3. Қүмәнді дебиторлық берешекті есепке алу тәсілдері. Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар – ҚР-ң заңды және жеке кәсіпкерлері – резиденттеріне, сондай-ақ ҚР-да тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тлғалар- резидент емесьерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және ҚР-ң заңдарына сәйкес салық төлеуші- дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.
Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі «Табыс» 5БЕС-мен және оған «күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі» атты әдістемелік ұсыныстармен реттеледі.Күмәнді борыштарды бағалаудың 2 тәсілі бар: өткізу, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің проценті тәсілі; төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі.
Вексель- бір жақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты. Вексельді шығару мен айналым тәртібі ҚР 28.04.1997 ж. № 97-1 «ҚР-ғы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі.
Жай вексель (соло) – вексельберушінің алғашқы талабы бойынша төленетін еш нәрсесіз алдын-ала шартталмаған міндеттемесі бар векселі немесе белгілі бір уақытта вексель ұстаушыға вексельде көрсетілген ақша сомасын болашақта төлеу.
Аударылатын вексель (тратта) –вексель берушінің (трассанта) еш нәрсесіз алдын-ала шартталмаған ұсынысы бар вексельді үшінші тұлғаға (трассата), төлеуге бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не болмаса вексельде көрсетілген ақша сомасын талап ету бойынша вексель.
Коммерциялық (тауарлық) вексель –сатып алу-сату мәмілесі негізінде берілген вексель.Вексельдер бойынша бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңмен, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспарымен ҚР Қаржы министрлігінің 07.02.2001 ж. № 23-2-2-6/63/1510 «вексельдік операциялардың бухгалтерлік есебі туралы» хатымен реттеледі.
3. Субъект қызметкерлеріне кассадан шаруашылық шығындарына және іс сапар бойынша шығындарға берілетін ақшалай аванс есеп берілетін сома деп аталады. Ақша бойынша есеп айырысуда қызметкерлердің іс сапарларына байланысты шығындарды өтеуін мынадай мөлшерлері белгіленген Салық кодексінің 93 бап 1 тармағында басшылыққа алынды:
пәтер- тұрақты жалға алуды төлеу – тиісті құжаттармен расталған, орын сақтағаны үшін төлем де кіретін, іс жүзінде шыққан шығындар бойынша;
ҚР шегіндегі іс сапарда болған әрбір күн үшін тәуліктің төлеу мөлшері тәулігіне екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек;
Іс сапар орнына бару мен қайтаруға іс жүзінде шыққан шығындар, бұған орын сақтағаны үшін төлеу де кіреді – тиісті құжаттармен расталған нақты сомада төленеді;
ҚР-нан тыс жерлерге іс сапарда болған әрбір күн үшін төленетін тәуліктілікті төлеу- ҚР Үкіметі белгіленген мөлшерлер шеңберінде.
Қызметкерді іс сапарға жіберу үшін субъект басшысы іс сапардың орны мен мерзімі ескертілетін бұйрық шығарады. Бұйрық негізінде қызметкерлерге іс сапарлық немесе № 1а формасымен беріледі және іссапарлық сома есебі жүргізіеді.
Есеп беру үшін берілген аванс сомасын заңда белгіленген мөлшерге сәйкес жолақы, тәуліктік, пәтерлік ұндарды алдын-ала есептеу бойынша анықтайды. Алынған ақшаны тек берілген мақсатқа жұмсауға рұқсат етіледі. Есеп беретін адамдар белгіленген мерзімде ақтаушы құжаттарды тіркеп, іс жүзінде жұмсалған сома жайлы есеп тапсыруға міндетті. Іс сапарға шыққан шығындар жайлы есеп іс сапардан келген соң 3 күн ішінде ұсынады. Аванстың ұсталмаған сомасын есеп беруші адамдар кассаға қайтарады.
Бухгалтерия субъект басшысы бекіткен аванстық есептерді тексереді және шығындарды анықтайды.