Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет66/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Көзүндей жас ботаның.
Құшақтаймын толқұнын,
Құуанышқа батамын.
Жағадағы тал ғұрақ
Өзүн содан көрөді.
Қозұлардай жамырап,
Құстар ұшұп келеді.
Күлүмсүреп күн гүндүз,
Көг аспанды шолады.
Кешке ғарай көб жұлдұз
Кеудесіне қонады.
Әлдилейді майда жел,
Таң нұрланыб атады.
Тербетіліп айна гөл
Жерде аунап жатады.


Мұнда тұнып, көзіндей, тал құрақ, өзін, көреді, қозылардай, ұшып, күлімсіреп, күн күндіз, көк аспанды, кешке қарай, көп жұлдыз, нұрланып атады, айна көл деп жазылған сөздердің өлең тексінде келгендегі дұрыс айтылуы (оқылуы) көрсетілді. Егер тәрбиеші өлеңнің осы көрсетілген тұстарын жазылған түрінде оқыса, ол сөз сазынан үлкен қате жібереді, өйткені мұнда еріндік дыбыстар үндестігін де, қатаң дыбыстардың ұяңдайтын сәттерін де ескеру қажет.
Балаларға жасы өсіңкіреген кезде (5-6 жастарында), әсіресе мектеп жасында Абайдың табиғат туралы немесе “Аттың сыны” сияқты өлеңдерінен үзінділер оқып, жаттатуды дағдыға айналдыру қажет, өйткені Абай өлеңдері әуенді (музыкалы) болып келеді, ол әуенді бұзбас үшін, өлең сөздерінің бір-біріне үндесетін сазын сақтап айту керек. Мысалы, “Жаз” деген өлеңінен мына бір үзіндіні былайша оқыған дұрыс (бір деммен айтылатын сөздерді қосып жібердік, ал жазуда бұлар түбірлері сақталып, бөлек-бөлек жазылады, мысалы, көшіп ауыл, ұшып тұрса т.т.):


Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарыбөсүп толғанда.
Күркүрөб жатқан өзеңге
Көшүбауыл коңғанда.
Шұрқұраб жатқан жылқының
Шалғыннан жонұ қылтылдап.
Атайғырлар, бійелер
Бүйүрү шығып, ыңқылдап,
Сұуда тұрұп, шыбындап,
Құйрұғұмен шылпылдап.
Арасында кұлұнтай
Айнала шауұп бұлтұлдап.
Жоғары төмөн үйрекқаз
Ұшұптұрса сылпылдап.


Бұл үзікте еріндік үндесуімен келген сөздердің шоғырланып келуі өлеңнің бірыңғай дыбыс үнін сақтауды, сол арқылы белгілі бір әуезбен айтылуын қажет етіп тұр. Бұл әуенді сақтамасақ, өлеңнің музыкалық бояуы жоғалып, құлаққа түрпідей тиер еді. Міне, осы жайттарды мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатындар ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінен бастап, даярлық кластардың мұғалімдері, тіпті 1, 2-кластарда сабақ беретіндер, оларға арнап оқу-методикалық құралдар ұсынатын авторлар жақсы біліп, ескеріп, кеңіл аударулары өте-мөте қажет.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің ана тілімізде жүргізілуі енді ғана қолға алына бастағандықтан, әлі көп нәрсе жоқ екендігі мәлім. Бүлдіршіндерге қазақ тілінде оқитын елеңдердің, айтатын ертегі- лердің өте аз екендігі, кейбіреулері баланың жасына, танымына, психологиясына сай еместігі, дидактикалық материалдардың, методикалық құралдардың кемшіні - осылардың барлығы, соз жоқ, баланы ана тілімізде тәрбиелеуде салқынын тигізетін жайттар. Дегенмен баланы қазақ тіліне баулуда бірнеше міндетті қатар атқаруға тура келеді. Солардың бірі және бүгінгі күнде ақсап жатқан саласы - созді дұрыс айту болса, ауызша сойлеу барысында создерді дұрыс дыбыстауға үйретуді бір сәт коңілден шығаруға болмайды.
Адамның тіл үйренудегі, ана тілін жақсы игерудегі келесі баспалдағы -мектеп.Мектептің алдыңғы сатыдан үлкен айырмасы - мұнда тілді игеруде тек үлгі көрсетіп, ауызша түзетіп отырмайды, сонымен қатар тіл заңдарын оқытып үйретеді. Ол заңдардың ішінде, әрине, сөзді дұрыс айту қағидалары да бар. Үндестік заңдары деп аталатын құбылыстың мектепке төменгі кластардан бастап оқылатыны мәлім. Бірақ тағы да, өкінішке орай, ережені оқытып жаттатуымыз бар да, оқушылардың сөйлеу үстінде оларды қалай сақтайтынын қадағалап отыру бар. Міне, осыған көңіл бөлушілік шамалы тәрізді. Қай пәннен болса да, оқушы тақырыптың мазмұнын толық, бұзбай айтып берсе, баға көбінесе осы дәрежеге қарап қойылады, ал сол тақырыпты баяндау барысында сөздерді қалай дыбыстап тұрғаны көбінесе ескерілмейтіндігі байқалады. Оған он жылдық қазақ мектебін, төрт-бес жылдық институттар мен университеттердің қазақ бөлімдерін бітірген диктор, комментатор, журналистердің көпшілігінің үндестік заңдарын сақтамай, бір қатар, бұл күнде, қол қойды, жез қазған деп қа-қақалап тұратындары куә.
Қазақ мектептерінде әлі күнге дейін тіл мәдениеті деген проблемаға жеткілікті мән берілмей келеді. Қазақ тілін оқыту бағдарламасында бір кездерде “тіл мәдениеті” деген тақырып енгізілгенмен, кейін ол алынып тасталыныпты, яғни бұған арнайы сағат бөлінбей, оның міндеті “Тіл ұстарту” деген бағдарламаға жүктелген сияқты. Бірақ оқулықтардағы “Тіл ұстарту” дегенге берілген материалдар бірер беттік қана екі-үш тапсырмадан тұрады (мысалы, 8-класс оқулығын қараңыз), түсіндіру деген жоқ. Сонда оқушы тіл ұстартатын, яғни тіл мәдениетіне баулитын бұл тапсырмаларды (онда да бұлар мақсатқа сай келіп жатса) қалайша орындайды? “Тіл ұстарту” бөлігінің бағдарламада көрсетілген міндеті дұрыс-ақ: “Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы негізінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, ой өрісін кеңейту, дамыту және өз ойын анық, дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білу жолдарына баулу мақсаты көзделеді” дегенді оқимыз. Бірақ әңгіме осы мақсаттың орындалу сапасында, амалдары мен әдістерінің әлсіздігінде, тіл мәдениетіне баулудың нақты көрнекі, материалды негізде жүргізілмейтіндігінде және осы шараның тек тіл дамытуға арналған сабақтарда ғана емес, 10-11 жылдық оқу процесінің бүкіл барысында, барлық пәндерді оқыту үстінде үзбей қолданылмайтындығында.
Сөз мәдениеті, дұрыс сөйлеу мәдениеті, сауатты жазу дағдысы дегендерді тек бөлінген сағатгың бойында ғана үйреніп шығуға бол­майды. Тіл мәдениетін, сөзді дұрыс қолданып, дұрыс дыбыстап, дұрыс жазу дағдысын мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, оны бітіргенге дейін (тіпті одан кейін де) үзбестен игертуді тек тіл мен әдебиет пәні мұғалімдері ғана емес, барлық пәннен сабақ беру- шілер сезініп, күш жұмсағанда ғана ана тіліміздің табиғи қасиетін, ғасырлар бойы жиналған мол қазынасын, бабалар қалдырған көркемдік құдіретін сақтай аламыз. Әсіресе бүгінгі осал тұсымыз - сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс айтпау, яғни орфоэпиялық норма- ларды білмеу, оған мән бермеу сияқты кеселдерден арылуға ең ал- дымен мектеп күш салуы керек. Ол үшін сөзді сазына келтіріп айта білуді мұғалімдердің өздері жақсы меңгерулері қажет болса, әзірге бұл саладан олардың қолдарывда арнаулы құралдар да шамалы. ¥сы- нылып отырған құрал мұғалімдердің осы қажеттігін өтейтін орфоэ- пиялық анықтағыш болмақ. Бұл ережелер тек қазақ тілі пәнін оқыта- тындар үшін ғана емес, барлық пәндердің мұғалімдері үшін де кол- дан түсірмес күнделікті комекші кұралы болуы тиіс.
Адам орфоэпиялық нормаларды, олар жөніндегі ережелерді негізінен жаттау арқылы емес, құлақпен тыңдап, үйрену арқылы игереді. Бұл ретте күнде тыңдайтын радионың, теледидар үнінің және сахнадан естілер сөздер мен әндерд і ң орны айрықша. Бұлар сөйлеу барысында сөздерді дұрыс айтуға үйрететін нағыз ұстаздар болуға тиіс. Сахна қайраткерлері мен радио, теледидар қызметкерлеріне тілге келгенде қойылатын талап - айтылмақ сөздін (бұл жердегі “сөз” деп отырғанымыз жеке сөздер емес, жалпы айтылмақ ой, хабар т.т.) анық және әсем болуы. Анықтықты актерлер, әншілер, дикторлар, негізінен, сөйлеу техникасын жетілдіру мен сөз логикасына көңіл қою амалдары арқылы қамтамасыз етсе, әсемдік пен әсерлілік, негізінен, сөзді дұрыс әрі көркемдеп айту арқылы жүзеге асырылады. Ал құлаққа естілер сөздің көркем айтылуы дегеніміз оның үнді, әуезділігі (музыкалылығы). Үнділік сөйлеу үстінде дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, тілдің табиғи дыбыс заңдарына бағынып айтылуы арқылы пайда болады. Дыбыстар әуезін (гармониясын) сақтау - сахна сөзі мен радио, теледидар сөздеріне мамандық тұрғыдан қойылатын талаптардың бірі.
Тіл жайындағы әңгіме бүгінгідей арнайы көтерілмеген күннің өзінде де қазақ сахна өнері мен радиосының өмірге келген алғашқы кезендерінде қазақ сөзі бұларда негізінен дұрыс, көркем түрде айтылып келді. Қазақ сахна шеберлерінің алғашқы буындары өз мамандықтары бойынша білім-ғылымның теориялық жағын оқып білмесе де, қазақ тілінің ана сүтімен кірген нормаларын іштей түсініп, тілдің табиғи үйлесімін бұзбай айта білген, сөз арқылы жететін өнерді көрерменге (тыңдаушыға) жақсы ұсына білген. Ал соңғы кезеңдерде бұл орайда бірнеше объективті-субъективті себептермен тыңдаушыларды да, педагог, режиссерлерді де, әсіресе тіл мәдениетін қадағалаушы ғалымдарды да алаңдатар жайттар пайда бола бастады. Олар:
1) драма актерлері мен опера және эстрада әншілерінің, сондай-ақ радио мен теледидар дикторларының, комментаторларының, жергілікті тілшілерінің, кинодубляж жасаушылардың қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың үндестік заңдары - сингармонизм заңдылықтары деп аталатын табиғи гармониясын (үйлесімін) сақтамай, бұзып айтулары;
2) сөйлеу үстінде болатын логикалық паузалар, яғни ой екпіні түскен сөздерді сәл кідіріп, бөліп айтуды немесе сөздердің мағыналық топтарына қарай қажет жерінде оларды айрықша бөліп, я болмаса ұластыра қосып айту сәттерін біле бермеу;
3) “қос қанаттың сыңары” деп келген орыс тілінің әсеріне байланысты кейбір қазақ тілі дауыстыларын сәл өзгертіп (орыс тіліндегіше) айту фактісі;
4) әрбір сөйлемнің мағыналық интонациясын тап баса алмағандықтан, оның ішіндегі сөздерді дұрыс айта алмаушылық;
5) қазақ сөздеріндегі жіңішке дауысты дыбыстарды кейбір әншілердің жуандатып (айтеуыр, саулем, саулем, саулемсың) немесе, керісінше, жуан сөздерді жіңішкертіп айтулары (мені сүйген бір әдәм бар) т.т.
Әрине, бұл көрсетілген кемшіліктер мен ағаттықтардың орын алу себептері біреу емес, бірнешеу. Ең алдымен, жоғарыда айтылған проблема алдымыздан тағы шығады, яғни күні бүгінге дейін қазақша тіл мәдениетіне, орфоэпиялық норма дегендерге, логикалық екпін, логикалық паузаларды дұрыс сақтай білуге отбасы мен балабақшадан бастап, тіпті институт, университеттерге дейін жеткілікті мән берілмей келе жаткандығының салдары сахна, радио, теледидардан айтылатын сөзге де кері әсерін тигізіп отыр.
Екіншіден, қазіргі барша шаруамыз жазу арқылы жүретіні мәлім. Актерлар пьесадағы рөлдерін жазылған текст бойынша игеріп, жаттайды, әншілер де шырқайтын өлең текстерімен қағаз арқылы танысады, дикторлар да жазылған тексті алдарына қойып немесе көз алдында жылжып өтіп жатқан лентадан оқып отырады, радио хабарлары да көбінесе жазылған дүние бойынша айтылады (оқылады). Осыдан барып ауызша айтылған тексте жазба дүниенің ізі сайрап тұрады. Бұдан кейбір адамдардың орфоэпиялық ережелерді қаншама жақсы біліп тұрса да, оның көз жадында сөздердің жазылған түрі мықты сақталып, сол қалпында айтуға бейімдеу болатыны байқалады. Оның үстіне әрбір айтушы (актер, әнші, диктор т.б.) аузынан шығатын сөзін тындаушыға неғұрлым анық, айқын, түсінікті етіп жеткізуге тырысады. Мұндайда әдеттегі ауызша сөйлеуге тән интуитивті автоматизмге, яғни сөздің дыбысталуының дұрыс-бұрысын ойламастан, сөйлеу дағдысы бойынша өзінен-өзі дұрыс шығуына (айтылуына) емес, керісінше, осылай айтсам, сөзім тыңдаушыға анығырақ, түсініктірек жетеді-ау деген ойға жол беріледі. Осыдан барып, әрбір сөзді жеке айтқандағы қалпынша дыбыстап, колғойұлды, бірғатар, Алматығаласы, күңгүркүрөп, жаңбыр жауұп тұр деудің орнына қол қойылды, бірқатар, Алматы қаласы, күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр деп жазылуынша айтатын, оқитын дикторларды күн сайын тыңдаймыз.
Сахна қайраткерлерінің орфоэпиялық нормаларды сақтауында жүк олардың өздерімен қатар, актерлер дайындайтын оқу орындарының педагогтеріне, театрлардың режиссерлеріне, эстрада нөмірлерін даярлайтын көркемдік жетекшілерге артылады. Драма театрларының режиссерлері тек спектакль қоюшылар ғана емес, сол пьесадағы сөздің, яғни ойдың, идеяның тыңдаушыға дұрыс, айқын жетуін көздеуші де болулары тиіс, өйткені драма театрының негізгі мақсаты - спектакльдің ұсынбақ идеясын сөз арқылы да жеткізу. Сондықтан сахна сөзінің анықтығы, құлаққа жағымды тиюі - актерлер мен режиссерлерге қойылатын басты талап, негізгі шарт. Бұл талап, әрине, эстрада әншілеріне де кинода сөйлейтіндерге де қойылады. Өйткені ән тек мелодиясының әсемдігімен ғана емес, жүрекке жылы тиетін сөзімен де қымбат. Бұларға сол сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамаша дауысты әнші қосылса, ол ән, ол ария миллиондардың жүрегіне жол табады. Мысалы, кезінде атақты әнші Роза Бағланованы сүйсіне тыңдағандар тек сирек кездесетін әсем үніне ғана емес, қазақ өлеңінің әрбір сөзін анық етіп, дұрыс дыбыстап айтқаны үшін де мейлінше тәнті болатын.
Бүгінгі қазақ сахна тілінің мәдениетін көтеруде, ең алдымен, сахна қайраткерлерін дайындайтын оқу орындары мен театрларда жұмыс істейтін онер иелерінің қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын жақсы игерулеріне күш салу міндетін арқалайды. Ол үшін актерлік, режиссерлік, әншілік мамандықтарына оқыту, үйрету процесінде қазақ әдеби тілінің заңдылықтарын, әр алуан нормалық ережелерін арнайы пән ретінде де, факультатив курстар ретінде де оқытуды мықтап қолға алу қажет. Әрине, бұл үшін арнаулы оқу құралдары, методикалық нұсқаулар мен практикалық жаттығу жұмыстары ұсынылуға тиіс. Біздің бұл құралымыз осындай қажеттіктердің бірін өтеуге арналады.
Сөйтіп, ауызша сөйлеудің өзі екі түрлі болады, бірі - күнделікті тұрмыста қолданылатын ауызекі сөйлесу тілі, екіншісі -топ алдында ауызша сөйлеу (орысша “публичная речь”). Жоғарыда көрсетілген салалардың барлығы үлкенді-кішілі топ алдындағы сөйлеуге жатады, яғни жиын-жиналыстарға қатысушылар да, мектеп кластары мен студенттер аудиториялары да, мың-мыңдаған радио тыңдаушылар мен теледидар тамашалаушылар да, сахна өнерін қызықтаушы көрермендер де - барлығы да “шаршы топ” (публика). Топ алдына ауызша түрде шығатын сөз қалай болса солай, бейберекет айтыла салмауы керек әрі құлаққа жағымды болуы шарт. Басқаша айтқанда, шаршы топқа ауызша ұсынылатын сөздің нәрі (мағынасы) мен сазы (жағымды, табиғи үні) болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет