Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.
Тұтастылық.Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.
Бірізділік.Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек. Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.
Уақыттылық.Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.
Бухгаптерлік есеп концепциясы мынаны айқындайды:
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат тұтынушыларға пайдалы болуы керек. Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат мүдделі тұтынушыларға пайдалы болуы үшін, ол сенімді де салыстырмалы болуы керек. Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпараттың пайдалылығын анықтайтын талаптарды ұйымның басшылығы бекітеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер 1.Бухгалтерлік есептің әдістері туралы не білесіз?
2.Бухгалтерлік есептің объектісі не?
3.Бухгалтерлік есепті реттеудің қандай жүйелері бар?
4.Бухгалтерлік есептің элементтері туралы не білесіз?
5 . Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?
6. Бухгалтерлік есептің қандай қағидары бар?
Лекцияның мақсаты: Бухгалтерлік баланстың формалары мен есеп жүйесіндегі құралу сатылары. Бухгалтерлік баланстың бөліктерін қарастыра отырып, активтер мен пассивтердің баптары бойынша бөлінуі. Шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсерін қарастыру.