Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет29/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50

ТОЙДАҒЫ ƏДЕП-ИБА

Қ

азақ  салтында  жиын-тойға  барушылар  міндетті  түрде  жақ сы 



киініп,  жақсы  ат-көлік  мініп,  жуынып-шайынып  таза  барудан  тыс, 

адамгершілік пен əдеп-ибаға ерекше көңіл бөледі. Мұнда, тойға бар-

ған əрбір адамның аман-сəлемінен тартып, сөйлеген сөзі, жүрген жү-

ріс, тұрған тұрысы қатарлыларының барлығы адамгершілік пен ұлт-

тық салт-дəстүрге лайық болады.

Тойға барған кəрі-жас, ер-əйел, бір-бірімен қуана амандасып, құ-

шақ та сып,  қауышып,  достық  ниеттерін,  бір-біріне  деген  сү йіс пен-

ші лік те рін  білдіріседі.  Көп  ортасында  əркім  өзін-өзі  саналы  түрде 

тежеп,  əдеп  сақтап,  орынсыз  сөзге  араласпайды,  ар-ұят,  адам гер ші-

лік тен аттамайды. Елді күлдіремін, көптің назарын өзіме аударамын 

деп адамдық атақ-абыройға нұқсан жеткізетін, өзгелерге жаман əсер 

бе ре тін жиренішті іс-қимылдардан аулақ болады. Көп ортасында ман-

сабына, байлығына бұлданып сызданып-шіренбейді. Бі лер мен сіп, кім 

көрінгеннің жұмысына араласпайды. Үлкен адамдардың алдын ке сіп 

өт пей ді. Қысқасы, жиын-тойда барша адам қуанышты бейнеде жара-

сымды  əзіл-қалжың,  өнегелі  əңгіме,  жағымды  іс-қимылдан  жазбай, 

көпке тамаша əсер қалдыруы шарт. Біреудің қуанышы мен той-ме ре-

ке сін де  ұрыс-жанжал  шығарған,  сондай-ақ,  ұрыс-керіс  шығуына  се-

беп ші болып, көптің шырқын бұзған адамды «ең бұзық, ең сұмпайы 

адам» деп қатты жек көреді.

Жоғарыдағы «той жөнелту» жəне тойдағы «əдеп-иба» адамдарды 

асқақ адамгершілікке, мəдениеттілікке, ізгілікке, ба уыр мал дық қа, жо-

март тық қа, көпшілдікке баулиды. Адамдарды мұратты, əдепті, тəр тіп-

ті болуға дағдыландырады.



320

320


ТОЙДА ҚОНАҚ ҚАБЫЛДАУ

Қ

азақ салтында қонақ қабылдау, əсіресе, той күнгі қонақ қа был-



дап, қонақ күту əр ауыл мен əрбір адамның адамгершілік мə де ние ті 

мен тəрбиелі, тəрбиесіздігін байқататын сын болған. Əне, сон дық тан 

да той жасайтын адам барын аямай ортаға салып, қонақтарға арнап ақ 

шаңқан үйлер тігіп, мол азық-түлік, тəтті-дəмділерін əзірлеп, сыйлы 

адамдарға мінгізетін ат, кидіретін шапан, бəйге-палуандарға бе ре тін 

сый-сияпаттарын  күні  бұрын  əзірлеп,  той  күні  есігі  алдына  шы ғып 

келген қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алып отырады.

Салт бойынша, тойға келген барлық адам ең алдымен той ие ле рі-

не барып аман-сəлем жасап, «той құтты болсын!» деп айтады. Онан 

соң, қонақтарды той басқарушылар мен күтушілер жасы мен жолына 

қарай  əзірленген  қонақ  үйлерге  апарып,  күндіз-түні  тік  тұрып  кү те-

ді. Əр үйге саба-саба қымыз, дастарқан толы бал бауырсақ, бас, жам-

бас сияқты сыбағалы табақтар тартылып, оларға ерекше сый-құр мет 

көрсетіледі.  Яғни,  ақ  шаңқан  үйлерге  жайғасқан  сыйлы  қо нақ тар ға 

тайпалған  жорғаларға  мінген  епті  жігіттер  қос-қостап  табақ  тартып, 

меймандар көңілінен шығуға тырысады.

Сыбағаларын жеп, қымыз бен шайға қанған тойшыл қауым, ойын-

тамаша  хабары  шыққан  соң,  алқа-қотан  далаға  шығып,  ең  алдымен, 

палуанға кезек береді. Одан соң, қызқуар, теңге ату, мысқал ілу, көк-

пар секілді халықтық ойындарды тамашалап, дала төсін жыр-ду ман ға 

бөлейді.

«Той  десе  қу  бас  домалайды»  деп,  той  хабарын  естіген  кəрі-жас, 

ер-əйел,  бала-шаға  бір  киер  тəуір  киімдерін  киіп,  жақсы  кө лік те рін 

мі ніп,  тойға  ағылады.  Тіпті,  той  жасап  жатқан  ауыл  маңынан  өт кен 

жолаушылар да міндетті түрде ат басын бұрып, тойға құтты болсын 

айтуды  азаматтық  парызы  санаған.  Себебі,  қазақ  тойлары  не гі зі нен 

аш-арықтарды  тойындырып,  тоқтардың  көңілін  көтеріп,  көп ке  үлгі-

өне ге таратуға, сондай-ақ, үлкен-кішінің ықылас-батасын алу ға ар на-

ла тын дық тан, тойға мал-дүние əкеліп үйіп-төккенді емес, «құт ты бол-

сын» айтқанды жоғары бағалайды.



321

321


Тойдағы  қонақ  қабылдау  –  адамдардың  достық  сүйіспеншілігін 

арттырып, қоғамдық қарым-қатынасын жақсартады. Досын көбейтіп, 

өрі сін кеңейтеді. Адамдар арасындағы алыс-беріс, барыс-келісті жиі-

ле тіп, тату-тəтті, орнықты, тыныш қоғам орнатуға жігерлендіреді.



ТОЙБАСТАР САЛТЫ

Т

ойбастар – той сауығын бастаудың алдында айтылатын ха лық-



тық жыр. Мұнда тойға жиылған жұртты ретімен отырғызып, ақын дар-

ға түгел əріптес қойып, өнер көрсететін адамдарға шабыт беріп, де ле-

бе сін қоздыру үшін, алдымен, өзі «тойбастар» жырын айтады. Той бас-

тар жырының сарыны негізінен мынадай болып келеді:



Біз келдік той бастауға домбыра алып,

Кетуші-ек айқай шықса топты жарып.

Айтайын азырақ жыр осы тойға,

Тыңдасаң, жиналған жұрт, құлақ салып.

Селдетіп қуаныштың өлең-жырын,

Шалқимыз осы тойда біздер бүгін.

Көтеріп көптің көңілін желпіндіріп,

Бұл тойды кім бастайды бізден бұрын.

Қай айлар, мынау айлар, өткен айлар,

Сал-сері, өңкей жүйрік, жорға тайлар.

Сəтінде сəрсенбінің той жасапсыз,

Тойларың құтты болсын, құдағилар!

Біз келдік той деген соң қуанысып,

Қош болып қуанғаннан құрақ ұшып.

Беу, қалқа-ау, мына тойың құтты болсын,

Кеткелі сен де отырсың қияға ұшып.

Бала едің кішкентайдан халқың сүйген,

Қамзол мен қынамалы бешпент киген.

322

322


Тұйғыным қолымдағы кетеді деп,

Ата-анаң ұзатарда іші күйген.

Жортады ақ киіктер желге айналып,

Барасың қайрылмастан елге айналып.

Басыңа ноқта түскен тайдай болып,

Ақ сұңқар, отырмысың бел байланып.

Əкеңіз қиналады сен кеткен соң,

Жиналған осы тойға ел кеткен соң.

«Қыз – қонақ» деген осы, ей, қарағым,

Жат жұртқа кетер ұшып бойжеткен соң.

Шешең де қиналады кетеді деп,

Кеткен соң айы əбден өтеді деп.

Көшкенде көштің көркі көгершінім,

Қай бала шырағыма жетеді деп.

Тойбастар жырынан соң, тойдың қызығы мен дыр-думаны ресми 

басталады.

Бұл  салт  адамдарды  өнер-білімге  баулып,  өнер-білімді  адамдар-

ды  құрметтеуге  дағдыландырады.  Ақыл-сананы  оятады.  Адамдарды 

мəдениетті болуға, тамаша мінез-құлық қалыптастыруға баулиды.



«ӨЛЕҢАЙТАР» БЕРУ

« Ө


леңайтар» – қыз тойы қарсаңындағы көптеген жол-жо ра лар 

мен кəделердің бірі. Оны жігіт жақ жыртыспен бірге алып барады. Не-

месе  той  қарсаңында:  «мынау  өлеңайтар  жолы»  деп  бір  мал  немесе 

ақша береді.

Əдетте,  «өлеңайтарды»  қыз  тойы  пəлен  уақытта  болады  екен  де-

ген хабар шығысымен, қыз ауылының көңілі жақын аға йын да ры мен 

көрші-қолаңдары  «осы  тойдағы  өлеңайтарды  маған  бе рі ңіз дер»  деп 

күні бұрын сұрап қояды. Немесе жыртыс келген соң, қыздың ата-ана-



323

323


сы көршілерінің біріне, болмаса той кезінде қарасып-қа йы ры лы са ды-

ау деген біреуге береді. Міне, бұл «өлеңайтар» деп аталады.

Жол  бойынша,  «өлеңайтар»  алған  адам  қыз  тойының  кешкі  са-

уық-сайранын, яғни, «өлеңайтарын» өткізіп беруге жауапты болады. 

Онда, күндізгі той ақырласқан соң, кешке жиналған жұртты түгел үйі-

не апарып шайын беріп, тамағын тартып, айтыс ұйымдастырып, түр-

лі ойын-сауық өткізіп береді. Егер оған шамасы келмесе, қыз үйін де 

өте тін кешкі ойын-сауыққа арнаулы шашуын апарып, қолынан келген 

кө ме гін көрсетіп, ойын-тамашаның жақсы өтуіне атсалысады.

«Өлеңайтар» сауығында түрлі өнердің, əсіресе, өлең-жыр, əн-күй-

дің тиегі ағытылады. Ақындар таң атқанша айтысып, жастар бал там-

тап, көрші, мыршым қатарлы ойындарды ойнайды. Əн айтылып, күй 

тартылып, шешендік сөздердің інжу-маржаны төгіледі. Айтыста жең-

ген ақындарға əріптестері жол береді. Ерекше өнер көрсеткендерге ат 

мін ді ріп, шапан кидіріп, түрлі сыйлықтар беріледі. Ақ түйенің қар ны 

жарылып, көрші-қолаң, ел-жұрт, туыс-туған, ер-əйел, бала-шаға мəре-

сəре  болып,  көл-көсір  қуанышқа  кенеледі.  Тойға  келген  шешендер 

мен билердің, ақындар мен жыраулардың, əншілер мен күй ші лер дің 

өне рі нен ел-жұрт үлгі-тағылым алып, көз аяларын кеңейтіп, бі лім де-

рін молайтып, таусылмас мол рухани байлыққа кенеледі.

«Өлеңайтар» беру адамдар арасындағы достық сүйіспеншілік пен 

қоғамдық қарым-қатынасты нығайтады. Барыс-келіс, алыс-бе ріс ті кө-

бей те ді.  Адамдарды  өзімшілдіктен,  қызғаншақтықтан  аулақ,  кең пе-

йілді, кешірімді, көпшіл, өнерқұмар, ақынжанды адам болуға баули-

ды, бір дəн болса бөліп, жарты дəн болса жарып жейтін ізгі ниеттілік 

жолына бастайды.



ƏРІПТЕС ҚОЮ

Қ

азақ  халқы  ақын  халық,  əнші  халық,  күйші  халық  бол ған-



дық тан,  жиын-тойлар  мен  үлкен  бас  қосуларда  ақындарына  əріп тес 

қо йып,  айтыстырады.  Тіпті,  жиын-той  өткізушілер  əріп тес  қой ма са, 

ақындардың өздері «маған əріптес əкеліңдер! Əріп те сім қайда? Пə лен 

ақынмен  айтысамын!»  деп  тіленіп  отырып  алады.  Сондай  сəттерде, 



324

324


жиын-той өткізген ауыл өз жақтарынан қар сы ла сын же ңе ді-ау деген 

ақындарын  қонақ  болып  келген  ақындардың  алдына  апарып,  «міне, 

əріптесіңіз» деп отырғызып қояды. Міне, бұл «əріп тес қою» деп ата-

лады.


Алайда, əріптес қоюдың да өзіндік жөн-жосыны бар, яғни, ақын-

дар ды  айтыстырғанда,  əріптеске  өзінің  жақын  туыстарын,  апай-қа-

рын дас,  аға-інілерін,  келіндері  мен  шешелерін  қоймайды.  Қайта  ай-

тысты қыздыра түсу үшін көбінде туыстық қатынастары жоқ ер мен 

əйел ді əріптес қылып қояды. Тіпті, ондай мүмкіндік болмаса, ерлерге 

ер лер ді əріптес қып айтыстыра береді.



АЙТЫС ӨНЕРІ

(Ақындар айтысы)

Б

үкіл ғұмырын əнмен өрнектеп, күймен көмкеріп, жырмен өре-



тін қазақ халқы – жиын-тойын ақындар айтысынсыз өткізбейтін, ру-

хани мəдениеті мен поэзия өнері ерекше өркендеген халық. Əр рет кі 

жиын-тойларда  ақындарының  айтысын  тыңдаған  барша  адам  бү кіл 

ел-жұрты  мен  туған  халқының  тыныс-тіршілігі  мен  арғы-бергі  жақ-

сы-жаманынан хабар алып, білімдерін молайтып, көз аяларын ке ңей-

тіп, жүрек қылын шертер – тапқыр сөз, тамаша ұйқас, əсем əуен, на-

қыш ты ырғақтардан мол эстетикалық лəззат алып, көңілдерін кө те ріп, 

рухтарын серпілтіп, жақсыларынан үйреніп, жамандарынан жи ре ніп, 

тыныш, орнықты, мəдениетті қоғам құруға құлшынады. Сол се беп ті, 

қазақта «айтыс болады екен» десе, жеті жасар баласынан жет піс те гі 

шал-кемпіріне дейін желпінбейтіні жоқ.

Ақындар айтысының да өзіндік жөн-жосығы бар, яғни, ақын бол-

ған адамдар кез келген адамдармен əріптес болып, кез келген адам-

дармен  айтыса  бермейді.  Қайта  мықты  ақындар  мықты  ақын дар мен 

айтысады жəне мықты ақындарға мықты əріптестер қояды. Əдет те гі 

тойларда  айтысқанда,  айтысатын  ақындар  ақындықтан  хабары  бар, 

қы сыл ған да сөз табуға шебер бір-бір адамды қастарына ілестіріп айта-

ды. Əріптестерінен жеңіліп қалса, жеке өз бастарына қоса, ел намысы 

ке те ді. Ал, атақты ақындармен атақты ақындар бір-бірін іздеп барып 


325

325


айтысса, онда олар қастарына ешкімді де алмай, жекпе-жек айтысып, 

же ңіл гені жеңгеніне жол береді.

Ақындар əдетте айтысқанда, өлеңді көбінде амандасудан, ел-жұрт-

тың амандығын сұрап, танысудан бастайды, əрі əр екі жақ та əріп тес-

те рі нің «а» деп ауыз ашқанынан бастап əр сөзіне, өлеңнің əр шу ма-

ғы на  ден  қойып,  қалт  жібермей  бағып  отырады.  Онан  соң,  əр  ақын 

алдымен  өз  елін  жəне  өз  еліндегі  үлгілі,  өнегелі  адамдарын  таныс-

ты рып,  мақтап-марапаттап,  қарсы  жақтарының  ауылы  мен  ел-жұр-

тын да ғы  ел  басқарған  азаматтары  мен  жай  халықтың  адам гер ші лік-

ке,  салт-дəстүрге,  əдеп-ибаға  жат  жаман  қылықтарын  əріп тес те рі нің 

беттеріне басып, қалайда, оны жеңіп алуға күш салады. Сон дық тан да 

қазақ ақындары тарих пен шежіреге жетік болумен бірге, ел ішін де-

гі жақсы-жаман, обал-сауапты істерді бақылап, зерттеп жүреді жəне 

жақсылықтары болса мақтап, жамандықтарын қаймықпай ел алдын-

да паш қылады. Сөйтіп, қазақ ақындары қайда жүрсе де жақ сы лық ты 

ма дақ тап, жамандықты сындап, əшкерелеп, салауатты, са ли қа лы өмір 

салтын қалыптастырып, үлгі-өнеге таратып, өркениетті қоғам құ ру ға 

жаршы болып отырады.

Айтыста,  айтысып  отырған  ақындар  өлеңді  іркілмей,  қолма-қол 

та уып айтады. Тіпті қарсы жағының (əріптесінің) сұрақтарына жа уап 

бе ріп, жұмбақтарын өлеңмен шешіп, өзі де қарсы жағына өлең мен сұ-

рақ қойып, өлеңмен жұмбақ айтып отырады. Егер айтыс үс тін де бір 

жағы кідірсе немесе қарсы жағының сұрағына жауап қа йыр май, жұм-

ба ғын шеше алмаса, онда ол жеңілген деп есептеледі.

Қазір  қазақ  халқының  ақындар  айтысы  бұрынғыдан  ары  дамып, 

жекелер  арасындағы  айтыстардан  үлкен  сахналық  айтыстарға  айна-

лып, жеңген, жеңілген ақындарға нақ майданда нөмір қойып, төрелік 

айтылатын  болды.  Сөйтіп,  айтыс  сахарадан  –  сахнаға,  сахнадан  – 

мемлекеттік, тіпті халықаралық үлкен өнер түрінің біріне айналды.

Ақындар  айтысы  адамдарды  ақындыққа,  тапқырлыққа,  өнер сүй-

гіш тік ке  баулып,  бəсекелік  қабілеттерін  жоғарылатады.  Адамдарға 

мол эстетикалық лəззат бағыштап, көңілдерін көтеріп, рухтарын сер-

піл те ді.  Жас  ұрпақтарды  ақынжанды,  сергек,  сезімтал,  сөз  тапқыш, 

өлең  сөз  бен  тіл  қадірін  бағалай  білетін  білімді  азамат  болып  же ті-



326

326


лу ге  құлшындырады.  Адамдардың  көз  аяларын  кеңейтіп,  бі лім де рін 

молайтып,  тату-тəтті,  береке-бірлікті,  тыныш,  орнықты,  өр ке ниет ті 

қо ғам құруға жетелейді.

ТОЙТАРҚАР

Е

ртеден қазірге дейінгі қазақ тойларының барлығы «той бас тар» 



мен  басталып  «тойтарқармен»  аяқталып  келеді.  Қалыптасқан  дағ ды 

бойынша, той өткізген отбасы тойы тарап, алыс-жақыннан келген қо-

нақ та ры  түгел  аттанып  кеткен  соң,  той  кезінде  ел-жұртқа  тік  тұ рып 

қыз мет көрсетіп, тойдың жақсы өтуіне атсалысқан көрші-қо лаң, дос-

жаран,  туыс-туғандары  мен  асаға,  тойағаларын  шақырып  қо нақасы 

бе ріп, алғысын білдіреді. Міне, бұл «тойтарқар» деп аталады. «Той-

тар қар ға»  келген  кісілер  əзілдесіп  күліп-ойнап,  тойдың  жақ сы  өт ке-

нін құт  тық  тап, əн айтып, күй тартып, той сарқытын жеп думандатып 

қай та ды.

«Тойтарқар» адамдар арасында достық сүйіспеншілікті арттырып, 

тамаша  қоғамдық  орта  жаратуға  баулиды.  Адамдардың  қа рым-қа-

тына сын нығайтып, тату-тəтті, береке-бірлікте жасауға дағ ды лан ды-

ра ды.

Қайырымдылыққа, мейірімділікке, жомарттыққа, қонақшылдыққа 



баулып, адамдарды қуанышқа бөлеп, мерейін өсіреді.

СҰРАУ САЛТТАРЫ

Сүйінші сұрау

Қ

уанышын жасырмайтын ақкөңіл, ашық-жарқын қазақ хал қы, 



өзгелердің қуанышын өз қуаныштарындай көретіндіктен, өшкені жа-

нып, өлгені тірілген ерекше қуанышты елден бұрын көргенде, сондай-

ақ, біреудің жан тебірентерлік ұлы жақсылыққа жолығарын алдын ала 

білгенде, əйелінің ұл тапқанын күні бұрын естігенде, сондай-ақ, бас қа 

біреудің жақсылығы мен игілігін елден бұрын сезгенде қуа ныш ие сі-

не  дереу  «шүйіншілеп»  шауып  барып,  қуантып  «сүйінші»  сұ рай ды. 

Міне, бұл «сүйінші сұрау» деп аталады.


327

327


Қазақ салтында «сүйінші» сұрап барған адамның меселдесін қай-

тар май ды.  Қалайда,  оған  қуанышты  істің  салмағына  қарай  ла йық ты 

нəрсе сыйлап қайтарады.

Көрімдік сұрау

Ж

ақсылық пен жаңалыққа жаны құштар қазақ халқы жақ сы лық 



пен жаңалығына «көрімдік» сұрап, өз қуаныштары мен жа ңа лық та ры-

на өзгелерді де ортақтастырып отырады. Міне, бұл «көрімдік сұ рау» 

деп  аталады.  Мысалы,  жаңа  туған  нəрестеге,  жаңа  түскен  ке лін ге, 

жаңа  көтерген  отауға,  жаңа  салдырған  үйге,  сарайға  «көрімдігін  бе-

ріп көріңіз» деп, көрмекші болған адамдардың алдын тосып кө рім дік 

сұрайды. Оған өзінен «көрімдік» сұралған адамдар тай-тайынша, қой-

қозы жəне бағалы заттардан «көрімдік» береді.

Байғазы сұрау

« Б


айғазы»  –  жаңа  киім  киген,  жаңа  ер-тұрман  мінген  жəне 

жаңа зат алғандарға берілетін жоралғы, сыйлық. Қазақ салтында, жаңа 

киген киім, жаңа мінген ер-тұрманын, кей жерде жаңа мінген аты мен 

ба ға лы  мүліктерін  жанашыр,  жақын  адамдарына  көрсетіп,  «бай ға зы 

бе рі ңіз!» деп сұрайды. Міне, бұл «байғазы сұрау» деп аталады. Егер, 

бай ға зыны киімге сұраса, «жасың ұзақ, киімің тозғақ болсын!» деп игі 

ті лек білдіріп, байғазыға бір зат немесе қозы-лақ береді. Ал, ер-тұр-

ма нын көрсетіп сұраса, «мінісің көп болсын, дұшпаның жоқ болсын!» 

деп, оған да өз лайығына қарай байғазысын береді. Ал үл кен дер бай-

ға зы сұраса, тіпті де көңіл бөліп, меселдесін қайтармайды.



Қонақ кəде сұрау

Ү

йге  қонған  қонақтың  кешкі  асын  беріп  болған  соң,  үй  ие ле рі, 



көбінде  қыздары  мен  келіндері  қонақтан  «қонақ  кəдесін  жа са ңыз» 

деп  өтінеді.  Қонақ  одан  бас  тартпай,  өнер  көрсетеді  немесе  қы зық-

ты əңгіме-ертегілер айтып береді. Міне, бұл «қонақ кəде» деп атала-


328

328


ды. Егер қонақ өнер көрсетіп, əңгіме-ертегі айтып бере алмаса, заттай 

сый  лық береді.

Салт бойынша қонақ өзі қонған үйдің сый-құрметі үшін тартынбай 

өнер көрсетіп, əңгіме-ертегі айтып, жолда көрген-білгендерін əң гі ме-

леп беріп, үй иелерін риза етулері тиіс.

Қоныс сұрау

М

ал-жаны өсіп қонысы жетпеген, қонысы тарлық еткен немесе 



сырттан  көшіп  келген  адамдар  туыс-туған,  дос-жаран,  құда-жег жат-

та ры на тарту-таралғы апарып, «қоныс, суат сұрап келдім» деп, мəн-

жа йын түсіндіріп, қоныстық, суаттық жер сұраған. Міне, бұл «қоныс 

сұ рау» деп аталған. Ертеде ұлттар мен ұлыстар жəне ру-тайпалар ара-

сында да қоныс, суат сұрау дағдысы болған.

Қазақ халқы: «жаман атқа жал бітсе – жанына торсық байлатпас, 

жаман адамға мал бітсе – жанына қоңсы қондырмас» деп, ондай кез-

де өздеріне ісі түсіп, қиындық көріп, қоныс, суат сұрап келген адам-

дар дың бетін қайтармай, қолдарынан келгенінше сұрағандарын бе ріп, 

қиындықтан құтылдырып отырған.

Сарқыт сұрау

Қ

азақта,  көп  жасап,  көпті  көрген  беделді  ақсақалдар  мен  қа-



дір мен ді əжелерден, сондай-ақ, көсемдер мен шешендерден, ақын дар 

мен  батырлардан,  əншілер  мен  күйшілерден  ұрпақтарымызға  шара-

паты тиіп, өнерлері дарысын немесе біз де сол кісілердей ел құр ме ті-

не бөленген жақсы адам болайық деген ниетпен «сарқыт» сұ рай тын 

əдет бар. Мысалы, балаларым осы кісі сияқты өнер-білімді, үлгі-та ғы-

лым ды болса екен деген біреу, ас ішіп отырған əлгі ақ са қал дан немесе 

өнер паз дан: «балама сарқытыңызды беріңіз, сіз секілді өнегелі болып 

өс сін» деп, оның сарқытын сұрайды. Кейде босаға жақта отыр ған жас-

тар өнегелі қариялардан: «бізге сарқытыңызды беріңіз, жүр ген-тұр  ған 

жерлерімізде елге айта жүрелік» деп сарқыт дəметеді. Сондай кезде 



329

329


білімді қариялар ішіп отырған асынан оларға сарқыт береді. Міне, бұл 

«сар қыт беру» деп аталады.

Əдетте,  қариялар  мен  жасы  үлкен  білікті  адамдар  өздерін  бə йек 

болып, зыр жүгіріп күтіп жүрген жастар мен шай, қымыз, шұбат құ-

йып беріп отырған келіндерге «көп жасасын, көргенді болсын» деген 

ниетпен өзі ішіп отырған шай немесе қымызынан, жеп отырған та ма-

ғы нан «мə, қарағым, ауыз ти» деп сарқыт береді. Қазақ халқы «сар қыт 

бермеген – сараңдықтың белгісі» деп, жастарға сарқыт бермеген қа-

рия лар ды сараң, көргенсіз, өнегесіз, қартайғанын білмеген деп қат ты 

сөгеді.


Бата сұрау

Қ

азақ  халқы  «батамен  ер  көгереді,  жаңбырмен  жер  көгереді» 



деп, игі бастама көтергенде, жорыққа аттанғанда, түрлі той-то ма лақ-

тар да,  əртүрлі  мереке-мейрамдар  мен  ұлы  қуаныш  сəттерінде  ақ са-

қал дар мен билерден, оқымысты, білікті кісілерден, ел басыларынан: 

«кəне, батаңызды беріңіз, əумин!» деп бата сұрайды. Сондай-ақ, сый-

лы  адамдар  мен  қонақтардан  жəне  құда-жегжаттардан  да  бір  малын 

көл де нең тартып, «əумин!» деп бата сұрайды. Тіпті бесіктегі сəбиден 

тартып,  сексенге  келген  қариялардан  да  бата  сұралады.  Міне,  бұл 

«бата сұ рау» деп аталады.

«Баталы ұл – арымас, батасыз ұл – жарымас» деп, əр отбасы, əр бір 

азамат адамдық өмірде қариялар мен беделді, білімді, өнерлі кі сі лер-

дің ықылас-батасы жəне ризалықтарын алып отыруды өз де рі нің адам-

дық жəне азаматтық міндеті деп қарайды.



Бастаңғы сұрау

А

та-анасы  қыдырып  немесе  жолаушылап  кеткен  бойжеткен 



қыз дар мен күйеуі сапарға шығып кеткен жас əйелдерден құрбы-құр-

дас, замандастары күліп-ойнап көңіл көтеру үшін, арнаулы жиылып 

барып «бастаңғы бер» деп сұрайды, яғни, бар болса мал сойып, жоқ 

болса үйдегі жылы-жұмсағын ортаға салып, ойын-сауық өткізіп бе ру-

ді өтінеді. Міне, бұл «бастаңғы сұрау» деп аталады.


330

330


Қалау

Қ

алыптасқан салт бойынша, көңілі жақын, адамгершілігі жо ға-



ры, алыс-беріс, барыс-келістері жақсы біреудің бəйге ат, қыран бүр кіт, 

ұш қыр тазы, түзу мылтық, т.б. затына көңілі түскен адам, сол зат тар-

дың иесіне немесе əйелі мен баласына лайықты тарту жасап, я, бол-

маса  шапан,  көйлек-көншек  апарып,  алмақшы  болған  затын  «пə лен 

нəр се ңіз ді қалап келдім» деп қалайды. Міне, бұл «қалау» деп аталады. 

Қа зақ та,  «қалауын  бермеген  –  қараулықтың  белгісі»  деп,  кез  келген 

адам бір затын қалап келсе, қалаған затын беріп жолға салады.

Əдетте, «қалау» қалайтын адам, барған жеріне құрқол бармайды. 

Шама-шарықтарына қарай өзіндік мəні мен белгілі құны бар бір нəр-

се апаруға тырысады. Алайда, оның тартуының бағасы қарсы жақ тан 

қалаған  затының  бағасымен  сəйкес  болу  шарт  емес.  Сондықтан  да, 

бұл салт адамдар арасындағы тату-тəттілікті, береке-бірлікті, дос тық-

ты нығайтатын тамаша салттардың бірі болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет