Мұнда да тырнақшаға алынған сөздер Абай өлеңінен алынған. § 120. Де (деп, деген, деді, дейтін, дейді т.б.) етістігі келген сөйлемдердің бәрінде де төл сөз бола бермейді; олар мыналар: а) Деп, дегеніміз деген сөздер бастауыш пен баяндауыштың арасында дәнекер болып келеді. Мысалы: Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білу. Синекдоха деп газ мағынасының бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкенніц орнына кішіні қолданудың және керісінше қолданудың негізінде ауысуын айтамыз. ә)Дейміз, деп аталады, деп атаймыз деген сөздер күрделі баяндауыштың құрамында келеді. Мысалы: Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздерді омонимдер дейміз. Ғылыми жорамалдар гипотеза деп аталады. Қышқылдардың және сілтілердің әрекетінен түсі өзгеретін заттарды индикаторлар деп атайды (“Химия” оқулығынан). б) Деген деген сөз өзінің аддындағы сөзбен қосақталып, күрделі мүшенің құрамында тұрады, ондайда деген тұлғасы “деп аталатын, (біреуге не бірдемеге) арналған” деген сөздердің мағынасын береді. Мысалы: