Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет87/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   224
Байланысты:
биохимия

Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ), жасушадағы барлық РНҚ-ның 
10% шамасындай. тРНҚ молекуласы құрамына 70-84 нуклео-
тид кіреді, оның м.м. 25000-30000. тРНҚ құрамынан қалыптан 
тыс минералды азотты қалдықтар деп аталатын қосылыстар 
табылған. тРНҚ қызметі - белсендірілген амин қышқылдарын бе-
лок синтезделетін орынға жеткізу. Жасушада 50-ге жуық тРНҚ 
бар, амин қышқылының саны 20 ғана екені белгілі. Демек бір 
амин қышқылын екі немесе одан да көп тРНҚ тасымалдайды.
Рибосомдық РНҚ. РНҚ түрлерінің сан жағынан ең көбі. 
Бұл рРНҚ-ны басқа РНҚ түрлерімен салыстырғанда, оның 
молекулалық массасы да ең үлкен. Эукариотты жасушалардан 
төрт типті рРНҚ табылған, олар белоктармен қосылады. Ри-
босомаларда ДНҚ-дан мРНҚ хабар алып, бағдарлама бойын-
ша белок синтезіне жұмсайды. Рибосома дегеніміз – жасуша 
цитоплазмасының глобулярлы бөлігі, сүтқоректі жануарларда 
рибосомалардың диаметрі 20-30нм. Олардың құрылымы күрделі, 
үлкендігі, пішіні жəне химиялық құрамы əртүрлі екі суббөліктен 


126
құралады. Рибосомалардың суббөліктерге бөлшектенуі жəне 
олардың тұтас рибосома болып бірігуі, белок синтезінің белгілі 
кезеңінде жасушада жүзеге асады.
Рибосомдық РНҚ (рРНК) молекулалық массалары үлкен 
шамамен сипатталады, 550000–700000 рибосоманың 30–40S 
суббөліктерінде, 1,1·10,

– 1,7·10
6
 рибосоманың 50-60S суббөлік-
терінде, бірақ 5S рРНҚ-ның салмағы 40000 Д (S – Сведберг 
өл 
шемі, седиментация (тұндыру) коэффициенті деп аталады) 
(11-сурет) . 
Рибосома – нуклеопротеидтерден тұратын органелла, белок 
синтезінің жүруін қадағалайды,
Рибосомалар көпшілігінде цитоплазмада орналасады, ал ми-
тохондрия матриксінде, стромада т.б. рибосома аз мөлшерде 
кездеседі. рРНҚ сан жағынан РНҚ түрлерінің ішіндегі ең көбі, 
оның молекулалық массасы да ең үлкен. Эукариоттық жасуша-
ларда төрт типті РНҚ табылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет