Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


АКАДЕМИК А.С. САҒЫНОВ – ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА



Pdf көрінісі
бет10/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
АКАДЕМИК А.С. САҒЫНОВ – ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА 
ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 
Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды қ. Құрметті 
азаматы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі 
Әбілқас Сағынұлы Сағынов біздің еліміздің көрнекті 
ғалымдарының қатарына жатады. Кеңестер Одағында 
800 ректордың ішінде бар болғаны екеуіне 
Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы берілді. Олардың 
бірі – біздің Әбеке. Әбілқас Сағынұлы білетіндердің 
барлығы Орталық Қазақстанда жоғары техникалық 
білім беруді ұйымдастырушы, Қарағанды көмір 
бассейнінің, Қарағанды қаласының қалыптасуына 
және дамуына қатысушы, сан мыңдаған шәкірттердің 
тәрбиешісі, әрі тәлімгері, біліктілігі жоғары инженер 
кадрлар даярлау ісіне баға жетпес үлес қосушы ретінде оның еңбектеріне 
құрметпен бас иіп, оның бейнесін құрмет тұтады.
Өзінің өндірістік қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ә.С.Сағынов 
«Верхняя Марианна» қабатын қазудың тиімді жүйесін іздестіру бойынша 
эксперименттерге белсенді араласа бастады. Осы қабатты қазу 
технологиялары мен құралдарының көптеген түрлі нұсқалары сыналды. 
Тек көп жылдар өткеннен кейін ғана1960 жылдардың аяғында 
Ә.С.Сағынов өзінің шәкірттерімен бірге жақсы нәтижелер алды. Ортаншы 
және төменгі қабаттарда механикаландырылған кешендер жүгі тәулігіне 
3000 және одан көп тоннаға жетті.
«Қарағандыкөмір» комбинаты техникалық бөлімінің бастығы болып 
жұмыс істей жүріп, Ә.С.Сағынов шахталарды ғылыми-техникалық 
прогресс мәселеріне, шахта қорының одан әрі дамуына көп көңіл бөлді, 
бұл оған 1947 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тау-кен ісі 
институтының сырттай аспирантурасына түсу мүмкіндігін берді. 
Диссертация тақырыбы анағұрлым маңызды, даму перспективасы бар 
Қарағанды бассейні қабаттарының көлбеу түсетін жұқа және орташа 
қуатын әзірлеу технологиясының жаңа заманғы жағдайына байланысты 
болды. Сол жылдары көмір көбінесе қуатты қабаттардан өндірілді, ал жұқа 
және орташа қуатты қазу «кейінге» қалдырылды. Қабаттардың осы 
тобына назар аудару жеткіліксіз болғаны анық, дегенмен олардың қорлары 
бассейн шахталарының барлық өнеркәсіптік қорларының 40 % жуығын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет