, олардың 
бірі Данияр мен оның ұрпақтарына тиісті болатын.
Октябрь 
революциясының 
салдары 
байлар 
мен 
дәулетті 
шаруашылықтарды жою, орта шаруалардың жерін, мал-мүлкін тартып алу, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет