Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет12/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Корреспондент: 
Николай Федорович, осы уақытқа дейін сіз 
тұтастай ЖОО туралы айттыңыз. Ал өте ұйымшыл ұжым көптеген 
топтардан, олар өз кезегінде жеке студенттерден, оқытушылардан 
құралады. Жарыс нәтижелері бойынша олардың әрқайсысының қызметі 
жұмыс сапасымен бағаланады. Бірақ соңғы сөз кімде, соңында кім ЖОО 
түлектеріне, оның «өніміне» баға береді? 
Н.Ф. Краснов:
– Соңғы жауабын өмірдің өзі береді, біздің жағдайда – 
өндіріс. Сіздер білетіндей, ҚПТИ мамандарын өндірісшілер «үздік» және 
«жақсы деп бағалайды. Бұл, оқытушылар қоятын жоғары балдар 
студенттер алатын білімге сәйкес екенін көрсетеді.… Әрине ҚПТИ-да 
осының бәрі кәсіби түрде жолға қойылған, сондықтан жоғары сапалы 
қорытынды береді. Қарағанды политехникалық институтында студенттің 
алғашқы қадамдарынан бастап өзінің әрбір шешіміне, әрбір ісіне жауапты 
болуға үйретеді. Оған өзі бірден кірскен шығармашылық оқу жарысы 
жақын арада ол үшін институт зертханасында, сосын әр түрлі ҒЗИ 
қызықты, нақты шығармашылық қызметке құйылатынын түсінуге 
үйретеді. ЖОО тәрбиеленушілеріне осындай қарым-қатынас, оның үлкен 
және шағын істеріне назар аудару өзінің факультеті мен ЖОО үшін 
мақтаныш тудырады. Сонымен болашақ мамандарда жоғары патриоттық 
қасиет қалыптасады, белсенді өмірлік ұстаным қалыптасады» [2, б. 52]. 
Сұхбат Ә.С. Сағыновтың Қарағанды политехникалық институтын 
қалыптастыру және дамыту ісінде ауқымды ролі туралы куәландырады, 
сонымен қатар өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында өзі 
басқарған институт жұмысына әділ баға береді.
1993 жылы Қарағанды қалалық халық депутаттары Кеңесінің 
шешімімен ғылым мен техника саласына, Қарағанды көмір бассейнінің 
дамуына және халық шаруашылығы үшін кадрлар даярлауға қосқан үлкен 
үлесі үшін, Ә.С. Сағыновқа «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» 
атағы берілді. Оның халық шаруашылығын, жоғары білім мен ғылымның 
дамуына сіңірген еңбегі Үкіметтік наградалармен – бірнеше рет бес 
орденмен және он медальмен атап өтілді. 1995 ж. Қазақстан Республикасы 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Ә.С. Сағыновқа «Қазақстан 
Республикасының ғылым мен техникасының құрметті қайраткері» атағы 
берілді. 
Қарағанды политехникалық институты (қазіргі уақытта ҚарМТУ) Ә.С. 
Сағынов басшылық еткен уақытта Қазақстан кадрларының нағыз 
ұстаханасына айналды. Мыңдаған инженерлер шығарылды, олар қазіргі 


30 
уақытта да тек біздің республикамызда ғана емес, сонымен бірге ТМД 
елдерінде және алыс шетелдерде де еңбек етіп жүр.
ҚарПТИ қабырғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті Н.Ә. Назарбаев білім алған. Ірі мемлекеттік қайраткерлер, кен 
өндіру кәсіпорындарының басшылары, мәжіліс депутаттары және 
сенаторлар Ю.А. Кубайчук, Ш.А. Оразалинов, Н.З. Нығматуллин, М.Б. 
Тінікеев, Г.М. Презент, П.П. Нефедов институт түлектері болып табылады. 
Ә.С. Сағынов көп қырлы қоғамдық қызмет пен ғылыми-педагогикалық 
жұмысты бірлестірді. Мысалы, 30 жыл бойы Қарағанды облыстық партия 
комитетінің мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1966-1970 жж.), 
әр түрлі деңгейлі жергілікті Кеңестердің депутаты, Қарағанды және 
Жезқазған облыстарының ЖОО ректорлары Кеңесінің төрағасы (1973-1987 
жж.), бірқатар журналдардың редакциялық алқасының мүшесі, бірқатар 
институттардың Ғылыми Кеңестерінің мүшесі және т.б. қызметтерді 
атқарды.
2006 ж. Ә.С. Сағыновтың 90 жылдығын тойлаған күндері оның 
көрнекті қызметтерінің құрметіне және оның есімін мәңгі есте сақтау 
мақсатында 33 жыл бойы басшылық еткен «Пайдалы қазбалардың кен 
орындарын қазу (ПҚКҚ)» кафедрасына ғалымның аты берілді. Сондай-ақ 
оның есімі 2-ші корпустың 2-ші қабатында орналасқан, 150 орындық № 
205 кеңейтілген аудиторияға берілген.
Ал 2008 жылы «Пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу» 
кафедрасының оның атымен аталатыны туралы мемориалдық тақта 
жасалып, ПҚКҚ кафедрасы орналасқан, 2-ші корпустың 3-ші қабатының 
фойесінде орнатылды. Бұл шараны университет ректоры ҚР ҰҒА 
академигі А.М.Ғазалиев ұйымдастырды, оған Ә.С. Сағыновты жақсы 
білген көптеген қонақтар шақырылды. Жоғары білім және тау-кен ғылымы 
патриархы еңбегінің құрметіне 2012 жылы 21 желтоқсанда ҚарМТУ-дың 
бас корпусы алдынағы алаңға осы көрнекті адамға ескерткіш орнатылды 
[3, б. 14]. 
Әдебиеттер тізімі 
1. Ученый, организатор высшей школы //Индустриальная Караганда, 
2000, 20 декабря. 
2. Сагинов А.С. О пройденном пути. Воспоминания // Ғылым. –1996. – 
320 с. 
3. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті = Карагандинский 
государственный технический университет – Karaganda State Technical 
University: К 60-летию университета. Караганда: ТОО «Арко», 2013. – 499 
с. 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет