Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет53/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Осындай орасан сұлу табиғаттың құшағында туып, балалығын Шортандының түпсіз терең көліне сүңгумен, меруерттей құмына аунаумен, текшелі тастарына өрмелеумен өткізген Асқар ер жеткен соң туған тауының сұлулығымен қанағаттанбайды (С.Мұқанов). Бұл шақтарда недәуір қартайып қалған Ұлжан баласының жүзінен көзін алмай, коп карады (М.Әуезов). Кенжетай келді деп ойлаған Ботагөз оны қарсы алмақ боп үйден шықса, есік алдында Айбала жүр екен (С.Мұқанов).
Өлеңдерде, көбінесе, тармақтың соңы паузамен айтылады, бірақ тиісті жерінде болмаса, тармақ (жол) сайын үтір қойыла бермейді. Мысалы:
Әп-сәтте оған әсем аққу
Тағы шашып бүрікті су (А.С.Пушкин)


Бар тәнін жұлдыз жапқан барқыт түнде
Комбайнға күзетші шалмен бірге
Далада отырдым мен. Құлағымды
Бірдей сап шал сөзіне, баска үнге (С.Мұқанов)


§ 112. Тізбек сонда, соншалық, сонша, сондай, сол, мынау, мынадай, себебі деген сөздермен аяқталып, әрі қарай өз алдына сөйлем болып кетсе, бұл сөздерден кейін қос нүкте қойылмай, сызықша қойылады. Мысалы:
Горькийдің данышпандығы сонда - ол өз заманының негізгі мақсатын, міндетін терең және толық түсіне білді. Мақал-мәтелдердің ықшам болатын себебі - олар келелі ой, кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен айтып, “тоқсан ауыз сөзді тобықтай түюі” керек. Қойнына салған хаттың оған ыстықтығы сонша - төс қалтасында қағаз емес, тірі Дәулеттің соғып тұрған жүрегі сияқты (С.Мұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет