Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


 ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет2/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

1. ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 
 
1.1. Қазақ терминографиясының өзекті мәселелері 
 
Қазіргі уақытта қазақ тілінің терминологиясында терминдерді 
қалыптастыру үрдісі жүзеге асырылуда. 90 - жылдардан бері қазақ тілінде 
терминдер жасауға мән беріле бастады. Қазіргі қазақ терминологиясы-
қазақ тіліңдегі терминдерді үйлестіру, бірізге түсіру бағытындағы көлемді 
жұмыстарды талап етіп отыр. Соңғы кезеңдегі терминология саласына 
қатысты ғылыми жұмыстардың көптеп жазылуы да соның айғағы. 
Қазақ терминдерін жасауға, оларды үйлестіруге байланысты 
жұмыстардың бірден үлкен қарқынмен жүргізілуінің және ондағы шешуді 
қажет ететін өзекті мәселелердің көбеюінің, сол бағытта соңғы аз уақытта 
қөптеген ғылыми жүмыстардың жазылуының өзіндік себептері жоқ емес. 
Біріншіден, қазақ терминдерін реттеудің қажеттілігіне, оның 
маңыздылығына көп уақыт бойы баса мән берілмей келді. 
Екіншіден, қазақ терминологиясының өзекті мәселелерін зерттеп, 
шешіп берген ғылыми еңбектер тым аз болды. Қ. Жұбановтың
1
және басқа 
ғалымдардың бірқатар ғылы ми мақалаларымен катар, 90 жылдарға дейін 
тек Ө. Айтбайүлының ғылыми монографиясы қолданылып келді
2
. Басқа 
еңбектер терминология саласының жекелеген 
1
 Жубанов Қ. Принципы терминологии казахскоғо литературного языка, 
применяемые 
государственной 
терминологической 
комиссией 
// 
Исследования по казахскому языку. - Алматы: Ғылым, 1966. 
2
Айтбайұлы Ө. Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуы. 
Алматы, 1988. - 206 б. 



мәселелерін қарастырған ғылыми мақалалар ретінде ғана жарияланып, 
ондағы кейбір мәселелер негізге алынып, кейбірі ескерілмей келгендігін 
мойындауға тиістіміз. Бірақ бір ғана монографиялық еңбектің және 
идеологиялық уақыттың ықпалымен жарық көрген азды-көпті мақалалар- 
дың жазылуы қазақ терминологиясындағы барлық өзекті мәселелерді 
шешуге жеткіліксіз еді. Мұндай тұжырым жасауға итермелейтін себеп - 90 
жылдарға дейін жарық көрген мақалаларда қазақ терминдері мен оларды 
жасау, реттеу мәселелерін қазақ тілінің тіл ретіндегі ішкі құрылымдық, 
танымдық, ұлттық табиғатымен байланыстыра қарастыру жағы зерттеу 
нысандарынан сырт қалып отырған. Терминдердің калька немесе тура 
аударма жолымен жасалып, болмаған жағдайда, көбінесе кірме 
терминдердің сол қалпында алынып келуі де осы тұжырымға дәлел бола 
алады. Оның үстіне, қазіргі кезеңдегі терминологияның даму қарқыны мен 
онда пайда болып огырған жаңа бағыттағы ғылыми мәселелер тізбегі
терминологиядағы ауқымды да жаңа заман талабына сай мақсаттар мен 
міндеттерді шешуді талап етуде. 
Үшіншіден, қазақ тілінде терминдер жасауға соңғы онжылдықта 
ғана үлкен мән беріле бастады. Бұл қазақ тілінде жасалған көптеген 
терминдердің қалыптасып, қолданыс табуына ықпал етумен қатар,
терминологиядағы шешуді қажет ететін өзекті мәселелердің де пайда 
болуына, олардың қатарының көбеюіне итермеледі. Осыған байланысты 
қазіргі тіл біліміндегі терминологияға қатысты ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының көбеюі де заңды деп білу керек. Олардың өзі қазақ 
тіліндегі терминдер табиғатын, 



оларға байланысты қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелерді шешіп беруге 
жеткілікті 
деп 
айту 
орынсыз. 
Солардың 
бір 
тобы 
қазақ 
терминологиясының бір саласы ретінде қарастырылатын қазақ 
терминографиясына қатысты. 
Сонымен, қазақ тіліне мемлекеттік деңгейде үлкен мән берумен 
байланысты оның терминологиясы соңғы уақыт- тарда үлкен қарқынмен 
зерттеліп, қазақ тіліндегі терминдер қалыптаса бастады. Терминологиялық 
сөздіктер санының да арта түскендігін, әр салаға қатысты 
терминологиялық сөздіктер жарық көріп үлгергендігін байқау қиын емес. 
Бүл бір жағынан, терминологияны жаңа бағытта қолға алумен байланысты 
туындап отырған жүмыстардың терминологиялық сөздіктер шығару ісіне 
де ықпалын байқатса, екінші жағынан, қазақ терминологиясында 
терминологиялық сөздіктер шығару ісін жолға қоюға деген үмтылыстың 
белгісін көрсетіп отыр. Ал, бұл бағыттағы жұмыстар негізінен өзге 
елдердің тіл білімінде терминологияның бір тармағы болып есептелетін 
сала терминографияның дамуымен тікелей байланысты. Терминография 
ұғымына арнайы және жан-жақты тоқталатын боламыз. Дегенмен, 
түсінікті болу үшін терминографияның терминдерді реттеп, бірізге түсіріп 
отыратын терминологиялық сөздіктерді қарастыратынын, терминдерді 
үйлестірудегі басқа да өзекті мәселелер жүйесін зерттеу нысаны етіп 
алатын сала екендігін айта кеткен артық болмайды. Осыған байланысты 
қазақ тіліндегі терминдерді үйлестіру жүмыстарымен байланысты 
терминография саласындағы жинақталған өзекті мәселелер де шешуді, 
терминографияға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етіп отыр. 
Өйткені терминологиялық 



сөздіктердің де сапасына, құрылымы мен ерекшеліктеріне, құрамындағы 
терминдерінің жарыспалы қолданысына, әр сөздікте әр түрлі берілуіне 
байланысты 
терминологиялық 
сөздіктердің 
құрылым-құрылысын 
зерттейтін қазақ терминографиясында бірқатар өзекті мәселелер пайда 
болды. Дегенмен, терминография саласын зерттеуге ден қоюдың, оның 
басқа тілдердегі қалыптасуының тағы өзіндік себептері жоқ емес. Ал, 
қазақ тіл білімінде бұл саланы қалыптастыруды қолга алуымыздың қазақ 
тіліндегі терминология саласының дамуына байланысты өзіне ғана тән 
себептері тағы бар. Бұл себептерге қазақ тіл білімінде терминография 
саласына қатысты алғаш мақала жазған ғалым Ш. Құрманбайұлы да өз 
тұрғысынан тоқталып өтеді
1

Терминографияның тіл біліміндегі жеке сала ретінде қалыптасу 
себептері, оның зерттеу нысандарының пайда болуы өзге тіл білімдерінде 
кеңінен сөз болады. Бүл мәселені біз де өз көзқарасымыз түрғысынан 
талдап көруді дұрыс деп таптық. Терминографияның сала ретінде 
орнығуына түрткі болып отырған негізгі себептердің ғылы ми тұрғыдан 
ашып көрсетілуінің де маңызы бар. 
Бұл ең алдымен, қазақ терминографиясын қолға алудың қажеттілігін, 
оның ғылыми негізділігін аша түсу үшін маңызды болмақ. Сонымен бірге 
қазақ 
терминографиясында 
қарастырылатын 
мәселелер 
мен 
терминологиялық создіктерге қойылатын талаптарды теория мен іс 
жүзінде қолданудың дұрыстығын түсініп, осы бағыттағы зерттеу- 
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе түсу үшін де оның маңыздылығы мен 
ғылыми негізділігін дәлелдеп көрсету орынды болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет