Жыр айта ма осылай?!(Жамбыл). 5Көркем шығармалардың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады: Екі қыз бұл хабарға өте куанышты жүргенде, қысқаша жазылған хатта келіп қалды: “Бұл хатты партиялық билетімді қалтама салып алып жазып отырмын, - деп жазыпты ол,- жеке ісіме жазылатын қатты сөгісім бар, оны ісіммен алдыруға сенем...” (Мұқанов). 6.Дәйексөз (цитат) тырнақшаға алынады. Мысалы: Бұл жөнінде М.Горькийдің әр заманда, әр ортада ескі ертегінің жаңғырып, өскелеңдеп, өзгеріп отыратыны турасында айтқан пікірін еске аламыз:“Ой мәдениеті мен халық шығармасын өсірудекөне ертегілерді әр жыныстың, ұлттың, әр таптың өзгертіп, қосымша жасап қолдануының рөлі өзгеше болғанына күдіктенуге болар ма екен”(М.Әуезов). § 118. Мақалдар да тырнақшаға алынады, бірақ оның алды- артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды. Мысалы: “Салыстырудың қай-қайсысы да кемшіліксіз болмайды” дейді неміс мақалы. “Қалауын тапса, қар жанады” деген мақал - үлкен философия (Ғ.Мұстафин). “Ит маржанды неғылсын” деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар (Абай). “Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан” деп еді, бұл ырыс әкелген күйеу болды ғой! - деп куанысты жұрт (С.Мұқанов). § 119. Біреудің сөзі мағына жағынан сөйлемге жанастырыла алынады. Олар да тырнақша арқылы жазылады, бірақ алды-артынан төл сөзге тән тыныс белгілері қойылмайды және кіші әріптен басталып жазылады: Қазірде де кейбір талантты жазушылар қаламынан шыққан, мақал-мәтелдерге ұқсас, әрі нәрлі, әрі көркем, “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерліктей” сөз түйдектерін кездестіруге болады (К.Аханов). Бұл сөйлемдегі тырнақшаға алынған сөздер Абайдікі.
Шілденің жиырма бірі күні Балтық Лепірді әлденеге тасып, шалқып. “Арыстанның жалындай бұйра толқын