Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет32/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50

Өлі сыбаға беру

Ө

лі сыбаға – туыс-туған, дос-жаран, көрші-қолаң, құда-жег жат-



тар дың қайтыс болған кісілердің туыстары мен отбасыларына апарып 

беретін əртүрлі еске алу тағамдары.

Өлі сыбаға көбінде мынадай жағдайларда беріліп отырады. Үй ле-

рі не  сыйлы  қонақ  келіп  мал  сойып  күткенде,  соғым  сойғанда,  аңға, 

ба зар ға барып олжалы қайтқанда сол өлген кісілерді ерекше ес ке ріп, 

«мар құм тірі болса өзі келіп дəм тататын еді» деп, базарлығынан, со-

ғым нан,  сойған  малынан,  атқан  аңының  етінен  марқұмның  артында 

қал ған туыс-туғандарының үйіне апарып береді. Міне, бұл «өлі сы ба-



ға» деп аталады. Кей жерде «еске алу сыбағасы» деп те айтыла бе ре ді. 

Жоғарыдағылардан  тыс,  ертеде  қазақ  балықшылары  панасыз  же тім-

же сір лер  мен  асыраушылары  жоқ  қарттарға  аулаған  ба лық та ры ның 

бел гі лі бір үлесін «өлі сыбаға» деп міндетті түрде беріп отырған.

«Өлі  кəде»  жəне  «өлі  сыбаға  беру»  адамдардың  бір-біріне  деген 

дос тық-сүйіспеншіліктерін  арттырып,  қоғамдық  қарым-қа ты на сын 

жиі ле те ді.  Адамдарды  ізгілікке,  мейірімділікке,  қа йы рым ды лық қа 

бау лып, береке-бірліктерін нығайтып, бай-бақытты өмір сү ру ге мүм-

кін дік жасайды. Дүниеқорлық, тойымсыздық, қайырымсыз дық сияқ-

ты нашар іс-пиғылдардан арылтады.



Ерулік беру

« Е


рулік» – отырықты от ба сы лар дың жаңа көшіп келген отбасы-

на беретін сыйы. Мысалы, еру отырған үйдің қасына немесе ма ңа йы на 

басқа бір үй көшіп келіп қонса, үй салып кірсе, оған еру отыр ған үй ет 

асып, шай қайнатып, тіпті, мал сойып, оны «ерулік» деп апарып бе ре ді 

немесе үйіне шақырып дəм татқызады.

«Ерулік» – еру отырған елдің жаңа келген көршілеріне көр сет кен 

құрметі, «дəм-тұзымыз жарасқан тату-тəтті көрші болайық» деген ізгі 

ниеті мен көңіл күйін білдіруі.



355

355


Шашу

« Ш


ашу»  –  қазақ  халқының  көл-көсір  қуанышы  мен  дар қан 

кө ңі лі нің белгісі. Құт-берекесі мен ырыс-ынтымағының шынайы бей-

не ле нуі.  «Шашу»  əдетте  қант,  кəмпит,  бауырсақ,  құрт  сияқты  дəм ді 

та ғам дар дан əзірленеді де, оны үлкен қуаныш пен салтанатты жиын-

тойларда, құдалық салтында, келін түскенде, бала алғаш атқа мін  ген  де 

жи нал ған жұртқа шашу қылып шашады. Осы арқылы əр адам өзі  нің 

қуа ны шы мен шаттығын көпке білдіреді. «Шашусыз қуаныштың сəні 

жоқ» деп, өмірлік мəні бар, ерекше қуанышты істерге шашу шаш пау 

са раң дық, əбестік есептеледі.

Соғым басына шақыру

Д

ағды бойынша, əрбір қазақ отбасы қыстың басында бірден, тіп-



ті  кейбір  отбасылар  екіден  соғым  сойып,  көрші-қолаңдарын  со ғым-

ның басына шақырады. Соғым басына келушілер «соғым шүй гін бол-

сын» айтады.

Əдетте,  соғым  сойысқан  кісілер  ірі  қарадан  «азат  арқа»,  «бей нет 

белдеме»  аталатын  мүшелерін,  ал  ұсақ  мал  болса,  «сорлы  қа быр ға» 

(қара  қабырға)  аталатын  мүшелерден  қолүздік  алады.  Ал  киім  ті гіс-

кен, сырмақ сырысқан, сабын араластырысқан адамдарға жіп, бау-шу, 

бұ зау шық,  ішік  тігіскендерге  жаға-жеңге  ұстайтын  пұш пақ  се кіл ді 

нəр се лер береді.

Соғым  басына  шақырылғандар  қыстың  ұзақ  түндерінде  ертегі, 

өлең,  əн  айтып,  күй  тартып,  жұмбақ,  жаңылтпаш  айтып  көңіл  кө те-

ре ді. Со ғым басына шақырудың аяғы «сыбаға беру», «түстену» деген 

сияқ ты салттарға жалғасып, ол наурыз мерекесіне дейін ұласады.

Белкөтерер беру

А

дамгершілігі асқақ, көңілі көл-көсір жомарт қазақ халқы адам-



дарды, əсіресе, қарттарды сыйлап-құрметтеудің алуан жолын тауып, 

356

356


оларды  күтімдеп,  қуандырып  отырудың  сан  түрлі  əдісін  қол да нып, 

осы  бір  тамаша  əдетті  ұлттық  салт-дəстүрге  айналдырған.  Сондай 

салт-дəстүрдің бірі – қариялар мен науқас кісілерге «бел кө те рер» беру.

«Белкөтерер»  тағамы  əдетте,  қоректік  қуаты  біршама  жо ға ры  – 

қазы, қарта, жал-жая, уыз, қаймақ, тары жармасы, сары май, қы мыз, 

ақ ірімшік, жент, шұбат, бал сияқты заттардан мəнерлеп жұмсақ əрі 

дəм  ді етіп жасалады да, оны қариялар мен ауру-сырқау адам дар дың 

көр ші-қолаң, туыс-туғандары мен дос-жарандары əзірлеп апарып бе-

ре ді. Туыс-туғандары мен жанашыр жақын адамдарының бұл сы йы на 

риза болған қариялар мен науқас кісілер оларға ақ баталарын бе ріп, 

ағы нан ақтарылады. Қуанып, көңілдері көтеріліп, бір жасап қалады.

Бұл  салт  қариялар  мен  ауру-сырқаулардың  көңіл  күйін  көтеріп, 

ау ру ға  қарсылық  қуаттарын  арттырып,  өмірге  көзқарастарын  те-

рең де тіп,  қарияларды  үміткер,  ауруларды  ширақы,  қағілез  болуға 

же те лей ді, əрі адамдар арасындағы сүйіспеншілікті тереңдетіп, қо-

ғам дық қа рым-қатынастарын нығайтады. Достықты, береке-бірлікті 

кү шейтеді.

БƏСІРЕ

Қ

азақ халқы ұрпақты болып өсіп-өнуді ерекше қуаныш санай-



ды. «Бас екеу болмай – мал екеу болмайды» деп, басқа бас қо сы лу ды 

бақыт-байлыққа балайды. Сондықтан да, бір отбасы перзентті болса, 

оның  ата-əжесі  мен  туыс-туғандары  перзентке  «жасы  ұзақ  болсын» 

айтып,  міндетті  түрде  жейде  кидіреді.  Сондай-ақ,  бала  қыр қы нан 

шық қан да, тұсауын кескенде немесе сүндет тойын жасаған кезде оған 

тай-тайынша, қозы-лақ атайды. Міне, бұл «бəсіре» деп аталады.

«Бəсіре»  ұрпақтарды  көл-көсір  қуанышқа  бөлеп,  баланың  туыс-

туғандарына  деген  сүйіспеншілігін  арттырады.  Қоғамдық  қарым-қа-

ты на сын  жақсартып,  мейірімді,  қайырымды,  жомарт  азамат  болып 

есеюге баулып, еңбекке, шаруашылыққа ерте бастан дағ ды лан ды рып, 

адал  еңбек,  ащы  терімен  бақыт-байлық  жарату  жолына  же те лей ді. 

Мал сақ, еңбекшіл болуға үйретеді.



357

357


АҚ ТАМЫЗУ

Қ

азақ халқы ақты (айран, сүт, қымыз, шұбат секілді заттарды) 



ерекше  қасиетті,  киелі  санап,  оны  жерге  төкпейді  жəне  баспайды. 

Егер абайсызда төгіп алса, оған сұқ саусақтарын тигізіп маң дай ла ры-

на ақырын тигізіп қояды. Ақ кез келген жамандық пен жа уыз дық тың 

жолын  кеседі  деп  қарап,  үйге  кірген  жыланды  өлтірмей,  басына  ақ 

тамызып шығарып жібереді. Бұл – оның жан баласына жа ман ды ғым 

жоқ, осы ақ қандай болса, осы отбасындағылардың көңілі де сондай 

ақ, өзің тимесең, біз саған тимейміз дегені.

Егер отбасынан үйірлі құмырсқа шықса, оны да өлтірмейді. Қай та 

оған ақ тамызады. Сонда құмырсқалар ол жерден кетіп қалады. Өрт 

кетсе, өрттің алдына ақ тамызады, су тасыса, суға да ақ тамызады. Ақ 



тамызу  –  қазақ  халқының  досым  түгіл,  дұшпаныма  да  қылдай  қия-

нат жасамаймын, жан баласына жанашырлықпен қараймын деген ізгі 

ниетін білдіруі.

МЕРТІК ДƏМІ

Қ

азақ салтында, бір адам мертігіп қалса, оташы шақырып, оның 



мертігін таңдырады əрі оташы кеткен соң, туыс-туған, дос-жарандары 

оның сүйіп жейтін тағамдарын апарып беріп жəне қызық-қы зық əң-

гіме, əзіл-қалжың айтып, мертіккен жерінің тезірек жазылып ке туі не 

тілектестік білдіріп қайтады. Міне, бұл «мертік дəмін апару» деп ата-

лады.

«Мертік дəмін» апару адамдар арасындағы достық сү йіс пен ші лік ті 



нығайтып, татулыққа, мейірімділікке, ізгілікке, береке-бір лік ке жете-

леп, алыс-беріс, барыс-келісті жиілетеді.



АСАР САЛУ

Ж

ұмысы  біршама  ауыр,  қолғанаты  аз  адамдар  өз  шамасы  кел-



мей тін жұмыстарын көптің көмегімен істеп алу мақсатымен аға йын-

358

358


туыс, көрші-қолаң, дос-жарандарына «пəлен күні асар саламын» деп 

алдын  ала  хабар  береді.  Мысалы,  пішен  шапқанда,  егін  ор ған да,  үй 

салғанда, т.б.

«Асарға» шақырылғандар айтулы күні түгел жиналып, «асар» ие-

сі не  қауырт  жұмыс  істеп  береді.  Оған  ешқандай  ақы  талап  етпейді. 

Кешке  таман  жұмыс  біткен  соң,  жиналған  жұрт  «асарға»  сойылған 

мал дың етін жеп, қымыз, шұбат ішіп, əн шырқап, əзіл-қалжың айты-

сып көңіл көтереді.

Міне, бұл «асар салу» делінеді.

«Асар салу» – қазақ халқының қиналғанда, қысылғанда бір-бі рі не 

қол ұшын беріп, көмектесіп отыратын тамаша қасиетінің белгісі.

САБА ПІСУ

А

лғаш бие байлағанда, бие байлаған үйдің көршілері барып са-



басын пісіседі, мұнда, алғашқы пісуді «май көп түседі» деп іске пы-

сық, ылпың-жылпың əйелдің біріне бастатады. Міне, бұл «саба пісу» 

деп  аталады.  Саба  пісіп  жатқан  кезде,  сырттан  үйге  кірген  адам  са-

баны  міндетті  түрде  бірнеше  рет  пісуі  керек.  Бұл  оның  «жұ мы сы ңа 

əзірмін, ас ішіп, аяқ босатқалы жүрген жан емеспін» дегені.

Алғаш саба піскенде, бір қасық майды саба піскен адам ала қа ны на 

салып, оң қолынан сол қолына, сол қолынан оң қолына ауыстырып, 

алақанында қалған май жұғынын жалап, саба пісуді май тау сыл ған ша 

жалғастырады.  Сабадағы  саумалдың  бетіне  май  шыққан  соң,  ауыл-

үй  адамдары  одан  міндетті  түрде  ауыз  тиеді.  Бұл  «қызғалдақ  май» 

делінеді.  «Қызғалдақ  майдан»  ауыз  тию,  алақандағы  майды  жалау 

алақанымыз майлы, қымыз көп болсын деген игі тілекті білдіреді.



КҮЗЕМ ШАЙ

Ә

р жылы күзде ауылдың қырықтықшы жігіттерін шақырып қо-



йын қырықтырып, күзем алып болған соң, оларды сыйлап берілетін 

ас-тағам «күзем шай» деп аталады, яғни, қойын қырқысып берген ер 

аза мат тар ға қойын сойып, шайын беріп рақметін айтады. «Күзем шай-

дың» соңы əн-күй, өлең-жырға ауысып, жиналған жастар күліп-ойнап, 



359

359


кө ңіл көтереді.

ТУЛАҚ ШАШУ

К

үздігүні  күзем  алынған  соң,  жүн  сабасқан  ауылдың  қыз-



бозбалалары мен əйелдер қауымына үй иесі жүнді сабасып бол ған нан 

ке йін, тулақ үстіне шашу шашады. Міне, бұл «тулақ шашу» деп атала-

ды. Бұл – мал басы мол өсіп, жүн осындай көп болсын дегені.

«Тулақ шашуға» жиналған жұрт жапа-тармағай шашуға таласып, 

күліп-ойнап көңіл көтереді. Соңында ас-тағам жеп, шай ішіп, ойын-

сауық құрып, жастар мəре-сəре болады.



ШАШЫРАТҚЫ

Қ

азақ халқы қой мен ешкінің уақытында ұрықтанып, төлді уа-



қы тын да алу үшін, қошқар-текелерге байланатын күйекті «мал төл  ді 

болады» деп ырымдап, балалы-шағалы əйелдерге байлатады да, оны 

аларда  ауылдағы  ең  үлкен  бəйбішелерге  алдырады.  Алайда,  кү йек 

байлау мен күйек алудың өзіндік қызығы бар. Мысалы, бəй бі ше кү-

йек ті шешіп жатқанда, бір əйел оның артынан барып бел дем ше сі нің 

бауын ағытып жібереді. Тағы бір əйел «төл тарыдай көп болсын» деп 

май ға араластырған бір уыс тарыны асатып жібереді. Онан соң, кү йек 

иесі  жиналған  əйелдерді  ет  асып,  шай  беріп  күтіп  алады.  Міне,  бұл 

«ша шы рат қы» деп аталады.

Күйек алынған соң, малдың алғаш қашқанын (ұрықтанғанын) көр-

ген адам, мал иесіне барып «малбейне» айтып, шашыратқы алуына да 

болады.


КИІЗ БАСУ

Е

ртеде жүн сабап, киіз басу күзем алынғаннан кейінгі қазақ ауыл-



да ры ның ең маңызды жұмыстарының бірі болған. Мұнда, əр ауыл өзен, 

бұлақ бойларына барып күзеуліктеріне қонған соң, «пə лен күні киіз 

басамыз» деп маңайындағы көрші-қолаң, туыс-ту ған да ры ның əйел де-

рі мен қыз-бозбалаларын шақырып, олар келген соң, алдыларына үл-



360

360


кен тулақтар жайып, қолдарына сабау ұстатып, жүн сабатып, киіз ба-

стырады. Жүнді елден бұрын сабап болған са бау шы лар дың тулағына 

шашу шашады. Жүн сабап, киіз басылып бол ған соң, жиналғандар ет 

жеп, шай ішіп, əзілдесіп, сырласып көңіл көтереді.



ТАРЫ ҚАРАЛАУ

« Т


ары  қаралау»  –  «тары  түю»  деп  те  аталады.  Ол  ертеде  ел 

жайлаудан қайтып, күзеуге қонғаннан кейінгі ауыл əйелдері мен қыз-

бозбалаларының топтасып істейтін өзіндік мəн-мағынасы мен қы зық 

думаны бар еңбек қимылдарының бірі болған. Онда тары жасайтын 

ауылдар бірінен соң бірі, жігіттер мен қыздарды шақырып, жарысты-

рып тары түйдіріп, бір жылға жетерлік тарыларын қаралатып алады. 

Қа ра ла ған тарыны ұшырып, дағар, қаптарға нығап салып, ауыздарын 

ті гіп тастайды. Тары жасасқандарға «келі түп» береді. Соңында ет же-

лі ніп, шай ішіліп, əзілдесіп, əн айтып, күй тартылып, көңіл кө те ре ді.

АЙРЫЛЫС ҚАЗАН АСУ

Қ

азақ  халқында  біреу  шаруа  жайы,  тіршілік  қамымен  басқа 



жақ қа  қоныс  аудармақ  немесе  басқа  бір  елге  кетпек  болса,  үн-түн-

сіз кете бермей, міндетті түрде «айрылыс қазан» асып, көрші-қолаң, 

туыс-туған, дос-жарандарын шақырып, мəн-жайын ұғындырып: «Көп 

уа қыт дəм-тұзымыз жарасып тату-тəтті өттік, артық-кем сөзім, əбес  тік 

қы лы ғым болса, кешіріңіздер! Іргем бөлінгенмен, ақ ниетім бө лін бей-

ді!» – деп үйінен дəм татқызып қайтарады. Міне, бұл «айрылыс қа зан» 

деп аталады.

«Айрылыс қазанға» келгендер дастарқан үстінде тату-тəтті өт кен 

күн де рін  тебірене  еске  алысып,  көршілеріне  «бет-алдыңнан  жа рыл-

қа сын»  айтып,  оған  ақ  жол  тілейді.  Көшкенде  жүгін  артысып,  риза-

қоштықпен аттандырып салады.

СЕРЕНЕ ЖЕУ

К

үздігүні жылқышылар семіз айғыр, мықты аттарына мініп, «се-



361

361


рене жегелі келдік» деп, көңілдері тартқан бір ауылға түсіп кө ңіл кө-

те ре ді. Жылқышылар түскен үй қарынға салынған жас етті қоз дан ған 

отқа  көміп  пісіреді.  Міне,  бұл  «серене»  («сірне»)  деп  аталады.  Отқа 

көм ген «серене» жарылып кетпеу үшін, екі басын шапқан асықты жі-

лік ті қарынның аузына ыстық бу шығып тұратындай етіп тығып, буып 

қояды.


Қазақ салтында, «серене» жегелі келген адамдардың атын сұ ра май, 

міне беретіндіктен, ауылдың бозбалалары айғырларға мініп, өрлі-қыр-

лы шапқылап, бір жырғап қалады. «Серене» піскен соң, жыл қы шы лар 

оны жеп, езген құрт ішіп, ауыл адамдарымен əзілдесіп, ойнап-кү ліп 

қайтады.

ҰЙҚЫ АШАР

« Ұ


йқы ашар» – əр жылы көктемде мал төлдегенде түнде ұйық-

тап қалмай, төлді аман-есен алудың бір түрлі əдісі. Онда түнгі кү зет-

те гі лер  қора  шетіне  от  жағып,  туған  қойлардың  уызын  пісіріп  ішіп, 

ет жеп, бір жағынан малға қараса, енді бір жағынан, бозбалалар мен 

бойжеткендер əзіл-қалжыңмен түнді күліп-ойнап ұйықтамай өт кі зіп, 

туған төлдерді аман-есен қатарға қосады. Міне, бұл «ұйқы ашар» деп 

аталады.

ДЕҢГЕНЕ (БƏС) ЖЕУ

А

уылдың зеріккен жігіттері əзіл-қалжыңдары жарасатын ау қат-



ты бір үйге барып: «деңгене» жегелі келдік, – дейді (кей жерде оны 

«бəс», кей жерде «бəсіре» дейді).

«Деңгене» – қазақ азаматтарының бір түрлі сынасу ойыны, оның 

шарты:  «деңгене  жейміз»  деп  сұраушылардың  талабы  бойынша,  үй 

иесі ең семіз малын сойып түгел асып, сорпасымен қосып алдарына 

бір-ақ  қояды.  Егер  олар  ет  пен  сорпаны  түгел  жеп,  ішіп  кетсе  жəне 

үй ден  шыққанша  құспаса  –  жеңген  есептеліп,  жеген  малы  төлеусіз 

ке те ді жəне қалаған затын сұрап алуына болады. Ал, оны түгел жеп 

кете алмаса немесе есіктен шықпай жатып құсып қойса, онда жеңілген 


362

362


есеп те ліп, бір мал орнына екі мал береді, əрі жеңілген айыбын төлейді.

Қазақ халқының өзгелерге беру, жегізу, ішкізу салттарының тə лім-

тəрбиелік маңызы мен ғылыми негізі біршама терең. Ол ұр пақ тар ды 

алыс-беріс,  барыс-келіс  заңдылықтарын  шынайы  түсініп,  ақ кө ңіл, 

ашық-жарқын,  кеңпейілді,  кешірімді,  жомарт  болуға  дағ ды лан ды ра-

ды.  Адамдардың  бір-біріне  деген  махаббат-сүйіспен ші лі гін  артты-

рып,  қоғамдық  қарым-қатынастарын  кеңейтіп,  адамдарды  дос тық қа, 

береке-бірлікке жетелейді.



ЖОЛАЯҚ

Қ

алыптасқан салт бойынша, ұзақ сапарға шығатын адам, сапар 



алдында  көрші-қолаң,  бауыр-туыс,  дос-жарандарын  шақырып,  мəн-

жайын ұғындырып, үйінен дəм татқызып, міндетті түрде ақ са қал дар 

мен беделді, аузы дуалы адамдардан бата алады. Міне, бұл «жол аяқ» 

деп аталады.

«Жолаяққа» жиналғандар жолаушылар сапарына ақ жол тілеп, ақ-

са қал дар баталарын беріп, оның арттағы бала-шағасы мен мал-дү ние-

сі не алаңдамай, аман-есен барып-келуіне тілектестік білдіріп, аттан-

дырып салады.



ҚЫЗОЙНАҚ

« Қ


ызойнақ» – бойжеткен қыздардың əке-шешелері үйде жоқ 

кезде,  өздері  оңаша  бас  қосып,  жігіттер  оған  жасырын  қа ты на сып 

өткізетін ойын-сауық. Бұл ойын-сауықты көбінде қыздар ұйым дас ты-

ра тын дық тан, «қыз-ойнақ» деп аталған.

Қызойнақта  оңаша  бас  қосқан  бойжеткен  қыздар  өздері  ұнатқан 

өнер лі, əнші, күйші, ақын бозбалаларды шақырып, əн айтып, күй тар-

тып, екі-екіден айтысып, өзара сырласып, əзілдесіп, алтыбақан, ақ сү-

йек ойнап, көңіл көтереді.

«Қызойнақ»  қыздардың  ұйымдастыру  қабілеттерін  жо ға ры ла тып, 

оларды көпшілдікке, қонақшылдыққа баулиды. Қоғамдық қа рым-қа-

ты нас та рын нығайтып, достастықтарын күшейтіп, өрістерін ке ңей те-

ді. Үміткерлік сезімдерін арттырып, өнер-білімге деген ынтасын жо-



363

363


ға ры ла та ды. Дербес күн көру қабілеттерін жетілдіреді.

АДАМДАРДЫҢ БЕТ ПІШІНІНЕ ҚАРАП, 

МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ЖОРАМАЛ ЖАСАУ

Қ

азақ  халқы  бал  ашып,  құмалақ  шашып,  адамдардың  тағ ды-



рын болжау – алдамшының ісі, «балға сенген пəлеге жолығады» деп 

қарайды, əрі бал ашып, құмалақ шашуға қарағанда, адамдардың қан 

тобы, кескін-келбетіне қарап баға беру ғылымға бір табан жақын деп 

есептейді.

Кескін-келбетке қарап баға беруде, қазақ халқы ертеде адам дар дың 

денесіндегі меңіне ерекше ден қойған, əрі сол меңдерге қа рап, əр бір 

адамның мінез-құлқына баға беріп отырған.

Меңге қарап мінез-құлыққа баға беруде, ең алдымен, адам дар дың 

жыныс айырмасы басты назарда ұсталған, яғни, ер, əйел деп бөлген.

Ерлердің меңіне қарау

Е

гер, ер адамдардың меңі оң жақ маңдайында болса, ол адам өзі 



армандаған бақытқа жетіп, атақ-даңққа бөленеді. Ал меңі сол жақ маң-

да йын да болса, онда ол адам бұл өмірде айтарлықтай бақыт-бай лық қа 

қол жеткізе алмайды. Алайда, махаббаты бақытты, баянды болады.

Құлақтарында меңі бар еркектер еш нəрседен қам же мей тін, ас-

пан  түсіп  жатса,  астында  жатып  мəнті  жеп  отыратын  са баз дың  өзі 

болады.

Ал,  иектерінде  меңі  бар  еркектер  болса,  ондай  еркектер  мол  бі-



лім, жоғары мəртебе, атақ-даңққа қол жеткізе алмаса да, ай на ла сын да-

ғы адамдардың сый-құрметіне бөленіп өтетін инабатты адам болады. 

Егер, шен-шекпен алғандары болса, атақ-даңқы жер жарады.

Меңдері көздерінің айналасына біткен еркектер қызу қанды, ұш-

қа лақ,  ой-санасы  таяз,  ойынпоз  келеді.  Ғашық  жолын  қуып,  от  пен 

суға түсуден тайынбайтын, қиялына келгенді қырық жыл іздейтіндер 

кө бі рек шығады.



Меңі оң жақ бетіне біткен еркектер махаббат-қызық дегеннің не 

екенін қаперіне алмайтын, сезімге сараң, арманға шабан келеді. Алай-

да, махаббат-неке істерінде ешқандай əуре-сарсаңға жо лық пай  ды. Қо-


364

364


са ғы мен қоса ағарып, өмір бойы тату-тəтті өтеді.

Ал, меңдері сол жақ беттеріне біткен еркектер сезімге бай, өмір-

ге құштар келеді. Махаббат ісіне ерекше ден қояды. Бақыт-бай лық қа 

оңай қол жеткізеді, яғни, ісі сəтті, татқаны тəтті болады.



Меңдері  мұрындарының  ұшына  біткендер  көбінде  «аузың  қане 

десе, мұрнын көрсететін» аңқау, сылбыр болады. Қашанда аң қау лы ғы 

мен сылбырлығы ілгері басқан аяғын кейін кетіріп отырады. Алайда, 

өмір ден көп қиындық көрмейді.



Меңдері  еріндеріне  біктен  еркектер  негізінен  тұйық,  біртоға  бо-

лады.  Сезімге  бой  ұрмайтын  суыққанды,  пайда  десе  барын  салатын 

дү ние қор келеді. Келер-кетерді білмейді, өзіне пайдасыз істерді өз жа-

уап кер ші лі гі не  алмайды.  Түйені  түгімен,  биені  бүгімен  жұ та тын дар 

көбінде осы меңдері еріндеріне біткендерден шығады.

Егер,  ерлердің  меңі  үстіңгі  еріндеріне  біткен  болса,  ондай  ерлер 

адал-арам, обал-сауапты парықтамайтын, кісілігі аз, мейір-ша па ға ты 

тапшы болады.

Ал, меңдері еріндерінің астына бітсе, онда ондай еркектер ма хаб-

бат қа өзімшіл, нəпсіқор болады.



Меңдері төстеріне біткен еркектер елден көп сый-құрмет кө ріп, 

биік беделге ие болмағанымен, өмірден өз сыбағасын алып отырады.

Егер, меңдері төстерінің оң жағына біткен еркектер болса, он-

дай еркектер бұл өмірде ащы-тұщының бəрін татады. Істемеген кə сі-

бі, татпаған нəсібі жоқ адамдар көбінде осы меңдері оң жақ төс те рі не 

біткендерден шығады.

Ал, меңдері сол жақ төстеріне біткен еркектердің көбі ауыр мі-

нез ді, жер қозғалса жылжымайтын сабаз келеді. Алайда, тістеген же-

рім де тісім қалсын деп, көңілін қалдырғандар мен ренжісіп қал ған дар-

ға оңайлыққа жібімейтін бірмойын болады.



Меңдері білектеріне біткен еркектер жоғары мəр те бе, бақыт-бай-

лық дегеннің не екенін білмейді. Өз тұрмыс салты мен жеке шаруасын 

бəрінен жоғары қояды.

Ал  қолдарында  меңі  бар  еркектерде  бақыт-байлық,  ақыл-бі лім ге 

бастайтын дарын тым кемшін болады. Алайда, жақсы өмір сүреді.

Меңдері  мойындарының  бір  жақ  жанына  біткен  еркектер  түр лі 

тау қы мет ті көп тартады. Сондай-ақ, қиындық пен кедергіге көп жо лы-



365

365


ға ды. Алайда, ең соңында мол табысқа жетеді.

Меңдері мойындарының алдында болған еркектер аса бақытты бо-

лады. Тіпті, бас айналар бақыт-байлыққа жетеді.

Ал, меңі сол жақ жағына біткен еркектердің денсаулығы нашар-

лау болады. Өмірі мəнсіз өтеді. Солайда, бақыт-байлықтан құралақан 

қалмайды.

Меңдері иықтарының үстіне біткен еркектердің өмірі қиын дық-

қа  толы  болады.  Жұмыстан  қолы  босамайтын,  еткен  еңбек,  төккен 

те рі нің жемісін аз көретін адамдардың көбі осындай меңі бар адам-

дар дан  шығады.  Алайда,  соңында  табысқа  жетіп,  жақсы  тұрмысқа 

ке не леді.

Меңі сол жақ қабырғасына біткен ер адамдар ақ көңіл, ашық-жар-

қын, əзіл-оспақшыл келеді. Ал меңдері оң жақ қабыр ға ла рын да ғы лар 

морт  мінез,  өздерін  көп  жағдайда  дөрекілеу  ұстайтын  бір мо йын  бо-

лады. Егер, ондай мінезі жоқтар болса, бүкілдей жасқаншақ, жа сық, 

ау зың қане десе, мұрнын көрсететін жуас болады. Алайда, бір бет кей, 

турашыл, адал болады.



Жауырынында меңі бар ерлер көңілдеріне сыр бүкпейтін, жан дү-

ние сі таза болады. Қулық-сұмдықты қатты жек көреді.



Аяғында меңі бар еркектердің көбі өзіндік көзқарасы жоқ, өз ді гі-

нен ешнəрсе істей алмайтын жалтақой болады.

Ал, ол меңі үлкен болса, ұрпақты болады.

Меңдері құйрығына біткен еркектерден кержалқаулар көп шы ға-

ды. Əркімнің жетегінде кетіп, көрінгеннің айтағына жүгіреді. Алайда, 

жақсы тəрбие алып, кез келген істен нəтиже шығарады.

Табанында меңі бар ер адамдар қыдырыншақ, кезбе болады. Алай-

да,  кейбіреуі  ақылды,  əрі  арманшыл  келеді.  Ал,  оң  табанында  меңі 

барлары болса, олар қанша кезіп, қанша қыдырғанымен, еш нəр се өн-

дір мей, өмірін бос өткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет