330
зайыптылардың біреуінің мүддесін негізге ала отырып, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі
үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы»
3
.
Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау құралы бола отырып,
талап заңды әрекетті білдіреді. Әділеттілікті орнатуда сот құзіретімен қаралып, ұйғарым шыға-
рылады. Сот іс жүргізу қызметін мүдделі адамдардың арызы бойынша бастайды. Бірақ, заңда
көзделген жағдайда сотта азаматтық іс өзге адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін өзге адамдардың талабымен қозғалуы мүмкін. Мысалға, прокуратура
немесе мемлекеттік басқару органының талабымен.
«Сотқа талаппен жүгінгенде, талапкер соттан бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және
құқықты бұзатын немесе оны бұзу қаупін жою туралы; залалдың орнын толтыру, тұрақсыздық
айыбы немесе моральдық зиянды өндіріп алу туралы; сондай-ақ талапкер мен жауапкер арасын-
дағы қандай да болмасын азаматтық құқықтық қатынастардың болуын растайтын немесе
құқықтық қатынастардың тоқтатылуына немесе өзгеруіне әкеп соғатын шешімдерді қабылдауды
сұрайды»
4
.
Сондықтан, талап дегеніміз — талапкердің субъективтік құқығын сотпен тану туралы
шешім шығару жөнінде сотқа жүгіну немесе жауапкерді белгілі бір әрекеттерді орындатуға
мәжбүрлеу немесе соттың талапкер мен жауапкер арасындағы белгілі бір азаматтық қатынастың
бар болуын растау немесе оны өзгерту не тоқтату.
Талап — субъективті құқықты сот арқылы қорғау құралы. Меншік құқығы бұзылған
жағдайда меншік иесі бұзылған меншік құқығын қалпына келтірілуін немесе құқығына қауіп
төндіретін немесе бұзатын әрекеттерге тыйым салуды талап ете алады. Заем шарты бойынша
міндеттемелер орындалмаса, несие беруші сотқа жүгініп, борышкерге міндеттерін күштеп орын-
датуды, сонымен қоса залалдың орнын толтыруды сұрайды. Тұлға, алдап-арбаудың әсерінен
жасалған мәмілені талап қою арқылы оның жарамсыздығын тануды сұрай алады
Соттар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер
құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнін-
дегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші
тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап
қоюларды
қарайды
5
.
Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау тәртібі аталған Кодекстің 20-тарауында,
дәлірек айтсақ оның 166-173 баптарымен қарастырылған.
Қылмыстық процестегі азаматтық талап — жеке және заңды тұлғаның қылмыстан келген
мүліктік залал мен моральдық шығынды өндіру туралы айыпталушыға немесе оның әрекеті
үшін жауап беретін адамға қылмыстық іс өндірісі барысында қоятын талабы.
Азаматтық талапты қылмыстық іспен бірге қарау, қылмыспен немесе есі кіресілі-шығасылы
жағдайдағы адамдардың қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетімен өздеріне моральдық,
күш қолдану арқылы немесе мүліктік зиян келтірген адамдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін дер кезінде қорғаудың кепілі болып табылады
6
.
Қылмыстық істе қойылған азаматтық талапты қарау кезінде зиянды өтеу негіздемелері,
шарттары, көлемі және әдісі азаматтық, еңбек және басқа да заңдардың нормаларына сәйкес
белгіленеді. Азаматтық талап қойғаннан соң ол адам талапкер деп танылады.
Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның анықталмауы қылмыстық істе азамат-
тық талап қоюға бөгет бола алмайды. Азаматтық талап тек жазбаша түрде, яғни талап арызды
беру арқылы ғана қойылуы мүмкін. Азаматтық талапты қарау туралы өтініш сондай-ақ жеке
айыптау ісін қозғау туралы шағымда да көрсетілуі мүмкін.
Қылмыстық істе қойылған азаматтық талапты қарау кезінде зиянды өтеу негіздемелері,
шарттары, көлемі және әдісі азаматтық, еңбек және басқа да заңдардың нормаларына сәйкес
белгіленеді. Азаматтық талап қойғаннан соң ол адам талапкер деп танылады.
Талап қою — заңи мағынасында сотқа бағытталған мазмұны бойынша процессуалдық ерік
білдіру. Оның салдары процессуалдық құқықтық қатынастың, ең алдымен талапкер көрсеткен
дауды қарау мен шешу бойынша соттың құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы болып
табылады. Басқаша айтқанда, талап қою — құқығы мен заңмен қорғалатын мүддесін сот
тәртібімен қорғау мақсатымен мүдделі тұлға жүзеге асыратын процессуалдық әрекет.
331
Құқықты қорғаудың талаптық нысаны — субъективтік құқықты қорғаудың кең таралған
нысаны. Сотқа талап қоя отырып, тұлға оған заңмен берілген құқықты қорғаудың нысанын пай-
далану жолымен өзінің құқығын, бостандығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін қорғайды.
З.Х. Баймолдинаның пікірі бойынша, «құқық туралы даудың болуы тек талап қою бойынша
іс жүргізу істеріне ғана емес, сонымен қатар ерекше талап қоюмен іс жүргізуге де тән. Алайда
соңғысы талап қою бойынша іс жүргізуден екі белгісімен ерекшеленеді: біріншіден, заң ерекше
талап қоюмен іс жүргізу істерінің шекті тізімін белгілейді; екіншіден бұл істерде құқық туралы
даудың субъектілері, әрі мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға болып (мемлекеттік қыз-
метші),әрі азамат болып табылады. Басқаша айтқанда, заңмен ерекше талап қоюмен іс жүргізу
істеріне жатқызылған құқық туралы субъектілері барлық жағдайда билік пен бағыныштылық
қатынасында болады»
7
.
Сонымен қатар, талап қою бойынша іс жүргізу мен ерекше іс жүргізу арасында да айырма-
шылықтар бар, ол соңғы аталған іс жүргізуде құқық туралы даудың болмауынан көрінеді.
Сондықтан ғылыми әдебиетте ерекше іс жүргізуге қатысты «даусыз өндіріс» термині жиі
қолданылады.
Сондықтан, талаптық өндіріс істері берілген талап арыз, ерекше талап қоюмен іс жүргізу
істері арыз, ал ерекше іс жүргізу істері арыз және шағым негізінде қозғалады.
Сонымен азаматтық іс жүргізудегі талап белгілі бір тұлғаның бұзылған немесе даулы
субъективтік құқығын заңмен қорғау болып табылады.
1
Осокина Г.Л. Иск (теория и практика). — М.: Городец, 2010. С. 19.
2
Гражданский процесс: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. / Под ред. М.К.Треушникова. — М.: Городец, 2001.
С. 83.
3
Гурвич М.А. Учения об иске: Состав, виды. — М.: ВЮЗИ, 2001. С. 20.
4
Викут М. А., Исаенкова О.В. Исполнительное производство. — М.: Юристъ, 2001. С. 59.
5
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсан (Жалпы бөлім,). //
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_/history.
6
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Респкблики Казахстан: В двух томах. Т. 1. Общая часть.
(Темы 1-15). Учебник. - Алматы: КазГЮА, 2001. С. 353.
7
Баймолдина З.Х. Көрсет.еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: