Жылу сұрау
Ө
рт, су, боран, жер сілкіну секілді апаттарға ұшырап, ауыр қиын-
дық қа тап болғандар мен құн төлегендер, ауру-сырқау, пəле-жа ла ға
ұшырап, кедейлікке кіріптар болғандарға ауыл ақсақалдары мен бі-
лік ті кісілер ел-жұртқа мəн-жайды ұғындырып, оған жылу сұрайды
немесе апатқа ұшыраған адам тіке өзі сұрайды. Міне, бұл «жылу сұ-
рау» деп аталады.
Қазақ салтында «жылу» сұраған адамға жабыла көмек көрсетеді.
Ешқашан сараңдық қылмайды. Қайта «жылу» беруден қаш қа лақ та-
ған адамдарды: «қайырымсыз, рақымсыз» деп қатты жек көріп, ондай
қайырымсыз адамдардың басына іс түскенде қол үшін бермей, оқ шау
қалдырады.
Қол сұрау
Қ
алыптасқан қазақ дəстүрі бойынша ел іргесіне жау тиіп, ха-
лық қалай істерін білмей дағдарғанда немесе жаумен соғысып жат-
331
331
қан да, жасақтары аздық, əлсіздік қылғанда елім деп еңіреген батыр
азаматтар ортаға шығып, ел басшылары мен билерінен: «маған пəлен
қол беріңіз, жаудың бетін мен қайтарамын» деп əскер-жасақ сұрайды.
Міне, бұл «қол сұрау» деп аталады.
Жоғарыдағылардан тыс, кейде ел мен ел, тайпа мен тайпа қақ ты-
ғы сып немесе соғысып қалғанда, қарсы жағы дес бермесе, əлсіз жағы
маңындағы өзге көрші елдер мен тайпалардан қол сұрап, көмек алып
отыратын дағды болған. Ондай кезде ел басылары мен билері ақыл да-
сып, қол сұраушылардың талабын қанағаттандырған немесе ара аға-
йын дық жасап, жанжалды бейбіт жолмен шешуге атсалысқан.
Бұйымтай сұрау
Қ
онақшыл, меймандос қазақ халқы үйіне мейлі кім келсе де,
одан кетерінде «Не бұйымтайыңыз бар? Бұйымтайыңызды ай ты ңыз!»
деп сұрауды адамдық жəне азаматтық міндетім деп біледі. Міне, бұл
«бұйымтай сұрау» делінеді.
Үйіне қонған қонақтар мен келген кісілерден бұйымтай сұ ра май
аттандыру əдепсіздік, тəрбиесіздік, тіпті, көргенсіздік деп қа ра ла тын-
дық тан, қазақ отбасылары үйіне бас сұққан қандай адамнан болсын
ке те рін де міндетті түрде «бұйымтай» сұрайды. Одан тыс, жаңа ке-
лін түсірген, нəрестелі болған жəне басқадай қуанышқа бөленіп, мол
байлық пен олжаға ие болған адамдарға барып, «сізге бір бұ йым тай-
мен келдім» деп, бұйымтайын айтып, қалаған затын сұрап алатын да
салт бар.
Ақыл сұрау
Қ
алыптасқан салт бойынша, шешуі қиын, күрделі іске тап бол-
ған адамдар білікті билер мен ауыл ақсақалдарына барып, өзі кез бол-
ған қиындық жағдайын түсіндіріп, «сізден ақыл сұрай келдім, ақыл-
ке ңес беріңіз» деп, қиындықтан құтылу жолын сұраған. Бұл «ақыл
сұ рау» деп аталған.
Қазақ салтында өзіне үміт, сенім артып келіп ақыл сұраған адам-
дар дың меселдесін қайтармайды жəне оларды табалап, келемеждеп
332
332
күл мей ді, қайта оған аса бір жауапкершілікпен, ізгілікпен, білген
ақы лын айтып, оның сол бір қиындықтан тезірек шығып кетуіне қол
ұшын беруді адамдық жəне азаматтық парызым деп санайды. Се бе бі,
қа зақ халқы ақыл сұрап келгендерді алымсынбағандарды «адам гер ші-
лі гі жоқ, қара ниет адам» деп есептейді.
Қарыз сұрау
« Қ
арызды да қадірлі адамнан сұра, жаңа байыған адамнан
қа рыз, жаңа мансапқа отырған адамнан ақыл сұрама» деп қарайтын
қа зақ халқы, бір нəрсеге мұқтаж болса, сол зат шығады-ау деген ина-
батты, сенімді, кісілігі бар адамға барып, «маған пəлен нəрсе қажет
болып қалды, бар болса қарыз бере тұрыңыз, пəлен уақытта қай та рып
бе ре мін» деп, өзі зəру болған затын сұрайды. Міне, бұл «қарыз сұ рау»
деп аталады.
Қазақ халқының қарыз беру, қарыз алуының өзіндік жол-жо сы-
ны бар. Мысалы, қарыз сұраушы адам өзі жақсы көретін сенімді ада-
мынан алатын қарызын жəне оны қайтаратын уақытын анық жазып
қол хат беруі шарт жəне оны қарызды қайтарған кезде өзі қай та рып
алып, жыртып тастауы тиіс. Егер қарызын айтқан уақытында қай та ру-
ға мүм кін дігі болмаса, онда дер кезінде қарыз иесіне барып жағ да йын
тү сін ді ріп, қарыз қайтару мерзімін ұзартып алу тиіс. Олай етпегенде,
ол «зəлім, қиянатшы» адамдар қатарына кіріп кетеді. Тіпті, ол қа ры-
зын қайтара алмай өліп кетсе, оның бұл дүниедегі барлық жақ сы лы ғы
тү гел жойылып кетеді деп қаралады.
Жалпы алғанда, қазақ халқы сұрауды жақсы көрмейді, беруді жақ-
сы көреді. Себебі, қазақ ұғымында «сұраншаққа қайыршылықтың
есі гі мəңгі жабылмайды» деп қаралып, қайыршыға бергеннен қа рыз-
ға бергеннің жақсылығы мол, ол бір жағынан, мұқтаж адамды қиын-
дық тан шығарса, енді бір жағынан, туыстық, достық сү йіс пен ші лік ті
арттырады деп есептейді. Сондай-ақ, қарыз беруші, қарызын қай та-
рып алу уақытын ұзартқан сайын сауапқа ие болады. Ал, оны ке ші ріп
жі бер се, бақыт-байлық жолы мəңгі ашық болады деп тұ жы рым дай ды.
Қа рыз дан өсім, пайда алмайды. Қарыздан өсім-пайда алу да, бі реу ден
333
333
ал ған қарызын уақытында қайтармау да залымдық, арамдық есеп те-
ле ді.
Қазақ халқы əдетте, өзінде жоқ мұқтаж затын, қолында бар аға йын-
туыс, дос-жарандарынан сұрап алып, қайтарып беріп, адам дық өмір-
ді селбесіп, серіктесіп өткізгенімен, «қайыр сұрауды» арам та мақ тық
деп қатты тектейді. Сол себепті, қазақ халқы қайыр сұрамайды. Қа-
зақ ұғымында қайыр сұрау барып тұрған оңбағандық, арам та мақ тық,
өлездік, адамдық қасиетке жат жаман қылық деп қаралады.
Сыр сұрау
Қ
азақ салтында, əлденеге ренжіп, мұңайып, ішқұса болып, жү-
рек те гі сыры мен көңілдегі мұңын айтатын адам таба алмай жүрген
жандардан ауыл ақсақалдары мен билері, сондай-ақ, білікті кісілер
оның замандастары мен дос-жарандары арқылы «бізге сырын айтсын»
деп, оның мəн-жайын сұратып, ондай жандардың жүрек сыры мен кө-
ңіл бұлтын айықтыруға күш салып отырған. Міне, бұл «сыр сұ рау»
деп аталған.
Жүрегі күпті, көңілі мұңлы, не істерін білмей жүрген адам дар-
дың «сырын сұрап», көңілдерін көтеріп, рухтарын серпілту ісі ауыл
ақ са қал да ры мен билеріне жəне біліктілеріне үлкен сын болған. Бұл
сыннан өте алмаған ақсақалдар мен билер «білімсіз, кісілігі жоқ, ел
ал дын да ғы қарыз-парыздарын өтей алмаған нашар адамдар» деген сө-
гіс ке қалған.
Сауға сұрау
Қ
азақ салтында, жорықтан, сапардан олжалы қайтқан адам-
дармен бірге жаза кескен билер мен ақсақалдардан, айтысып отыр-
ған ақындардан «сауға-сауға, сауға беріңіз!» деп олжа, кешірім, жол
сұрайды. Міне, бұл «сауға сұрау» деп аталады, яғни «сауға» мынадай
үш жағдайда сұралады:
1. Айтысып отырған екі ақынның бірі өлеңді жақсы айта алмай,
қарсы жаққа есесін əлсін-əлі жіберіп, осалдап бара жатқан сəтте,
334
334
алымды-шалымды ақынның бірі ортаға шығып «сауға» деп, өлеңмен
өзіне кезек беруін сұрайды. Сол кезде, осалдап бара жатқан ақын ай-
тыстан табанда шегініп, оған орнын береді.
2. Жорықтан немесе сапардан олжалы қайтқандардан, сондай-ақ,
бəйгеден аты озып келгендерден ауыл адамдары «сауға» деп жол-
жора, олжа сұрап алады.
3. Əлденеге жазықты болып жазаға бұйырылғандарды көр ген де,
ауыл адамдары жаза кескен адамдардың алдына барып «сауға» деп
оның қылмысын кешіртіп, босаттырып алады.
Қолқа сұрау
Қ
азақ салтында, өзара сыйлас, сырлас, дос-жар адамдар, сон-
дай-ақ, беделді кісілер «ер сынайтын» сыйлы бір жерге бармақшы
болса, сыйлас, сырлас адамдарының біріне барып, «мені жал ғыз сы-
рат пай, менімен бірге жүр!» деп қолқа салады. Кейде жақсы ат, қы-
ран бүр кіт, түзу мылтығын «істетіп тұрайын» деп қолқалайды немесе
сыйлы адамдар мен əнші-күйшілерге «əңгіме, əн айтып беріңіз, күй
тартыңыз!» деп назды тілек білдіреді. Міне, бұлардың барлығы да
«қол қа салу» деп аталады.
«Қолқа салу» – адамдар арасындағы достық сүйіспеншілікті арт-
тырып, береке-бірлікті нығайтатын тамаша салттардың бірі. Се бе бі,
қазақ халқы «қолқадан бас тартқанның қолқасы үзіледі» деп, қол қа
салып, наз білдірген адамның талабын қайтармай, қолқасын орындап,
риза-хош қылып отыруды азаматтық міндет деп білген.
Кешірім сұрау
« К
ешірімді жан кем болмайды, кекшіл жан ел болмайды», «ке-
ші рім сұрау – кемеңгерліктің, кешіру – даналықтың белгісі» деп қа ра-
ған қазақ халқы, абайсызда біреуді ренжітіп алса, əлденеге жа зық ты
болса, ырықтылықпен қарсы жағының алдына барып «ағат тық менде,
кешіріңіз!» деп кешірім сұраған. Тіпті, ауыр күнə өткізсе, «айып мен-
де, айыбымды кешіріңіз!» деп, ат-шапан айып төлеп, ара да ғы қай шы-
335
335
лық ты асқындырмай шешіп, тату-тəтті, береке-бірлікті қо ғам құ ру ға
күш салып отырған. Міне, бұл «кешірім сұрау» деп аталған.
Қазақ салтында, «алдыңа келсе – атаңның құнын кеш», «үйіңе
келгенде – үйдей дауыңды айтпа» деп, алдына кешірім сұрап келген
адамдарды шартсыз кешіріп, өткен өш, өкпе-ренішін табанда кешіп,
бір-бірімен қол алысып, тату-тəтті өмір жолдарын жал ғас ты рып отыр-
ған.
Құн сұрау
К
еңпейіл де кешірімді қазақ халқы, біреу абайсызда кісі өл ті ріп
қойса, сол кісі өлтірген адамды өлтіру жолымен емес, қайта одан бел-
гілі құн алып, оның қылмысын кешіріп, оған қылмыс жуу ора йын бе-
ріп, мəселені қан төгіс арқылы емес, бейбіт тəсіл арқылы бір жақ ты лы
еткен, яғни, кісі өлтірген қанды қолдан «туысымыздың құ нын бер, құн
аламыз!» деп құн алған. Міне, бұл «құн сұрау» деп атал ған. Қа лып-
тасқан дала заңы бойынша, адам өмірі, яғни, адам жанынан тартып,
əрбір дене мүшелерінің белгілі құны болған. Мысалы, бі реу дің мұр-
нын бұзса – мұрын құны, тісін түсірсе – тіс құны, көзін шы ғар са – көз
құны деген сияқты. Егер қанды қол «құнды» жалғыз өзі тө лей алмаса,
онда «құнды» оның туыс-туғандары мен ел-жұрты төлеген.
Дала заңы бойынша, адам құны (жан құны) мыналардан тұ ра ды.
Егер, өлген адам ер адам болса – оған 100 қара, əйел адам болса – 50
қара, би немесе төре болса – 200 қара, хан, сұлтан болса – 700 қара бо-
лып, оның жартысы іріктелген мал, қалған жартысы құн төлеушілердің
еркі бойынша беріледі. Құн төлеу алдында «қанды қарашолақ», «қан-
ды қару», «қаранар», «қалы кілем», «қара тон», «қара жаулық» қа тар лы
«сү йек құны» төленеді. Мұндағы «қанды қара шолақ» – қанды қол дың
адам өлтірген кезде мініп жүрген аты; «қанды қару» – қыл мыс кер дің
адам өлтірген кезде істеткен қару-жарағы; «қара нар» – мар құм ның
сү йе гін жерлеуге артып апаратын көлігі үшін; «қалы кілем» – мар құм-
ның сүйегін жерлейтін жерге жауып апару үшін; «қара тон» – өл ген
адам ның əйелі немесе анасы мен қарындастарының бірі жыл бойы қа-
ра лы киім ретінде кию үшін; ал «қара жаулық» – қаза тұтқан же сір дің
басына салып жүруі үшін беріледі.
336
336
Жөн сұрау
Қ
азақ салтында, үйге келген бейтаныс қонақ аман-сəлем жаса-
сып, орнығып отырған соң, үй иесі одан жөн сұрайды, яғни, бейтаныс
адамның аты-жөнін, руын, мекенін, мұнда нендей шаруамен кел ге нін
сұрау үй иесінің парызы саналады. Міне, бұл «жөн сұрау» деп ата-
лады. Егер қонақтың жауабы көкейіне қонбаса, «жөніңізді анық ай-
ты ңыз!» деп, үй иесінің одан қайта сұрап, мəн-жайды айқын ұғы ну ға
құқығы бар.
Жоғарыдағыдан тыс, бір істің мəн-жайын толық ұқпай қалса, ес ті-
ген, көрген кейбір істерінің анық-қанығына толық көз жеткізе алмаса,
салт-дəстүрге қатысты кейбір істерді қалай істерін білмесе, жөн бі ле-
тін кісілерге барып: «сізден жөн сұрап келдім» деп, өзі біл ме ген іс тер-
дің жөн-жосығын сұрап біліп отырады.
Жол сұрау
Ж
олаушы бейтаныс бір жерде немесе жол айырығында қа лай жү-
ре рін білмей дағдарған сəтте, өзіне кездескен адамнан, я, болмаса ма-
ңын да ғы ауылдан барып: «пəлен жерге бармақшы едім, оған қай жол-
мен жүреді?» деп сұрайды. Міне, бұл «жол сұрау» деп аталады. Салт
бойынша, жол сұраған кісіге кез келген адам жол көрсетіп, оны дұ рыс
жолға салып жіберуге міндетті. Алайда, жолаушыдан «кім нің үйі не ба-
ра сың, онда не жұмысың бар?» деп сұрамайды. Олай сұ рау əбес тік, тəр-
бие сіз дік саналады. Тек «жол болсын» деп жолға салып қояды.
Кейде күрделі іске тап болып, одан қалай шығу жолын таппаған
адамдар да ақылды, білімді кісілерден «өзіңізден жол сұрап келдім»
деп мəн-жайын ұғындырып, жол сұрайды. Одан тыс, жиын-той, өлім-
жі тім, алыс-беріс істерінде «Кəне, жол кімдікі? Жолды кімге береміз?»
деп жол қуып, жол сұралады.
Түйемұрындық сұрау
Қ
азақ салтында, қызды ұзатып бара жатқанда, жолдағы ауыл-
337
337
дың азаматтары олардың алдына арқан керіп: «түйемұрындық бе рі-
ңіз дер, əйтпесе өткізбейміз» деп тұрып алады. Міне, бұл «тү йе мұ рын-
дық сұрау» деп аталады.
Қыз шешесі түйемұрындық сұрағандарға қолжаулық, орамал, қант,
кəмпит сияқты түйемұрындық кəделерін береді. Оған тү йе мұ рын дық
сұраушылар ризалықтарын білдіріп, жол ашып, түйелерін же те ле сіп,
ауылдан ұзатып жібереді.
Ашу сұрау
А
ғайын-туыс, ел-жұрт ішінде екі адам бір-бірімен ерегесіп, тө-
бе ле су ге дейін келсе немесе əкесі баласын, күйеуі əйелін ашу үс тін де
ұрмақшы болса, ағайын адамдар оған ара түсіп: «бір жолғы ашу ла ры-
ңыз ды маған беріңіздер!» деп ұрыс-керісті ушықтырмай басып тас-
тайды. Міне, бұл «ашу сұрау» деп аталады. Қазақ салтында «ашуы-
ңыз ды маған беріңіз» деп бір адам татулық сұрағанда, оған дереу кө-
ніп, ашуынан қайтады. Ашу сұрағанда райынан қайтпау өте жа ғым сыз
жаман қылық саналады.
Араша сұрау
Қ
азақ салтында, екі адам төбелесіп қалса, қасындағы адамдар
«Араша, араша! Арашамды беріңдер!» деп, оларды төбелестірмей ты-
йып тастайды немесе ажыратып жібереді. Міне, бұл «араша сұрау»
деп аталады.
Қалыптасқан дағды бойынша, «араша» деп араға түскен адамның
құр ме ті үшін төбелескендер «арашаға қоймасаң, арашашыға зар бо ла-
сың» деп, төбелестерін дереу доғарады.
Теңдік сұрау
А
раздасқан, соғысқан, таласқан екі адам немесе екі ру, екі тайпа
немесе екі елдің бірі қарсы жағын басынып күн көрсетпесе, əл сіз жағы
қолында билік күші бар хан-патша, сұлтан-билерге немесе аузы дуа-
338
338
лы, ақыл-білімі жоғары кісілерге барып: «пəлен адамға немесе пə лен
елге есеміз кетті, есе-теңдік сұрап келдік» деп мəн-жайларын тү сін ді-
ре ді. Міне, бұл «теңдік сұрау» деп аталады.
Қазақ салтында, «теңдік сұраушыларға» ерекше мəн берілген. Оз-
быр лық, əлімжеттік істегендер қатаң тектеліп, əлсіздерге есе-теңдік
алып беріліп отырған.
Телім сұрау
Қ
азақ салтында, тұңғыш рет хан тағына отырған хандарды са-
лып көтерген ақ киізді, көп жасап қайтыс болған қариялардың сү йе гін
қабір басына орап апарған киіз, тіпті, киім-кешектеріне дейін «те лім
беріңдер, телім аламыз» деп жиналған жұрт жыртып, таласа-тар ма са
бөліп алған. Міне, бұл «телім сұрау» жəне «телім алу» деп аталған.
«Телім сұрау» жəне «телім алу» – сол қадірлі адамдарға деген ел-
жұрттың құрметі, сондай-ақ, көпшіліктің сол кісілер сияқты ел-жұрт қа
қадірлі, өнер-білімді жақсы адам болайық деген ізгі ниеттерін біл діруі.
Немеурін сұрау
Қ
алыптасқан салт бойынша, бас құрап өз алдына отау кө тер-
ген тұрмыс күйі онша мəз емес адамдар ел-жұрт, бауыр-туыстарын
аралап, «немеурін сұрап келдім» деп, жанашыр, жақын адамдарына
не ле рі нің жетпей, нелерінің жетіспей жатқандықтарын ұғындырады.
Міне, бұл «немеурін сұрау» деп аталады.
Жанашыр да жəрдемшіл қазақ халқы, бір ауылдан бір азаматы өз
алдына жеке отау көтеріп шықса, балаша қуанып: «бір отауымыз кө-
бей ді, өрісіміз кеңейді» деп, «немеурін сұрағандардың» меселдесін
қай тар май, қолдарынан келген көмектерін көрсетіп, олардың ел қа та-
ры на тезірек қосылып кетулеріне мүмкіндік жасап отырады.
Көңіл сұрау
С
ау адамдардың ауырып қалған адамдарға барып: «қалай, тə уір
болып қалдыңыз ба?» деп, оның халын біліп, аман-сəлем жасауы « кө-
339
339
ңіл сұрау» деп аталады.
Қазақ халқы ауырып қалған адамдардың көңілін сұрауды өте игі-
лік ті іс деп біліп, көңіл сұрау үшін жасалған əрбір қадам достық пен
береке-бірлікті нығайтуға жасаған сəт сапармен тең деп есептейді,
алайда, көңіл сұраудың да өзіндік жол-жосыны бар. Мысалы, түс ау -
ған соң, науқастың көңілін сұрамайды. Тек таңертеңнен түске дейін
ғана сұрайды. Сондай-ақ, науқас кісіге көңіл көтеретін қызықты əң гі-
ме лер айтып беріп, қайтарында «Тез сауығып кетіңіз! Аяғымыз же ңіл
болсын!» деген сияқты игі тілек білдіріп қоштасады.
Қазақта, көңіл сұрау тек науқас адамдарға ғана қаратылмаған, қай-
та бастарына қайғының қара бұлты үйіріліп, кесірлі, кесапатты іс тер ге
жолыққан адамдардың да көңілін аулап, оларға рухани, заттық жақ-
тар дан көмек көрсетіп отыруды барша ізгі ниетті адамдардың адам-
дық парызы деп қарап, басына іс түскендердің, пəле-жалаға ұшы ра-
ған дар дың көңілін сұрап, олардың қайғы бұлтынан тезірек айы ғуы на
кө мек те сіп отырған.
Ат майын сұрау
Т
өрт түлік мал мен экологиялық ортаның қамы үшін бір жыл-
дың төрт маусымында ұдайы көшіп-қонып, үнемі қоныс, өріс жа ңа лап
отыратын қазақ халқына мініс көлігінің, əсіресе, аттың орны ерекше
ма ңыз ды болған. Себебі, мініс көлігі жоқ адам жаяу қалады да, төрт
тү лік малға ие бола алмайды жəне оны бағып-қаға алмайды. Тіп ті,
көз де ген жерлері мен арман-мақсаттарына да жете алмай, тірі өлік ке
айналады. Сол себепті, қазақ дəстүрінде мініс аты жоқ немесе жыл-
қы сы болғанымен, жанға жайлы жүрісті немесе жорға аты бол ма ған
адамдар ат-көлігі жетерлік ағайын-туыстарына барып:
– Маған бір атыңыздың немесе пəлен жорғаңыздың майын бір жаз-
ға немесе бір қысқа беріңіз, – деп қолқалайды. Міне, бұл «ат майын
сұ рау» деп аталады.
Ат майын сұрап алған адам, алған атын қайтарып беремін деген
мер зімді уақытында иесіне аман-есен қайтарып беріп, рақметін айта-
ды. Ал, ат майын сұрап алған адамның оны уақытында иесіне қай-
340
340
тар мауы, атты ақсақ, шолақ, соқыр, жауыр қып немесе өлімші етіп
тастауы адамгершілікке жат жаман қылық есептеледі. Сондай-ақ, он-
дай нашар қылықты адамдарға екінші рет сұраған зат берілмей, жолы
ке сіледі.
Көлік сұрау
Е
ртеде, қазақ халқына ат қандай қажетті, маңызды болса, басқа
кө лік те сондай қажетті, маңызды болған. Себебі, көлік, əсіресе, көш
кө лі гі болмаған адамдар үнемі көше алмай жұртта, көбінде қыстауда
қа лып, қара шыбын мен сары масаға таланған. Сондықтан бойында
жаны бар қазақ жұртта көштен қалмауға тырысып, көш көлігі болмай
қал ған жағдайда ауқатты туыс-туғандары мен көрші-қолаңдарының
түйе, өгіз, арба сияқты көліктерін:
– Пəлен жерге көшпек едік, пəлен көлігіңізді бере тұрыңыз, – деп
сұ рап алып, көңілге алған жерлеріне көшіп жетіп алады да, алған кө-
лі гін иесіне уақытында қайтарып береді. Міне, бұл «көлік сұрау» деп
аталады.
Емге сұрау
Е
ртеде сайын дала, кең-байтақ сахарада тіршілік еткен қазақ хал-
қын да қазіргідей арнаулы емхана, дəріханалар болмағандықтан, ем-
дом, дəрі жасау жəне дəрі-дəрмек сақтау бақсы, балгерлер мен ем-
домнан хабары бар емқос, дəрігерліктен біршама толық мағлұматты
адам дар дың ғана құзырында болған. Жеңіл-желпі ауырып-сырқаған
адамдар, сондай көзқарақты адамдарға барып:
– Пəлен дəріңізді немесе пəлен нəрсеңізді «емге сұрап келдім», –
деп өзі қажет еткен дəрі-дəрмек пен затын алып, өз қа жет те рі нен шы-
ғып отырған. Міне, бұл «емге сұрау» деп аталған.
Қазақ халқы емге сұраған заты бар болса дереу беріп, емге зəру
адам ның қажетін қанағаттандырып отыруды адамдық жəне аза мат тық
міндет деп білген. Ал, «емге» деп сұраған заты бар бола тұрып бер-
меу ді адамгершілікке жат жаман қылық есептеген.
341
341
Пайғамбар қарызын сұрау
Ә
детте, қазақ дəстүрінде қарыз сұрай келген адамдар болса,
мүм кін ді гін ше сұраушының меселдесін қайтармай, сұраған затын
бе ріп, сұ рау шы ны риза етіп қайтарады. Себебі, қазақ халқы «садақа
бергеннен, қарыз берген жақсы, ол адамдар арасындағы достықты
ны ғай тып, барыс-келісті жиілетеді. Зəру адамды қиындықтан шы ға-
ра ды» деп қарайды. Солайда, жай қарыз сұраушыларға сұраған за-
тын беру-бермеу əркімнің өз еркінде болады. Əрине, берген жақсы,
бар бола тұрып бермеу – əбестік. Ал «пайғамбар қарызы» деп сұраса,
одан еш қан дай адам бас тартуға хақы жоқ. Сұраған затын міндетті
түр де бе ріп қайтару қажет. Себебі, қазақи əрі мұсылмандық жосын-
да Ал ла ның елшісі атынан қарыз сұраған адамға бар бола тұрып бер-
меу – мұ сыл ман шы лық қа жат жаман қылық есептеледі. Солайда, кез
келген адам ның, кез келген уақытта Алланың жəне пайғамбардың
атымен ант ішіп қарыз сұрауы қатаң тектеледі. Ол – тек өте зəрушілік
көріп, бас қа дай шығар жол таппаған қиын сəттерде ғана амалсыз
істелетін əре кет.
Қазақ салтында Алланың жəне пайғамбардың аты – адал дық пен
бе рік сенімнің кепілі, сондықтан кез келген адам Алланың, Пай-
ғам бар дың атынан қарыз сұрағанда екіленбей береді. «Затымды сұ-
рап алып, қайтармай кетеді-ау» деп күмəнданбайды. Олай болаты-
ны «Пай ғам бар қарызын» алған адам қайтарамын деген мерзімді
уа қы ты нан қарызын кешіктірмей қайтарады. Олай етпегенде ауыр
кү нə ға бат қан болады жəне ел сенімінен айырылып, болашақ жолы
ке сі леді.
Жоғарыдағы «ат майын сұрау», «көлік сұрау», «емге сұрау», «пай-
ғам бар қарызын сұрау» болсын, барлығы да адамдардың бір-бі рі не
деген достық сүйіспеншілігін арттырады. Барыс-келіс, алыс-бе ріс те-
рін жиілетіп, қоғамдық қарым-қатынастарын нығайтып, өріс те рін ке-
ңей тіп, достастықтарын молайтады. Адамдарды орнықты, өр ке ниет ті
қо ғам құрып, береке-бірлік жасап, қам-қайғысыз, көңілді өмір сү ру ге
342
342
же те лейді.
Қазақ халқының сұрау салттарының өзіндік мəн-мағынасы мен мол
тəлім-тəрбиелік рөлі, сондай-ақ, үлкен ғылыми негізі бар. Адам дар-
дың бір-біріне деген достық сүйіспеншіліктерін арттырып, бо рыш ты-
лық жəне жауапкершілік сезімдерін оятады. Адамдарды қа йы рым ды,
мейірімді, жанашыр, жомарт болуға дағ ды лан ды ра ды. Өмір дің мə нін,
тіршілік заңдылығын терең ұғынуларына мүм кін дік жасайды. Адам-
дар арасындағы барыс-келіс, алыс-беріс іс те рін ны ғай тып, достарын
көбейтіп, өрістерін кеңейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |