Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі мен оның есебі



бет71/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103
2. Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі мен оның есебі. Жарғылық капитал — "жарғы" деген сөзден алынған — ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымнын атқаратын қызметінің тәртібі немесе актив қүндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай қүжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылықты акциялардың ара қатынасы, «Алтын акцияның» болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекетгік органдарда тіркеледі.
Егер бұрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім тіркеуге қабылданбауға тиісті. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалдық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, «Ноу-хау», негізгі құралдар, жер иелену құқығы және басқа активтер қабылданады.
Жарғылық қор өткізілген акциялардың тұрақты құны бойынша бағаланады. Сатып-өткізілген акциялар құнының олардың тұрақты құнынан артуы /құрылтай және эмиссиялық табыс / жеке көрсетіледі және акцияларды, олардың түрақты қүнынан төмен бағаға /акция курсы арзандаған кезде/ сатқан жағдайда пайда болатын айырмашылықтың өтеміне пайдаланылады.
«Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Берілген бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 – «Шығарылған капитал»,
5100 – «Эмиссиялық кіріс»,
5200 – «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»,
5300 – «Резервтер»,
5400 – «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)».
5000 «Шығарылған капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5010 – «Жарияланған капитал», мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;
3. Резервтік капиталдың есебі. ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күші бар Жарлығына сәйкес ААҚ жарғылық капиталдың 10% -нен кем емес мөлшерде өзінің резервтік капиталын құруға міндетті. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі жарғы мен белгіленеді. Өндіріс көлемінің өсуіне, құнсыздануға басқа да жағдайларға байланысты жарғылық капитал ұлғайған кезде резервтік капиталда соған сәйкес ұлғаюға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет