Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет11/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Әбілқас Сағынұлы 
Сағынов (1915-2006) 


26 
құрады. Осы қабаттарды әзірлеу тәсілдері мен жүйелері жетілдіруді қажет 
етті.
1951 жылы Ә.С. Сағынов өзінің басшылығымен 1952 жылы 
Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институты (ҚКҒЗИ) болып түрленген 
Бүкілодақтық көмір ғылыми-зерттеу институтының (БКҒЗИ) Қарағанды 
филиалының директоры болып тағайындалды. Осы кезеңде Ә.С. 
Сағыновтың, ірі ұйымдастырушы және үшінші көмір кочегаркасының 
шахтерлері алдында туған күрделі проблемаларды шешуге қабілетті 
зерттеушілер ұжымын қалыптастырған ғалым ретінде айқын таланты 
байқалды. Ә.С. Сағыновтың жетекшілігімен ҚКҒЗИ институты «Верхняя 
Марианна» көмір қабатын әзірлеуге және метанды қабаттарды 
газсыздандыруға байланысты ірі проблемаларды шешті.
Ә.С. Сағынов институтта өндірісті механикаландыру және еңбекті 
ұйымдастыру құралдарын жетілдіру, кен орындарын әзірлеу, көмір 
бассейнінде техника мен технологияларды тиімді пайдаланудың маңызды 
проблемаларымен айналысты. Мамандар мен ғалымдар оның Қарағанды 
көмір бассейніне – КСРО-да үшінші көмір базасына қосқан үлесін жоғары 
бағалайды. Өзінің 2000 жылы 20 желтоқсанда «Индустриальная 
Караганда» 
газетінде 
басылған 
«Ғалым, 
жоғары 
мектепті 
ұйымдастырушы» мақаласында сол кездері Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университетінің бұрынғы ректоры, техника ғылымдарының 
докторы, профессор Геннадий Георгиевич Пивень: «Осы кезеңде 
Ә.Сағыновтың, үшінші көмір кочегаркасының шахтерлері алдында туған 
күрделі проблемаларды шешуге қабілетті зерттеушілер ұжымын 
қалыптастырған ірі ұйымдастырушы және ғалым ретінде айқын таланты 
байқалды. Ол жаңа институт жұмысын көмір бассейнін игерудің бір қатар 
проблемаларын тиімді шешуге бағыттады. Ә.Сағыновтың институтты 
басқаруымен көмір қаттарын әзірлеуге байланысты ірі проблемалар 
табыспен шешілді» [1, б. 2]. 
1955 жылы Ә.С. Сағынов 1958 жылы Қарағанды политехникалық 
институты (ҚарПТИ) болып қайта ұйымдастырылған Қарағанды тау-кен 
институтының ректоры болып тағайындалды. Ол бір мезгілде пайдалы 
қазбалар кен орындарын қазу кафедрасын басқара отырып, ректордың 
қызметін 33 жыл бойы атқарды.
Бұл қызметте оның ұйымдастырушылық таланты және бірегей 
ғылыми қабілеттері айқын ашылған. Профессорлық-оқытушылар құрамы 
небары 28 адамнан құралған, оның ішінде тек алтауы ғана ғылым 
кандидаты болған институтты басқарып, Ә.С. Сағынов «институттың 
дамуы екі негізгі факторға – оқу-материалдық базаның жағдайына және 
оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігіне байланысты болады» 
деген тұжырымға келеді. Ә.С. Сағынов ірі оқу-зертханалық корпус – 
қазіргі университеттің бас корпусының кірпішін қалауға және құрылысын 


27 
жеделдетуге қол жеткізді. Көп ұзамай бірқатар басқа оқу корпустарын
жатақханаларды, асхананы және т.б. тұрғызу басталды.
Оқу-материалдық базаның дамуы институттың бірінші курсқа 
талапкерлер қабылдауды 200 адамнан 2500-ге дейін ұлғайтуына мүмкіндік 
берді, кешкі және сырттай оқыту факультеттері ашылды. Бұл институтта 
білім алатын студенттер құрамын отыз мың адамға дейін жеткізуге 
мүмкіндік берді. 15 Қарағанды политехникалық институты тек 
Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Орта Азия республикаларының да 
ірі ЖОО қатарына кірді. Ә.С. Сағынов институтқа «Карагандауглеразрезы» 
трестінің ғимаратын бекітуге қол жеткізді. Бұл тапсырма әскери 
кафедраны орналастыру үшін пайдаланылған. Ә.С. Сағыновтың соңғы 
тумасы – тау-кен факультетінің ғимараты, ол қазір де өзінің сәулеттік 
сұлулығымен көз тартады.
Институттың материалдық-техникалық базасын, жаңа корпустар мен 
ғимараттарды нығайту туралы қамқорлық жасай жүріп, Әбілқас Сағынұлы 
ұжымдағы ғылыми-педагогикалық және тәрбие жұмысы туралы, жаңа 
кафедралар, зертханалар құру, оқытушылар, ғалымдар кадрларын іріктеу 
және орналастыру туралы да ұмытпады. Оның басшылығымен Қарағанды 
мемлекеттік политехникалық университеті Республиканың ірі ЖОО мен 
ғылыми орталықтарының бірі болды. 80-жылдардың ортасына қарай 
барлық оқыту түрлері бойынша, институт филиалдарымен қоса, 10 мыңға 
жуық студент пен 100 аспирант білім алды. Оқу процесін 750 оқытушы 
жүзеге асырды, олардың ішінде жартысына дерлігі, оның ішінде 33-тен 
астам профессорлар, ғылым докторларының ғылыми дәрежелері мен 
атақтары болды. 
Студенттер мен оқытушылардың оқуы мен демалысы үшін барлық 
жағдайлар жасалған. Институтта барлық қажетті оқу-зертханалық және 
ғылыми базасы бар (аудиториялар, оқу және сызу залдары, арнайы 
кабинеттер мен зертханалар, оқу теледидары студиясы, геологиялық 
мұражай, есептеу орталығы және т.б.).
Ғылыми-педагогикалық қызметі кезеңінде ректор «Пайдалы қазбалар 
кен орындарын қазу» кафедрасының меңгерушісі постында ауысымсыз 
қызмет етіп, Ә.С. Сағынов Қазақстан өнеркәсібінің кен өндіру салаларын 
дамытуға, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес 
қосты. «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу» кафедрасында Ә.С. 
Сағынов пайдалы қазбалар кен орындарын қазу технологиясы және 
кешенді механикаландыру бойынша ғылыми мектепті құрды, ол 
Қазақстанда да, жақын және алыс шетелдерде де кеңінен танылды. Өзі 
басқарған кафедра ғылыми және педагогикалық қызмет бойынша 
республикада екі рет үздік кафедра атағына иеленді және елімізде 
көшбасшылық ұстанымын сақтап келеді. Ол кен ісі саласында біліктілігі 
жоғары мамандар даярлау сапасы бойынша бірнеше рет жоғары орындар 
алды және соны жалғастырып келеді.


28 
Халық шаруашылығы үшін мамандар даярлаудағы табыстары және 
ғылыми зерттеулер орындағаны үшін КСРО Жоғары Кеңесің 
Президиумының Қаулысымен 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университеті Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал 
1980 жылы КарПТИ социалистік жарыста көшбасшы болды. Сол жылы 
еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін политехникалық институтқа 
Қазақстанның Құрмет кітабына енгізіліп, Құрмет дипломы табыс етілді. 
КСРО 50 жылдық мерейтойы құрметіне Мерейтой Құрмет белгісіне 
лайықталды.
1980 жылы, КСРО ЖОО арасында социалистік жарыс қорытындысы 
жүргізілген кезде Қарағанды политехникалық институты М. В. Ломоносов 
атындағы Мәскеу мемлекеттік политехникалық институтымен қатар 
жеңімпаз болып шықты. Осыған байланысты «Студенческий меридиан» 
журналында журнал корреспонденті А. Ланцовтың КСРО жоғарғы және 
орта арнайы білім министрінің бірінші орынбасары Н. Ф. Красновпен 
сұхбаты жарияланды. Төменде осы сұхбаттан үзінділер қысқартылған 
нұсқада келтірілген.
«Корреспондент: Николай Федорович, ЖОО аралық жарыс деген не, 
оның мақсаттары мен міндеттері қандай, ол ЖОО дамуы үшін, оның 
күнделікті жұмысы үшін нақты не береді және әрине, ол әрбір студенттің 
өміріне қалай әсер етеді? 
Н.Ф. Краснов: … Жақында мен КСКП ОК, КСРО Министрлер 
Кеңесінің, ВЦСПС және БЖОЛК құрметті тапсырмасын орындадым – 
Қарағанды 
политехникалық 
институтына 
ауыспалы 
Қызыл 
Ту 
табыстадым. Біздің елімізде барлығы 870 ЖОО және әрқайсысы 
социалистік жарысқа қатысады. Бірақ жеңімпаздар ретінде тек М. 
Ломоносов атындағы ММУ және ҚарПТИ мойындалды. 1996 жылы 
институт Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мойындалды, 
оның биографиясы барлығы ширек ғасырға сыяды.
Корреспондент: Николай Федорович, ММУ ЖОО аралық жарыста 
жеңімпаз болып шыққанында таң қаларлық ештеме жоқ. Біздің жоғары 
біліміміздің қолбасшысы, еліміздің ежелгі ЖОО. Оның үстіне осы жыл да 
ол үшін мерейтой жылы болды. Сенімді ақтамауға ешбір жол жоқ деуге 
болады... Ал қарағандылықтар ше? Олар қалайша көптеген атаулы 
мәскеулік, ленинградтық, киевтік және басқа ЖОО басып озды?
Н.Ф. Краснов: Иә, ширек ғасыр ЖОО қалыптасуы үшін – мерзім көп 
емес. Бірақ осы болмашы уақыт аралығында қарағандылықтар көптеген 
істер жасап үлгерді. Оның жиырма бір мың тәрбиеленушісі елдің халық 
шаруашылығында еңбек етеді. Әрбір екіншісінің ғылыми атағы болатын 
700-ден астам оқытушылар ЖОО 11 мың студентке сабақ береді. Бүгінгі 
күні, политехникалық институт үлкен дәрежеде индустриялық Қарағанды 
аумағының өнеркәсіптік дамуын қамтамасыз етті. Тың жерлерді игерудің 
алғашқы жылдары Қазақстанға маман кадрларды өнеркәсіптік дамыған 


29 
елдер жіберді. Өздерінің жас мамандарын даярлау проблемасы өткір 
болды. Осы міндетті тың бойынша мәселелердің бірінші жылдарында 
Қарағанды политехникалық институты табанды, қуатты шеш бастады. бар 
болғаны он жылдан кейін ол республика үшін білікті кадрлар даярлау 
шеберханасының негізі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет