Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет46/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   153
4.3. Суда еритін витаминдер
Суда еритін витаминдер өте көп. Оларға: В витаминдер тобы
С, Р витаминдері, инозит жатады. В витаминдер тобына 15-тен 
астам зат кіреді, олардың бəрінің молекуласында азот бар. В ви-
таминдер тобына жататындар В
1
, В
2, 
В
3,
В
5
, (РР), В
6,
В
12,
В
с,
В
15
витаминдері жəне басқалар.
В
1
 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин). 
Пиримидин жəне тиазол сақинасы В

витамині молекуласының 
негізін құрады. Ол екі сақина метилен тобы (-CH
2
) арқылы бай-
ланысады.
В
1
витамині молекуласында күкірттің жəне амин тобының бо-
луы оны тиамин деп атауға негіз болды.
Тиамин кристалдық жағдайда түссіз ине тəрізді тұз қышқыл- 
ды тиамин түрінде алынады (С
12
Н
17
NOSCl·HCl). Тиамин суда 
жақсы ериді, этил спиртінде нашар ериді, эфирде ерімейді. Тиа-
мин пирофосфат кофермент есебінде ферменттер құрамына енеді.
Тиамин ағзада тиаминпирофосфатқа (ТПФ) айналады. Ал 
тиаминпирофосфат пируватдегидрогеназаның, α-кетаглу 
тарат-
гидрогеназа жəне транскеталаза ферменттерінің просте тикалық 
тобы. 
Бұл ферменттер кетоқышқылдардың декарбоксилденуіне қа-
тысады. Мысалы, пируватдегидрогенеза жануарлар ұлпасында 
пирожүзім қышқылын ацетилкоферментке дейін тотықтырып, 
декарбоксилденуіне жəне СО
2
бөліп шығаруды катализдейтін 
мультиферментік жүйеге қатысады.
В
1
авитаминоз дерті кезінде миға жəне қанға мето қыш қы-
лы жиналады, ол нерв тармақтарын ісіндіріп ауыртады, денені 


97
құрыстырып, тырыстырады, параличке, сал ауруына ұшы рата ды. 
Бұдан өзге жүрек жүйесінің зақымдалуы байқалады, жү 
ректің 
соғуы жиілейді жəне жүрек бұлшық еттері ұлғайып, гипер-
трофияға ұшырайды.
В

авитаминозы кезінде қарында жəне ішекте сөл бөліну на-
шарлайды, асқазан қабырғасында тұз қышқылының түзілуі тоқ-
талады. Осылардың салдарынан асқа деген тəбет жойылады. 
Ағзадағы осы аталған жайсыз өзгерістер онда ТПФ коферменттің 
активті тобы тиаминнің жеткіліксіздігінің, көмірсулар алма суы-
ның тотықпаған өнімдері жиналуынан болады.
Тиамин өсімдіктер тектес өнімдер, əсіресе оған бидай күріш, 
қара бидай дəндерінің қабығы, ашытқы бай келеді. Жануар тек-
тес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұ-
мыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет