Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Д. Ж. Әділ  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің



Pdf көрінісі
бет30/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

Д. Ж. Әділ  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
«Құқықтану» мамандығының 4-курс студенті; 
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің кафедра доценті, заң ғылымдарының кандидаты А. Қ. Курманова.  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ  
ПРОКУРОРДЫҢ ОРНЫ  
Прокурордың  азаматтық  процеске  кіруінің  негізі  сот  өндірісінде  заңдылықты  қамтамасыз 
ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың 
құқықтары мен функцияларын, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерін қорғау қажеттілігі бо-
лып  табылады.  «Азаматтық  сот  ісін  жүргізуде  заңдардың  дәлме-дәл  және  бір  үлгіде  қолданы-
луына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан прокуратура органдары жүзеге асырады. 
Аталғандарға  сәйкес  прокуратура  мемлекет  атынан  республиканың  аумағында  заңдардың, 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтарының, сонымен қатар, басқа құқықтық актілердің 
орындалуын қадағалау функциясын жүзеге асырады. Қадағалау функциясын  жүзеге асыру ке-
зінде прокурор заңға тәуелді құықтық актілерге, оның ішінде, «Прокуратура туралы» Қазақстан 
Республикасының  Заңы  мен  іс  жүргізу  заңдары  тәртібімен  белгіленген  сот  органдарының 
актілеріне наразылық келтіруге және тоқтатуға құқықты. Прокурор азаматтық сот ісін жүргізуге 
сот  шақырған,  немесе  оның  қатысуын  керек  деп  шешкен,  немесе  заңда  көрсетілген  негіздер 
бойынша,  қаралып  жатқан  азаматтық  іс  бойынша  заңға  сәйкестігі  туралы  нәтиже  шығару 
қажеттігі бойынша қатысады.  
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды бе-
ру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйым құқық-
тарының  функцияларын,  қоғамдық  немесе  мемлекеттік  мүдделерді  қорғау  үшін  өз  бастамасы 
немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.  
Прокурор  азаматтардың  құқықтарын,  бостандықтарын  және  заңды  мүдделерін,  қоғамдық 
немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Аза-
маттардың құқықтарын, бостандықтарын және азаматтық мәртебесін белгілеу, егер адам дәлелді 
себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, прокурор тек мүдделі адамның өтінішімен ғана талап қоя 
алады.  Әрекетке  қабілетсіз  азаматтың  мүддесін  қорғау  үшін  прокурор  мүдделі  адамның 
өтінішіне қарамастан, талап қоя алады.  
Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құ-
қықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талапты (арызды) қараусыз 
қалдырады.  
Талап  қойған  прокурор,  бітімгершілік  келісім  жасау  құқығынан  басқа,  талап  қоюшының 
барлық  іс  жүргізу  құқықтарын  пайдаланады,  сонда-ақ  барлық  іс  жүргізу  міндеттерін  мойнына 
алады. Оның басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау  үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны 
істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.  
1997 жылғы  31 шілдедегі  «Қазақстан  Республикасының Конституциялық  Кеңесінің қаулы-
сын  талдау  туралы»  қаулыға  сәйкес  прокуратура  мемлекет  атынан  республиканың  аумағында 
заңдарды,  кодекстерді,  басқа  нормативтік  құқықтық  актілерді  қолдануын  қадағалауды  жүзеге 
асырады. Осы функцияны жүзеге асыру барысында прокурор «Прокуратура туралы» Қазақстан 
Республикасының  Заңына,  заңға  тәуелді  құқықтық  актілерге,  іс  жүргізу  заңдары  тәртібімен 


53 
белгіленген  сот  органдарының  актілеріне  наразылық  келтіруге  және  тоқтатуға  құқықты.  Сот 
органдарының  актілері  —  үкімдер,  шешімдер,  қаулылар  және  нақты  азаматтық  талап  арыздар 
бойынша  анықтаулар  құқықтық  нормаларды  қолданудағы  құқықтық  актілер  болып  табылады 
және егер олар мемлекет аумағында қолданыстағы заңдарға сәйкес қабылданса, республиканың 
барлық аумағында міндетті заңды күшін иеленеді
1
. Осыған  байланысты, покуратура  өз міндет-
терін жүзеге асыру үшін: біріншіден, егер прокурор оларды зерделеудегі қорытынды бойынша 
осы актілердің заңға сәйкес емес келмейтіндігін немесе олардың негізсіздігі туралы тұжырымға 
келген жағдайда, сот актілеріне қалай наразылық келтіретінін; екіншіден сот актілерінің орын-
далуын қалай тоқтату керек екендігін түсінулері керек. Көрсетілген прокурорлардың құқықтары 
азаматтық заңның нормаларына сәйкес іске асырылу керек. 
Мемлекеттің  қолданыстағы  заңдарына  сәйкес  прокурорлар  соттарда  азаматтық  істерді 
қарауға қатысады, сот  актілеріне наразылық келтіреді, егер олар негізсіз болса, олардың орын-
далуын тоқтатуға құқықты. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу саласында негізгі 
қайнар  көзінің  44-бабына  сай  іске қатысушы  тараптар:  даудың  нысанасына  дербес  талаптарды 
мәлімдейтін  үшінші  түлғалар;  даудың  нысанасына  дербес  талаптарды  мәлімдемейтін  үшінші 
тұлғалар; прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдар, ұйымдар не-
месе  осы  Кодекстің  56  және  57-баптарында  көзделген  негіздер  бойынша  процеске  қатысатын 
жекеленген азаматтар, ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен 
мүдделі адамдар, яғни іске қатысушы тұлғалар болып танылады.  
Азаматтық іс жүргізу кодексінде прокурордың азматтық іс жүргізуге қатысуының 2 нысаны 
көзделген: 
-  талап қою, сотқа арыз;  
-  басқа адамдардың бастамасы бойынша басталған процеске қатысу
2
.  
Прокурордың  талап  қоюы  бойынша  істі  қозғау.  Прокурор  азаматтардың  құқықтарын,  бо-
стандықтарын және заңды мүдделердің, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам-
дық  және  мемлекеттік  мүдделерді  қорғау  туралы  сотқа  талап  қоюға,  өтініш  жасауға  құқылы. 
Азаматтардың  құқықтарын,  бостандықтарын  және  құқықтық  мәртебесін  қорғау  туралы,  егер 
адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, прокурор тек мүдделі адамның өтінішімен ға-
на  талап  қоя  алады.  Әрекетке  қабілетсіз  азаматтың  мүддесін  қорғау  үшін  прокурор  мүдделі 
адамның өтінішіне қарамастан, талап қоя алады. Психиатриялық стационарға азаматты мәжбүр-
леп жатқызу туралы іс прокурордың арызы бойынша ғана сотқа беріледі
3
.  
Прокурор  нақты  субъектінің  құқықтары  мен  құқықтық  міртебесін  қорғау  туралы  талап 
қойғанда,  заңмен  көзделген  талаптар  сақталуы  тиіс.  Сонымен  қатар,  прокурордың  басқа  адам-
дардың құқықтары мен құқықтық мәртебесін немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін сотқа 
жүгінуінің ерекшеліктері бар:  
1) ол мемлекеттік баж және басқа да сот шығындарын төлеуден босатылады
4
;  
2) прокурор әрекетке қабілетті болғандықтан, оған заңды түрде сотқа шағымдану және істі 
жүргізу  өкілеттігі  берілген,  Азаматтық  процестік  кодекстің  115-бабындағы  3  және  4-тармақ-
шаларының прокурорларға қатысы жоқ. 
3)  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  мүдделерді  қорғау  үшін  прокурордың  берген  арызында 
мемлекеттік немесе қоғамдық мүдде неден тұратыны, қандай құқықтың бұзылғаны туралы негіз, 
сондай-ақ заң немесе басқа да нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуы керек. Прокурор 
азаматтардың заңды мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың 
өзінің  талап  қоюы  мүмкін  еместігінің  себептеріне  негіздеу  болуға  тиіс;  арызға,  әрекетке  қабі-
летсіз  адамның  мүдделері  үшін  арыз  беретін  жағдайларды  қоспағанда,  азаматтың  сотқа  талап 
қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс
5
.  
Сонымен  қатар,  2000  жылғы  30  қазандағы  Кеңестің  №15  қаулысына  енгізілген  өзгерістер 
мен толықтырулармен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің 2000 жылғы 30 шілдедегі 
«Азаматтық іс жүргізудің кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы»  №9 қаулысындағы 
мынадай түсіндірулерді ескеру қажет: Азаматтық процестік кодекстің 136-баптарының талапта-
ры. Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшіші тұлғалардың құқық-
тары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қарау-
сыз қалдырады
6
. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас таруты 
ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды
7
. Мұндай жағдайда, 
егер  талапкер  талапты  қарауды  талап  етсе  және  мемлекеттік  бажды  төлемеуден  босатылмаса, 


54 
жалпы  тәртіппен  мемлекеттік  бажды  төлеуге  міндетті.  Азаматтық  процестік  кодекстің  55-ба-
бында  прокурор  ұйымдардың  құқықтарын,  бостандықтарын  және  құқықтық  мәртебесін  қорғау 
туралы  сотқа  талап  қоюға,  өтініш  жасауға  құқылы  деп  белгіленген.  Іс  жүргізу  нормаларының 
осы негізділігі келесі міндеттердің күшінде кейбір сенімсіздіктерді тудырады.  
Біріншіден,  Прокуратура  туралы  заңның  28-бабына  сәйкес  прокуратура  ұйымдардың  қыз-
метіне араласпайды. Прокурор ұйымдардың мүдделері үшін істерді қозғауын олардың қызметіне 
араласу  ретінде  қарау  керек.  Ұйым  дербес  субъект  ретінде  диспозитивтік  қағидаттардың  іс-
әрекеттерін негізге ала отырып, оның дауланған немесе бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа 
шағымданулары немесе шағымданбаулары туралы мәселені өзі шешуге құқықты.  
Екіншіден, ұйымның оған жасаған өтініші негізінде прокурордың істі қозғауы заңсыз болар 
еді,  өйткені  прокурор  Азаматтық  процестік  кодекстің  55-бабындағы  3-тармағында  көзделген 
мән-жайға  сәйкес  азаматтардың  мүдделерін  қорғау  үшін  талап  қоюға  құқықты.  Ұйым  — 
әрқашанда құқықты субъектілі тұлға, сондықтан сот тәртібінде ол өзінің құқықтары мен құқық-
тық мәртебесін қорғауға қабілетті. Үшіншіден, істің прокурордың қозғауы арқылы ұйымға өзі-
нің құқықтары мен құқықтық мәртебесін қадағалау үшін мүмкіндік беру қоғам мен мемлекеттің 
мүдделеріне  зиян  келтіреді,  өйткені  мұндай  жағдайда  мемлекеттік  бажбен  талап  арыз  төлен-
бейді.  Прокурор  сот  талдауы  барысында  туындаған  және  тұтасымен  істің  мәні  бойынша  жеке 
мәселелерге қатысты қорытынды бере алады. Прокурор істі қозғау немесе қорытынды беру үшін 
басталған процеске қатысу жолымен соттың бірінші сатысына қатыса алады. Процеске қатысу-
шы  тұлға  ретінде,  прокурор  іс  материалдармен  танысуға,  қарсылықтарын  мәлімдеуге,  дәлел-
демелерді  табыс  етуге,  дәлелдемелерді  зерттеуге  қатысуға,  өтініш  жасауға,  сондай-ақ  басқа  іс 
жүргізу әрекеттерін жасауға және Азаматтық процестік кодекстің 47-бабында көзделген міндет-
терді орындауға құқылы
8
.  
Соттың  бірінші  сатысында  іс  жүргізу  кезінде  прокурордың  өкілеттілігі  көлемінің  айырма-
шылығы  оның  процесс  нысанына  байланысты.  Мұндай  айырмашылық  соттың  апелляциялық 
және қадағалау сатыларына қатысуы кезінде прокурордың құқықтары мен міндеттернің кещені 
үшін сипат алады. Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап 
қоюшының  барлық  іс  жүргізу  құқықтарын  пайдаланады,  сондай-ақ  барлық  іс  жүргізу 
міндеттерін мойнына алады.  
Егер азаматтық істі прокурор қозғаса, онда Азаматтық процестік кодекстің 213-бабына сәй-
кес қорытынды беруге құқықсыз. Азаматтық процеске қатысу және іс бойынша қорытынды беру 
үшін  оған  қатысушы  прокурор  іс  жүргізу  құқықтарын  пайдалануға  және  Азаматтық  процестік 
кодекстің 47-бабына сәйкес іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Қатысушы прокурор апелля-
циялық наразылық келтіруде істі қарауға құқықты. Бас прокурор, оның орынбасарлары, облыс 
прокурорлары және прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары жә-
не оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде 
істі  қарауға  қатысуына  қарамастан,  заңды  күшіне  енбеген  сот  шешімдері  және  анықтауларын 
қайта қарау бойынша іс жүргізуді қозғай алады
9
.  «Прокуратура  туралы»  Заңның 30-бабындағы 
2-тармағында заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың заңсыз және негізсіз шешімдеріне 
наразылық  келтіру  олардың  іске  қатысқанына  және  қатыспағанына  және  іске  қатысу  қандай 
нысанда  болғанына  қарамастан,  жоғарыда  аталған  прокурорлардың  міндеттемелерін  құрай-
тынын нақтылайды.  
Сот  қадағалау  органдарының  заң  күшіне  енген  сот  актілерін  Қазақстан  Республикасының 
Бас прокуроры, Бас прокурордың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Бас әскери про-
куроры,  прокурорлар  наразылық  келтіруге  құқықты.  Құқықты  қолдану  тәжірибесінде  проку-
рордың  сот  актілерін  наразылық  келтіру  құқығын  көздейтін  заң  нормаларының  конституция-
лығы туралы мәселе бар. Конституцияның 83-бабындағы 1-тармағына сәйкес прокуратура тура-
лы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  және  заңдарына  қайшы  келетін  заңдар,  басқа 
нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіреді.  
Прокурордың  наразылық  келтіруі  сот  жіберген  заңның  бұзылуын  прокурорлық  реттеудің 
құқықтық құралы болып табылады. Егер іс наразылық келтіру бойынша қаралса, апелляциялық 
және  қадағалау  сатыларына  прокурордың  қатысуы  міндетті  болып  табылады.  Апелляциялық 
және  қадағалау  сот  сатысының  осы  бөліміндегі  прокурордың  құқықтары  бірінші  сот  сатысын-
дағы  прокурордың  құқықтарынан  ерекшеленбеу  керек.  Бірінші  сатыдағы  сотта  істі  қозғаған 
прокурор қорытынды беруге құқығы жоқ
10



55 
Прокурор істі қарауға қатыса алмайды және қарсылық білдіреді, егер ол:  
1)  осы  істі  мұның  алдындағы  қарау  кезінде  куә,  сарапшы,  маман,  аудармашы,  өкіл,  сот 
отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;  
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінң біреуінің туысы болса;  
3)  істің  нәтижесіне  жеке,  тікелей  немесе  жанама  түрде  мүдделі  не  оның  әділдігіне  күмән 
туғызатын  өзге  де  мән  –жайлар  болса,  ол  істі  қарауға  қатыса  алмайды  және  оған  қарсылық 
білдіруі тиіс.  
Аталған мән-жайлар болған кезде прокурор өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол 
негіздер  бойынша  іске  қатысатын  адамдар  қарсылық  білдіретінін  мәлімдеуі  мүмкін.  Өздігінен 
бас  тарту  және  қарсылық  білдіру  істің  мәні  бойынша  қарау  басталғанға  дейін  дәлелденіп, 
мәлімденуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту туралы мәлімдеме жасауға өздігінен 
бас тарту негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды мәлімдеуші адамға істі қарау басталған-
нан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.  
Прокурордың  өздігінен  бас  тарту  туралы  мәселені  істі  қараушы  сот  шешеді.  Осы  мәселе 
бойынша сот шағымдануға жатпайтын анықтама шығарады. Анықтамаға келіспеушілік туралы 
дәлелдер  апелляциялық  немесе  қадағалау  шағымдарына,  наразылық  келтіруіне  енгізілуі 
мүмкін
11
.
                                                 
1
   Қазақстан  Республикасының  «Прокуратура  туралы»  Заңы  1995  жылғы  21  желтоқсандағы  N2709  (2015ж.24.11. 
өзгертулерімен және қосымшалармен). 
2
   Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексі  (жалпы  бөлім).  Қазақстан  Республикасының  1994  жылғы  27 
желтоқсандағы №268-ХІІ Кодексі. 
3
   Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  процестік  Кодексі.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  31 
қазандағы № 377-V Кодексі. 
4
   Бұл да сонда. 
5
   Бұл да сонда. 
6
   Бұл да сонда. 
7
   Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексі  (жалпы  бөлім).  Қазақстан  Республикасының  1994  жылғы  27 
желтоқсандағы №268-ХІІ Кодексі. 
8
   Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  процестік  Кодексі.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  31 
қазандағы № 377-V Кодексі. 
9
   Бұл да сонда. 
10
   Бұл да сонда. 
11
   Бұл да сонда. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет