Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А.  Уразбаева  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің



Pdf көрінісі
бет165/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

 
А.  Уразбаева  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
«Құқықтану» мамандығының 4-курс студенті; 
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің  экономика  және  құқық  факультеті,  құқықтану  кафедрасының  аға 
оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Т.Ш. Бисембиев 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  2018  жылғы  10  қаңтардағы 
Қазақстан  халқына  Жолдауына  сәйкес  жемқорлықтың  алдын  алуға  бағытталған  күрес  жалғаса 
береді, көп жұмыс істеліп жатыр. 
Соңғы  3  жылда  ғана  жоғары  лауазымды  шенеуніктер  мен  мемлекеттік  компаниялардың 
басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде 
олардың  17  миллиард  теңге  көлемінде  келтірген  залалы  өтелді.  Мемлекеттік  органдардағы 
процестерді,  соның  ішінде  олардың халықпен  және бизнеспен қарым-қатынасын  цифрландыру 
маңызды  болып  саналады.  Атап  айтқанда,  азаматтар  өз  өтініштерінің  қалай  қарастырылып 
жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Сот және құқық қорғау жүйелерін инсти-
туционалды  тұрғыдан  өзгерту  жүзеге  асырылуда.  Заңнамаға  қылмыстық  процестегі  азамат-
тардың  құқықтарын  қорғау  ісін  күшейтуді,  оның  әсіре  қатаңдығын  бәсеңдетуді  көздейтін 
нормалар енгізілді,» – делінген
1

Адамзатқа  ертеден  таныс  сыбайлас  жемқорлық  —  заманмен  бірге  өсіп-өркендеп,  небір 
тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, 
бүгінге  дейін  жойылмай  отырған  қауіпті  кеселдің  бірі.  «Сыбайлас  жемқорлық»  деген  түсінік 
мағынасына  этимологиялық  қарау  мұны  «параға  сатып  алу»,  «пара»  ретінде,  «corruptio»  деген 


 
332 
латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында, сондай-ақ  «corrumpire»  түсінік 
болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып 
алу»  деген  түсінік  беріп,  құқыққа  қарсы  іс-әрекетті  білдірген.  Орыс  тілінің  түсіндірме  сөздігі 
сыбайлас  жемқорлықты  пара  беріп  сатып  алу,  лауазымды  адамдардың,  саяси  қайраткерлердің 
сатқындығы ретінде сипаттайды.  
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз — заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы 
мүліктік  игілікке  және  мемлекеттік  функцияларды  атқаратын  басымды  тұлғалардың  және  де 
соларға  теңестірілген  тұлғалардың,  лауазымдық  дәрежелерін  қолдана  отырып  және  де  
лауазымының  мүмкіндіктерін  өз  мүддесіне  қолдана  отырып  мүліктік  табыс  алу  үшін  жаса-
лынатын қадамдар.  
 Республика  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша 
қабілетті  50  елдің  қатарына  қосылу  стратегиясында  ұлттық  қауіпсіздік  пен  қоғамдық  тұрақ-
тылыққа  төнген  қатер  ретінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  жалпыұлттық 
кешенді  бағдарламаны  дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық 
қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы 
екенін атап көрсетті
2

Елімізде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  мәселелерін  реттейтін  Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  Кодексі,  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодесі,  Еңбек 
кодексі,  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс  қимыл  туралы»  Заңы,  Қазақстан  Респбуликасы 
Президентінің  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызмет-
шілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады. 
Осы  аталған  саладағы  қабылданған  Заңнамалардың  басты  мақсаты  —  азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауға,  сыбайлас  жемқорлық  көріністерінен  туындайтын 
қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық 
бұзушылықтың,  қылмыстың  алдын  алу,  анықтау,  олардың  жолын  кесу  және  ашу,  олардың 
зардаптарын  жою  және  кінәлілерді  тиісті  жауапқа  тартумен  қатар,  демократиялық  негіздерді, 
мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның 
құрылымдарына  деген  сенімдерін  нығайтуға,  білікті  мамандарды  мемлекеттік  қызметке  кіруге 
ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдай-
лар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.  
Жемқорлық  қылмыстар  мен  әкімшілік  құқық  бұзушылық  үшін  қылмыстық  жауапкершілік 
пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыс-
тық  Кодексінде    және  Қазақстан  Республикасының  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы» 
Кодексіне  сәйкес  қарастырылады.  Сонымен  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодек-
сіндегі  15-тарауда    (13-тарауда)  «Мемлекеттiк  қызмет  пен  мемлекеттiк  басқару  мүдделерiне 
қарсы  сыбайлас  жемқорлық  және  өзге  де  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар»  осы  тарауда  
сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  оған  тағайындалатын  жазалардың  күшейгендігін  көруге 
болады
3
.  
Қазақстан  Республиксының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы    іс  қимыл  туралы»  Заңында 
сыбайлас  жемқорлыққа  келесідей  ұғым  берілген:  "Мемлекеттік  міндеттерді  атқаратын  адам-
дардың,  сондай-ақ  соларға  теңестірілген  адамдардың  лауазымдық  өкілеттілігін  және  соған 
байланысты  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  не  мүліктік  пайда  алу  үшін  олардың  өз 
өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлік-
тік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың 
аталған  игіліктер  мен  артықшылықтарды  құқыққа  қарсы  беруі  арқылы  оларды  сатып  алуы 
сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады". 
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі —парақорлық. Бірінші кезекте 
пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсен-
ділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс 
ретінде  саналатындай  жағдай,  қоғамдық  сана  қалыптасуы  қажет.  Парақорлық  мемлекеттік 
аппараттың  қалыпты  қызмет  етуіне  бөгет  болып,  билік  және  басқару  органдарының  беделіне 
нұқсан  келтіреді,  заңдылық  қағидаларын  жоққа  шығарып,  азаматтардың  конституциялық 
құқықтары  мен  заңды  мүдделеріне  қысымшылық  жасайды.  Парақорлықтың  алдын  алу,  жолын 
кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. 


 
333 
Бүгінгі  таңда  әлеуметтік  аурудың  алдын  алу  және  әшкерелеу  үрдісі  жылдан  жылға  өсе 
түсуде.  Парақорлықпен  елімізде  көбіне-көп  қолында  билігі  бар,  шешім  шығаруға,  бөліп  бергі-
зуге  өкілеті  жететін  қызметкерлерінің  айналысып  отырғанын  көресетіп  берді.  Қазақстан 
Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс  қимыл  туралы»  Заңын  сәйкес  сыбайлас 
жемқорлықпен  күресті  барлық  мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  тұлғалар  жүргізуі  тиіс. 
Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары 
өз  өкілеттігінің  шегінде  өздерінің  кадр,  бақылау,  заңгерлік  және  өзге  де  қызметтерін  тарта 
отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.  
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары және осы тұрғыдағы құқық 
бұзушылықтармен  айналысуының  негізгі  себептері  мыналар  болып  табылады:  мемлекеттік 
қызметшілердің  құқықтық  білім  дәрежесінің  төмен  болуы;  құқық  бұзушылыққа  немқұрайды 
қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;  кейбір мемлекеттік қызметші-
лердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күшейтуі; кейбір мемлекеттік орган 
басшыларының  сыбайлас  жемқорлық  қылмысқа  қарсы  заң  талаптарын  орындау  жөніндегі 
жұмысының мардымсыздығы.  
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың 
өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және 
шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.  
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл 
мәселелері  жөніндегі  комиссия  (бұдан  әрі  —  Комиссия)  Мемлекет  Басшысы  жанындағы 
консультативтік-кеңестік  орган  болып  табылады  және  ол  2002  жылғы  2  сәуірдегі  №  839  Жар-
лықпен құрылды
4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет