"Желкен -
бұршақгүлділер тұқымдасына жататын,
өсімдіктердің гүліндегі 5 күлтенің ең үлкені. Ж. ірі, жалпақ, көлемдірек
болғандықтан, басқа күлтелерінен ерекше көрінеді. Сондықтан тозаңға
қонатын жәндіктерге алыстан тез байқалып,
бұршақ гүлінің тозаңдануын жеңілдетеді", - деген түсіндірме берілген
1
.
Анықтамадағы түсіндірме көпшілікке желкен өсімдігі туралы
жалпыға ұғынықты түсіндірме бере қоймайды, әрі түсіндірме тым күрделі
ғылыми анықтама беруге ұмтылған түсіндірме түрін негіз етіп алған.
Бұл арада өсімдік түрі туралы толығырақ ақпарат бере т үсу үшін оның
суретінің немесе жалпы пішіні салынған сызба сияқты қосымша
иллюстрациялық материалдардың да жеткіліксіздігін айтып өтпеске
болмайды. Бұл да қазіргі терминологиялық сөздіктер құрылымындағы
өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, осы сияқты нақты заттардың,
бөлшектердің атауын түсіндіретін жаратылыстану ғылымдарының,
техника ғылымдарының терминологиялық сөздіктерінің қай-қайсысында
болса да осындай иллюстрациялық материалдар, сызбалар арқылы анықта-
ма, түсіндірме берудің энциклопедиялық сөздіктерде колданылатын
тәсілдерінің
қолданылуы
қазіргі
қазақ
терминографиясындағы
сөздіктердің жақсартуға сеп болар еді. Демек, алдағы уақытта бұл
мәселеге де жіті мән беріп, ескеруіміз қажет деген тоқтамға келу керек.
Түсіндірме
мәселесіне
қайта
оралсақ,
терминология
мен
терминографияға қатысты еңбектерде терминологиялық сөздіктерде
берілетін
түсіндірмелер
мен
анықтамалардың
ғылыми
күрделі
дефиницияны түсіндіруі немесе тілі жеңіл тиетін ұғынықты түсіктемені
ғана беруі жөнінде екі жақты даулы пікірлердің барлығы анық. Алайда,
біздіңше, шығарылып отырған адресатына байланысты, тар салалық, кең
ауқымды болып шығарылуына орай екі бағыттағы да анықтама,
түсіндірме түрлері терминологиялық түсіндірме сөздіктерде беріле алуы
тиісті. Ал қазіргі қазақ қоғамына қажеті – ұғынықты тілмен жазылған
түсіндірменің де емес, қысқа әрі түсінікті мәлімет беретін түсініктеменің
қажеті. Мұндай анықтама түрі қазіргі қазақ терминографиясындағы
аударма терминологиялық сөздіктерге қажет. Аз ғана уақыт бұрын жарық
көрген 31 томдық терминологиялық сөздіктен ғылыми-көпшілік
қауымның көп ілгерілеушілік күткені, сонда болса басым көпшіліктің
сұранысы мен талабына сәйкес келе бермегендігі белгілі. Аударма
терминологиялық сөздік түрінде шыққан бұл терминологиялық сөздіктер
сериясының басты кемшілігі – екі бағанында кірме терминдерді де
аудармасы бар терминдерді де қатар тізіп бере салғандығы. Ал аудармасы
терминдердің ішінде кейін аударылған терминдердің түсініктілігі немесе
нақтырақ айтқнада, түсініксіздігі жағынан тұлғасы түсініксіз болып қала
берген кірме терминдердің жағдайымен бірдей дәрежеде қалғандығында.
Яғни, бұрынғы аударма сөздіктерден ешбір айырмашылығының болмай,
аударма
терминологиялық
сөздік
жасау
ісіндегі
ізденістің
болмағандығында болды. Бұл айтып өтілгендей, 1990 жылдарға дейінгі
және одан кейінгі қазіргі кезге дейін шығарылып жатқан аударма
терминологиялық сөздіктердің барлық дерлігінің осы сипатта шығарылып
келгендігін байқауға болады. Демек, аударма сөздіктерде айтып өткендей,
ең болмағанда, кірме терминдерге немесе жаңа аударылған терминдерге
қатысты қысқаша түсініктеменің ұғынықты тілмен түсіндірілгені абзал
және қоғам қазіргі қазақша-басқа тілдегі аударма терминологиялық
сөздіктерден күтіп отырған талап деп білу керек.
Тіпті
қазіргі
уақытта
қазақ
терминологиясы
терминдерді
қалыптастырудың жаңа кезеңінде бастан кешіп жатқан жағдайда термин
туралы қысқаша түсініктеменің берілгені, терминнің қалыптасуын
жеңілдетіп қана қоймай, ол туралы мәліметтің түсініктілігіне жетелейді.
Сондай-ақ, аудар ма терминологиялық микроқұрылымдық жүйесінде
кірме терминдердің қай тілден аударғанда қазақ тілінде қандай ұғымды
білдіретіндігі туралы ақпарат та сөздік сапасын арттырып, көпшіліктің
сұранысына жауап бере түсетіндігіне көмектеспек.
Қазіргі қазақ лексикографиясында болсын, терминографиясында
болсын, сөздік статусына, яғни, мәртебесіне деген көзқарастың жоқтығы
бүгінгі сөздік шығарушылар мен сөздік шығару ісінде кең тараған
кемшілік. Қандай сөздік түрі болмасын, сөздік, айтылып, көрсетіліп
өткендей, кез-келген маман, кез-келген жеке тұлға мен тұлғалар шығара
салатын еңбек емес. Екіншіден, әр саланың терминологиялық
сөздіктерінің түрлері бір координаңия лық орталықтың бақылау
жасауымен, жоспарлауымен, зерттеуімен жасалып, мемлекеттік дәрежеде
оның бір ғана нұсқасы эталон дана ретінде шығарылып, тарауы тиісті.
Демек, қазіргі қазақ терминографиясындағыдай, әрі екі немесе бірнеше
авторлардың әр тараптан сөздік шығара салуы немесе шығаруы
терминологиялық сөздіктердің шығарылуындағы ретсіздікті және соған
сәйкес терминологиялық сөздік шығару ісіне деген жауапкершіліктің
төмен дәрежесін көрсетеді. Терминологиялық сөздіктердің шынайы
болмысына мән берсек,терминологиялық сөздіктер, жалпы* "сөздік"
ұғымы
терминдер туралы, оның тұлғасы мен ғылым салаларын дағы білдіретін
мағынасы туралы мәлімет алуда негізгі тірек еңбек ретінде
пайдаланылатын терминографиялық жұмыс болуы тиісті. Сондықтан ол
мемлекет ауқымында шығып, барлық жерде бір ғылым саласының
терминологиялық сөздігінің бір ғана түрінің қолданыс табуы қажет. Олай
болмаған жағдайда, әр тараптан шығарылатын, әр жерден, әр авторлардың
белсенділігімен
шығатын
терминологиялық
сөздіктер
арқылы
терминдердің қолданысын, жасалуын бірізге түсіріп, үйлестіру қиынға
соқпақ. Әр автор немесе бірнеше авторлар тарапынан шы ғарылатын
сөздіктердің әрқайсысында бір терминдік ұғым дефинициясының әр түрлі
нұсқасының берілуі жалғаса берері хақ. Бұл орайда "сөздік" ұғымының
мәртебесіне терминологиялық сөздік құрастырумен айналысушылардың
жіті мән беріп, оған деген жауапкершілікті арттыра қарағандары жөн
деген ойдамыз. Сондықтан "сөздік" ұғымы табиғатының тереңіне үңіле
отырып, сөздік жасау ісіне жоғары дәрежедегі жауапкершілікпен қарай
отырып, терминологиялық сөздік құрамында қамтылатын терминнің
қалыптасқан, қолданыс тауып, қолданушылар тарапынан күдік
тудырмайтын термин болуын қадағалап терминографиялық еңбек шығару
терминологиялық сөздіктер сапасының жақсаруына ықпал етпек. Расында
да, сөздік заңдық күші бар құжаттың күшіне пара-пар келетін эталон
еңбектің түрі болуы және соған сәйкес мемлекет шеңберінде ғылым
салаларына қатысты әр терминологиялық сөздік түрінің бір ғана
қабылданған нұсқасы жарық көріп, тарамақ керек. Өкінішке орай, қазіргі
қазақ терминографиясында осы ай тылған талаптардың қатары
орындалмай жатқандығы,
терминологиялық сөздіктер шығару ісінде көрсетілген кемшіліктердің
орын алып отырғандығы ақиқат.
Сөздік сапасына едәуір ықпал етіп отырған факторлардың бірі - сөздік
шығару ісі туралы қате түсініктің болуы. Мұндай қорытындыға
келуіміздің себебі - қазіргі қазақ қоғамында дамыған елдерде қалыптасқан
терминологиялық сөздіктер шығару ісіне қатысты дұрыс түсініктің болмай
отыруы. Дамыған елдердің терминографиясындағы теориялық қағидалар
мен жинақталған тәжірибелерге, қалыптасқан түсінікке сүйенсек, екінің
бірі сөздік шығара салу ісін қолға алмайды екен. Олар үлкен
жауапкершілікті сезіне отырып, сөздік шығаруды жеке адамның немесе
жеке адамдар тобының жүзеге асыратын тобы деп есептемейді. Керісінше,
жауапкершілікті мойындарына ала, сезіне отырып, сөздік сияқты жауапты
ғылыми еңбекті жазудан көбіне бас тартады. Тіпті, көршілес орыс
терминографиясында терминологиялық немесе басқа да сөздік түрлерін
ұжымдық іс-әрекеттің бірлігі арқылы жүзеге асыру үрдісі қалыптасқан.
Бұл - терминографиялық сөздіктерді шығаруға ешкімнің құқығы жоқ
немесе мемлекет ішінде терминологиялық сөздік, басқа да сөздік түрлері
шығарылмасын деген сөз емес. Тек ол сапалы түрде және белгілі бір уақыт
жиілігі аралығында қоғамның, көпшіліктің сұранысы мен қажеттілігіне
сәйкес сапалы түрде шығарылуы және мемлекетте онымен айналысатын
арнайы мекеменің болуы қажеттілігін, сол салаға маманданған
терминологтар мен терминографтардың ісі екендігінен мәлімет береді.
Демек, қазіргі қазақ терминографиясы әр тараптан шығарылып жатқан
терминологиялық сөздіктер санының көптігі, олардың
қолданыс аясының белсенсіздігі арқылы кәсіби деңгейде сөздік шығару
механизмі мен дәстүрінің қалыптаспағандығын, терминологиялық
сөздіктер шығару ісіндегі қазақ терминографиясының әзірге тәжірибесі
аздығын көрсетіп отыр.
Қазіргі қазақ терминографиясындағы сөздіктерге тән ерекшеліктердің
тағы бірі - компьютерлік техника ісінің дамуымен де байланысты.
Компьютерлік техниканың, соған сәйкес баспа ісінің ілгерілеп дамуы
сөздіктер санының көбеюіне, терминологиялық сөздіктердің көптеп
шығарылуына әсер етпей қойған жоқ. Бұл теру ісін, дайын мәліметтерді
жинақтап, қайта бастырып шығару істерін жеңілдетті. Алайда, бұл
жеңілдікті терминографтар дұрыс түсініп, үнемделген уақыт пен күшті
сөздік құрылымы мен сапасын жақсартуға, әлемдік лексикография мен
терминографияда шығарылып жүрген сияқты тиімді де, икемді басқа да
сөздік түрлерін құрастыруға толығымен жұмсай алмай жүргендігін де
айтпай өтуге болмайды. Керісінше, техникалық ілгерілеудегі бұл
жеңілдікті көпшілігіміз сөздік жасаудың оңайлануы деп түсініп, шы-
ғармашылық ізденістен, терминдер туралы жалпыға ұғынықты, жүйелі
ақпарат беруден тыс қалып келгендігіміз анық.
Аталған кемшіліктер мен терминологиялық сөздіктер шығару ісіндегі
көрсетілген факторларды кейінгі кезеңдерде, әсіресе 1990 жылдардан
кейін шығып жатқан сөздіктердің барлығынан дерлік табуға болады. Бұл
орайда, осыған дейін шығып келген және шығып жатқан терминологиялық
сөздіктердің
терминдерді
ретке
келтірудегі
тиімді
жақтарын,
терминографтардың атқарған
еңбектерін мүлдем жоққа шығарып, ескермеуге тиісті емеспіз. Бұл да
ғылыми мәдениет пен әдеп тұрғысынан орынсыз екені түсінікті. Оның
үстіне, кемшіліктері бола тұрса да бірқатар терминдер туралы өз еңбектері
арқылы түрлі деңгейде мәліметтерді көпшілікпен таныстырып, бірқатар
терминдердің қолданыс табуына сеп бола білді. Тек, "сөздік" мәртебесі
туралы айтылғандарды, әлемдік терминографиядағы бұл жөніндегі
қалыптасқан түсініктерді ескерсек, мұндай кемшіліктері бар сөздіктер
"сөздік" атауын иемденіп емес, "сөздік жобасы", "экспериментті сөздік"
сияқты басқаша аталған нұсқада баспадан жарық көруі тиісті еді.
Ендігі кезекте барлық шығарылған сөздіктерді, ондағы мәліметтерді
пайдаланып, айқындалған кемшіліктерді негізге ала отырьш, олардың
қатарын әлі де зерттей, анықтай отырып, тиімді сөздіктің әлемдік
лексикография мен терминографияда бар түрлерін айқындап, олардың
қазақ қоғамына қажеттісін белгілеп, сапалы терминологиялық сөздіктер
шығаруға бет бұрудың орынды екендігін аңғаруға болады.
|