Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі



бет72/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103
Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады.
5300 «Резервтер» бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5310 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв», онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5330 – «Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
5340 – «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.


4. Акционерлік капиталды есепке алу есебі. Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылык. капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғам жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық(атаулы) құнына тең болады.
Барлык кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылык капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі қүқтарын қанағаттандырады:

  • дивидендтер алуын;

  • коғамды басқаруына қатысуын;

  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге катыса алатындығын.
    Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы)

акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта — акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет