Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Төленбеген капиталдын есебі



бет73/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
5. Төленбеген капиталдын есебі. Төленбеген капиталдын есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шот-та заңды және жеке тулғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
Жарияланған /белгіленген тәртіппен тіркелген/ жарғылық қор сомасына 5110 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоты-5010 “Жарияланған капитал” /акционерлік қоғамдарда/ және 5010-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» /серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде/ шоттары кредиттеледі.
Erep 5110 «Төленбеген капитал» шоты бойынша дебеттік қалдық өтелген болса, бұл кәсіпорын өз жарғылық қорын толығымен қалып-Іастырды деген сөз кредиттік қалдық акционерлер /құрылтайшы-лар/ енгізуге тиісті қаражат сомасын, яғни акционерлердің салым бойынша қарыздарын көрсетеді.
5010 шоты бойынша аналитикалық есеп айналымнан алынған акциялардың түрлері, сериялары және рет нөмірлері бойынша жүргізілуге тиіс.
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің шоттар жоспарындағы 5510 "Есепті жылдың пайдасы ( зияны)" және 5520 "Өткен жылдардың пайдасы
(зияны)". Бөлінбеген пайда көбейгенде 5510 шоты кредиттеледі. Ал, керісінше, бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян 5510 шотының дебетіне жазылады.
Акционерлерге дивидендті төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген табысының сомасы 5510 шотының дебетінен 5520 шотының кредитіне апарылады.
Есепті жылдың соңында барлық ұйымдардың бухгалтериясында «табыстар» және «шығындар» бөлімінің шоттары 5510 шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмайды. Табыстар шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте табыстар шоттары дебеттеліп, 5510 шоты кредиттеледі. Ал шығындар шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте 5510 шоты дебеттеліп, шығын шоттары кредиттеледі. Осы операциялардың қорытындысы бойынша 5510 шоттың дебеті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебетіндегі сома артық болған жағдайда шаруашылық субъектінің ағымдағы жылы зиян шеккендігі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда шаруашылық субъектінің ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет