Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Д. Зияшева — Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академи-



Pdf көрінісі
бет73/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

Д. Зияшева — Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академи-
ясының 2 курс курсанты, қатардағы полиция;  
       Ғылыми  жетекшісі  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Б.Бейсенов  атындағы  Қарағанды 
Академиясының  қылмыстық  құқық  және  криминология  кафедрасының  бастығы,  заң 
ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.Қ. Алтайбаев 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Сыбайлас жемқорлық бойынша 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған Қазақстан Республи-
касының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы»  Заңында  көрсетілгендей,  сыбайлас 
жемқорлықтың  анықтамасы  «жауапты  мемлекеттік  лауазымды  атқаратын  адамдардың,  мем-
лекеттiк функцияларды орындауға  уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды 
орындауға  уәкілеттік  берілген  адамдарға  теңестiрiлген  адамдардың,  лауазымды  адамдардың 
өздерінің  лауазымдық  (қызметтік)  өкiлеттiктерін  және  соған  байланысты  мүмкiндiктерiн  жеке 
өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер 
мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен 
артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу»
1
 – деп берілген.  
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сәйкес,  мемлекеттің  ең  қымбат  қазынасы 
болып  адам  және  адамның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары  саналады
2
.  Осы  адам  және 
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғау — мемлекет қызметінің бір саласы және 
мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын 
іске  асыруға  бағытталған  лауазымдық  өкілеттілігін  атқару  жөніндегі  қызметкерлерге,  яғни 
лауазымды тұлғаларға жүктелген.  
Лауазымды  тұлғалар  дегеніміз  —  лауазымды  басшылар  ретінде  ұдайы,  уақытша  немесе 
арнаулы  өкілеттілік  бойынша  билік  өкілінің функциясын  атқаратын  немесе  мемлекеттік  орын-
дарда,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  орындарында,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Қарулы 
Күштерінде,  Қазақстан  Республикасының  басқа  да  әскерлері  мен  әскери  құрылымдарында 
ұйымдастырушылық,  басқарушылық  немесе  әкімшілік-шаруашылық  қызметтер  атқаратын 
адамдар. 
Өкінішке  орай,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  тарапынан  бірқатар  нормативтік-
құқықтық актілердің қабылдануына және «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  іс-қимыл»  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламаның  жүзеге  асырылып  жатқанына  қарамас-
тан,  қатардағы  мемлекеттік  қызметкерлерден  бастап,  түрлі  министрлік  басшылар  тарапынан 


148 
пайда  табу  мақсатында  жемқорлық  фактілеріне  жол  беруде,  яғни  сыбайластық  жемқорлықпен 
шұғылдануда.  
Өйткені,  нақ  осы  жағдайда  лауазымды  басшыда  (басқарушыда)  қоғам,  мемлекет  мүддесі 
үшін  емес,  жеке  басы  үшін  ресурстарды  пайдалану  және  шешім  қабылдау  мүмкіндігі  пайда 
болады.  
Сыбайлас  жемқорлықтың  пайда  болуы  алғашқы  таптық  қоғамдар  мен  мемлекеттік  құры-
лымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас 
жемқорлық  туралы  жазбаша  мәліметтердің  ең  алғашқыларын  Көне  Бабырдың  б.з.б.  XXIV 
ғасырдағы  мұрағаттарынан  көруге  болады.  Патша  Лагаша  Урукагина  шенеуніктер  мен  соттар-
дың жүгенсіз әрекеттеріне тиым салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады
3
. Осы-
ған  сүйенетін  болсақ,  жемқорлық  проблемасы  тек  қазіргі  уақытта  пайда  болған  заманауи 
проблема емес, ол көне дәуірден бері жойылмай келе жатқан індет,  – деп есептейміз.  
Сыбайлас жемқорлықтың туындауына жол беретін бірқатар әлеуметтік функциялар: 
-  әкімшілік  байланыстардың  жеңілдетілуі,  басқарудағы  шешім  қабылдаудың  жеделдетілуі 
мен жеңілдетілуі, әлеуметтік таптар мен топтар арасындағы қатынастардың консолидациялануы 
және  қайта  құрылымдануы,  бюрократтық  кедергілерді  азайту  арқылы  экономикалық  дамуға 
көмектесу; ресурстар дефициті жағдайында экономиканы оңтайландыру және т.б.;  
-  сыбайлас  жемқорлық  қарым-қатынастарының  жете  айқындалған  субъектілерінің  болуы, 
әлеуметтік рөлдердің бөлінуі;  
-  сыбайластық  жемқорлық  әрекеттер  субъектілеріне  мәлім  белгілі  бір  ойын  ережелерінің, 
нормалардың болуы;  
- сыбайластық жемқорлық әрекеттерінің қалыптасқан слэнг (тілі) мен шартты белгілері;  
- мүдделі адамдарға белгілі және орныққан қызметтер таксасы
4
.  
Әлемде  жемқорлар  ақша  шашып,  жазасыздықтан  рахаттанып  жатқан  кезде,  адамдары  ең 
негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айырылып, әр түні аш жатуға мәжбүр 
елдер өте көп. 
Сыбайлас  жемқорлық  экономикалық  заңдардың  еркін  жұмыс  істеуін  әжептәуір  шектейді 
және  әлемдік  қауымдастық  алдында  елдің  беделін  төмендетеді,  ел  үшін  пайдалы  шетелдік 
инвестициялардың  жолындағы  ең  бір  басты  бөгеттердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  180  мем-
лекеттің  арасындағы  сыбайлас  жемқорлық  рейтингі  бойынша  біздің  еліміз  122  орын  алуымен 
дәлелденеді
5
.  
Сыбайлас  жемқорлықтың  бейімделу  қабілеті  ғаламат,  үздіксіз  өзгеріске  түсе  алады,  түрін 
өзгертеді  және  кемелдене  береді,  әлеуметтік-құқықтық  бақылау  мен  заңи  жауапкершіліктің 
кемшіліктері мен ақтаңдақтарын шебер пайдаланады.  
Мысалы, «Темір үшбұрыш» атанғандар өз заңдарымен өмір сүреді, олар: 
- жемқорланған қырық құрау бюрократия; 
- қылмыстық бизнес;  
- ұйымдасқан қылмыс. 
Сыбайлас жемқорлық ұлттық шекаралардың шеңберінен шығып кетеді, сондықтан онымен 
күрес  жаһандық  ауқымда  жүргізуді  қажет  етеді.  Одан  түсетін  түсімдер  "жуылғаннан"  кейін 
әлемдік және ұлттық қаржы ағындарына құйылады да, мемлекеттік және халықаралық билік пен 
экономика институттарын бұзады. Ол заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне 
қатер  төндіреді,  қоғамның  моральдік  тіректерін,  билікке  деген  сенімді,  мемлекеттік  басқару, 
теңдік  пен  әлеуметтік  әділеттілік  қағидаттарын  қиратады,  бәсекеге  бөгет  жасайды,  экономи-
калық дамуды қиындатады. Әсіресе ең қауіптісі —  мемлекеттік билік орындарындағы сыбайлас 
жемқорлық.  
Бұл жағдайда ол монополияның билікпен тиімді байланысын, мемлекеттік қызметшілердің 
шешім  қабылдаудағы  қауқарсыздығының  және  шенеуніктердің  бақылауда  болуы  мен  оларға 
құқықтық жауапкершілік жүктелмеуінің көрінісіне айналады. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас 
жемқорлық мемлекеттік басқарудың бүкіл  жүйесін бұзады, мемлекеттік билік пен мемлекеттік 
қызметтің  беделінің  құлдырауына  әкеп  соғады,  экономиканың  дамуына  кедергі  жасайды. 
Әсіресе, экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. 
Күнделікті  өмірде,  қарапайым  халықтың  арасында  жиі  кездесетін,  сыбайлас  жемқорлыққа 
мәжбүрлеу факторлары ұсақ көріністерден басталады: сәбилерді балабақшаға, беделді мектепке 


149 
орналастыру, оқу орындарында білім алу, қызметке орналасу,  емделу  және тағы басқа мәселе-
лерді сыйақымен шешу. 
Осыған орай сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою үшін, әрбір азаматта, біреудің (мемле-
кеттің)  материалдық  мүддесіне  қол  сұқпау  мәдениетін  қалыптастыру  қажет.  Сондай-ақ,  әрбір 
мемлекеттік  қызметкер,  лауазымды  тұлға  тек  өз  еңбек  ақысына  ғана  үміттеніп,  сырттан  жеңіл 
пайда  күтпеуі  тиіс.  Аталмыш  ережелер  мен  тиымдар  отбасынан,  балабақшадан  басталуы  тиіс. 
Себебі, бүгінгі бала  келешекте мемлекеттік қызметші болуы мүмкін. 
Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлықты шешу жолдары: 
- барлық қызмет түрлері мен ақпарат алу жолдарын қарапайым әрі қолжетімді ету
- әлеуметтік аз қамтылған халықтың жағдайын жақсарту; 
-  лайықты  еңбекақы  төлеу,  яғни  қарапайым  жұмысшылардың  жалақысын  мемлекеттік 
қызметшілердің  жалақысымен  тең  дәрежеде  жоғарлатып,  әлеуметтік  төлемдер  мен  зейнетақы 
төлемдерін көбейту қажет. 
Қазақ елі – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекетте өмір сүруге лайық!
                                                 
1
   Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  18  қарашадағы  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы» 
Заңы. 
2
   Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.  1995  жылғы  30  тамыз.  —  Алматы:  «ЮРИСТ»  баспасы  (кейінгі 
өзгерту және толықтыруларымен). 
3
   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет негіздері: Оқу құралы. — Алматы, 2004. Б.7-10. 
4
   www.rmebrk.kz/journals/824/23709.pdf. 
5
   http://gtmarket.ru/ratings/corruption-perceptions-index/info. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет