Комиссияның жұмыс органы Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесінің бөлімі
болып табылады.
Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі,
Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.
Комиссия үйлестіру кезінде 2008 жылғы қаңтардан бастап уәкілетті мемлекеттік
органдардың бірлескен бұйрығымен сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін бақылаудың әрекетті
механизмі, лауазымды тұлғалардың жеке жауаптылығын арттырудың қосымша стимулы болуға
бағытталған мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау рейтингінің
жүйесі енгізілді.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дамытудың болашақтағы бағыттары
шеңберінде Комиссия мемлекеттік органдардың назарын азаматтардың құқықтары мен бостан-
дықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз етуге, заңнаманы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлықты анықтау мен оған қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі жетілдіруге, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге аударатын
болады.
Комиссия қызметінің басты басымдығы Ел Басының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
саласында қойған міндеттерін бұлжытпай іске асыру болып табылады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға
ширек ғасыр уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағыт-
талған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік
жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің
біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыт-
тан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол — Президенетіміз
Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
334
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
туғызатын немесе олардың таралуына ықпал ететін құбылыстарды айқындауға, зерттеуге, шек-
теуге немесе жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субьектілерінің қызметін
ұғыну керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыты ретінде, оның алдын
алудың осындай түсініктемесіне сүйене отырып, біздің көзқарасымызша, бұл тәсіл сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсатын, міндеттері мен қағидаларын айқындау сияқты,
сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тетіктерін әзірлеуде де көрініс тапқаны маңызды
болып табылуда. Егеменді еліміздің алға басып экономикамыздың өрлеуіне сыбайлас
жемқорлық кері әсерін тигізуде.
Әр заманның өз моралі, өз қағидалары бар. Кеңестік дәуірде коммунизм құрылысшыла-
рының моральдық кодексі болды. Ал бүгінгі демократиялық қоғам тұсында мемлекеттік қызмет-
шілердің ар-намыс кодексі жасалынды. Бұл кодекстің әр сөзіне мән беріп, тәрбиелік жағына
көңіл бөліп орынды қолдана білетін болсақ, ол да жоғарыда аталған кодекстің ұстанымынан
ешбір кем түспейтін маңызды құжаттардың біреуі.
Осының айғағындай, оның 5-тармағында мемлекеттік қызметші «мемлекеттік және еңбек
тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол
үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға» десе, 7-тармағында «сыбайлас жемқорлық
көріністеріне қарсы тұруға» деп көрсетеді. Бұл арада 5-тармақтағы — адал, әділ деген сөзбен
адам бойындағы барлық теріс қылықтардың сыйыспайтындығына көз жеткіземіз. Адам құқығын
бұзу саласының ең қауіпті көрінісі парақорлық болып табылады, ал бұл дегеніміз — мемлекеттік
қызметкерлердің сатылғыштығы мен оларды сатып алу. Мемлекетіміздің саяси және эконо-
микалық тұрақтылығына нұқсан келтіретіндер: әртүрлі қызметкерлер, мемлекеттік қызмет-
керлердің қоғам есебінен өзіне, өз туысқандарына, аталастарына пайда келтіру мақсатындағы
протекционизм. Қазіргі жағдайда парақорлықтың көбею себебі неде деген заңды сұрақ туады?
Жемқорлықпен күресу саласында біз неге қол жеткіздік? Бүгінгі таңда Тәуелсіз мемлекеттер
достығы кеңістігінде республикамыз жемқорлыққа қарсы заңнамасы барынша дамыған елдердің
бірі. Қазақстанда қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қиянатшылдық жасаумен күресті
реттейтін негізгі құқықтық актілер қатарына мыналар жатады: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс
қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2015 жылғы), Жемқорлық пен күрестің 2015-
2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің
тиісті Жарлықтары (2005 жылы), Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-
намыс кодексі бекітілген болатын.
Жемқорлықпен күрес саласындағы іс-шараларға дайындық және іске асыру жұмыстарына
осы мәселемен айналысатын дәстүрлі құрылымдық күштерден басқа Президент жанындағы
Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері
жөніндегі комиссиясы, Мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі,
Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес жөніндегі Қазақстан Республи-
касының агенттігі қаржы (полициясы) сияқты мамандандырылған органдар қатысады. Біз қан-
дай жетістіктерге қол жеткізбекпіз? Біздің мақсатымыз — жемқорлыққа қарсы азаматтық
қозғалысты құру және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүддесін
қорғауды қамтамасыз ете отырып, жемқорлық қылмыстарына қарсы әрекет жасау үшін осы
қозғалыстың жұмысын іске қосу.
Сонымен, сыбайлас жемқорлық пен күрестің басты бағыты — оның алдын алу, яғни, оның
себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн. Халқымызда «Бір қарын
майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған
кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа
қарсы бірлесіп, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
Заманнан қалыспай қазіргі таңдағы қоғам індетіне айналып, дес бермей отырған сыбайлас
жемқорлықты ауыздықтауды, болашақтың жарқын, кейінгі ұрпақтың алаңсыз өмір сүруі мен
келешегі үшін әрбір мемлекеттік қызметкер өзіне парыз санағаны абзал.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азамат-
тарының азаматтық борышы деп білу керек.
1
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаевтың
2018
жылғы
10
қаңтардағы
Қазақстан
халқына
Жолдауы.
//
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000025.
335
2
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы» 2006 жылғы 18 қаңтар. // http://adilet.zan.kz
/kaz/docs/K060002006_/links.
3
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК, 2014 жылғы; Қазақстан Республикасының ҚК, 2014 жылғы //
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235.
4
Қазақстан Республикасы Президентінің " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі
комиссия құру туралы" 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы. // http://adilet.zan.kz /kaz/docs/
U090000742_/links.
Достарыңызбен бөлісу: |