Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


-1962 жылғы шығарылған терминологиялық сөздіктер



Pdf көрінісі
бет52/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

6.4. 1959-1962 жылғы шығарылған терминологиялық сөздіктер 
сериясының қазақ терминографиясының тарихындағы орны 
Қазақ терминографиясының тарихындағы 50-60 жылдарды 1959-1962 
жылдардың аралығында шыққан 12 томдық терминологиялық сөздіктер 
сериясынсыз елестету мүмкін емес
1
. Көп жылдар бойы әр ғылым мен 
техника салалары бойынша жинақталған, қазақ тілінде қалыптасып, 
орныққан терминдерді бұл кезеңде жүйелеу қажеттілігі туған еді. Кеңес 
дәуірінің алғашқы кезеңдерінен бері 

Орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 12 томдық. Жалпы редакциясын басқарған 
С.Аманжолов», - Алматы: Қазмембаспа, 1959. 


терминологиялық сөздіктер қатары шығарылмады емес. Мүмкіндігінше 
әр кезеңде тілімізге кірігіп, қалыптасқан терминдер сирек те болса әр 
жылдары шығып тұрғантерминологиялық сөздіктерде беріліп, қала берді 
1935 жылдан бері шығарылған терминкомның терминологиялық 
бюллетеньдерінде жарияланып тұрды. Бірақ кеңес дәуірінің алғашқы 
кезеңінен қолға алына бастаған ғылым мен техника салаларының 
терминдері 1959 жылға дейінгі жарты ғасырға жуық қоғам дамуының 
үрдісінде қордаланып, жинақталып қалған еді. Кеңестік мемлекеттіңжаңа 
құрылымымен, жаңа бағыттағы ғылым мен техника салаларының дамуын 
қолға ала бастауымен байланыстықазақ тілі, қазақ қоғамы үшін пайда 
болған жаңа ұғымдар кірме терминдер ретінде лег-легімен тілдің 
қолданысына кірігіп, бірте-бірте сөздік қорда әбден орнықты. Әсіресе, 
1933 жылы терминкомның Қазақстанда құрылуына байланысты қазақ 
терминологиясында орталықтан дайындалған терминдерді жасау және 
тілге қабылдау, оларды бекіту принциптері кірме терминдердің үлкен 
қарқынмен, еш кедергісіз енуіне ықпал етті. Одан өзге қазақ тілінің 
негізінде де жаңа қоғамдық құрылымға, ғылым мен техниканың дамуына 
байланысты жаңа терминдер жасалып, қалыптасты.
Міне, осы тілімізде жинақталып қалған терминдер қоры бірізге 
түсіруді, ғылыми-көпшілік қауымға оларды таныс ету мақсатында ақпарат 
беруді уақыт ағымынан, ғалымдар қауымынан талап етті. Қазақ 
терминологиясының жинақталғантерминдерді реттеуді, үйлестіруді қажет 
етуі, терминдерді жинақтап беруге деген қазақ терминологияындағы 
мұндай көзқарастың тууы заңды еді. Оның үстіне, 


осы кезеңде терминологияны реттеу жұмыстарын одақ көлемінде орталық 
өз кезегінде тағы қолға алып, науқанды одақтас республикалардың 
барлығында сөздік жасау ісін қолға алған болатын. Оған 1961 жылы 
Мәскеу қаласында өткен "Терминология мәселелері" атты бүкілодақтық 
конференция да айғақ бола алады. Демек, осы сияқты шаралардың 
арасындағы байланыс, сол уақытта терминологияға ерекше мән 
берілгендігін, терминдерді реттеу ісінде осындай ауан қалыптасқанын 
аңғартады. Соған қарамастан, терминологиялық сөздіктер жасау ісі кеңес 
дәуірінде алғаш рет үлкен көлемде қолға алынып, терминологиялық 
сөздіктер сериясы сала-сала бойынша шығарылған кезең осы болатын. 
Орысша-қазақша шығатын бұл сөздіктердің шығарылуына басшылық 
жасау, бағдардарларын айқындап алу, құрылымдық мәселелерін 
қарастыру, терминдерді беру тәсілдерін белгілеп алу, терминдерді беру 
қағидаттары мен тәсілдері туралы бір шешімге келу ғалымдар қауымынан 
үлкен жауапкершілікті де қажет еткендігін айтып өтпеске болмайды.
Аталған сөздіктер сериясының 1959 жылы шыққан 1-томы металлургия 
саласының, 1959 жылы шыққан 2-томы математика, физика, астрономия 
салаларының, 1960 жылы шыққан 3-томы геология саласының, 1960 жылы 
шыққан 4- томы заң, педагогика, психология салаларының, 1961 жылы 
шыққан 5-томы медицина саласының, 1961 жылы шыққан 6-томы іс 
жүргізу саласының, 1962 жылы шыққан қалған алты томның 7-томы 
экономика, философия салаларының, 8-томы денешынықтыру және спорт 
салаларының, 9-томы құрылыс және құрылыс материалдарының, 10-томы 
теміржол саласының, 11-томы 


ботаника және өсімдіктану саласының, 12-томы тау-кен қазба 
жұмыстарының терминдерін қамтыды. 
Бұл сөздіктердің барлығын бір ғана сала мамандарынын жасауы, 
Ғылым академиясының құрамындағы бір ғана бөлімнің, мекеменің жасауы 
мүмкін емес болатын. Сондықтан оның әр салаға арналған әр томына 
байланысты салалық мамандардың жұмылдырылуы қажет болды. Демек, 
олардың өзін келісімге келтіріп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, 
оларға сөздік жасау ісінде филологиялық тұрғыдан, тілдік тұрғыдан 
басшылық жасау, лексикографияның өзіндік ерекшеліктері, сөздік жасау 
ісіндегі бар жинақталған тәжірибе жөнінде бағдар беру үлкен іс еді. 
Сондықтан осындай жұмыстарын көлемін атқара отырып шығарылған 
терминологиялық сөздіктер сериясын қазіргі күн талабынан талдасақ, бұл 
еңбектің жарыққа шығуы - тәжірибелік қазақ терминографиясында ілгері 
жасалған қадам екендігін қазақ терминографиясының тарихы мойындауға 
тиіс. 
Оның нәтижесі - 1959-1962 жьшдар аралығында жарық көрген орысша-
қазақша терминологиялық сөздіктер сериясы. Көрсетілген 12 томның 
құрамында арнайы том ретінде көрсетілмей, осы сөздіктердің аясында 
тағы қосымша 3 сөздік кітап жарияланған. Біздіңше, бүл сол кезеңдегі 
сөздік жасаудың алғашқы жоспарына енбегенімен, олардың қажеттілігіне, 
ғалымдардың ізденісіне орай қосымша шығарылған сияқты. Өйткені, тіл 
білімінің, әдебиеттану саласының және ботаниканың (салалардың 
атаулары сөздіктерде солай көрсетілген - Е.Ә) терминдері жеке сөздіктер 
ретінде осы сөздіктср сериясының аясында шығарылған. Сонымен, 12 
томдық 


сөздік 15 кітаптан тұратындығын қосымша мәлімет ретінде айта кеткен 
жөн. Бұған ізденіс барысында, аталған сөздіктер сериясымен таныса 
отырып көз жеткізуге болады. Аталған мәліметті көз көрген ғалымдардың 
бірі ретінде, әрі осы саланы зерттеп жүрген белді маман ретінде Ө. 
Айтбайұлы да өз мақаласында атап өтеді
1

Бірақ өкінішке орай, тізіліп корсетілген 12 томдық 15 кітаптық 
сөздіктің барлық ұйымдастыру жүмыстарын жүргізіп, сөздіктің шығуына 
ықпал еткен ғалым С. Аманжолов оның 1 және 2-томдарына ғана 
редакциялық басшылық жасап үлгерген. Тіпті, металлургия саласының 
терминологиясына арналған сөздіктің 1-томының баспадан жарық көруін 
де ғалым өз көзімен көрмей кеткен сыңайлы. 2-томның да С. Аманжолов 
қайтыс болғаннан кейін жарық көргені түсінікті. Сөздіктер ретімен танысу 
барысында мұны да байқап өту қиын емес. Сөздіктер сериясының басқа 
томдарын түрлі саланың белді мамандары және ғалымның шәкірті А. 
Абдрахманов редакциялық басшылық жасап, құрастырып шығарған. 
Демек, мұның өзі біріншіден, аталған сөздіктер сериясын қоғамның өзі 
талап еткендігін, екіншіден, тілші-ғалым арнайы тапсырма негізінде 
сөздікті жасауды ұйымдастыру жұмыстары мен оның механизмін 
толықтай ойластырып кеткендігін және салалық ғалымдардың еңбегі 
сіңгенін аңғаруға болады. Салалық мамандардың есімдері әр томда арнайы 
көрсетілген. Сондықтан ғалым бастаған жұмыс тобы терминологиялық 
сөздіктердің толық шығарылуына ұйтқы бола алғандығын айтып өту 
керек. Нәтижесінде қазақ қоғамында қеңес дәуіріндегі ең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет