3. Есеп қағидаларының жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есеп туралы әдебиеттерде оның қағидалары туралы сөз болып жүр. Қағидалар - бухгалтерлік есепті ғылым ретінде қалыптастыратын негіздер. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырған кезде қабылданған белгілі бір қағидаларға сүйенеді. Олар заң жүзінде бекітіліп, үйлестіруші ұйымдармен пайдалануға ұсынылады. Қағидалар бухгалтерлік есепің жалпы концепцияларының негізі болып, қаржылық есеп берушілікті пайдаланушылардың мүдделеріне қарай стандарттарды жасауға көмектеседі. Отандық тәжірибеде нормативті түрде бекітілген бухгалтерлік есептің төмендегідей негізгі қағидалары.
Үздіксіздік. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.
Есептеу. Бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте ақша қаржылары түскенде немесе төленгенде емес, табыстар пайда болғанда, шығындар қажет болғанда танылып, бейнеленеді.
Түсініктілік.Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.
Мағыналылық.Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.
Мәнділік.Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.
Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.
Байыптылық.Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.