Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі



бет60/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.
Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.
Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Әділ құнытәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.
Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС №16 «жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар» стандарына сәйкес жүргізіледі.
Инвестициялар – белгілі бір табыс алу мақсатында өндіріске және бағалы қағаздарға бос ақша қаржыларын салу. Инвестициялар нақты және қаржылық болып бөлінеді. Нақты инвестициялар - өндірістік негізгі капиталға, шаруашылық қызметтің объектілеріне күрделі қаржы салу. Қаржылық инвестициялар – мемлекеттің, кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына салымдар. Нақты инвестицияларды іске асырғанда салымшы өзінің өндірістік капиталын кеңейтеді, ал, қаржылық инвестициялар салатын болса қаржылық капиталын өсіреді. Нақты инвестициялар қозғалмайтын мүлікпен байланысты. Қозғалмайтын мүлік – заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жер және табиғи ресурстар, жерге бекітілген және соған байланысты мүліктер.
Бұған қоса тікелей және жанама инвестицияларды ажыратуға болады. Жер учаскелерін сатып алу,өндірістік құпиялардың құқығы, жаңа технологияларға куәліктер де инвестицияның бір формасы болып табылады.
2. Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманын, жабдықтардың және тағы басқа есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге-тапсырушы цехқа беріледі.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманынан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен құны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда жүргізіледі.
Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:
2410 «Негізгі құралдар»,
2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы»
Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады. 2500 бөлімше биологиялық активтерге берілген.
Негізгі құралдар деп танылатын түсуші материалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың бастапқы құны 2400 шоттардың дебеті бойынша және 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесі шоттарының (есеп айырысу түріне және төлену көзіне байланысты) немесе 3310, 3390, 4110, 4170 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі.
Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шоттардың дебеті және 5110 “Төленбеген капитал” шотының кредиті бойынша көрсетіледі, ал акционерлік емес кәсіпорындарда 5030 «Салымдар мен жарналар» шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен тегін алуы кезінде 2400 «Негізгі құралдар» шоттары дебеттеліп, 6230 “Мемлекеттік субсидиялардан табыстар” шоты кредиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шоттардың дебеті және 6200 “Басқадай табыстар” шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді жал жағдайында негізгі құралдардың құны сәйкес шоттардың 2411-2417 дебеті бойынша және 4150 «Жал бойынша ұзақ мерзімді қарыздар» шотының кредиті бойынша кіріске алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет