Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет31/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50

БЕРУ САЛТТАРЫ

Кеусен беру

Қ

азақ диқандарының қырмандағы ең соңғы астықтан тұр мы сы 



нашар, əл-ауқаты төмен жетім-жесір, ауру-сырқау, кəрі-құр таң адам-

дар ға міндетті түрде үлестіретін астығы «кеусен» деп аталады.

Қазақ халқы «кесірлі кісі кеусен бермейді» деп, қолы қысқа, кедей 

адамдарға кеусен бермеген диқандарды құдайдан қорықпайтын са раң, 

қайырымсыз деп қатты жек көретіндіктен, «кеусен» беруді қа зақ ди-

қан да ры өздерінің адамдық жəне азаматтық парызы санаған.



Көгентүп беру

Д

иқандардың қырман басында «кеусен» бергені сияқты, малшы-



лар көген басында қолы қысқа адамдар мен балаларға қозы-лақ бе ре-

ді. Міне, бұл «көгентүп» деп аталады.

Əдетте,  əл-ауқаты  жақсы,  малды  адамдар  «көгентой»  кезінде  не-

месе қозы-лаққа ен салған, пішкен кезде əл-ауқаты төмен адамдар мен 

жұмысына  қолғабыс  жасаған  кісілерге,  сондай-ақ,  туыс-туған,  құда-

жегжат, дос-жаран адамдардың балаларына көгеннен қозы-лақ бе ре ді. 

Бұл балалар үшін қуаныш болса, үлкендер үшін береке-бірлік дə не ке-

рі болып есептеледі.



343

343


Шүлен тарату

А

дамгершілігі асқақ, көңілі жомарт қазақ халқы өздері той ған-



да  аштарды,  бастарына  бақыт-байлық  қонып  байығанда,  аш-арық, 

жоқ-жітіктерді əр кез естерінен шығармай, оларға қол ұштарын бе ріп 

қуан ды рып отыруды адамдық жəне азаматтық парызымыз деп біл ген. 

Сон дық тан  да  қазақ  халқынан  тарихта  бірде-бір  қайыршы  шық пай, 

дү ние де гі бірден-бір қайыршысы жоқ ұлт атанған.

Салт бойынша, қолдарында жетерлік мал-дүниесі бар бай адамдар 

жылына бір рет мал сойып, мол тағам əзірлеп, аш-арық, қолы қыс қа 

адамдарды  тойындырып  отырған  немесе  арнаулы  адамдарды  аттан-

дырып, əр ауыл, əр жерде отырған күн көрісі төмен ауру-сырқау, кəрі-

құртаң адамдарға азық-түлік, мал, киім-кешек таратқызған. Міне, бұл 

«шүлен тарату» деп аталған. Тіліміздегі «шүлен таратты», «шү лен сі-

ді» дейтін сөздер, сол шүлен таратуға, аш-арықтарды ақысыз, бодау-

сыз тойындыруға байланысты айтылған.

Ақсарбас атау

Е

ртеде  қауіп-қатер,  пəле-жалаға  ұшыраған,  сондай-ақ,  қат  ты 



ауру-сырқауға жолығып, жандары қысылған адамдар: «Я, Құдай! Я, 

ар уақ!  Осы  пəледен  құтылсам,  жолдарыңа  ақсарбас!»  деп,  ақсарбас 

атай тын  салт  болған,  əрі  пəле-жаладан  аман  қалған  соң,  ел-жұрт ты 

ша қы рып, атаған «ақсарбасын» сойып, нəзір берген.

Əдетте,  ақсарбастың  үш  түрі  болады:  1.  Ақсарбас;  2.  Көкқасқа

3.  Қызылқасқа.  Егер  «ақсарбас»  деп  атаса  –  қой,  «көкқасқа»  десе  – 

жыл қы, «қызылқасқа» десе – сиыр сойып, құдайы сый беріліп, көп тің 

ықы лас-батасын алады. Одан сырт, алдарына ұлы мұрат, асқақ арман 

қо йып, сол мақсат-мұратына талпынған адамдар да: «осы мақсат-мұ-

ра ты ма жетер болсам, аруақтарға ақсарбас атадым» деп, ақсарбас не-

месе көкқасқа мен қызылқасқаның бірін сойып, той жасайтын да дағ-

ды бар.


344

344


Нəзір-садақа беру

Қ

азақ салтында қандайда бір жаңа іс, игі шаруаны қолға алып, 



алғаш бастар кезде, ата-баба аруағына арнап Құран оқып, нəзір бе ре-

ді. Жоқ-жітіктерге қайыр-садақа үлестіреді. Бұл – сол адамның «ата-

бабаларымның аруағы қолдап, игі тілегімді Жаратқан Ием қа был қыл-

сын» дегені. Сондай-ақ, көптің ризалығын алып, кəсібімді адал, дұ рыс 

іс тей мін деген адал ниеті.

Мысалы,  кен  көзі  мен  байлық  қайнарын  тапқан  адам  табиғатты 

бүл ді ре мін,  жер  ананың  бетін  жаралаймын,  əлемді  былғаймын,  осы 

қа зы на-байлықты Жаратқан Ием игілігіме бұйыртсын деген ниетпен 

аруақ тар ға арнап Құран оқып, мал сояды, жетім-жесірлерге қайыр-са-

да қа бе ре ді. Тіпті, жаман түс көрсе де садақа береді. Садақаға бе рер лік 

еш нəр се ле рі болмаса, бір тал дəн болса да тауып, құстарға са да  қа деп 

шашады. Міне, бұл «нəзір-садақа беру» деп аталады.



Пітір беру

П

ітір – ораза айында əр отбасы мүшесі əл-ауқаты төмен, кедей, 



ауру-сырқау, жетім-жесірлерге міндетті түрде беретін 3 қадақ бидай 

немесе 3 қадақ бидайдың құнына тең зат, яғни, қайыр-садақа.

Пітір  беру  жетерлік  мал-дүниесі  бар,  бай-бақытты  адамдардың 

ораза  айының  құрметі  үшін  жетім-жесірлер  мен  ауру-сырқауларға, 

сон дай-ақ, тұрмыста жоқшылық көріп, қиындық тартқандарға көр сет-

кен мейір-шапағаты мен қол-қайыры есептеледі.



Тасаттық беру

А

уыр  қуаңшылық,  оба,  зілзала  секілді  апаттарға  ұшы ра ған да, 



жалпы  халық  жиналып  Тəңірге  жалбарынып,  Құран  оқып,  құр бан-

дық қа  ортақ  мал  атайды.  Сол  құрбандыққа  атаған  малға  «пəле-қаза 

осымен кетсін! Жаратқан Иеміз риза болсын!» деген ниетпен оған тас 

атып, онан соң, оны өзен немесе бұлақ бойына апарып құр бан дық қа 



345

345


шалып,  оның  қанымен  суды,  жерді  қандап  Құдайдан  жауын  ті лей ді 

немесе дерт пен зобалаңды басымыздан айықтыр деп жалбарынады. 

Міне, бұл «тасаттық беру» деп аталады.

Сыралқы беру

« С


ыралқы» – олжалы болып, қанжығасы қандалып келе жат қан 

аңшылар мен саятшылардан сұралатын кəделі жол, ырым. Ол «олжа 

байлау» деп те аталады. Яғни, аңшылар мен саятшылардың ат қан не-

месе бүркіт пен тазыларына алдырған аңдарының етінен бір мү ше сін 

(қол, я, сан) шығарып беруін, ал, қырғауыл, үйрек, қаз, дуадақ, қас қыр, 

түлкі, аю, қоян сияқты аң-құс болса, қасына еріп шыққан жолдаста-

рына  байлауды  (сыйлауды)  «сыралқы  беру»  деп  атайды.  Ті лі міз де гі 

«батырдан  –  сауға,  аңшыдан  –  сыралқы»  деген  мəтел  содан  қал ған. 

«Сыралқы»  –  аңшылар  мен  саятшылардың  жолдас-жоралары  мен 

жолай  кездесіп  «сыралқы»  сұрағандарға  көрсеткен  сый-құр ме ті  əрі 

кісілік ілтипаты.

Зекет беру

« З


екет»  –  əр  отбасының  мөлшерлі  малынан  артық  мал  жəне 

ас тық өнімінен əр жылы міндетті түрде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге 

бе рі ле тін қол қайыры. Ол алтын-күміс, ақша қоры, сондай-ақ, өз қа-

жет те рі нен  артық  мал-дүниеден  де  белгілі  мөлшер,  белгілі  көлемде 

бе рі ле ді. Мысалы, 40 қойдан бір қой, бес түйеден бір түйе, 30 сиыр дан 

бір сиыр, 90 сиырдан үш сиыр, 400 қойдан он қой… Сондай-ақ, мал ға 

шақ қан да, осындай мөлшердегі алтын-күміс, ақша, т.б. заттардан же-

тім-жесір, кедей адамдарға зекет беру əрбір қазақтың аза мат тық жəне 

мұ сыл ман дық  парызы  саналған.  Сол  себепті,  артық  мал-дү ние сі нен 

кедей-кепшік,  жетім-жесірлерге  зекет  бермеу  –  адам гер ші лік ке  жат, 

жаман қылық есептеледі.

Байғазы беру

Ж

аңа киген киімге, жаңа мінген ер-тұрманға, тағы сон дай лар ға 



346

346


алғаш көргенде берілетін сый-сыбаға «байғазы» деп аталады.

«Байғазы»  –  жаңа  киім  киген,  жаңа  ер-тұрманға  мінген  балалар 

жа қын туыстары мен өздері жақсы көретін кісілерге барып, үс тін де гі 

жаңа киімі мен жаңа мінген ер-тұрманын көрсетіп «байғазы бе рі ңіз!» 

деп сұрағанда берілетін тиын-тебен, естелік зат жəне қозы-лақ қа тар-

лы  нəр се лер ден  тұратындықтан,  ол  балаларды  көл-көсір  қуа ныш қа 

бө леп, үміт кер лік ке жетелейді.

Көрімдік беру

« К


өрімдік» – жақын адамдардың жаңа түскен келінді, дү ние ге 

жаңа келген перзентті, жаңа көтерген отауды, сондай-ақ, өмір лік мəн-

мағынасы  бар  жаңа  шығарған  кітап  жəне  басқа  да  ма ңыз ды  заттар-

ды көрмек болғанда, қуаныш иесінің «көрімдігін беріп кө рі ңіз» деген 

тілегіне сай берілетін заттық сыйлық. Оны кейбір жөн бі ле тін адам дар 

сұратпай-ақ беріп, жақын адамдарының қуанышына ор тақ та сып оты-

рады.

Қолкесер (қолүздік) беру

С

оғымын жəне үйіне келген қонағына арнаған малын со йыс қан 



адамдарға  берілетін  бір  асым  немесе  бір  қуырдақтық  мөл ше рін де гі 

мойын,  қара  қабырға  жəне  ұсақ-түйек  ет  «қолкесер»  немесе  «қол үз-



дік» деп аталады.

«Қолкесер» – мал сойысушының абайсызда қолын кесіп алса, со-

ның өтеуі ретінде берілетін төлеу немесе оның мал сойысқан ең бе гі не 

көрсеткен сый-құрметі.



Базарлық беру

Б

азарға,  алыс  сапарға,  саяхатқа,  сондай-ақ,  басқа  ел-жұртқа 



барып келген адамдар көрші-қолаң, туыс-туған, дос-жарандарының 

бала-ша ға ла ры на «базарлық» деп түрлі бұйымдар беріп, қант, кəм-



347

347


пит үлес ті реді. Міне, бұл «базарлық» деп аталады. Бұл дəстүр – сол 

адам ның, мей лі қай да барып, қайда жүрсе де, ел-жұртын ұмыт па ған-

ды ғының,  туыс-ту  ған,  дос-жарандарын  əркез  естен  шы ғар май тын-

ды ғы ның бел гі сі.



Ауызбасытқы беру

Б

іреуден  оңбай  жеңілген,  ойда  жоқта  масқараға  жолыққан  не-



месе бірер іске айыпты болған адамдар жаман атының елге жайылып 

кетуінің  алдын  алу  мақсатымен,  сырын  білетін  адамдардың  аузын 

жабу үшін «бұл ісімді аузыңнан шығара көрме» деп беретін түрлі зат-

тары «ауызбасытқы» деп аталады.

«Ауызбасытқы»  алған  адам  өзі  білетін  сырды  жан  баласына  айт-

пайды. «Ауызбасытқы» алып тұрып, елдің сырын паш қылу ант бұз-

ған дық, кісілікте тұрмағандық, тіпті, бұзықтық саналады.

Бал басын беру

Е

л ішіндегі құмалақшы, бақсы-балгерлер мен емші-домшы сияқ-



ты  көріпкел  адамдар  бал  ашып  отырып  айтқан  болжам  мен  ем-дом 

жағ да йы көңілдерінен шыққан кісілер тастайтын сыйақы «бал басы» 

деп аталады.

Кей кездері, ондай көріпкелі бар адамдар құмалағын шашып жі бе-

ріп,  «Сүйінші,  сүйінші!  Бал  басымды  бер!»  деп,  өзіне  бал  аштырып 

отыр ған кісінің алдағы көргелі тұрған қызығы мен қуанышы жайлы 

сөй лей жөнелгенде, дарқан көңіл адам болса, қуанғанынан «міне, бал 

ба сы ңыз» деп астындағы атын да бере салады. Алайда, «бал басыға 

пə лен нəрсе беріледі», «түген нəрсе берілу керек» деген заң жоқ. Тіпті, 

бал көңіліне ұнамаған адамның бал басын бермеуіне де болады.

«Бал  басын  беру»  адамдарды  үміткерлікке  жетелеп,  жігер-күшін 

тасытады. Уайым-қайғыдан айықтырады. Рухы серпіліп, көңілі кө те-

рі леді.


348

348


Сыбаға беру

« С


ыбаға» – құрметті, қадірлі қонақтар мен қарияларға, сондай-

ақ, құда-құдағилар мен жолы, жасы үлкен туыс-туғандарға атап, ар-

найы сақтаған сыбағалы сүйек, кəделі еттер.

Ертеде, «сыбаға» сақтау əр ауыл мен əрбір отбасының кісілігі мен 

тəрбиелілігін сынаудың маңызды бір белгісі болғандықтан, əр отбасы 

сыйлы  адамдарға  «сыбаға»  сақтауды  ерекше  дағдыға  ай нал дыр ған. 

Əсі ре се,  қысқы  соғым  кезінде,  құда-құдағилар  мен  ауыл  ақ са қал да-

ры на жамбас, белдеме, жал-жая, қазы-қарта сияқты кəделі мү ше ле рін 

«сы ба ға» деп сары майдай сақтаған. Тіпті, сыйлы, құр мет ті адам дар ға: 

«келіп сыбағасын жеп кетсін» деп сəлем айтып, келе ал ма ған дар дың 

«сыбағасын» апарып берген. Ақсақалдар мен əжелер «сы ба ға» апарып 

берген келіндерге баталарын беріп, көйлек-көншек ки ді ріп қай тар ған. 

«Сыбағасын  бермеген  –  сараңдықтың  белгісі»  деп,  құр мет ті,  сый лы 

адамдардың  сыбағасы  берілмесе,  олар  «сыбағам  қайда?»  деп  сұ рап, 

сыбағасын бермеген, сақтамаған келіндерді «көргенсіз, тəр бие сіз» деп 

сөгіп кеткен. Тіліміздегі «еске алған ескі асынан сақтайды» деген сөз, 

сол сыбаға сақтауға байланысты қалыптасқан.

Қазақ салты бойынша, кез келген жолаушы «бір шəугім шай мен 

бір асым етте еншіміз бөлінбеген қазақпыз, əрбір үйде өз сы ба ға мыз 

бар» деп қарайтындықтан, қазақ халқы жолаушы жүрсе де, сая хат қа 

шықса да, азық-түлік, көрпе-жастық алып əуре болмаған, қайда барса 

да, қайсы үйге қонса да, төрінде отырып, төредей күтілген. Тіпті, қо н-

ған үйі көңілдегідей күтпесе сөгіске ұшырап, ат-шапан айып төлеген.

Сəлемдеме беріп, сəлем хат жолдау

Ұ

лан-ғайыр  кең  далада  ғұмыр  кешкен  қазақ  халқы  алыстағы 



туыс-туған, дос-жаран, құда-жегжаттарына өздері бара алмаған жағ-

дай да,  қатынасқан  адамдардан  сəлем  хат  жолдап,  сəлемдеме  бе ріп, 

бір-бірінің  амандығын  ұғып,  достық,  туыстық  ниеттерін  білдірісіп 

отыр ған. Мысалы, ерлер өте алыстағы жақын, жанашыр адамдарына 



349

349


«сə лем  хат»  жазып  жəне  көзімдей  көріп  жүрсін  деп  ат,  қару-жа рақ, 

қам шы сияқты заттар беріп жіберсе, əйелдер сыбаға, көйлек-көн шек, 

алқа-білезік секілді заттардан «сəлемдеме» деп, сəлем-сауқат жі бе ріп 

отырған.


Қуыс үйден құр шығармау

Қ

азақ салтында, əр отбасы үйіне келген кез келген адамды, мей-



лі танысын, мейлі танымасын, төріне шығарып шай қайнатып, ет асып, 

тіп ті, сыйлы, құрметті адамдар болса, мал сойып беріп, қонақ қы  лып 

аттандырады. Егер үйіне келген адам өте асығыс болып, үйден шық-

пақ шы  болса,  онда  үй  иесі:  «қуыс  үйден  құр  шықпайды»  деп,  оның 

алдына  дереу  дастарқан  жайып,  тамақтан  ауыз  тигізеді.  Бұл  –  оның 

адам баласына деген шексіз адалдығы мен құрметінің белгісі, сондай-

ақ, келген қонағына: «сіз бен біз аман болсақ ас-тағам табылады, қуыс 

үйім құрымайды» деген ізгі ниетін білдіруі. Себебі, қазақ халқы үйі не 

кір ген адамды құр ауыз шығаруды жоқшылыққа кіріптар бо лу дың, құ-

ру дың белгісі деп қарайды.

Сырттан үйге кірген адам қандай асығыс болса да, кішкене отырып 

тізе бүгуі қажет, бұл – сол адамның өзі барған үйге деген адал ды ғы 

мен  құрметі.  Егер  ол  үйге  кіре  салып,  қайта  сыртқа  шықпақ  болса, 

оған үй иесі: «Тізеңді неге бүкпейсің? Ата жауың ба едік? Жоқ, əлде 

біз дің үйдің сиыры түрегеп тұрып бұзауласын деп тұрсың ба?» деп, 

өкпе-реніш білдіреді.



Тамақ ауыз тигізу

Қ

азақ салтында, дастарқан үстіне келген, яғни, тамақ ішіп жат-



қан да келген адам (ол мейлі тамақ ішіп келсе де) міндетті түрде көр  ген 

асынан ауыз тиюі керек. Тіпті, ондайда, үй иелері «тамақ ауыз ти  ме -

сең, келіншегің немесе күйеуің тастап кетеді», «аштыққа жо лы ға сың» 

деп  зорлап  тамақ  ауыз  тидіреді.  Əсіресе,  «таңертеңгі  асты  тастама, 

түскі асты бақпа, кешкі асқа қарама» деп, таңертеңгі асқа ерекше мəн 

береді. Бұл – қиыр жайлап, шет қонып жүрген ха лық тың «таң ер тең-



350

350


гі асқа тойып алсаң, бір күндік шаруа мен бір күндік аш тық қа тө теп 

бересің,  түскі  ас  піссін  деп  аңдып  отырсаң,  шаруаң  мен  жо лың нан 

қаласың, ал, кешкі асты ішемін деп қарап отырсаң, түн болып, қа рай-

тын мал, баратын жолыңнан адасып, далада қа ла сың» дегені.



Ен-таңба салу

Қ

азақ халқы жылқыларының санына, сиырларының сауырына, 



қой-ешкі жəне түйелерінің бетіне өз ру-тайпалары мен ата-ба ба ла ры-

ның қолданып келген таңбаларын басып, құлақтарына ен салып, тү-

лік те рі нің ауысып, жоғалып кетуінен сақтанып отырған. Бұл «ен са-

лып, таңба басу» деп аталған.

Малға ен-таңба салу кезінде жəне төл алып, қозы-лақ кө ген де ген-

де малшылар туыс-туған, дос-жаран, құда-жегжаттарының балалары-

на қозы-лақ, бота-тайлаққа ен салып беретін салт бар. Бұл балаларды 

көл-көсір қуанышқа бөлеп, оларды мал бағуға, адал еңбек етіп, ба қыт-

бай лық жолын табуға жігерлендіреді. Туыс-туғандарына деген сү йіс-

пен ші лі гін арттырады.

Ет қаптар жəне қап қағар

Д

ағды  бойынша,  соғым  еті  əбден  кеуіп  сүрленген  соң,  үй  иесі 



арыстағы (бақандағы) еттерді алып, ыңғайлап кесіп, бөліп, асадалдар 

мен қаптарға салады (қаптайды). Ет қаптап жатқан кезде келген бала-

шағаларға жөргем, ұсақ-түйек ет берсе, үлкен кісілерге ет асып бе ре ді. 

Міне, бұл «ет қаптар» делінеді.

Ал,  «қап  қағар»  –  қыстай  сақтала-сақтала  қап  түбінде  қалған  ең 

соң ғы бір асым ет. Оны үй иесі қазанға салып асып, көрші-қо лаң да -

рын  «қап  қағар  жеңдер»  деп  шақырып  береді.  «Қап  қағарға»  ша қы-

рыл ған кісілер «келер соғым мол болсын, қап майлы болсын» деген 

игі тілектер айтып, өз ризашылықтарын білдіреді.

Садақа беру

« С


адақа» –  жетім-жесір,  жоқ-жітік, ауру-сырқау, ғаріп-міс кін-

351

351


дер ге  берілетін  қолқайыр.  Қазақ  халқы  «садақаны  сауда  бер,  са да қа 

ауырт па лық ты  көтеріп,  пəле-қазадан  сақтайды»  деп,  мүсəпір  адам-

дар ға үнемі садақа беріп отырады. Əсіресе, қауіп-қатер, пəле-жаладан 

аман  құтылғанда,  жаман  түс  көріп  шошынғанда  жетім-жесір,  əл-ау-

қа ты төмен, мүгедек, ауру-сырқау адамдарға үстілерінде киіп жүр ген 

киім де рін немесе басқа заттарын бастарынан «садақам, садақам» деп 

үш айналдырып, я болмаса «Құдай, аруақтың ризалығы үшін» деп, өз 

ерік те рі мен мал-дүние береді. Міне, бұл «садақа беру» деп аталады. 

Кейде  біреуге  беріп  қайтарып  ала  алмаған  заттарын  «садақам,  енді 

алмаймын»  деп  кешіріп,  екінші  оны  алмайды.  Садақа  сұрап  келген 

қа йыр шы лар ды ренжітпейді жəне оларға зекімейді, қайта сұ ра ға нын 

бе ріп, риза қылып жіберуге күш салады.

Ертеде, жаман түс көргендер «Құдай жолына» деп ниет қылып «ай 

мүйізді,  айыр  тұяқты,  жұпар  иісті»  бір  малын  құрбандыққа  шал ған, 

тіп ті садақа берерлік зат, құрбандыққа шаларлық мал таба алмаса, бір 

уыс дəн тауып құстарға шашқан.



Түйемұрындық беру

Қ

азақ салтында, қыз ұзатып бара жатқан кісілерді жол бо йын-



да ғы ауылдар алдарынан арқан керіп тосып «түйемұрындық» сұ рай-

ды  жəне  сусын  беріп,  ауған  жүктерін  түзесіп,  қыз  жасауын,  арт қан 

түйелерін жетелесіп, ауылдан ұзатып жібереді. Сол кезде қыз ше ше сі 

ар қан керген бозбалаларға қолжаулық, иісті сабын сияқты заттар бе-

ре ді. Міне, бұл «түйемұрындық беру» деп аталады.

Сүйінші беру

« С


үйінші»  –  қуанышты  хабар  жəне  жан  сүйінтер  жа ңа лық ты 

«сүйіншілеп» келіп жеткізушіге берілетін сыйлық.

Қазақ салтында, біреудің қуанышты ісін елден бұрын білген адам 

қуаныш  иесіне  «сүйінші!  сүйінші!»  деп  шауып  барып,  қуа ныш тың 

мəн-жайын толық жеткізіп, қуаныш иесінен «сүйінші» алады. Бі реу-

дің қуанышын өз қуанышындай көріп, екі иығынан дем алып «сү йін-



352

352


ші леп» шауып келген адамды құр қайтару көргенсіздік, тəр бие сіз дік 

саналатындықтан, қуаныш иесі «сүйінші» сұраған адамға қуа ныш ты 

хабардың  үлкен-кішілігіне  қарай,  алдына  ат  мінгізіп,  шапан  ки ді ріп 

қайтарса, артына тай-тайынша, қозы-лақ жəне басқа бағалы заттар бе-

ріп қайтарады. Міне, бұл «сүйінші беру» деп аталады.

Жылу беру

Т

асқын, өрт, зілзала, боран, т.б. апаттарға ұшырап, бастарына 



күн туып, жан бағыстары қиындаған адамдарға ізгі ниетті, қа йы рым-

ды,  мейірімді  адамдар  бас  қосып  ақылдасып,  мал-дүние,  азық-тү лік 

секілді  қажетті  заттар  беріп,  дер  кезінде  көмек  көрсетеді.  Міне,  бұл 

«жылу беру» деп аталады.



Қарыз беру

Б

елгілі бір затқа мұқтаж болып, сол затты өзінен сұрап келген 



адамдарға, берген затын қайтарып алу шартымен беру «қарыз беру» 

деп аталады.

«Қарыз беру» – адамдардың бірінде жоғын бірі беріп, түрлі қиын-

дық тар дан бірге шығып отыратын тамаша салттардың бірі. Сон дық-

тан да қазақ халқы қиналып қарыз сұрап келген адамдардың ме сел-

де сін қайтармай, бар болса беріп, мұқтаждықтан шығарып жі бе ре ді. 

Қа зақ  ұғымында  қайыршыға  бергеннен,  қарызға  бергеннің  сауабы 

ар тық деп қарайды. Себебі, ол, біріншіден, мұқтаж адамды мұқ таж-

дық тан шығарады; екіншіден, адамдар арасындағы туыстық, дос тық 

сү йіс пен ші лікті арттырып, қоғамдық қарым-қатынасты ке ңей теді.



Құн беру

« Қ


ұн» – абайсызда немесе ұрыс-керісте адам өлтірген қан ды 

қолдың өлген адамның туыс-туғандарына төлейтін заттық жəне руха-

ни айыбы əрі төлемі, яғни, ер адамды өлтіргені үшін беретін 100 қара, 

би-төрені өлтіргені үшін беретін 200 қара, хан-сұлтандарды өл тір ге ні 



353

353


үшін беретін 700 қара, əйелдерді өлтіргені үшін беретін 50 қара. Одан 

сырт, төлейтін бір «қанды қару», бір «қара нар», бір «қалы кілем», бір 

«қара тон» жəне бір «қара жаулық» (кей жерде сары жаулық, кей жер-

де ақ жаулық делінеді) секілді сүйек құны.



Жол беру (жол-жора)

« С


өз қуған – пəлеге жолығады, жол қуған – қазынаға жо лы ға ды» 

деп білген қазақ халқы, ғасырлар бойы ата жолдарын қуып, өз ара бір-

біріне  жол  беріп  құрметтесіп,  сыйласып,  сырласып  өткен.  Мы  са  лы, 

үлкен  кісілер  келе  жатқанда  жасы  кішілер  орындарынан  тұ рып  жол 

береді. Үлкен жиын-тойларда бата жасап, басалқалық айтуда бі лік ті 

кісілер қасындағы беделді адамдарға «батаны сіз жасап, басал қа ны сіз 

айтыңыз» деп жол береді. Түрлі тойлар мен құ да лық тар да келе алмай, 

бара алмай қалған елеулі кісілердің атын атап, тү сін түс  теп, «мынау 

пəлен кісінің жолы, мынау түген кісінің жолы» деп (жол-жора) киіт 

беріп, ат жетелетеді. Егеске түскенде, қарсы жағы сөз өтпес, көк езу 

болса, білімді жағы дауды доғарып, оған жол бе ре ді. Өлім-жі  тім ісін-

де, сүйекке түсетін адам өте көп болып, кейбір құда-құ  д а  ғи  лар түсе 

алмай қалса, оларға да жол береді. Міне, бұлар «жол беру» деп ата-

лады.


Өлі кəде беру

Ө

лі  кəде  –  құда-жегжат,  туыс-туған,  дос-жаран  кі сі лер дің  қай-



тыс болған адамдарының отбасына немесе сол отбасы мү ше ле рі не ар-

нап беретін əртүрлі жол-жоралық киіт-кəделері.

Қазақ  халқы  марқұм  болған  адамды  қандай  құрметтеп,  қадірлеп 

жолға салса, оның аруағы мен артында қалған отбасын да сондай қа-

дір леп,  құрметтеп,  көп  уақытқа  дейін  ұмытпай,  жиі-жиі  еске  алып 

отыруды өздерінің адамдық жəне азаматтық парыздары санап, түр лі 

той-мерекелер  мен  қуанышты  бас  қосуларда  марқұм  болған  кі сі нің 

«жолы» деп арнаулы атап, киіт-кəделер беріп отырады. Міне, бұл «өлі 



кəде»  деп  аталады.  Кей  жерде  «өлі  киіт»,  кей  жерде  «жолы»  деп  те 

354

354


айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет