Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет64/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Е с к е р т у. Арнаулы кітаптарда, оқулықтарда (грамматикаларда), әдістемелік құралдарда т.б. Бұлар тырнақшаға алынбай, басқа әріп түріндегі шрифтімен (курсив, қара шрифт т.б.) терілуі мүмкін.


§ 56. Мақал, мәтелдер, афоризмдер сөйлем ішінде келтірілгенде тырнақшаға алынады (II тарау, § 118-ты қараңыз).
§ 57. Дәйексөз ретінде келтірілмей, сөйлемге оның ажыратылмайтын мүшесі ретінде берілген біреудің сөзі тырнақшаға алынады (II тарау, § 119-ты қараңыз).
§ 58. Де дәнекерінсіз айтылып, заттанып кеткен төл сөздер тырнақшаға алынады (II тарау, § 121-ты қараңыз).
§ 59. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшамен жазылады:
Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі.
-...Бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда-жық, даңғой атанғанда, осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын!- деді.
Соңғы айтқан “мылжың”, “мақтаншақ”, “даңғой” дегендері осы арада шынымен төрт көзі түгел отыр еді (М.Әуезов).
§ 60. Кекету, ажуалау және кері мағынада қолдану үшін айтылған сөз (не сөздер) тырнақшаға алынады.
Ақ көңіл Ақаң “баланың” сырғытпасын сезген жоқ (Ғ. Мұстафин.) Қоян “батыр” қорыққаннан зыта жөнелді (Ертегіден). Распутиннің “тәрбиесіне” түскеннен кейін, бақыттың “кілті” кімнің қолында екенін Алексей көрді (С.Мұқанов).
§ 61. Зауыт, фабрика, комбинат, трест, шаруашылық, ұйым, машина маркасы, ұшақ т.б. қойылған аттар тырнақшаға алынады. Ал олардың жалпы ресми атаулары тырнақшаға алынбайды:
Азовсталь” зауыты, ал Алматыдағы ауыр машина жасайтын чиуыт; “Актюбрентген” зауыты, “Красный Октябрь” фабрикасы, ал Алматыдағы кондитер фабрикасы; “Карагандауголь” тресі, “Растовуголь” комбинаты, “Донбасс” көмір комбайны, “Уралец” экскаваторы,“Ертіс” пароходы, “У-2” ұшағы, “Волга” машинасы, “Қазақ тілі” қоғамы.
§ 62. Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы, кино, т.б. аттары тырнақшаға алынады:
Ана тілі” газеті, “Парасат” журналы, “Жалын” альманахы, “Абай” романы, “Шаттық” симфониясы, Абайдың “Жарқ етпес қара көңлім не қылса да” деген өлеңі, “Дала қызы” суреті, “Топайкөк” әні, “Көзімнің қарасы” (ән және өлең), “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” пьесасы, “Аққу көлі” балеті.
§ 63. Кейбір ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады:
Қол ұстату”, “шаш сипату” деген атақты ырымдар осы. Үлкендер зор меженің бірі деп білетін өмір белі “ұрын бару” болса, Абай содан асты.(М.Әуезов). Ұзақты сары күнін балапан қуу, асық ойнаумен өткізген балалардың түнгі ермегі - “ақсүйек”, “соқыртеке”, “бурақотан” сияқты ойындар (С.Мұқанов).


Ескертулер. 1. Атындағы деген сөзбен келген атақ тырнақшаға алынбайды:
Әл-Фараби атындағы университет, Ғ.Мүсірепов атындағы мектеп, Абай атындағы бірлестік (ал “Абай” бірлестігі.)
2. Мекеме, ұйым т.б. ресми атаулары (толық немесе қысқартылған) тырнақшаға алынбайды:
Тұтынушылар одағының қызметкері. Мемлекеттік банкінің бөлімшесі.
3. Телеграф агенттіктерінің аттары тырнақшаға алынбайды:
Ассошиэтед Пресс агенттігі, МЕН агенттігі.
4. Кітаптың аттары библиографиялық тізімдерде, сілтемелерде, пікірлерде автордың аты-жөнінен кейін жазылғанда тырнақшаға алынбайды:
Ғ.Мұстафин. Өмір белестері. Алматы. 1984.


9. ЖАҚША


§ 64. Қыстырма сөйлемдер не сөз тіркестері жақшаға алынады (II тарау, § 54-ты қараңыз).
§ 65. Белгілі бір сөздерді түсіндіру үшін оның аудармасы, синонимі т.б. беріледі де, жақшаға алынып жазылады:
1900 жылдың желтоқсанында шетелге “Искра ” (“Ұшқын”) газетінің бірінші нөмірі шықты. Газеттің атынан соң “Ұшқыннан жалын лаулайды” деген нақыл сөз (эпиграф) жазылды.
§ 66. Алынған сөйлем, дәйексөздің және мысал қайдан, кімдікі екенін корсету үшін, оның соңынан жазылған кітаптың аты, авторы т.б. жақшаға алынады:
Абайға сүтпен кіріп, сүйегіне сіңген әдебиет үлгісінің бірі - халық әдебиеті деп едік... Бірақ ол мұның да қызығын ерте тояттап, ескірген ел даналығын көп ұзамай-ақ өзіне мұра санаудан қалған сияқты” (Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы. “Ғылым” баспасы, 1966, 296-бет).
§ 67. Драмалық шығармалардағы ремаркалар (автордың түсіндірмелері) жақшаға алынады:
Амангелді. Миша! (Жайнаққа.) Әкет мыналарыңды! (Жайнақ Жапарларды айдап кетеді.) Миша, аман қайттың ба? (Амандасады.) (Ғ.Мүсірепов.)
§ 68. Мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының назарын аудару үшін, біреуден келтірілген дәйексөздің ішіндегі жеке сөздерге не сөйлемге қойылатын леп, сұрау белгілері жақшаға алынады (қосымшаның § 14-ін қараңыз).
§ 69. Келтірілген мысал не дәйексөздің ішіндегі белгілі бір сөздерді не сөйлемдерді санамалап көрсету үшін, жол-жөнекей қойылатын цифрлар (не әріптер) екі жағынан жақшаға алынады:
(1) Жасыл желегін бүркенген қарағайдың арасымен жүріп отырып, (2) Асқар көлдің қабағына шықса, (3) мұз бетінде бірсыпыра кісі сырғанақ теуіп жүр екен. Мұнда үш сөйлем бар... (“Қазақ тілі грамматикасы ”).


10. ҚОС НҮКТЕ


§ 70. Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады (II тарау, § 92-ты қараңыз).
§ 71. Салалас құрмаластағы біріне-бірі түсінік болып келген және өйткені, себебі деген жалғаулықтар түсіп қалып жасалған жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады (II тараудағы § 99, 101- тарды қараңыз).
§ 72. Төл сөздің алдынан келген автордың сөзінен кейін қос нүкте қойылады (II тарау, § 114-ты қараңыз).
§ 73. Әрі қарай санамалап кететін бірыңғай сөздердің, сойлемдердің алдынан келетін жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін кос нүкте қойылады (II тарау, § 92-ты қараңыз).
§ 74. Бірыңғай мүшелерден бұрын келген мысалы, атап айтқанда деген қыстырма сөзден кейін қос нүкте қойылады (II тарау, § 95-ты қараңыз).


11. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ


§ 75. Құрмалас сөйлемдегі бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалғанда, екі сөйлем арасына (жалғаулықтар айтылмаған жерге) әуелі үтір, одан кейін сызықша қойылады (II тарау, § 100-ты қараңыз).
§ 76. Сызықша нүктемен, үтірмен, сұрау және леп белгілерімен, көп нүктемен қабаттаса келгенде, сол тыныс белгілерінен кейін қойылады:
- Ендісен не істемекшісің? - деді ана баласының сөзін бөліп. (М.Горький). - Мен...- деп, Асқар азғана кідіріп бірдемені қиял еткендей бөгеліп тұрды да, - көлді жағалап қайтамын, - деді (С.Мұқанов).
- Рас! - деп, Тоғжан қызара түсіп көзін төмендетті. - Сізді мен бір көрдім (М.Әуезов).
§ 77. Нүкте мен сызықша қатар қойылатын орындарды II тараудағы § 114-тан қараңыз.
§ 78. Тырнақша мен нүкте, үтір, сұрау, леп белгілері және көп нүкте қабаттаса келгенде, олар былайша орналасады:
а) егер леп, сұрау белгілері және көп нүкте тырнақшаға алынған сөйлемге ғана қатысты болса, олар тырнақшадан бұрын қойылады, ал үтір мен нүкте тырнақшадан соң қойылады:
Өзім алып шығайын”, - деп ойлады Бүркітбай (С.Мұқанов).
Өзім алып шықсам қайтеді?” - деп ойлады Бүркітбай. “Ешкім де емес, өзім алып шығам!”- деді Бүркітбай. “Өзім алып шығайын”. (“Өзім алып шығайын.” деп жазған дұрыс емес.)
Бұлармен қабаттаса сызықша жүрсе, ол тырнақшадан соң қойылады (жоғарыдағы мысалдарды қараңыз).
ә) Тырнақшаға алынуға тиісті құрылым тұтас сөйлем емес, оның ішіндегі жеке сөздер не сөз тізбектері болса, сөйлем соңына қойылатын леп, сұрау белгілері мен көп нүкте қатар келген тырнақшаның сыртынан қойылады.
- Әй, қайтып келесің бе “бала”? - деп қалжыңдай айғайлайды ол жолдасына. О, шіркін, осы ән ғой “құлақтан кіріп, бойды алар ”!
б) Сөйлем тырнақша жабылған жерден бітіп тұрса, леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның іш жағынан қойылғанда, тырнақшаның сыртына басқа тыныс белгісі (сызықшадан бөтен) қойылмайды:
Олай болса, - деп ойлады Асқар, - мынау көш не?” 1914 жылдан бергі нөмірлерін Асқар тез-тез жүгіртіп қарап шықты: “Екі жылда Франция қырық миллиард шығын ұстаған...” (С.Мұқанов).
§ 79. Нүкте, леп, сұрау белгілері және көп нүкте жақша ішінде алынған текске қатысты болса, жақшаның ішінен қойылады. Жақшаның сыртына жалпы сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады:
Байқауымша, әңгіме былай:
Біріншіден (рас қой мұным ?),
Орыс үйі көрмей тыным,
Қонақ күткен, сөз қылып ұдай... (А.С.Пушкин)
§ 80. Баяндаманың, сөйленген сөздердің ішіндегі жақшаға алынған ремаркалар сөйлем соңында келгенде, тыныс белгісі мен жақша былай қабаттасады:
ремарканың алдындағы сөйлем соңына қойылатын нүкте жақшаның алдынан қойылмай, соңынан (ремаркадан кейін) бір-ақ қойылуы мүмкін:
Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз (Қол шапалақтау).
Немесе ремарканың алдынан бір нүкте, жақша ішіне я болмаса сыртына тағы нүкте қойылып жазылуы да мүмкін:
Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз. (Қол шапалақтау.)
Былай қоюға да болады:
Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз.(Қол шапалақтау).
Келтірілген дәйексөздің қайдан және кімдікі екенін көрсету үшін жақша ішіне алынып жазылған сөздердің тыныс белгілерінің орналасуы да осындай.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай). Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай.) Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай). Көбінесе мұның 1- және 2-түрлері жиі қолданылады.
§ 81. Драмалық шығармалардағы жақшаға алынатын ремаркалардың тыныс белгілерінің орналасу тәртібі мынадай:
а) ремарка кейіпкердің атынан кейін қатар келгенде, нүкте жақшаның сыртына қойылады. Кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылмайды.
Б а я н (аз ойланып). Үш түрлі шарт қойсам, орындармысың? (I .Мүсірепов).
ә) Ремарка кейіпкердің сөзінің ішінде екі сөйлемнің арасында немесе кейіпкер сөздің аяғында келсе, нүкте жақшаның ішіне қойылады; жақшаның алдынан сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады:
Амангелді. Миша! (Жайнаққа.) Әкет мыналарыңды! (Жайнақ Жапарларды айдап кетеді.)
§ 82. Тырнақшаға алынған дәйексөздің немесе басқаларының өзі тырнақшаға алынған сөздерден, сөйлемнен басталса, немесе аяқталса, екі тырнақша қатар қойылмай, біреуі-ақ қойылады, яғни ол жалпы дәйексөздің ішіндегі тырнақшаға алынған сөздерге де тиісті болады.
§ 83. Жақша ішіне алынған сөздердің тұрған жеріне қойылатын тыныс белгісі жақшадан соң қойылады.
Аңдағұл атынан рудың он шақты аулы айнала қонып жайлайтын Алуа атты шалқар көл бар (оған кейін ораламыз), көлдің әр тұсынан су ағар жыралар қосылады (С.Мұқанов).
Егер жақша ішіндегі қыстырма жоқ болса, мұндағы үтір шалқар көл бар деп аяқталатын жай сөйлемнен кейін қойылуы тиіс еді.
§ 84. Сұрау, леп белгілері көп нүктемен қабаттаса келгенде, әуелі сұрау не леп белгісі, одан кейін қатар екі (үш емес) нүкте қойылады. Ал леп белгісі, сұрау белгісі, көп нүкте - үшеуі қатар келгенде, мағынасына қарай әуелі сұрау мен леп белгісі (не леп пен сұрау белгісі), одан кейін бір нүкте қойылады (II тараудағы § 12-ты қараңыз).
§ 85. Лептік те, сұраулық та мәні бар сөйлемдерден кейін леп белгісі де, сұрау белгісі де қатар қойылады. Сөйлемнің қай мәні басым болса, әуелі сол мәнге тиісті белгі қойылады (II тарау, § 15- ты қараңыз).
§ 86. Бірыңғай мүшелердің не құрмаластағы жай сөйлемдердің арасында көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды:
Сатылып кеткен бурыл биенің құлындарын кісінікі деуге қимаймын... іштей өзімсінем... көргім келеді де тұрады және көре де берем! (С.Мұқанов.)
§ 87. Қаратпа, одағай сөздерден және сөйлем басында келген иә, жоқ деген сөздерден кейін көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды:
- Жаным! Асылым... барым бір әзің! (М.Әуезов).
О... білем, білем!
- Ақмола ма ?
- Жоқ... Омбы, Қызылжардың бірі (Ғ.Мүсірепов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет