63
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттігінің жариялылығы қоғамдық өмірдің
барлық дерлік салаларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді түрде
қорғау керектігін меңзейді. Осыған орай республикада жүргізіліп отырған сот — құқықтық
реформасы шетелдік құқықтық құрылыс тәжірибесіне құқықтық институттармен рәсім-
дердің тиімділігі және олардың өміршеңдігімен танысу, дәлелдеу мақсатын ескере отырып,
осындайларды пайдалану мақсатында қарау қажеттілігін көрсетеді
6
.
Әлемде қаншаға жуық тәуелсіз мемлекет болса, сонша дерлік Конституция бар, ал сол
Конституциялар өз кезегінде сот жүйесі мен соттардың түрлерін айырады. Қазіргі демокра-
тиялық қоғамда орын алатын алуан түрлі заң тартыстарында құқық үстемдігін қамтамасыз етуде
осы сот билігінің рөлі ерекше. АҚШ-тың француз зерттеушісі Алексис де Токвил сот төрелігінің
әлеуметтік рөліне қатысты «Демократия в Америке» атты кітабында былай тұжырымдаған: «Сот
төрелігінің ұлы мақсаты зорлық мұратын құқық мұратына өзгертуден, үкімет пен олар
пайдаланатын күш арасында құқықтық бөгет орнатудан тұрады»
7
. Сот төрелігі мемлекеттік
зорлықты өркениет шеңберіне шығаруда ғана емес, сонымен қатар жеке субъектілер арасындағы
тартыстарды құқықтық негізде шешуде де атсалысады. Қоғам мүшелерінің құқықты
тану туралы
түсінік деңгейі жоғары батыс елдерінде сот шешімінің орындалмауына жол беру мүмкін емес,
әрі кешірілмейді.
Алғашқы кезекте АҚШ-тың сот жүйесі мен қылмыстық процесінің оң жақтарына назар
аударсақ. Бізге осы елдің кез келген саладағы қоғамдық тұрмысының түрін, жақтарын құқықтық
реттеудің жинақталған тәжірибесін талдау, оған сын көзбен қарау, тіпті пайдалану үшін жақсы
мүмкіндіктері бар сияқты көрінеді.
Америкалық соттар біртұтас сот жүйесін немесе мемлекеттік құрылымды құрамайды.
Мәні бойынша оны біртұтас «америкалық сот жүйесі» деп айта алмайсың. Америкалық сот
жүйесін айтқанда, көптеген бір-біріне тәуелсіз жүйемен бетпе-бет келеміз. Осы сияқты
америка құқығының қайнар көзі де жетерлік. Бір жүйедегі соттар басқа жүйеде әзірленген
заңдарға жиі қолданады және түсінік береді. Оның үстіне сол іс бір, немесе екі, немесе бір -
бірін қайталайтын сот жүйесінде қаралуы да мүмкін. Осы және басқа да жағдайлар Құрама
Штаттарда сот ісін жүргізу жүйесінің ерекше күрделілігімен байланысты.
Жалпы федералдық сот жүйесі мен ел штаттарының сот жүйесінің құрылымында өзде-
ріне тән ерекшеліктер бар. Негізінен жүйелер бір-біріне ұқсас, тек олардың арасындағы
басты айырмашылық нақты қызметі мен ұйымдастырылуына қатысты. Сот жүйесі пирами-
дасының негізі — бірінші сатыдағы соттар. Ал пирамиданың ең басында — әдеттегідей
Жоғары Сот деген атауға ие жоғары сатыдағы соттар. Федералдық штаттардың көпшілігінде
дерлік аралық деңгей жүйесінде апелляциялық соттар жұмыс жасайды. Аталған барлық
соттар өздерінің сипаты мен сот билігінің тұжырымдамасын ағылшынның жалпы құқықтық
және әділ құқық сотынан алған. Америкалық сот үлгілеріне тоқталсақ: бірінші сатыдағы
соттарды біздің соттармен салыстыратын болсақ, бұл жердегі саты ұғымы қолданылған,
демек төменгі соттар болып табылады. Оларды басқаша «шектеулі құзырлы» деп те атайды.
Олай аталу себебі жалпы құзырлы соттардан құзыретінің, билігінің шектеулілігімен ерек-
шеленеді. Ал, бізбен ұқсастығы тек бір нақты іс бойынша ғана шешім шығара алуы болып
табылады. Мысалы, кейбір штаттарда жол қозғалысында соттар жұмыс жасайды, демек
олардың қарауына тек көше қозғалысы ережелеріне қатысты ұсақ бұзушылықтар жатады.
Федералды сот билігі жүйесі штаттағы үш қабаттан тұратын пирамиданы білдіреді.
Яғни оның негізі – бірінші сатыдағы соттар, өңір ісінің округтік соттары, ал орта деңгейіне
– апелляциялық соттар, жоғары басында – Жоғарғы Сот болады.
Жалпы Құрама Штаттардың Жоғарғы Соты 65 апелляциялық сотты қадағалау құқығына
ие: Құрама Штаттардың 13 апелляциялық соты барлық мәселелерге қатысты және штаттың
50 жоғарғы соты. Осыған орай бұдан ауқымды, әрі күрделі апелляциялық сотты дүние
жүзінде табу қиын деуге болады
8
.
Өз ойымды Қазаақстанда сотты пайдаланушылардан әлеуметтік қарастыру есебімен
қорытындыласам, респонденттердің 71,3%-ы сот қызметтеріне көңілі толады. Бұл — әрине
салыстырмалы түрде кейбір шет мемлекеттерден жоғары көрсеткіш. Атап айтқанда Италия,
Грузия, Латвия және Нидерланды елдерінде бұл көрсеткіш 37,5% бастап 81% шамасында
9
.
Демек, елімізде сот жүйесін қанағаттанарлық деп бағалауға болады. Алайда бұл жақсы
64
немесе өте жақсы дегенді білдірмейді. Сондықтан бұл салада әлі де болса бірқатар
жұмыстар атқарылуы керек.
1
Баянов Е. Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеті мен құқығының негіздері. — Алматы, 2003.
2
«Қазақстан Республикасының Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы.
3
Качалова О.В. Судебная система. — М., 2000.
4
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж.30.08.
5
Баянов Е. Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеті мен құқығының негіздері. — Алматы, 2003.
6
Алиев М. М. Қазақстан Республикасы сот және құқық қорғау жүйесі. — Астана, 2004.
7
Токио А. Демократия в Америке. — М, Прогресс, 1992.
8
Алиев М. М. Көрсет.еңбек.
9
// http://sud.gov.kz/kaz/content/sot-zhuyesinin-zhana-obektilerin-salu.
Достарыңызбен бөлісу: