Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет53/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 ж.
2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
4. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 т.Алматы, 2009.
5.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.
6.Сейдахметова Ф.С. Қазілгі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008, 500 бет.


Дәріс №7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Дебиторлық борыштар деген не?


2. Күдікті дебиторлық борыштар туралы не білесіз.
3. Алдағы кезең шығындарына қандай шығындар жатады?
4. Берілген аванстардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?


Лекция 8 Қорлар есебі


Дәрістің мақсаты: Тауарлық-материалдық құндылықтар және оның түрлері туралы түсінік беру, олардың өзіндік құнын анықтауды үйрету, тауарлық-материалдық құндылықтар құнын бағалау әдістерімен және есеп жүйелерімен таныстыру.


Негізгі қарастырылатын сөздер:тауар, дайын өнім, шикізат, шала фабрикаттар, аяқталмаған өндіріс, консигнация, тура және жанама шығындар, ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру, ФИФО, орташа құн, кезеңдік және үздіксіз жүйе, таза өткізу құны.


1. Қорлардың жіктелуі , түрлері және бағалау
2. Қорларды бағалау әдістері
3. Қорларды бағалау
4. Қорларға түгендеу жүргізу.


1. Кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін арналған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық- материалдық қорлар түріндегі активі болып табылады.
Олардың өндірістік құралдарынан өзге заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан көбі еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттар өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есепке алудың міндеттеріне келесілер жатады:
- дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында есепке алып, кірістеу немесе есептен шығару;
- қоймадағы материалдардың және жеткізу кезінде материалдардың сақталуын бақылау;
- материалдық қорлардың қалдығының дұрыс сақталуын тексеру;
- материалдардың өндірісте пайдаланылу нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау;
- өндірісте материалдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау;
- дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтау және олардың жоспарлы бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Ұйымдардағы қорлардың есебі ҚЕХС №2 «Қорлар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
Тауарлық- материалдық қорлар түрінде көрстелген активтердің үлкен бөлігін өнімдерді дайындауда, қызметтер мен жұмыстарды орындауда пайдаланылатын материалдық бағалықтар құрайды.
Материалдар өндірісте өндіру, қайта өңдеу немесе дайындау үшін, немесе басқадай қажеттіліктер үшін арналған.
Материалдық бағалықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың қажетті алғы шарты материалдардың іс жүзіндегі жіктелуін сақтау болып табылады. Қорлар келесідей жіктеледі:
сатылып алынған тауарлар;
қайта сатуға аранлған мүлік (ғимарат, үй, транспорт және басқалары);
ұйыммен өндірілген және сатуға арналған дайын өнімдер;
шикізаттар мен материалдар;
аяқталмаған өндіріс;
басқа көмекші материалдар.
Тауарлық-материалдық қорлар есебі тек қана топтары бойынша емес, сонымен қатар әрбір атауы, түрі, мөлшері, сорты және т.б. бойынша жүргізіледі.
Дайын өнімге өңдеудің барлық кезеңдерінен өткен, техникалық және сапалық сипаттамалары қойылатын талаптарға немесе қойылым келісімінің шарттарына сай келетін өнімдер жатқызылады.
Тауарларға сату үшін алынған материалдық құндылықтар жатқызылады. Сауда, жабдықтау немесе басқа да делдалдық қызметтегі ұйымдар тауарлар құрамында, сонымен қатар өніммен жабдықтаушыларға қайтарылуға тиіс төленген көп айнымалы ыдыстарды есепке алады.
Материалдар өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай келесідей бөлінеді: шикізат пен материалдар; сатылып алынған жартылай фабрикаттар; отындар; ыдыстар; қосалқы бөлшектер; құрылыс материалдары; өңдеуге берілген материалдар және т.б.
Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.
Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.
Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін.
Қорларды ҚЕХС №2 «Қорлар» стандартына сәйкес есепте нақты өзіндік құнымен көрсетеді. Өзіндік құн тауар үшін төленген бағаны немесе оны өндіру үшін қажет соманы білдіреді.
Сатуға арналған қорлардың құны сатылған қорлардың құнының сомасына және түгендеудің үздіксіз немесе кезеңдік әдістері көмегімен кезең соңындағы қалған қорлардың құнына бөлінуі мүмкін.
Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық қорларды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: арнайы ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған қорлардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі.
Бұл әдістердің әрқайсысы алдымен ай соңындағы қалдықтарды материалдық бағалауды, одан кейін шыққан материалдық қорлардың құнын анықтауды болжайды. Соңғыларының құны кезең басындағы қорлар құнының жалпы бағасынан есеп беру кезеңінде түскен құнын қорлардың ескере отырып кезең соңындағы қорлар құнын алыптастау арқылы анықталады.
Материалдарды орташа құн бойынша бағалау кезінде сол есеп беру кезінде өндірісте пайдаланылған материалдардың жалпы құны қорлардың әрбір құны бойынша орташа сатып алу бағасын материалдық сәйкес санына көбейту арқылы анықталады.
Материалдарды ФИФО әдісімен бағаланған кезінде бірінші шығарылған материалдық құнын есептен шығару көзделеді.
Арнайы сәйкестендіру бойынша бағалау әдісі әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын арнайы тапсырыстар мен жобаларға арналған материалдық бірлігінің өзіндік құнын есептеуді көздейді.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу 1300 «Қорлар» бөлімшесінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше шоттарында (1310-1317 шоттары) құндылықтардың төмендігідей түрлері есепке алынады:
1310 «Шикізат және материалдар»- өндірілетін өнімнің негізін жасайтын немесе оны дайындаудың компоненттері болып табылатын шикізат пен материалдар. Сондай-ақ, осы шотта мұндай өнімді жасауға қатысатын және шаруашылық мүдделеріне, техникалық мақсаттарға арналған және өндіріс барысына атсалысатын көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшктер»- өндірістік кооперация тәртібі мен өндірілуші өнімді жабдықтау үшін алынған және өндіруге немесе жинауға шығындарды талап ететін сатып алынған жартылай шикізаттар мен дайын құрастырушы бұйымдар.
1312 «Отын»- мұнай өнімдерінің, қатты және басқа отын түрлерінің бәрін есепке алады. Мұнай өнімдеріне көлік құралдарын пайдалану үшін, өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне, қуат және жылу алу үшін пайдаланылатын жанар-жағар майдың барлық түрлеріне, яғни көмір, шымтезек, ағаш, сексеуіл жатады. Отынның басқа түрлерін газ отыны, жанатын тақта тас құрайды.
1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдарға»- жабдық-ыдыс және шаруашылық мүліктері (цистерналар, бөшкелер, флягалар) сияқты пайдаланылатынан басқа ыдыстардың бәрі, соның ішінде ыдысты пайдалану мен жөндеуге арналған(жәшіктерді құрастыратын бөлшектер, бөшкелік жапсырма, дөңгелек темір) материалдар мен бөлшектер де кіреді.
1314 «Қосалқы бөлшектер»- машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдары мен техниканың басқа түрлерінің (детальдар, агрегаттар, аккумуляторлар, автомобиль шиналары) тозған бөліктерін ауыстыру, жөндеу үшін арналған қосалқы бөлшектерді.
1315 «Басқа материалдар»- өндірістің жарамсыз қалдықтары, негізгі құралдарды жоюдан алынған құндылықтар, тозған шиналар, ескі резиналарды.
1316 «Қайта өңдеуге берілген материалдар» - басқа жаққа қайта өңдеуге берілген және қайта өңдеуден кейін алынған бұйымдардың өздік құнына енгізілетін материалдарды;
1317 «Құрылыс материалдары» (құрылыс салушы кәсіпорындар пайдаланылады) – құрылыс бөлшектерін дайындау үшін, құрылыс және монтаждау жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде пайдаланатын құрылыс материалдары. Бұл шоттар құрылыс қажетіне керек басқа да құндылықтар есепке алынады. Мысалы: қопарғыш заттар, қағаз.
1300 «Қорлар» бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша – олардың жұмсалуын көрсетеді.
Материалдық қорлардың келіп түсуімен, орын ауыстыруы және баосатылуымен байланысты барлық операциялар сәйкес алғашқы құжаттармен толтырылады. Материалдық қорлардың қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талап тапсырмалары, тауарлық көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцепке қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бас тартуды жедел түрде бақылауға арналған.
Тауарлық-материалдық қорлар бойынша қабылдау техникалық жағдайларына және басқа да міндетті ережелері мен келісімдерге сәйкес жүргізіледі.
Көлік ұйымдарынан жүктерді қабылдап алу кезінде ең алдымен тасымалдау кезіндегі жүктердің сақтығын: көлік құралдары немесе контейнерлерде пломбалардың дұрыстығын және бар болуын, олардағы белгілердің дұрыстығын, көлік құралдары мен ыдыстардың дұрыстығын, сонымен қатар жүктердің және олардағы маркировкалардың көліктік құжатта көрсетілгендерімен сәйкес болуын тексеру қажет.
Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет