Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет27/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50

КҮШ КҮЙЕУ

Қ

азақ  халқы  тарихта  өзгелерге  адамгершілік  пен  ізгілік  та ны-



ту дың ақылға сыйымды, көкейге қонымды сан түрлі айла-тəсілдерін 

тап қан. Сондай тамаша тəсілдердің бірі – «күш күйеу».

«Күш күйеу» деп қыз перзенттері болғанмен, түрлі ша руа шы лық 

жұ мы сы на  қарасып-қайырылысар  ер  азаматы  жоқ  адамдардың,  өз 

қы зы мен  үйленген  жігіттің  күшін  пайдаланып,  өзара  селбесіп  жан 


296

296


бағу мақсатымен, өз үйіне кіргізіп алуын немесе өз алдына отау кө -

те  ріп бе ріп, өз ауылында ұстауын «күш күйеу» («күшік күйеу» емес) 

деп атайды.

Жоғарыдағыдай жағдайлар кездессе, қолы қысқа, əл-ауқаты тө мен, 

үйленіп  бас  құрауға  шама-шарқы  келмейтін,  кісілігі  жоғары,  адал, 

арлы азаматтарды өз үйіне күш күйеу етіп, қалыңмал төлетпей-ақ кір-

гі зіп алады немесе жігіттің ата-анасы қызы бар үйдің қолына кір гі зіп 

береді.


Бұл салт адамдарды селбестікке, ізгілікке, береке-бірлікке баулиды. 

Өзара көмектесіп, қарасып-қайырылысып, адамдық өмірді мəн-ма ғы-

на лы  өткізуге  дағдыландырады.  Бірінде  жоғын  екіншісі  то лық тап, 

бас қа  түскен  қиындықты  тең  көтеріп,  қайғы-қуанышта  бір  жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығаруға баулиды.

ЖЕҢГЕ АЛУ

Қ

ұдай  деп  құда  болысып,  өзара  баталасып,  ақсарбас  қой  со-



йы сып, құйрық-бауыр асасқан соң, күйеу жігіт қайтыс болып кетсе, 

онда, бата бұзбай құдалықты сақтап қалу үшін екі жақ қайта келісіп 

(қалыңдықтың ризалығын алу шартымен) қаралы қа лың дық ты күйеу 

жігіттің інісіне алып береді.

Егер күйеу жігіт қайтыс болған соң, қаралы қалыңдық оның іні сі-

не тиюге келісімін бермесе немесе күйеу жігіттің оны алатын іні ле рі 

болмаса, онда төлеген қалыңмал түгел қайтарылады. Ал, күйеу жі гіт 

тірлігінде ұрын барған болса, онда қалыңмалдың жартысы ғана қай-

та ры ла ды.

Жеңге алу адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, бе ре-

ке-бірлікті жалғастырады, орынсыз дау-дамай, ұрыс-керістің, жау ла-

су дың алдын алып, тыныш, орнықты қоғамдық орта жаратады. Əрі екі 

жақты да ауыр уайым-қайғыдан аз да болса жеңілдетіп, үміт кер лік ке 

жетелейді.



297

297


ҚҰДА-ҚҰДАҒИ АТАУЛАРЫ

Қ

азақ  халқы  өзара  қыз  алып,  қыз  беріскен  адамдарды  «құда-



құдағи» деп жалпылама атағанымен, олардың құдаласу барысы, жағ-

да йы жəне уақытына қарай əртүрлі атайды. Мысалы:



Белқұда – күйеу жігіт пен қалыңдықтың (қыздың) туған əкелері.

Белқұдағи – күйеу жігіт пен қыздың (келінінің) туған шешелері.

Құда – күйеу жігіт пен қыздың (қалыңдықтың) əкелері жəне атала-

ры, сондай-ақ, солармен жолы тең, туыстығы жақын аға-бауырлары.



Құдағи  –  күйеу  жігіт  пен  қыздың  (қалыңдықтың)  шешелері  мен 

əже ле рі,  сондай-ақ,  солармен  жолы  тең,  туыстығы  жақын  абысын-

ажындары.

Бас  құда  –  алғаш  құдалық  сөйлесе  барған  немесе  құдалық  алыс-

беріс, барыс-келісте жігіт ауылының өкілі ретінде құдалыққа басынан 

аяғына  дейін  араласып,  жігіт  жаққа  төрелік  айтып,  кесім  жасайтын 

адам.


Үлкен құда – белқұданың ағалары мен əкелері.

Үлкен құдағи – белқұдағидың енелері мен абысындары.

Кіші құда – белқұданың інілері.

Кіші құдағи – белқұдағидың абысын-ажындары.

Жанама құда – құдалық кезінде бас құда мен құдалардың қа сы на 

еріп барған көмекшілері мен жолдастары.



Жанама  құдағи  –  құдағилардың  құдалыққа  ертіп  барған  жол-

дастары.


Құда бала – күйеу жігіт пен қалыңдықтың ағалары мен інілері.

Құдаша – күйеу жігіт пен қалыңдықтың əпкелері мен сіңлілері.

Бұл  атаулар  тіл  ғылымы  тұрғысынан  қарағанда,  қазақ  халқының 

тіл ге өте бай, қазақ тілінің шұрайлы, бейнелеу қуатының жоғары тіл 

екендігін дəлелдейді. Сондай-ақ, құда-жегжаттық қатынас пен алыс-

беріс, сый-құрмет істерінде төтенше маңызды мəн алады.


298

298


ТЕҢІН ТАПСА ТЕГІН БЕРУ САЛТЫ

Қ

азақ халқы «теңін тапса – тегін бер» дейді, яғни, құдалық ісін-



де  «қыздан  аламын  дегеннің  кісілігі  жоқ»,  «қыздан  алғанды  қын ға 

жақ» деп қарап, ұл-қыздары өз теңін тапса, əрі екі жақтың ата-анала-

ры да қуанысып, «балаларымыздың көңілі жарасып, бір-бірін ұна тып 

қалыпты» десіп, əрі екі жақ шамалары келгенінше жасау-жаб дық та-

рын беріп, балаларының басын тезірек құрап қоюға күш салған. Еш қа-

шан «мен пəлен қалыңмал аламын, маған пəленбай дүние бересің» деп 

емініп, сұранып атақ-абыройын төкпеген, дəлірек айтқанда, балалары 

теңін тапса тегін берген.

Ертеде қазақ халқы құдаларынан «пəлен аламын, маған түген дү ние 

бер» деуді өте арсыздық, тексіздік, көргенсіздік санаған. Сол се беп ті, 

«теңін тапса тегін бер» деп, ұл-қыздарын өз сүйгендерімен үй лен ді ріп 

қоюды өте игілікті іс деп қараған. Олай болатыны, қазақ хал қы ата-ана 

болған барша адам баласының алдында мынадай төрт түр лі борышы 

бар деп біледі: баласын ержеткенше бағып-қағу; ұл болса сүндеттетіп, 

қыз болса сырға тағып, есейген соң, сүйген адамдарымен үйлендіріп 

қою; оқытып, өнер-білім үйрету; жеті атасын ұғын ды рып, туған хал-

қының арғы-бергі тарихынан хабардар ету.

Қазақ халқының қыздарын теңін тапса тегін беру салты адамдарды 

бауырмалдыққа, жанашырлыққа баулиды. Дүниеқорлықтан, өзім шіл-

дік тен, тойымсыздықтан аулақ болуға дағдыландырады. Адамдар ара-

сын да ғы достық, сүйіспеншілікті арттырып, адамдарды береке-бір лік-

ке,  татулыққа  жетелейді.  Қоғамдық  қарым-қатынастарын  ны ғай тып, 

өріс те рін кеңейтіп, достарын көбейтеді.

ДƏСТҮРЛІ ҚАЛЫҢМАЛ

Е

желгі  қазақ  əдет-ғұрпында  «қалыңмал»  құдалар  арасындағы 



береке-бір лік пен татулықтың дəнекері ғана болған. «Қыздан ал ған ды 

қынға жақ» деп, қалыңмалды ешқашан, еш уақытта байлық қай нары, 

кі сі лік мақсат-мұрат есептемеген. Керісінше, «құрыған адам құ да сын 

қи най ды, білімді адам құдасын құдайындай сыйлайды» деп қарап, құ-



299

299


да ла ры на «жоқты тап, жорға-жүйрігің мен жылт еткеніңнің бəрін ма-

ған бер» деп сұрағанды, «жақынын қазған жалшымайды» деп, ондай 

адамдарды нағыз жарымаған, көргенсіз деп есептеген.

Қазақ халқының алыс-беріс, барыс-келіс істерінің бəрінде көз жəне 

көңіл таразысы жəне кісілік өлшемі болғаны сияқты, қа лың ма лы  ның 

да белгілі өлшемі, шегі, саны, аты-жөні, түрі болған. Тіпті «қа лың сыз 

қыз болса да, кəдесіз қыз болмайды» деп, құдалық дə не кер, қуаныш 

сыйлығы  ретінде  тегін  берген  қыздардан  да  əртүрлі  кə де лер  алып, 

кəделер берген.

Қазақ  халқының  қалыңмалы,  əл-ауқаты  əртүрлі  адамдарды  көз де 

ұс тай отырып белгіленген. Алайда, «бай мен бай құда болса, арала-

рында жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса, араларында дорба 

жү ре ді» дегендей, əр адам өз əл-ауқатына қарай алыс-беріс жасаған. 

Ол негізінен мынадай түрге бөлінеді:



1. Дəстүрлі қалыңмал

Д

əстүрлі  қалыңмал  –  бір  түзу  мылтық,  бір  берен  сауыт,  бір 



жүйрік ат жəне малдығы артық бір түйеден тұрады.

2. Қара мал

Қ

ара мал – жиырма ірі қарадан тұрады. Мұнда, құлын, тай, бұ-



зау-таналар да түгел бір қараға есептеледі.

3. Ілу

І

лу – күйеу жігіттің қызын жақсы тəрбиелеп есейтіп-ер жет кіз ге-



ні үшін енесіне міндетті түрде беретін ат,түйе секілді зат. Егер жі гіт 

ілуге көп қаражат жұмсаса, онда қалыңмал азайтылады.



4. Сүт ақы

С

үт ақы – жігіт жақтың, қыз анасына беретін заты, яғни, ана ның 



аналық ақ сүтінің бодауына берілетін сыйақы.

300

300


5. Жігіт түйе

Ж

ігіт түйе – қыз əкесіне «ата күшіне» деп беретін зат, яғни, əке 



күшінің бодауына берілетін сыйақы.

6. Той малы

Т

ой малы – қыз тойына жігіт жақ апаратын сойыс мал. Əдет-



те,  той  мал  бір  ірі  қара,  екі  ұсақ  малдан  жоғары  болады.  Қа зір гі дей 

шай-тұз, ұн-күріш, май, қант, кəмпит сияқты нəрселер алдыруды ұят 

санайды.

7. Дөңгелек қалың

Д

өңгелек қалың – 10–15 ұсақ мал немесе соған балама ретінде 



беретін бір жылқы, я бір сиыр.

8. Балама қалың

Б

алама қалың – 10–15 ұсақ мал орнына беретін бір тəуір жылқы.



9. Олқы қалың

О

лқы қалың – алатын қалыңдығы өліп, оның орнына балдызын 



алғанда төлейтін 37 ірі қара.

Қазақ  салтында  бардам  адамдардың  қалыңға  беретін  малдарын 

бөлу үстінде «құрық бауға» деп жылқышылар бір мал, «қосақ бауға» 

деп қойшылар бір мал алса, ал бата жасағандар «келін тілі» деп бір 

мал алып қалады.

Жоғарыда  айтқандай,  қазақ  халқының  дəстүрлі  қалыңмалы  –  бір 

түзу мылтық, бір берен сауыт жəне бір жүйрік ат пен малдығы артық 

бір түйе ғана болған. Бірақ, ол бардам адамдарға қаратылған. Ал, қолы 

қысқа адамдар «орамал тон болмайды, жол болады» деп, барымен ба-

зарлап, бір дəн болса бөліп, жарты дəн болса жарып жеп, өмір бойы 

тату-тəтті өткен.


301

301


10. Балдыз қалың

Ә

р екі жақ құдай деп құдаласып, барып-келіп, алып-беріп жүр-



ген де қалыңдық қайтыс болып кетсе, онда екі жақ баталарын бұз бай, 

құ да лық та рын ары қарай жалғай беру үшін марқұм болған қа лың дық-

тың артындағы сіңлісіне сөз салып, ол келісімін берсе, ендігі жерде 

кү йеу жігітке сол балдызы қалыңдық болады. Міне, бұл «балдыз қа-



лың» деп аталады. Алайда, күйеу жігіт бұрынғы қалыңдығы тірі ке зін-

де ұрын келген болса, онда түйе бастатқан бір тоғыз «балдыз қа лың» 

тө лей ді. Ұрын келмеген болса төлемейді.

Ал, балдызы «балдыз қалың» болуға келісімін бермесе немесе мар-

құм болған қалыңдықтың артында басқа сіңлілері болмаса, онда қыз 

жақ жігіт жақ төлеген қалыңмалды түгел қайтарады. Бірақ күйеу жі гіт 

қалыңдығы тірі кезінде ұрын барған болса, онда қалыңмалдың жарты-

сы ғана қайтарылады.

Бұл  салттың  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  жақсартып, 

тату-тəтті,  береке-бірлікті  орта  жаратуда  рөлі  өте  зор.  Адамдар  ара-

сында дауласу мен жауласудың алдын алып, өкпе-реніштен сақ тан ды-

рып, адамдарды береке-бірлікке, достыққа, татулыққа баулиды. Дəс-

түр лі достықты үзбейді.

Қалыңмал  өлшемі  адамдарды  ата  салтын  құрметтеуге  баулиды. 

Алыс-беріс,  барыс-келіс  істерінде  «аз  бердің,  көп  алдың»  деп  рен-

жі сіп, түс шайысып қалудың алдын алып, адамдарды тату-тəт ті өмір 

өт  кі зу ге жетелейді. Əркімнің ойына келгенін істеуінің, ны сап сыз дық-

тың,  тойымсыздықтың,  ашкөздіктің  алдын  алады.  Адамдарды  адам-

гер ші лік пен салт-дəстүрден аттамайтын ар-ұятты, əдеп-ибалы, сый-

ласымды болуға дағдыландырады.



ЖАСАУ

Ұ

затылатын қызға қыздың ата-анасы беретін мал жəне дүние-мү-



лік  «жасау»  деп  аталады.  Жасау  əдетте,  қалыңмалмен  шамалас  бо-

лады.  Ауқатты  адамдар  қызына  үй  тігіп  береді.  Тіпті,  қалыңмалдан 

ар тық жасау жасап береді.


302

302


«Жасау» ауқатты адамдар жөнінен алғанда мынадай мал-мү лік тер-

ден тұрады:

1. Төсек-орын, киім-кешек, яғни, бір ақ шаңқан киіз үй, бір жақ сы 

төсек пен тағы бір құс төсек, 3–7 көрпе-жастық, бірнеше текемет, 

төр көрпе, сырмақ, от киіз, 5–6 алаша, 2–3 кілем, ішік, шапан, көй лек-

көн шек  əрқайсысы  тоғыз-тоғыз  немесе  жеті-жеті,  ең  болмағанда 

үш тен, бестен кем болмайды.

2. Құрал-жабдық, қару-жарақ. Олар: ер-тұрман, садақ, мылтық, 



найза,  сауыт,  қалқан,  берен  қылыш,  қазан-ошақ,  шыны-шəйнек, 

балта-шот, балға-төс, егеу-түрпі, ине-жіп, ара, талыс, үскі-кескіш, 

біз, сыдырғы, бəкі-пышақ, т.б.

3.  Ат-көлік  жəне  сауын-сойыс,  яғни  қызға  мінгізген  жорға  мен 



кү йеу жігітке мінгізген жүйрік ат жəне олардың сауын ішіп, сойып 

жеу  ле рі не берген 3–4 сиыр, 20–30 ұсақ мал, сондай-ақ, артынып-тар-

тынып көшулеріне бір-екі түйе қатарлылар.

4. Қызға танысып барғанда жəне арнаулы берген туыс-ту ған да-



ры ның мал-дүниелері, яғни, мініс ат, сауын сиыр, сойысқа берген ұсақ 

малдары мен кілем, сырмақ, текемет, түрлі киім-кешек, білезік, сыр-

ға, алқа, жүзік, т.б.

Қызға «жасау» беру – қазақ халқының қыздарын ерекше қас тер ле-

уі нің тағы бір белгісі, яғни қыз ата-анасының қызымыз жат жер, жат 

елге барғанда еш қиындық көрмей, мал-дүниеден тарықпай, жылап-

сықтамай, ел қатарлы жақсы күн көріп, тезірек еңсе көтеріп, бай-ба-

қыт ты тұрмыс кешірсін дегені əрі болашақ ұрпақтардың дү ние ге төрт 

мү ше сі сау, ес-ақылы дұрыс болып келіп, олардың ақаусыз өсіп-же ті-

луі не мүмкіндік жасағаны.



КИІТ ЖƏНЕ КƏДЕ

К

иіт – құда-құдағилар мен құда-жегжаттарға ғана берілетін ар-



наулы сый-сияпат. Ол құда-жегжаттардың əл-ауқаттарына қарай əр-

түр лі деңгейде беріледі. Мысалы, ауқатты бай адамдар қасқыр жəне 

сі леу сін ішік, құндыз жағалы тон, бағалы шапан, шеріс, доқаба, торғын 

көй лек-көншек,  сондай-ақ,  қымбат  бағалы  басқа  да  киім-кешектер 

мен кездемелер береді.


303

303


Кəде  –  əртүрлі  жиын-тойлар  мен  қуанышты  сəттерде,  сондай-ақ, 

өлім-жітім, нəзір-құзыр істерінде берілетін киім-кешек, орамал-шар-

шы, кездеме қатарлы нəрселер.

Қазақтың кəделері өте көп (жол-жора деп те аталады). Ол бір нə-

рес те шыр етіп дүниеге келіп, ағаш бесікке түскеннен жер бесікке түс-

кен ге дейінгі аралықта болатын қуаныш пен қайғылы істердің бар лы-

ғын да қалмайды.

«КЕЛІН АС» АПАРУ ЖƏНЕ КЕЛІН СҰРАУ

Е

кі жақ құдай деп құда болысып, құйрық-бауыр асасып, алып-бе-



ріп, барып-келіп, арада біраз уақыт өткен соң, қыз алатын жақ (ке лін 

түсіруге жағдайым келеді-ау деген бір күні) болашақ келініне арнап 

бір қойын сойып қоржынына салып, тəтті-дəмдісін алып жəне ке лі ні-

не бағалы бір көйлек, ақ күмістен білезік, оған қосымша құда-құ да ғи-

ла ры на бағалы сыйлықтар апарып, «келін асын» əкеліп отырмын, енді 

баламды беріңіздер деп сұрайды.

Қыз ата-анасы оны құп көрсе, «балаңызды пəлен уақытта бе ре мін, 

дайындығыңызды  жасай  беріңіз»  деп  келісімін  беріп,  тойға  қа жет ті 

нəрселерді  мерзімді  уақытқа  дейін  əзірлеп  беруді  тапсырады.  Міне, 

бұл «келін ас апару» жəне «келін сұрау» деп аталады. Кей жерде ке лін 

асты жігіттің аға-іні, жеңге, əпке-қарындастары апарып, келінді одан 

соң, жігіттің ата-анасы арнаулы бір жолы барып сұрайды.

Келін ас апару – болашақ келінге деген сый-құрмет жəне ата-ене-

нің  келініне  деген  ата-аналық  сүйіспеншілігі,  ол  болашақ  келін  мен 

ата-ененің  қарым-қатынасын  нығайтып,  ата-балалық  сү йіс пен ші лік-

те рін  арттырады.  Сыйластық,  сырластық  байланыстарын  те рең де-

тіп, болашақта тату-тəтті болып, бір-бірін құрметтеп, аялап өту ле рі не 

мүм кін дік жасайды.



ЖЫРТЫС ТОЙ

С

алт бойынша жігіт жақ құдаларына беруге тиісті қалыңмал, ана 



сүті, ата күші жəне өлтірі, келін ас, келін сұрау сияқты жол-жо рал ғы-

304

304


ла рын түгел атқарып болған соң, бауыр-туыс, құда-жегжаттарын ша-

қы рып, «жыртыс той» (кей жерде «қоржын той» делінеді) жасайды. 

Тойға келгендер «шашу» жəне «жыртысыңа қосқаным» деп мал-мү лік 

жəне бағалы кездеме, торғын-торқа əкеледі, келінге əзірленген жаса-

улар  мен  туыс-туған,  құда-жегжаттары  қосқан  қосарлар  үйге  тү гел 

ілініп, келген жұртқа көрсетіледі.

Жыртыс тойда арнаулы үйлер тігіліп, айтыс, қыз қуар, палуан, тең-

ге  ілу,  жамбы  ату,  көкпар  сияқты  ойындар  өткізіліп,  жүл де гер лер ге 

ба ға лы сыйлықтар беріледі. Құда-жегжаттарға ат міндіріп, киіт ки ді-

ре ді. Соңында, бауыр-туыстар ақылдасып, жыртыстың кем-ке ті гін то-

лық тап, жыртыс салу дайындығына кіріседі.

Жыртыс  той  туыс-туған,  дос-жаран,  құда-жегжаттар  арасындағы 

алыс-берісті  нығайтып,  бір-бірінің  жетпей  жатқан  жеріне  кө мек те-

сіп, бір-бірінің қуанышын өз қуанышындай көруге дағ ды лан ды ра ды. 

Береке-бірлік пен достықты нығайтады.

ЖЫРТЫС БУУ

Т

екті  де  тəрбиелі,  көргенді  де  көреген  қазақ  халқы,  əрқандай 



қуа ны шын  көппен  бірге  көретіндіктен,  жыртыс  салудан  бір  күн  бұ-

рын  дос-жаран,  бауыр-туыс,  құда-жегжат,  көрші-қолаңдарын  ша қы-

рып,  ақсақалдарға  бір  малға  бата  жасатып,  «құдай-аруақ  қол да сын» 

деп шағын той жасап, жыртыс буады. Болашақ отаудың бо са ға сы бе-

рік,  шаңырағы  биік  болып,  екі  жастың  бай-бақытты  болуларына  игі 

ті лек те рін білдіреді.

Əдетте,  жыртыс  буысуға  келген  əйелдер  шашу  жəне  жол-жора, 

кəде деп алқа-білезік, сөлкебай, сырға, жүзік сияқты заттар апарады. 

Оны жыртыс буған кезде «жыртыс басы», «тең шешер» деген сияқ ты 

жо сын дар ға арнап шымылдық басына, киім-кешектің арасына салып 

буып  қояды  жəне  «шашу»  деп  қант-кəмпит  салып  буады.  Бұ лар ды 

жыртыс  ашқан  кезде  қыз  ауылындағы  əйелдер  қуана-қуана  бө лі сіп 

алады.

Салт бойынша жыртыс буғанда əрбір буылған теңге, əсіресе, бас 



теңге  «жыртыс»  деп  ауқатты  адамдар  10–15  кез,  өзге  адамдар  2–3 

305

305


кез торғын-торқа салып буады. Оны қыз ауылындағы жыртыс аш қан 

əйелдер қуаныш ретінде жыртып-жыртып бөліп алады.

Жыртыс буу салты адамдарды көпшілдікке, береке-бірлікке, қай ғы-

қуанышта ортақ болуға баулиды. Адамдар арасында əр күні қуа ныш-

ты істер үзілмесе екен деген игі тілек тудырады. Адамдардың өзара 

сый лас ты ғы  мен  сырластығын,  барыс-келіс,  алыс-берісін  жиілетіп, 

дос ты ғын нығайтып, өрісін кеңейтеді. Дұшпанын азайтады. Адамдар-

ды əрқандай қуанышта бірлікте болуға, өз қуаныштары арқылы өз ге-

лер ді де қуантуға дағдыландырады.

ЖЫРТЫС САЛУ

С

алт бойынша жігіт жақ болашақ келін киетін киім-кешек, көр-



пе,  тұскиіз  секілді  заттарды  қыз  тойына  дейін  əзірлеп  болады.  Сол 

əзір лен ген дүниелерді жəне онда қуаныш үстінде жыртылатын кез де-

ме лер ді «жыртыс» деп атап, оны қызды алатын кезде (қыз то йы ның 

алдында) буып-түйіп, түрлі жол-жора, кəделерімен қосып, той малын 

айдап, салтанатпен қыз ауылына апарып салады. Міне, бұл «жыртыс 

салу» деп аталады.

Жыртыс  салған  кезде  жігіттің  туыс-туғандары  жыртысты  артып, 

тойға əзірлеген малдарын айдап, қыз ауылына тіке барады да, оларды 

қыз ауылы шашу шашып қарсы алады. Күйеу жігіт пен оның жол дас-

тары ауыл сыртында кідіріп қалады. Оларды қыздың жеңгелері мен 

ауылдың қыз-қырқындары барып қарсы алады.

Ауылға күйеу жігіт барғанда, жездесінің атын байлағаны үшін бір 

балдызы одан «атбайлар» алып, оңаша отауға кіргізеді.

Бұл салт адамдарды ата дəстүріне құрмет етуге, əрбір істі бел гі лі 

тəртіп, жүйе бойынша істеп, адамдық өмірдің мəн-мағынасы мен қы-

зы ғын арттыра түсуге баулиды. Ұрпақтарды адамгершілік пен салт-

дəс түр ді құрметтеуге дағдыландырады. Адамдар арасындағы қа рым-

қатынасты нығайтып, береке-бірлікті арттырады.


306

306


КҮЙЕУ КИІМІ

Д

үниеде қазақ халқындай салт-дəстүр, əдет-ғұрыпқа бай ха лық 



кемде-кем ұшырайды. Ертеде қазақ жігіттері қалыңдығын алып келу-

ге  барарда  арнаулы  киім  тіктіріп,  қайын  жұртына  киіп  барған.  Əне, 

сол киім «күйеу киімі» деп аталған.

Əлем-жəлем тігілген «күйеу киімін» киіп, басына үкі қадап, қа йын 

жұртына  барған  күйеу  жігітті  қыз  ауылының  қыз-бозбалалары  мен 

келіншектері сан жерден сынап, сан рет əзіл-қалжың істігіне түй реп, 

оның тəрбиелілігін, төзімділігін, ақыл-айласын бағамдайды.

Бұл салт жастарға қуанышты, мерейлі сəттерде де туған хал қы ның 

салт-дəстүрін  ұмытпауды,  аяқ  асты  етпеуді  ұғындырып,  өз  біл ге нін 

істеп  салт-дəстүрден  аттаудай  нашар  іс  пиғылдардан  тектейді.  Өзін 

дұрыс  ұстауға  үйретеді,  сүйген  жары  мен  қайын  жұрты  алдындағы 

жа уап кер лік сезімін күшейтеді. Əдепті, ибалы болып, адам гер ші лік-

тен ат та мау ға дағдыландырады.

ҚҰДАША АРАШАЛАУ

Қ

азақ  салтында  жыртыс  салып,  құданың  ауылына  қыз  ал ға лы 



барған  жолы,  ойын-тамашаны  көбейту  үшін  құдағиларға  еріп  бар-

ған  құдашалар  мен  жас  құдағиларды  бөлек  бір  үйге  оңашалап  апа-

рып  күтіп,  сыбағалы  астарын  беріп,  дастарқан  жаяр  сəтте,  оларды 

аң дып  тұрған  ауылдың  бір  топ  жігіт-желеңдері  үйге  сау  етіп  кіріп 

ке ліп,  «құдашалармен  үйленеміз»  деп  құдашаларға  тап  береді.  Əне, 

сол кезде жігіт жеңгелері «əй, жігіттер, қойыңдар, ұят болады, сабыр-

сабыр!»  деп  арашалаған  болады.  Міне,  бұл  «құдаша  арашалау»  деп 

аталады. Бірақ жігіттер ойынды одан ары қыздыру үшін, жең ге ле рі нің 

қой дегеніне қоймай, құдашаларына жақындай түседі. Əне, сол кезде 

алдын  ала  əзірлік  жасап  келген  құдашалар  жігіт  жеңгелеріне  «міне, 

құ да ша  арашаларыңыз»  деп,  қолжаулық  сияқты  кəделерін  беріп  құ-

ты ла ды.

«Құдаша  арашалау»  ойыны  құдашалар  мен  құда  балалардың  тез 

танысып,  бір-бірлерінің  ақыл-айласы  мен  мінез-құлқын  бай қа уы на, 



307

307


сон дай-ақ,  олардың  қоғамдық  қарым-қатынастары  мен  барыс-ке ліс, 

алыс-берістерін жиілетіп, сыйласып, сырласып кетулеріне мүм кін  дік 

жасайды. Əсіресе, қыздар мен жігіттердің досын көбейтіп, өріс те рін 

ке ңей те ді. Жастарды берекелі, тату-тəтті, тыныш, орнықты қоғам құ-

ру ға баулиды.

ҚҰДАҒИ ТОРУ

« Қ


ұдағи тору» дегеніміз – қыз ауылындағы жігіттердің, əсі ре-

се, жезделер мен күйеу балалардың қыз тойы өтіп, енді келінді пə лен 

күні алып қайтамын деп қуанып жатқан құдағиды ең соңғы рет тағы 

бір  сынап  көру  жəне  оңаша  сыйлап,  əзіл-қалжың  айтып  қалу  үшін 

өткізетін жоралғысы.

Онда,  қалт  еткен  бір  бос  уақытта  ұзатылатын  қыздың  жез де ле рі 

мен  сол  ауылдың  өзге  күйеу  балалары  құдағиларды  оңаша  бір  үйге 

апарып күтіп, сыбағалы табақтарын тартып, тамақтарын жегізіп бол-

ған  соң,  қол  сүртетін  орамал  бермей,  не  қолдарын  жудырмай,  тіп ті, 

дас тар қан ды да жимай отырып алады. Міне, бұл «құдағи тору» деп 

аталады.  Əне,  сол  кезде  жол-жосынға  жүйрік  құдағилар  жі гіт тер ге 

«міне, құдағи торуларыңыз» деп, оларға түрлі кəделер береді.

«Құдағи тору» – той кезінде ішкі-сыртқы қарбалас жұмыстан қол-

да ры  босамай  немесе  үлкендерден  аса  алмай,  құдағилармен  əң гі ме-

ле сіп,  əзіл-қалжың  айтысуға  мүмкіндіктері  болмаған  жі гіт тердің  құ-

да ғи ла ры мен  оңаша  отырып  танысып,  əзілдесіп  қалу  үшін  жа са ған 

жоралғылары. Бұл адамдар арасындағы береке-бір лік ті ны ғай тып, қо-

ғамдық өрісті кеңейтіп, тамаша қоғам құруға же те лей тін жо рал ғы лар-

дың бірі есептеледі. Адамдарды ізгілікке, ба уыр мал дық қа, адал дық қа, 

мейірімділікке дағдыландырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет