Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет63/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

8. ТЫРНАҚША


§ 52. Дәйексөз тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты қараңыз).
Алынған дәйексөз бірнеше азатжолдан құралған болса, әр азат жол бөлек-бөлек тырнақшаға алынбайды. Тырнақша дәйексөздің басталған жерінен ашылып, біткен жерінен бір-ақ жабылады.
§ 53. Шығарманың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты қараңыз).
Кейде тырнақша хаттың әрбір азатжол сайын ашылып отырады да, ең соңынан барып бір-ақ жабылады. Бұл - өте сирек қолданылатын ереже. Мысалы, С.Мұқановтың “Ботагөз” романындағы Асқардың, Кенжетайдың хаттары:
«Ботагөз!..
Амантайі..
Екеуіңнің аттарыңды қағазға түсіргеннен кейін, аяғына не сөз қосарымды білмей, бірнеше минут дағдарып отырмын»...
Сен берген аманатты Сағит қолыма тапсырды...(осылай кете береді де, тырнақша ең соңғы Омбы 1919 жыл 6 каңтар дегеннен кейін жабылады.)
§ 54. Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты қараңыз).
§ 55. Объект етіп алынған жеке сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері, сондай-ақ әріптер, буындар тырнақшаға алынады:
Енді шұбар” деген сөзге “жаман” қосылып, “Жаман шұбар” аталу тарихынан (С.Мұқанов) “Жаз шықты” деген сөйлемнің бастауышы - “жаз”. Дауысты “а” дыбысы - жуан дыбыс. “Ат” - көп мағыналы сөз.
Тарақ” деген сөздегі “та” буыны - ашық буын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет